Жер кадастры жұмыстарының жүргізу негіздері

Жер учаскесінің жерін пайдалануға және (немесе) меншік құқығын алуға мүдделі физикалық және заңды тұлғалары Шымкент қаласы жер қатынастары бөліміне, жекелеген жағдайда жер учаскесі орналастырылған орны бойынша жергілікті атқару органына өтініш береді.

Өтініште көрсетілуі тиіс: жер учаскесін пайдалану мақсаты, оның нақты көлемі, орналасқан орны, сұралынатын қолдану құқығы .

Өтінішке қоса тіркеледі:

— жеке басты куәландыратын куәлік;

—  салықшының тіркеу нөмірі (СТН);

— инвентарлық іс;

— жер учаскесін бекіту негізі.

Жер учаскелері меншіктер иелері атынан және жер қолданушылар атанынан жер ресурстарын басқару бойынша  аумақтық органға осы сияқты өтінішпен тікелей жер –кадастрлық жұмысты орындаушы – тұлға, жер учаскесінің меншік иесі және жер қолданушылар атынан жер ресурстарын басқару бойынша аумақтық органға осы сияқты өтінішпен тікелей жер – кадастрлық жұмысты орындаушы – тұлға, жер учаскесінің меншік иесі және жер пайдаланушының рәсімделген сенімхаты бар болса өтініш жасай алады.

Жер қатынастары бөлімі жер учаскесінің меншік иесі және жер пайдаланушылар, немесе жер – кадастр жұмыстары іске асырушы олардың өкілетті тұлғасына бекітілген тәртіпте қажетті мәліметтер (геодезиялық тірек желісінің қосынының координат каталогы, жер-кадастрлық істерінің көшірмесі және басқа да) кімге жұмыс жасалады. Жер учаскесіне қатысты, сонымен бірге көршілес жер учаскесінің қажеттілігі бойынша  мәліметтер ұсынылады.

Жұмыс сапасы үшін және мәліметтің растылығына жер-кадастрлық жұмыстарын орындаушы тұлға жауап береді.

Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитет көлем және мақсатты нысанды анықтау үшін тұрғылықты орны бойынша жер учаскесін зерттеумен ұсынылған құжатты тексеруді іске асырады. Айтылған өзгерістер болғанда, олар бекітілген тәртіпте атқару органында қайта бекітілуге жатады.

Жер учаскесінің шекарасын белгілеу (қайта белгілеу) табиғи шартқа, геодезиялық қамтамасыз ету, жоспарлы-картографиялық материалдардың барлығына, геодезиялық құралдармен жабдықталу деңгейінің мүмкіндігі кезекті тәсілдермен орындалады:

— геодезиялық;

— аэрофотогеодезиялық.

Тәртіп бойынша жер учаскесінің шекарасын (қайта белгілеу) белгілеу бойынша жұмыстарды іске асыруда геодезиялық (теодолиттық жолдар, қиылыстырулар, полярлық әдістер және перпендикулярлық әдістер). Жер учаскесінің бұрылыс нүктелерінің координатымен анықталады.

Жер учаскесіне пайдаланушылар немесе меншік иесі тілек бойынша нақты координатсыз шекара (қайта белгілеуге) белгілеуге жіберіледі немесе (координатты анықтаудың графикалық тәсілі) берілген аумақ түрі үшін масштаб талаптарына және сапасы бойынша жауап беретін аэрофото жоспарлар және қазіргі карта негізінде графикалық координатын анықтаумен белгіленеді. Жер учаскесі жоспарында бұрылыс нүктесі координаты жоқ болғаны туралы тиісті жазба жасалады, немесе қор масштабының көрсетілуімен графикасы мен координаты анықталады.

Жер учаскесінің шекарасын (қайта белгілеу) жер учаскесінің меншік иесі және жер пайдаланушылар, немесе олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен белгіленеді. Жер учаскесінің шекаралары елді мекенде белгіленген үлгідегі межелік белгілермен бекітіледі.

Жер учаскесінің шекарасын (қайта белгілеу) белгілеу бойынша жұмыстар нақты жүйемен орындалады:

— Дайындық (кіріс материалдарын жинау, геодеректердің үзіндісін алу, жұмыс сызбасын дайындау және т.б.);

— Далалық (бұрыштарды геодезиялық өлшеу және желі шаралары, шекараларды тану, межелік белгілерді қою, шекаралардың желісін айдау т.б.с.).

— камеральды (далалық өлшем материалдарын өңдеу, көлемін есептеу, соңғы құжаттарды рәсімдеу);

Жер учаскесінің шекарасын белгілеу бойынша жұмысты аяқтағаннан кейін жер – кадастрлық картасына координаттары бойынша учаскенің шекарасы енгізіледі, егер координаттар анықтамаса, онда учаске шекарасы сипаттау бойынша байланыстыра картаға, топографикалық карта және жоспарға, фотокартаға, фотожоспарға (фото сызба) жасанды түрде енгізіледі. Жер учаскесінің контурында шекарасының координаты анықталғаны қисық сызықпен штрихтеледі.

Жер кадастрлық картасына (сызбасына) шекараларды енгізгеннен кейін жер – кадастрлық нөмірін беру туралы тізімге кіргізу жолымен кадастрлық нөмер беріледі.

