Жасөспірімдердің ауытқушылық мінез-құлықтың шығу себептері мен факторлары

Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық,  еркін  сезінуі мен үйлесімді  дамуы үшін көптеген  факторлар қажет. Қазіргі көпмәдениетті қоғамда балаға  сырттан  әсер етуші  жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды әсерін тигізеді. Ст.Холл «бала толыққанды дамуы үшін  өз халқының  сезімдері мен көзқарастарын  басынан өткеруі қажет»(17.) деп санайды.

Қандай да олқылығы бар баланың даму жағдайы, әдетте  қолайсыз, жағымсыз болады. Ол баланың  дамуына кері  тиетін  тәрбиелеуші  шағын  әлеуметтің  сипаттарынан  тәрбиелеу-оқыту  үрдістерінен және ықпал еткен  тәрбиеленушілердің  ішкі  ұстанымынан құралады.

Балалалардың  әлеуметтік-педагогикалық  олқылығының  пайда болу тетігі мен  дамуы  баланың  тұлға  болуға деген  қажеттілігі  мен сондай  болу  мүмкіндігінің   арасындағы  қайшылықтар  негізінде  іске  қосылады.

Баланың  персонализациялануға  ұмтылуы  оған  қатысты  референттік   топтардың  ( бірінші  отбасының,  одан  кейін  балалар  бақшасындағы  және  мектептегі  құрбыларының (  оның  әлеуметтік  қалыптарға  сай  емес  жеке  дара  көріністерін  қабылдағысы  келмейтіндігімен  және  құрбыларының  жас  ерекшелігіне  байланысты  мұндай ұстанымы  педагогтердің және  ата- аналардың  олқылығы   бар  балаларға  қатынасы  негізінде  қақтығысқа  түседі.

Әлеуметтік – педагогикалық  олқылық  ерте  балалық  шақтан, шамамен  үш  жастан  басталады, яғни  баланың өзіндік санасының,  мінез – құлқының ережеге  сәйкестігінің  және нормативтік  іс-әрекетінің дами  бастаған  шағымен  қатар  келеді. Жағымсыз  даму  жағдайында  олқылықтардың  сандық белгілері  мен  көріністері  жинақталып  қалады.

Ерте  зерттеу,  алдын  алу және  түзету  жұмыстары  олардың  жоғары  нәтижелі  маңызына ие.

Ауытқушы  (девианттық)  мінез-құлық  деп  қоғамда  қалыптасқан  нысандарға  сәйкес  емес әлеуметтік  мінез-құлықты  айтамыз  ( И.Невский). Белгілі  әлеуметтанушы  И. Кон  девианттық  мінез-құлықты  психикалық  денсаулық, құқық, мәдениет немесе  адами   қалыптарының  жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде   қарастырады. Бейімделуші мінез-құлықтың тұжырымына сәйкес кез келген ауытқушылық бейімделудің бұзылуына алып келеді (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, қоғамдық).

Балалар мен жеткіншектердің  мінез-құлқындағы ауытқушылық  көріністері олардың адамгершілік  және әлеуметтік  дамуы  жағынан дара ерекшеліктер  мен   тұлғалық  көріністеріне,  нақты  жағдаяттар  мен  өмір  жағдайларына  және  іс-әрекеттеріне  қарай  әртүрлі  болуы мүмкін.

Мінез-құлықтық  реакция  бір рет  немесе жүйелі  түрде әсер  ететін  өмірдің   жағымсыз  жағдайларымен  және  шарттарымен  негізделеді. Соңғы  жағдайда  нақ  осы  немесе басқа  ахуалға  алып  келетін  мінез-құлықтағы  өзгерістер  біртіндеп  тойтарыс  беруді, қарсы  шығуды, кетіп  ұялуды,  агрессияны  келтіре аламыз. Бұл  реакциялардың  көрінуі  нысандары   өте көп болуы мүмкін. Олар әрдайым  жойылуымен  қоса  бұл да жоғалады. Бірақ, ондай  жағдайлар   жиі қайталанып,  бірінің  үстіне бірі  қатпарлана берсе, онда  реакциялар  беки  түседі және басқа типтегі  мінез-құлықтың  дамуына алып келетін  тұрақты психологиялық  кешендер  туындайды.