А – бірінші деңгейінде екі разрядты ондық сан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 06.06.1996 жылғы №710 Қаулысының 1 тіркемесі «Жер учаскелерінің кадастрлық нөмірін қалыптастыру мақсаты үшін облыстық сәндегі қала және әкімшілік ауданның берілген код тізіміне» сәйкес республикалық мәндегі қала немесе әкімшілік — аумақты 19 коды бар.

Б – екінші деңгейінде үш разрядты ондық санды кадастрлық нөмірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 6.06.1996 жылғы №710 қаулысының екінші тіркемесі «Жер учаскелерінің кадастрлық нөмірін қалыптастыру мақсаты үшін облыстық мәндегі қала және әкімшілік ауданының берілген код» тізіміне сәйкес облыстық мәндегі қала және әкімшілік ауданы коды көрсетілуді Шымкент қаласы 309.

Үшінші деңгейдегі кадастрлық нөмірде облыстық мәндегі қала немесе әкімшілік ауданының бөлігі болып табылатын квартал есеп коды көрсетіледі.

Кадастрлық бөлулер 1996 жылы қала құрылысын аумаққа бөлу материалдарын, орман құрылысы материалдарын негізін пайдаланумен электронды түрде (вектор) орындалған.

1:10000. Кадастрлық кварталдардың жалпы саны 139 құрайды.

Төртінші деңгейде – төрт разрядты сандар, есеп кварталындағы жер учаскесінің реттік саны.

Кадастрлық нөмірді құру мысалы: 19-309-139-487

Жер учаскесіне кадастрлық номер берілгеннен кейін Бірегей мемлекеттік жер реестрі дерегіне ену үшін тапсырыс бланкасы толтырылады.

Жер – кадастрлық құжаттары келесі талаптарға  сәйкес болады.

Орындау бекітілген үлгідегі бланкада барлық деректермен толтырумен жүргізіледі. (Орган, мекеме, ұйым атаулары, олардың берген құжатының нөмірі, күні, адресат (құжат алушының) көрсетіледі.

Жер учаскелерінің шекарасын (сызба) жоспарын дайындау, мемлекеттік актісін дайындау.

Жер ресурстарын басқару бойынша орталық өкілетті орган бекіткен техникалық талаптарымен және жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттарды облыстық өкілетті органы берген (республикалық мәндегі қала) болып табылатын тіркеме).

— жер учаскесіндегі жеке меншіктегі – жеке меншік құқығы актісі;

— тұрақты жер пайдалану – тұрақты жерпайдалану құқығы актісі;

Уақытша өтеулі жер пайдалануда – уақытша өтеулі жерпайдаланулар құқығы актісі.

Жер учаскесінің меншік құқығы актілер заңды тұлғалар және азаматтарға акт бланкасын беру туралы, тұрақты жер пайдалану құқығына, уақытша өтеулі жерпайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметі Президентінің Жарлығы қазіргі күші бар 22.12.1995 жылғы №2717 «Жер туралы» заңымен, ҚР Үкіметінің 22.08.2003 жылғы №851 «жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттардың формаларын бекіту туралы» заңмен бекітілген. Жер учаскесіне меншік құқығы актісі, тұрақты жерпайдалану құқығы немесе уақытша өтеулі жерпайдалану қазақ және орыс тілдерінде жасалады.

Акт екі данадан жасалады: біріншісі жер учаскесінің меншік иесіне беріледі, ал екіншісі Қазақстан Республикасы жерге орналастыру және жер кадастры бойынша мемлекеттік комитеті аумақтық органына сәйкес сақталады. Тұрақты жер пайдалану  құқығы актісі бланкасы, жер учаскесіне меншік құқығы жоғары сапалы ақ қағазда дайындалады.

Жер учаскесіне қатысты көлемнің ұсынылған немесе пайдалануға сәйкес берілген бланк 210х300 мм және 300 х 420 мм құрайды.

Акт бланкасының таңдалған көлемінің негізгі талаптары болып, жоспар масштабындағы жер учаскесінің шекара желі өлшемі бейнелейді. Актінің титул жағы (бірінші беті) көкшіл түспен болып және мазмұны мынадай болуы керек:

— Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гербі

— актінің атауы;

— көркемдік рама;

— қорғаныш торы.

Екінші бетінде сұр түспен кадастрлық нөмер, рет бойынша журналда берілген акті нөмірі, жер учаскесінің меншік иесі немесе заңды тұлғаның атауы, тұрғылықты мекен-жайы жазылады. Жер учаскесінің мақсатты нысаны көлем (га).

Жер учаскесін шектеу немесе  уақытында тоқтату.

Актіні беру негізі.

Үшінші бетте жер учаскесінің жоспары, оның орналасу орны, көршілесін сипаттау және байланыстыру желісін шығаруы орналасады. Төртінші бетте жер учаскесінің бөгде меншік иелері және жер пайдаланушылар оларға бекітілген жер көлемі тізім таблицасымен орналасады, тұрақты жер пайдалану құқығы, жер учаскесіне меншік құқығы актісін жазатын кітапқа актіні беру жазғанындай қандай нөмірмен жазылғаны,сонымен бірге актіні жіберген жерге орналастыру және жер қатынастары бойынша тиісті орган төрағасының аты, жөні, тегі, қол қою орны, актіні беру күні көрсетіледі.

Жер учаскесі толық қалыптасып бітті деп есептеледі, егер оның шекарасы белгіленсе және кадастрлық ісі ашылса.

Жер учаскелерін мемлекеттік тіркеудің мақсаттары мен әдістері

Жер туралы құқықтарды мемлекеттік тіркеудегі мемлекеттік органдар компетенциясы.

Мемлекетті басқарудағы жер туралы құқықты мемлекеттік тіркеу бір бағыт болып табылады.

Ең алғаш тіркеу органы, Қазақстан Президенті «Жылжымайтын мүліктер құқықтарын мемлекеттік тіркеу және іс-әрекетте» Жарлығы 1995 жылдың 25 желтоқсанында шыққан жарлық ҚР Әділет Министрлігінде орган болып бекітілген.

Көптеген мелекеттерде тіркеу жүйесі титулдары  келесі сипаттамада қабылданған:

— кадастрлық шаралар ереже  бойынша кәсіпорын орындайды;

— құқықтық анализдеу ереже бойынша кәсіпорын орындайды;

— тіркеуді (жазбаны) ереже бойынша мемлекеттік орган толтырады;

— тіркеу жасаған орган, кепілдікке береді;

— жылжымайтын мүліктер құқықтарын мемлекеттік тіркеу және іс-әрекету бойынша әділет органдары қызметтерін қарастырайық.

ҚР «Әділет органдары туралы» заңның 1 бабына сәйкес 2002 жылдың 18 наурызындағы, ҚР Әділет органдары болып билікті орындайтын өздерінің компетенциясы шегінде құқықпен қамтамасыз ету мемлекет қызметіне, заң ережесін қолдайтын мемлекеттік жұмыс органдарында, ұйымдарда, қызметкерлер және азаматтар, құқықты қорғауда қамтамасыз ету және ұйымдарда және азаматтардың заңды қызығушылығы.

Әділет органының бір міндеті заңдағы 3 бапқа сәйкес заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеуде жүзеге асыру, жылжымайтын мүлік және іс-әрекет құқын, жылжитын басқада мүліктердің түрін кепіл, нормативті құқылық актілер орталықтандырылған мемлекеттік органдарда, сонымен қатар Қазақстан Республикасының нормативті заңды актілерін мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру және бақылау. Әділет органы осы міндеттерді жүзеге асыруда келесі функцияларды орындайды:

— мемлекеттік тіркеуде жүзеге асыру;

— нормативті құқық актілерін орталықтандырылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік тіркеу маслихаттарда, әкімшіліктерде және әкімдер, Қазақстан Республикасының актілері нормативті құқықты Мемлекеттік реестрлеуге енгізу;

— заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, өкілеттіктерде және филиалдардағы тіркеуді есепке алу сонымен қатар бірыңғай мемлекеттік тіркеу заңды тұлғаларды және филиалдар реестры;

— азаматтық актілерді мемлекеттік тіркеу жайы;

— көпшілік үшін жарияланған мемлекеттік органдардағы нормативті заң актілері тіркелген тізім.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің жарлығына сәйкес комитеттің тіркеу қызметі, бекітілген жарлықта Қазақстан Республикасының Үкіметі 2004 жылдың 28 қазанында №1120 «Қазақстан Республикасындағы Әділет министрлігінің сұрақтары», тіркеу қызметінің Комитеті Қазақстан Республикасындағы Әділет министрлігі болып ведомостволық құзыреті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, бақылау-бағдарлау функциясын және арнайы орындау, сонымен қатар жылжымайтын мүлік құқын мемлекеттік тіркеу сферасында басшылық ету, жылжитын мүлік залогын тіркеу және заңды тұлғалардың.

Комитет өзінің қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңына, Президент актілері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, басқада нормативті құқық актілері, сонымен қатар Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Комитетте заңды тұлға болып саналады ұйымдастырылған мемлекеттік мекеме формасында, мөрі бар және мемлекеттік тілдегі мөрі, арнайы бланк үлгілері, сонымен қатар банкте заңды есеп шоты бар.

Комитетте өз атынан азаматтық-құқыққа қатысты өз атынан кіреді.

Комитет өздерінің компетенциясы бойынша заңды түрде орнатылған бұйрықтарды шығарады, Қазақстан Республикасында заңды күші бар.

Құрылымы және штат жеңілдіктері Комитетте бекітеді Қазақстан Республикасы Үкіметінде:

— кадастрлық шаралар, ережеге сай, кәсіпорындармен іске асырылады;

— құқықтық талдау, ережеге сай, кәсіпорындармен жүргізіледі;

— тіркеуді, ережеге сай, мемлекеттік орган іске асырады;

— кепілдікті тіркеуді жүргізетін орган береді.

Жылжымайтын мүлік және олармен мәмілелерге құқықты мемлекеттік тіркеу бойынша әділет органдарының қызметін қарастырамыз.