Жасөспірімдердің  мінезіндегі ауытқушылықтың  себептері мен факторларына  тоқталып өтсек:

  • дұрыс тәрбиеленбегендерінің себебінен  қажетті  білімдердің, біліктердің, дағдылардың  жоқтығы,  мінез-құлқындағы  жағымсыз  топтардың  қалыптасқандығынан  баланың,  жеткіншектің  өзін  дұрыс  ұстамайтындығынан  туындайтын  әлеуметтік-педагогикалық олқылықтар;
  • жайсыз отбасылық  өзара қарым-қатынастар,  жағымсыз  психологиялық  ахуал,  оқудағы  жүйелі  сәтсіздіктер,  сынып   ұжымдарындағы  құрбылармен  өзара  қарым-қатынастың  орындамағандығы,  ата-аналарының,  мұғалімдердің  сыныптас  жолдастарының  дұрыс  емес (әділетсіз, дөрекі, қатал)  қатынастарынан  туындайтын  терең  психологиялық   жайсыздықтар;
  • психикалық және физикалық  денсаулығы мен дамуы  жағдайындағы ауытқушылықтар,  жас  ерекшелік  дағдарыстарындағы,  мінез  акцентуациясы  және  басқа да  физиологиялық,  психоневрологиялық  ерекшеліктер  себептері;
  • ішкі және сыртқы  белсенділігінің  саналы  көріністеріне, өзін-өзі  көрсетуіне  жағдай  жасалмағандығынан,  іс-әрекеттердің  пайдалы  түрлерімен  айналыспайтығынан,  жағымды  және  маңызды  әлеуметтік,  сондай-ақ,  жеке  өмірлік  мақсаттары мен жоспарларының болмауы;
  • қараусыз қалумен,  қоршаған  ортаның кері  ықпал етуімен және осының негізінде дамитын  әлеуметтік-психологиялық  дезадаптациямен,  әлеуметтік  және жеке  құндылықтарының  жағымсыз  түрде ауысуы және жағымсыз жайттар.

Жасөспірімдер мен балаларға  қоршаған  адамдардың  немқұрайдылығы  зейін  қоймауы  негізінде  дамитын  әлеуметтік-педгогикалық  бақылаусыздық бұл  тізбектегі  ерекше  рөл мен  мағынаға ие. Нәтижесінде  жалғыздық, қараусыз  қалғандық,  қажетсіздік,  қорғансыздық  сезімдері,  жасөспірімдердің пікірінің, тағыдырының  қызығуы  мен  икемділіктерінің  өз бетінше  ұйымға, кооперацияға,  өзін-өзі  ұйымдастыруға  ұмтылуына  алып  келеді.

Қазіргі кездегі  жасөспірімдердің  жүрген ортасы қолайлы  емес. Өйткені,  бала  ауытқушылық  мінез-құлықтың  әр түрлі  нысандарын  мектепке  бара   жатқанда да, аула  мен қоғамдық  орындарында  да, тіпті  үйде де  көреді. Дәстүрлі  ұлттық  құндылықтар  нормасының  босауы,  ата-ананың, әсіресе,  отбасындағы  әке беделінің төмендігі,  мінез-құлықтың  тұрақты  үлгілері  мен  моралдық  шекаралардың  жоқтығы,  әлеуметтік  бақылаудың  босаңсуы  жасөспірімдер  ортасындағы  ауытқушы  және өзін-өзі  жоюға  мінез-құлықтың  өсуіне ықпал етеді.

Балалалар мен  жасөспірімдердің  дамуы мен мінез-құлқына  кері әсер ететін  сыртқы  факторларға  мыналарды  жатқызуға  болады:

  1. Қоғамдағы өтіп жатқан үрдістер:
  • қоғамдық құндылықтар  иреархиясын  өзгертуге бағытталған  айқын  жағымды  мемлекеттік  идеологияның  жоқтығы;
  • заңдардың және құқық  қорғаушы  орындардың  жетілмегендігі, қылмыстардың  жазаланбауы;
  • жұмыссыздық (нақты және жасырын);
  • экономикалық тұрмысы төмен балалы  отбасыларға әлеуметтік кепілдіктермен  және  мемлекеттік  қолдаудың жоқтығы;
  • өскелең ұпақтың   әлеуметтенуінің  дәстүрлі институттарының  күйреуі  мен  дағдарысқа ұшырауы;
  • бұқаралық ақпарат құралдары арқылы зорлық-зомбылық және  қатігездікті насихаттау;
  • балалардың денелік және психикалық денсаулығының бұзылуын дер кезінде ауытқудың, соған сәйкес көмек көрсетудің  және квалификациялық  диспансеризациясының болмауы
  • темекіге, ішімдікке, нашақорлық заттарға  жолдың ашықтығы.
  1. Отбасының жағдайы және оның ахуалы:
  • толық емес отбасы; отбасының материалық жағдайы;
  • ата-аналардың төмен әлеуметтік-мәдени деңгейі;
  • отбасындағы тәрбие стилі (балаға  бірыңғай  талаптардың  қойылмауы,  ата-аналардың  қатігездігі, олардың  жазасыздығы және  баланың құқықсыздығы);
  • ата-аналардың ішімдікті, нашқорлық заттарды теріс пайдалануы;
  • ата-аналардың балалардың психоактивті  заттарды  қолдануына жол беруі.
  1. Мектепішілік өмірдің жеткілксіз ұйымдастырылуы:
  • оқу және тәрбие үрдісін  басқаруды  ұйымдастырудың  толық жетілмегендігі; мектептің материалдық қамтамасыз етілуінің нашарлығы; қоғам арқылы балаларымен айналыспайтын  ата-аналарға ықпал ететін тетіктердің және меткептің оқушылар отбасыларымен жүйелі байланысының  жоқтығы; пәндік мұғалімдердің жетіспеушілігі; сабақтардың жиі болмай қалуы; сабақтан тыс жұмыстардың қанағаттандырғысыз  ұйымдастырлуы; мектепте балалар  ұйымдарының болмауы;
  • мұғалімдердің бала және жас ерекшелік  психологиясын  білмейтіндігінен көрінетін кәсіптік деңгейінің төмендігі; «оқушы-мұғалім» жүйесіндегі өзара  қарым-қатынастарының автолитарлық немесе бетімен кетушілік деңгейінде болуы;
  • жетілмеген жаңа оқу бағдарламасын енгізу, құндылықтар бағдарламаларының өзгеруі және соның негізінде «нені және қалай оқыту?» мәселесінің туындауы;
  • мектепке келген оқушылардың дамуының және оқу түрткілерінің төмендігі.

Жасөспірімдердің түрлі  себептермен мектепке бармай қалуы да  туындайды.

Баланың мектепке бармай қалуының айтарлықтай жиілеп кетуі оны психиатрға қаратуға себеп болады. Кездейсоқ себептерден кездесіп қала беретін төтенше  жағадайлар мүлде әр түрлі көріністе болып келуі мүмкін: ата-анасының шешімімен кішкентай інісін немесе қарындасын қарап отыруға баланың үйде қалдырылуы, немесе баланың өз бетімен лағып кетуге бейімділігі, немесе мектпеке барудан қасақана бас тартуы сиықты келтірілген сылтаулардың барлығы оның эмоциональды бұзылуына  байланысты  болатындықтан, мектепке бармай қалуына осы кінәраты себеп болуы мүмкін. Мектепке барудан бас тартуы – оның сабаққа қатысқысы келмегендігінен,  өз кезегінде  әр түрлі механизмдердің ықпалы себеп болуы да мүмкін. Бұл жағдайлардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар екенін көрейік. Схематикалық процедураның талдауы.

 

 

 

 

1-суретте келтірілген.

Бала мектептегі сабақта  жоқ

 

 

бала үйде жоқ                                 бала үйде отыр

(бетімен лағып кеткен)

 

бала мектепке барудан             баланы үйде

бас тартқан                                 қалдырған

 

 

көліктік                           мектептен               айырылып           әлеуметтік

фобия                              қорқу                        қалу                    байланыстан

әлеуметтік                                                        қорқынышты     қашқақтау

фобия

 