2002 жылғы 18 наурыздағы «Әділет органдары туралы» ҚР Заңының 1 бабына сәйкес ҚР әділет органдары атқарушы билік органдары болып табылады, олар өздерінің құзыреттілігі шегінде мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз етеді, азаматтар мен ұйымдардың құқы мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды тұрғалар және азаматтардың жұмысында заңдылық режимін қолдайды.

Әділет органдарының міндеттерінің бірі берілген заңның 3 бабына сәйкес заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке және олармен мәмілелерге құқықты, жылжымайтын мүліктің жеке түрлерінің кепілін, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың нормативті құқықтық актілерін, азаматтық жағдай актілерін мемлекеттік тіркеуді іске асыру, сондай-ақ ҚР нормативті құқықтық актілерін мемлекеттік есепке алу және оны бақылауды жүргізу болып табылады.

Осы міндеттерді іске асыру үшін әділет органдарына мемлекеттік тіркеуді жүргізу саласында келесі функциялар жүктелген:

— орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, мәслихаттардың, әкімшіліктердің және әкімнің нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, ҚР нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімін жүргізу;

— заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілеттіктерді есептік тіркеу, сондай-ақ заңды тұлғалардың біртұтас мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілеттіктер тіркелімін жүргізу;

— азаматтық жағдай актілерін мемлекеттік тіркеу;

— мемлекеттік органдардың тіркелген нормативтік құқықтық актілерінің тізімін жариялау;

— жылжымайтын мүлікке және олармен мәмілелерге құқықты мемлекеттік тіркеу, құқықтық кадастр жүргізу, жылжымайтын мүлік кепілін тіркеу және жылжитын мүлік кепілінің тізілімін жүргізу.

Әділет органдары жүйесінде ҚР Әділет министрлігінің тіркеу қызметінің Комитеті құрылды, оған жылжымайтын мүлік және олармен мәмілелерге құқықты мемлекеттік тіркеу және құқықтық кадастрды жүргізу функциясы жүктелген.

2004 жылдың 28 қазанында ҚР Өкіметінің қаулысымен бекітілген №1120 «ҚР Әділет министрлігінің мәселелері» ҚР  Әділет министрлігінің тіркеу қызметі Комитеті арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке және олармен мәмілелерге құқықты, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікке кепілді тіркеу саласында басшылықты іске асыратын ҚР әділет Министрлігінің құзыреті шегіндегі ведомство болып табылады.

Комитет өзінің қызметін Конституцияға және ҚР заңдарына, ҚР Өкіметінің, Президентінің актілеріне, басқа нормативті құқықтық актілерге, сондай-ақ берілген Ережеге сәйкес іске асырады.

Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық формасындағы заңды тұлға болып табылады, мөрі және мемлекеттік тілдегі атауымен мөртаңбаны, белгіленген үлгідегі бланклері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде есеп-шоттары бар.

Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түседі.

Комитет өзінің құзыреті мәселесі бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте ҚР аумағында міндетті күшке ие бұйрықтар шығарады.

Комитеттің құрылымы мен штат құрамының лимиті ҚР Өкіметімен бекітіледі.

Комитеттің қаржылық жүргізуі мемлекеттік бюджет тарапынан ғана жүзеге асырылады.

Комитетке кәсіпшілердің субъектілерімен олардың функциялары көмегін міндеттерді орындауға келісім шарттарды қатынасқа түсуге тиым салынады. Комитетке заңды актілермен мемлекеттік бюджет пайдасына түсетін  пайданы жүзеге асыру құқығы берілген.

Комиттетің басты мәселелері болып:

  1. Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығын және олармен келісім шарт жүргізеді, заңды тұлғаларды, жылжымалы мүліктің келісімін тіркеу, филиалдардың және өкілдердің есептік тіркеуін жүзеге асыру;
  2. Құқықтық территориалдық органдардың жұмысы және мемлекеттік республикалық Комитеттің подведомостволық өндірісін ұйымдастыру;
  3. Құқықтық кадастрды, заңды тұлғалардың, бірыңғай мемлекеттік тіркеуші және филиалдар мен өкілдердің реестрін енгізуі.
  4. Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығын және олармен келісім шарт жүргізуді, заңды тұлғалардың жылжымалы мүліктің кепілін тіркеу, филиалдар және бірыңғай методологиялық базаны өндіру.

Комитет заңмен белгіленген тәртіпте келесі  функцияларды жүзеге асырады:

  1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдерді есептік тіркеу;
  2. Жылжымайтын мүлікке Мемлекеттік тіркеу құқығын және олармен келісім шарт жүргізу бойынша заңды тұлғаларды, жылжымалы мүліктің кепілін тіркеу бойынша филиалдың және өкілдердің есептік тіркеуін жүзеге асыру;
  3. Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеу мәселесі жөнінде филиалдардың және өкілдердің есептік тіркеуі жөніндегі территориялды құқықтық органдардың әдістемелік көмек көрсетуі, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығы және онымен келісім шарттар жүргізу, жылжымалы мүлік көпіне тіркеу жүргізу мәселесі бойынша мемлекеттік өндірісінің подведомостволық комитеті;
  4. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу » заңды күші бар ҚР Президенттік жарлығының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және өзгеде нормативтік құқықтық актілердің орындалуын қадағалау;
  5. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселесі жөнінде және филиалдар мен өкілдерін есептік тіркеу жөніндегі территориялды заңды органдардың әрекетін, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке және онымен келісім шартты жүзеге асыру және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу. Мемлекеттік тіркеу жөніндегі Республикалық мемлекеттік подведомостволық комитеті әрекетіне арыздарды қарастыру.
  6. Құқықтық кадастрды, заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеуі және филиалдар мен өкілдердің реестрін енгізу;
  7. Жылжымайтын мүліктің бағасы бойынша лицензияларды жүзеге және ақылы заңды қызмет көрсетуді жүргізу;
  8. Заңды тұрғыдан берілген өзге функциялар.

Комитетке заңды тәртіппен бекітілген мәселелерге сәйкес келесі құқықтарға ие:

  1. Заңды тұлғаларды, филиалдарды және өкілдерді тіркеу;
  2. Комитеттің компетенциясына кіретін мәселелерге бақылау жүргізу;
  3. ҚР територияларда міндетті күші бар бұйрықтар шығаруға;
  4. Мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан, олардың міндеттемелік тұлғаларын ақпарат пен материалдары алу;
  5. Оған берілген мүліктен жүргізуді жүзеге асыру;
  6. Заңға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

ҚР Заң Министрлігінің ұсынысымен ҚР Үкіметінің тарапынан қызмет бабына Комитетті председатель басқарады. Комитеттің председателі ҚР Заң Министрлігінің қолдауымен қызмет бабына орнықтырып және босатылатын орынбасары болады. Комитет төрағасы Комитетің жұмысын ұйымдастырады және басқарады.

Комитет төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырып және Комитеке жүктелген мәселелердің орындалуына жауап береді.

ҚР Заң Министрлігі тіркеу Комитетінің құрылысындағы жерге тіркеу құқығын жылжымайтын мүлікті тіркеу құқығын басқару және онымен келісім — шарт жүргізу, жылжымалы мүліктің көмегімен айналысады.

Жылжымайтын мүлік және онымен келісім — шарт жүргізу, жылжымалы мүлік кепіліне тіркеу құқығынын басқару құқық иеленушінің немесе мемлекеттік органдардың тапсырыс берушінің негізінде жүргізіледі.

Басқару органы тапсырыс берушінің құжаттарының түгелдігін тексереді:

  1. Жылжымайтын мүлікке тіркеу құқығын беру өтініші;
  2. Жылжымайтын мүлікке тіркеу құқын беретін құжаттар;
  3. Тіркеу органдарының қызметіне төлем ақысын көрсететін құжаттар;
  4. Өтініш берушінің жеке басты қуәлігі, сондай-ақ заңды тұлға өкілінің беделін көрсететін құжаттар.

Құжаттар түгел болмаған жағдайда Басқару органы онымен келісім — шарт жүргізуден, тіркеуге қабылдаудан бас тартады.

Басқару органы жылжымайтын мүліктің пайда болу, тоқтау, ауысу, шектеу құқығын көрсететін құжаттың дұрыс рәсімделгендігін және қажетті көлемде тапсырылғандығын тексеру керек.

Жылжымайтын мүлік құқығын тіркеуде құжаттарды алу кезінде Басқару органы құжаттардың түскен датасын, сағат, минутын тіркеу қажет.

Басқару органы өтініш берушінің құқығын түркеді құжаттарды тіркеу органына берген мерзімнен 5 күндік мерзімде жүргізу қажет.

Басқару органы жұмысының тіркеуі тоқтату немесе бас тарту кезінде құқықтық кадастрға жазылып толтырылады.

Басқару органы жылжымайтын мүлікке құқықтық тіркелгені және жүргізілген тіркеу жайына мәлімет кез келген жаққа ақылы түрде беруге құқығы бар, ал заңмен қарастырылған жағдайда жазбаша түрде көрсеткен 5 күн жұмыс мерзімінде ақысыз беріледі.

Жылжымайтын мүлікке, көбінесе жерге, келісім шартты тіркеу заңды күші бар 1995 ж. 25 желтоқсанында қабылданған «Жылжымайтын мүлікке және онымен келісім — шарт жүргізу құқығын мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Президентінің Жарлығының 22 бабымен жүргізіледі:

  • жылжымайтын мүлік пен келісім шарттардың орындалуы оның тіркелген уақытынан бастап жүргізілді деп есептеледі;
  • тіркелетін келісім — шарттар келісімді жүргізетін жақтың толық аты жөні және қолын, жылжымайтын мүлік объектісінің қысқаша сипаттамасы, оның орналасуы жайында, сондай-ақ тіркелетін құқық жайында құжаттар болуы керек;
  • егер келісім — шарт нотариалды бекітілмесе, тіркеу органы келісім — шартты тұлға қолының растығын, сондай-ақ олардың түпнұсқасын тексеру қажет;
  • егер жылжымайтын мүліктен келісім — шарт қажетті түрде жүргізілсе, бірақ бір жақ тексеруден бас тартса, сот бір жақтың талап етуінен келісім шартты тіркеу жөніндегі келісім — шарт сот келісіміне сәйкес тіркеледі.