Ең алдымен сабаққа қатыспай лағып жүрген баланың немен айналысатынын  анықтау қажет. Егер үйден шығып мектепке кеткен бала сабаққа қатыспаған болып шықса, онда ол кино қарауға театрға кетуі, немесе жолдастырымен ойнап кетуі, немесе басқа бір жерлерде тағы бірдеңелермен айналысып жүруі әбден мүмкін екендігі  ешқандай да күмән туғызбайды. Егер бұл шындығында осылай болған болса, онда ата-анасы баланың мектепке бармай, өз бетімен лағып жүретіндігінен мүлде хабарсыз екені әбден мүмкін. Ол мектепке бармай өз бетімен лағып жүрген уақыттарда басқа да қылмысты теріс қылықтарға   баруы немесе әлеуметтік жағымсыз әрекеттерге ұрынуы ықтимал. Егер баланың психикалық күйзелісі бұрыннан да бар болса, онда оның ықтимал диагнозы әлеуметтік  дезадаптация болуы мүмкін (мектепке бармай, өз бетімен лағып кететіндердің көпшілігінде, әлбетте, болмайды).

Егер баланың мектепке бармай үйде қалғаны ата-анасына мәлім болса, онда олардың өздері қалдырғаны немесе баланың өзі мектепке барудан бас тартқаны. Бірінші жағдайда баланың мектепке баруына ата-анасының мүмкіндік бермегені, ал, екіншісінде баланың мектепке өзі барғысы келмегені туралы мағлұматтарды ескерген дұрыс.

Егер баланың мектептен бас тартқаны туралы сөз болса, онда біз: мектептен қорқуы, ата-анасынан айырылып қаламын деп қорқуы, әлеуметтік фобия, көліктік фобия немесе әлеуметтік байланыстан қашқақтауы сияқты әр түрлі себептердің нәтижесінде пайда болған эмоциональды күйзелістермен істес боламыз. Әрбір жағадайда бір-екі мәселенің жәрдемімен  ықпал жасайтын  бұзылу  механизмдерінің  сипатын анықтауға болады.

Біріншіден, бала үйде немесе  жолдастарымен болғанда өзін қалай ұстайтынын  анқытау пайдалы. Егер оның денсаулығы  бірқалыпты жақсы және көңіл-күйі  шат-шадыман  болып  көрінсе,  онда біз  оның  мектепке  барудан  бас  тартуының негізі  әлеуметтік  байланыстан  қашқақтауға  тырысуынан  деп  ұйғаруға толық құқымыз бар. Егер ол қайғыға батып  тұнжырап жүретін болса, өзін  бақытсыз  санап, ешкіммен  араласпай  жалғызсыраған байғұс болып көрінсе,  жолдастарымен  қосылып  ешқандай  жүрмесе және көңіл   тоқтатып  тереңірек  ойлайтын  қабілеті  төмен болса, онда оның мектепке барудан бас тартуы  депрессия  түріндегі  немесе өте  сирек  кездесетін  шизофрения  түріндегі  айтарлықтай  жиі таралған  эмоциональды күйзелістің негізінен деп  санауымызға толық дәлел болады.

Екіншіден,  мектепке барғысы келмеудің сабақ кестесіне байланысының  бар-жоғын білу қажеті. Егер баланың мектепке барудан бас тартуының себебі кесте  бойынша француз тілі  сабағы болатындықтан немесе өзінің жалығып ұзақ  отырып  қалуына тура  келетін  қосымша сабақтың  күндеріне  ылғыи да сәйкес келіп тұратын болса, оның бас тартуы мен мектептегі  белгілі бір  жағдайдың арасында берік байланыстың бар екенін көрсетеді.

Онан  кейін қаралатын  үшінші мәселе: сабаққа бармай қалу үй ішінің оқиғасына байланысты ма? Бұл симптом шешесінің  депрессиясын  немесе әкесіне жұмыс  істеткізбейтін  оның бір ауруын асқындыра ма? Шешесінің жұмысқа үйден шығып кеткен тап сол мезгілі бұл симптомды  қоздырып  өршіткен  жоқ па? Симптомның үй ішіндегі  оқиғаға  тәуелділігінің  ашылуы  оның үй  ішіндегі немесе отбасындағы  жағадайларға байланысты пайда болуына баланың мазасызданып алаңдаушылық туғызуы маңызды рөл атқаратындығы  ықтимал  екендігін  ескертеді. Осыған ұқсаған мінез-құлықтың  өте кең таралған  механизмдері  баланың  ата-анасынан айырылып қалу қорқынышынан болады. Мұндай жағдайда  баланың жақын туыстарынан айрылысқан  кездегі  оған тигізетін  әсердің өзіне тән бейнесін анықтау қажет.

Балалар мен жасөспірмдердің  тұлғасындағы және  мінез-құлқындағы  ауытқушылықтардың  алдын алу  оларды психологиялық  иммунизациялауды қажет  етеді, яғни, әлеуметтік-құзырлы  адам болып  қалыптасуы  үшін  мінез-құлықтың  психогигиеналық дағдыларына дұрыс таңдай жасай алу біліктерін үйрету. Бұл мақсаттарды орындау үшін қоғамдық дағдарыстың жағымсыз әсерлерін жоятын және түзейтін әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды құруға бағытталған мектеп саясатын жүйелеу қажет. Оған мынадай бағыттарды енгізуге болады:

  • балалар мен жасөспірмідердің ауытқыған мінез-құлықтарының типтері мен нысандардың  таралуын, оларға әсер етуші факторларға анықтау, сонымен қоса, оқушылардың және олардың ата-аналарының білімге және тәрбиеге деген қажеттіліктерін зерттеу;
  • оқушылардың, ата-аналардың пікірлерін зерттеудің нәтижелерін талдау және соның негізінде анықталған ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың тұлғасымен мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды алдын алу және түзету бағдарламаларын құрастыру;
  • мектепте және жастар орталықтарында сыртқы тәуекел факторларына азат психологиялық, педагогикалық ахуалды қалыптастырып, бірқатар құзырлы шешімдермен шешілетін оқушылардың ата-анасымен тиімді өзара қарым-қатынасты дамыту, қосымша білім беруді және тағы басқа шараларды ұйымдастыру әлеуметтік  мамандардың  құзырында.

Жасөспірмдердің  тұлғалық және әлеуметтік  құзырлығын қалыптастыруда, жағымсыз мінез-құлық көріністері түзетуді олардың жағымды «Мен» бейнесін дамытудың, өзін-өзі құрметтеу  сезімін, сындарлы ойлау қабілетін, әлеуметтік маңызды мақсаттарды қоя білу білігін және жауапты шешімдер қабылдай алуды дамытудан бастаған жөн.

Жасөспірім  салауатты  өмір салтын калыптастыра алуы үшін оған эмоциясын игере алуға, үйренуді, қақтығысты жеңе алуға үйрету қажет, сынды, өзін-өзі қорғауды, басқа адамдар тарапынан шыққан қысымға  қарсылықты  агрессиясыз қабылдау әдіс-тәсілдеріне  баулуды, зиянды  әдеттерге  қарсы тұруға үйретуді, қабылдау тәсілдеріне  баулуды, зиянды әдеттерге  қарсы тұруға үйретуді, салауатты өмір сүруге және пайда болған  мәселелерді  әлеуметтік-жағымды  құралдарымен шешеуге мүмкіндік  беретін  құндылықтармен  қатар  қалыптастыру қажет.

Балалар мен жасөспірімдер тұлғасы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтың  тың алдына  алу жұмыстары тек мыналардың негізінде жүзеге  асса ғана  тиімді  болады:

  • оқу іс-әрекеті жемісті болғанда;
  • оқушылардың қанағаттандыратын эмоционалдық жағымды өзара  қарым-қатынас жүйелері (құрбыларымен, әлеуметтік педагог, мұғалімдерімен, ата-аналарымен) және психологиялық қорғалуы болғанда.

Соңғы жағдай тікелей  түрде әлеуметтік  қорғалумен  байланысты. Оған  мыналар кіреді:

  • оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;
  • оларды мұғалімдер мен оқу және тәрбие үрдісіндегі  басқа субъектілердің  бұлжытпай орындалуы;
  • оқушылардың қандай да бір белгісіне қарай дискриминацияға ұшырауына жол бермейтін психологиялық және әлеуметтік теңдік;
  • оқушылардың жеке дара ерекшелігі мен өзін-өзі анықтау құқығын сақтау.

Бұл талаптарды орындау жасөспірімдердің  барлық топтарымен және типтерімен өткізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын педагогикалық дифференциация жолымен жүргізуге мүмкіндік береді.

Жоғары да көсретілген  талаптарды орындаған жағайда жасөспірімдерге көрсетілген көмектің жиынтығы тұлғаның  бірқалыпты  үйлесімді  дамуын қамтамасыз етеді.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.