Жерге құқықты мемлекеттік тіркеудің тәртібі мен шарты заңды күші бар 1995 ж. 25 желтоқсанда қабылданған «Жылжымайтын мүлікке және онымен келісім — шарт жүргізу құқығын мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Президентінің Жарлығымен және ҚР Үкіметінің қаулысы арқылы бекітілген.

Жерге құқықты тіркеу елікті болып табылады.

Жылжымайтын мүлікке және онымен келісім-шарт жүргізу құқықтық тіркеуді тіркеу органы — ҚР Заң Министрлігі және Заң органдарының подведомоствосындағы құқық иеленушінің өтініші негізінде немесе өкілетті мемлекеттік органдардың негізінде жүзеге асырылады.

Тіркеуші жерге құқықтың қолданылу растығын анықтайтын жағдайда  тексеру керек.

Өтініш беруші қажетті талаптарға сай болуы керек: әрекет қабілеті және құқықтық қабілеті бар болуы керек.

Өтініш беруші ретінде меншік иелері мен жерге басқа құқығы бар мемлекеттік тіркеуді міндетті қажет ететін, сонымен қатар ҚР азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шетел азаматы, Қазақстандық және шетелдік заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік органдар шыға алады.

Кәмілеттік жасқа толмаған 14-18 жас арасындағы, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп сотпен шешілген тұлғалар жылжымайтын мүлікке және онымен келісім — шарт жүргізуі құқығын тіркеу туралы өтінішті заңды өкіл көмегімен жүргізіледі.

Жер төлемінің екі не одан да көп тіркелетін секторда аудан, қалаларда табылған жағдайда мұндай объектіге құқықты тіркеу әрқайсысына жеке орындалады.

Өтініш беруші тіркеу органына:

  1. Жер төлеміне құқықты тіркеу жайында өтініш
  2. Жер төлемін құқықты растайтын құжаттар.
  3. Тіркеу органының көрсеткен қызметін банктен төлемін көрсететін қағазға төлем ақысын көрсететін құжаттар.

Жеке тұлғаның өтінішінде тіркеу органының аты, өтініш берушінің аты — жөні, тегі, мекен жайы, жеке бас куәлігі, жер учаскесінің орналасқан жері және аты, тіркеу құқығының категориясы керекті құжаттардың тізімі және басқа бекітілген түрге сәйкес мәліметтер көрсетілуі қажет.

Заңды тұлғаның өтінішінде: тіркеу органының аты, заңды тұлғаның аты заңды мекен жайы, жер учаскесінің орналасқан жері және аты, тіркеу органының категориясы керекті құжаттың тізімі және басқа бекітілген түрге сәйкес мәліметтер көрсетілуі қажет. Сондай-ақ заңды тұлға тіркеу жайлы куәлікті, сауда реестрынан көшірмесі және осы мемлекеттің заңына сәйкес берілген субъект заңды тұлға екенін растайтын басқа да құжаттарды көрсетеді.

Заңды тұлғаның өтініші оның бастығымен немесе орынбасарымен жазылуы керек. Өтініш және оған қосылатын басқа құжаттар тіркеу органына  құқық иеленушінің өзімен жеке немесе сенімді адаммен тапсырылады.

Өтініш беруші құжаттарды, жеке бас куәлігін көрсету қажет, ал заңды тұлғаның өкілі оның беделін көрсететін құжатты да көрсетуі қажет.

Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу құжатын алған кезден тіркеу органы құжаттың түскен күнін, сағатын, минутын тіркеу қажет.

Тіркеуге құжаттардың түскен күні, сағаты және минуты көрсетілген тиісті құжаттардың алынғаны туралы тапсырыс берушіге қолхат беріледі.

Құқық беретін құжаттардың сәйкес немесе сәйкес еместігі фактісін тіркеуші жүзеге айқындайды.

Тіркеуге қабылданатын құжаттардың дұрыстығын тексеру, егер құжаттар нотариат тәртібімен куәландырылмаған жағдайда жүзеге асады.

Тіркеуші мәтін мен басқадай өшіру белгілерін, айтылмаған сызулар мен түзетулерді, олардың тұпнұсқаға сәйкестігін айқындау жолымен мүмкін болатын тазартуларды белгілеу үшін құжаттарды тексереді.

Құқық беретін құжаттарды тексеру, ол құжаттың шүбасыздығын тексереді және осы құжат түріне арналған заңдарда қарастырылған талаптарға сай жүзеге асырады.

Құжаттардың дұрыс рәсімделгенін анықтаған тіркеуші негізгі құқық беретін құжаттарды мұрағат және электрондық банк негіздерімен салыстырады.

Құжаттардың тұпнұсқасына күмән келтірмеген жағдайда, олардың дұрыс рәсімделгенде және олардың мазмұны мұрағат және электрондық банк негіздерімен сәйкес келген жағдайда тіркеуші өтінішке «Тексерілді» деген бөлімді толтырады, күнін және өзінің фамилиясын көрсетеді.

Құқықты куәландыратын құжаттарды тексеру аяқталған соң және құқықтық кадастрдың тіркеу парағына жазылған соң барлық құжаттар тізім бойынша мұрағатқа өткізіледі.

Егер тіркеуден бас тартқан немесе тоқтатылған жағдайда тіркеуге түскен құжаттарды тіркеу кітабына жазылады. Талап берушіге жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуден бас тартудың немесе тоқтатылу себебі туралы жазбаша нысанда хабар жіберіледі. Тіркеуден бас тартқан жағдайда өтініш жабық деп саналады және өтініш беру басымдылығы сақталмайды.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуден бас тарту келесідей негіздемелер бойынша жүзеге асады:

— сенімсіз адам өтініш берсе немесе жеке басын куәландыратын құжаты және өкілеттігі болмаса;

— құжаттарда тазартулар, қосымша жазулар жазылған, сызып тастаған сөздер мен өзгеде  ескертілмеген түзетулер болса;

— құжаттардың түпнұсқасында немесе олардың көшірмелерінде қажетті қолдар мен мөрлер болмағанда, мекен-жайлары, аты-жөндері немесе заңды тұлғалардың атаулары дұрыс көрсетілмегенде;

— талап беруші құжаттар жиынтығын толық немесе дұрыс рәсімдемеген жағдайда;

— тіркелуге төленетін алым туралы құжат болмағанда;

Шектеулі құқық, сонымен қатар жер учаскілеріне қатысты мәмілелер талап берушінің  өтініш берілген күннен бастап он күн ішінде тіркелуге тиіс. Белгіленген мерзімнің уақыты бұзылған жағдайда талап беруші жоғарғы  (өкілетті адамға) немесе сот  органдарына шағымдана алады.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және  онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлік объектілерін белгіленген заңдар жүйесінде белгіленген тәртіппен Құқықтық кадастрдың тіркеу парағына жеке-жеке жазады.

Құқықтық кадастр жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді бірыңғай жүйеде мемлекеттік тіркеуде негізгі құжат болып саналады және ол осы құқықтарға қатысты құқықтық, экономикалық, техникалық сипаттамаларды құрайды.

Тіркеу парағы жылжымайтын объектілер туралы мәліметтер тізімінен тұрады. Тіркеу парағының нысанын Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітеді.

Тіркеу қағаз түрінде және электрондық тасу түрінде жүзеге асады. Тіркеудің автоматтандыру жүйесіне толық өткенге дейін, егер қарама-қарсы мәліметтер пайда болған жағдайда, қағаз түріндегі тіркеу басымдылық көрсетеді.

Жер учаскілеріне құқық және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу келесі жүйе бойынша жүзеге асады:

— субъектілерден тіркеуге өтініш және қажетті құжаттар алу;

— тіркеуге қабылданатын құжаттарды тіркеу кітабына өтініштер тіркеуге қабылданғаны туралы мәліметтерді енгізу;

— өтініштегі ұсынылған құжаттарға қабылдау кітабындағы  номерді беру;

— тіркеуші тіркелуге түскен құжаттарды тіркеу кітабында тіркелген  өтініштің номері, өзінің фамилиясы көрсетілген қолхатты талап берушіге беру;

— тіркеуге қабылданатын құжаттардың дұрыстығын тексеру, егер олар нотариат тәртібімен куәландырылмаған жағдайда;

— белгіленген тәртіпке сәйкес тіркеу парағына жазады;

— тіркеу мерзімінің біткеніне байланысты талап берушіге тіркеуші органның тіркелген күні көрсетілген құқық беретін құжаттардың тұпнұсқасын (нотариалды куәландырылған көшірмелері) қайтарып беру, сонымен қатар өтініш бойынша мемлекеттік тіркелу туралы куәлік беру;

— тіркеуші орган өтініш берушінің талабы бойынша тіркелуге ұсынылған құжаттарға қол қоюы арқылы куәландыруға міндетті;

— жер учаскісіне құқық осы учаскісіз мемлекеттік тіркеу Мемлекеттік жер кадастірінде жол берілмейді;

Жер учаскілерімен жасалатын мәмілелерді тіркеудің ерекшеліктерін қарастырамыз.

Тіркеу ізденген жақтардың өтініші бойынша, тіркеуші органға почта арқылы жіберу немесе тапсыру бойынша, келесідей тәртіпті сақтау арқылы жүзеге асады:

— нотариаттық тәртіппен куәландырылған мәмілелерді тіркеу, бір жақтың өтініші бойынша тіркеуші органға почта арқылы жіберілген немесе тапсырылған жағдайларда жүзеге асады;

— азаматтың өтініші бойынша тіркеуші органға почта арқылы жіберілген мәмілелер нотариаттық тәртіппен куәландырылмаған жағдайда, құжаттардың түпнұсқасы және мәмілеге қатысушылардың (өкілетті өкілдерінің) қойған қолдары нотариалдық тәртіппен расталған жағдайда жүзеге асады;

— заңды тұлғалардың құжаттары бойынша тіркеуші органға почта арқылы жіберілген мәмілелер нотариаттық тәртіппен куәландырылмаған жағдайда, құжаттарда мекеменің мөрі болғанда немесе құжаттардың түпнұсқасы және мәмілеге қатысушылардың (өкілетті өкілдерінің) қойған қолдары нотариалдық тәртіппен расталған жағдайда жүзеге асады;

— тіркелетін мәміле нотариаттық тәртіппен куәландырылмаған жағдайда, егер мәміле міндетті түрде нотариаттық куәландыруға жатпайтын болса, ондай жағдайларда мәмілге қатысушылардың (олардың өкілетті өкілдерінің) өтініштері бойынша тіркеуші орган барлық мәмілеге қатысушылардың (өкілетті өкілдерінің) жеке басын және олардың қойған қолдарының растығын анықтау керек;

Тіркеуге жер учаскісі құқығының пайда болуына және тоқтатылуына бағытталған мәмілелер, соның ішінде меншік құқығы, жерді бір жылдан аса мерзімге пайдалану құқығы, кепіл, рента, жылжымайтын мүлікке өзге де құқықтар, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтардың ауыртпалығы жатады.

Осы мәмілелер тіркелген сәтінен бастап жүзеге асады.

— мәмілелерді тіркеуден бастарту қарастырылып отырған заңдар негізінде ғана жүзеге асады. Тіркеуден бас тартқан орган соттан мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге міндетті. Егер осындай талап құжаттарды тіркеуге қабылдап алған бір ай ішінде талап етілмеген жағдайда мәміле тіркелген деп саналады;

— тіркелетін мәмілелер осы мәміле түріне арналған заңдар тәртібіне сәйкес келуі керек, мәмілеге қатысушылардың қолдары және толық аты-жөні, заңды тұлғалардың атаулары, жылжымайтын мүлік объектісінің қысқаша сипаттамасы, оның орналасқан жері, сондай-ақ тіркелетін құқықтар болуға тиіс;

— егер мәміле нотариат тәртібімен куәландырылмаса, тіркеуші орган жасасқан тұлғалардың қойған қолдарының растығын, сондай-ақ олардың тілегінің өз еркін білдірумен сәйкестігін тексеруге тиіс.

Егер мәміле тиісті нысанда жасалса, бірақ тараптардың бірі оны тіркеуден жалтарса, сот екінші тараптың талабымен мәмілені тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы. Мұндай жағдайда мәміле сот шешіміне сәйкес тіркеледі.

Тіркеуге басқа да тұлға өтініш берген құқыққа таласушы тұлғаның отініші бойынша осы құқықты тіркеу он күннен аспайтын мерзімге тоқтатылуы мүмкін. Егер осы мерзімнің ішінде құқыққа таласушы тұлға өзінің қуыным жасауының дәлелдерін табыс етпесе, құқықты тіркеу жүзеге асырылуға тиіс, ал қуыным жасаудың дәлелдері табыс етілсе, таласқа түскен құқықты тіркеу іс сотта шешлгенге дейін тоқтатыла тұрады.

Тіркеуден келесідей жағдайда бас тартылуы мүмкін, егер:

1) ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға жауап бермесе;

2) құқықты тіркеуге іс-әрекетке қабілетсіз азамат өтініш берсе.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы 1997 жылғы 20 ақпандағы уақытша Ережесінде мемлекеттік тіркеуден бас тартудың негіздері толық көрсетілген. Оған:

— тіркеуге жатпайтын адам өтініш берсе;

— құжаттарда тазартулар, қосымша жазулар жазылса, ерітінділермен өндеу іздері және өзге де ескертілмеген түзетулер болса;

— мекен-жайлары, аты-жөндері немесе заңды тұлғаның атаулары дұрыс көрсетілмесе, құқық беретін құжаттарда немесе олардың көшірмелерінде қажетті мөрлер мен қол қойылған қолдар болмаса;

— осы Ереженің 44 тармағында талап етілетін құжаттарды талап берушінің дұрыс рәсімдемеген немесе толық емес құжаттарды тіркеуші органға ұсынған жағдайда;

— қолданыстағы заңдарға мәміленің сәйкес келмеуі.

Жарлықты талдай келіп келесідей қорытынды шығады, заң шығарушы тіркеуден бас тартуды құжаттарды бас тартудан ажыратады, бірақ мұны айқын жасамайды.

Тіркеу тоқтатыла тұрғанда немесе одан бас тартылған жағдайда құқықтық кадастрда тиісті жазба жасалады. Тіркеуден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге бас тартылу себебі туралы жазбаша нысанда хабар жіберіледі. Хаттың көшірмесі, бұрынырақ осы жылжымайтын мүлікке арнап ашылған іске тіркеледі.

Егер тіркеуге бас тартудың негізі болатын жағдайлар жойылған кезде, талап беруші тіркеуші органға жанадан өтініш беруге болады.

Бөлімге сұрақтар:

  1. Жерге қатысты мемлекеттік құқықты тіркеудегі тәртібі мен шарттары.
  2. Жерге қатысты мемлекеттік құқықты тіркеу.
  3. Хаттау кезіндегі тіркеушінің міндеті.
  4. Хаттау кезіндегі өтініш берушінің міндеті.
  5. Жерге қатысты мемлекеттік құқықты тіркеу кезінде қандай кездері бар.

6. Қандай жағдайларда тіркеу жасалынбайды.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.