Жаңашылдық яғни «Инновация» — жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал, әдіс, процесс ретінде әлдебір жаңалықты енгізу деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізудеген ұғымды танытады.
Жаңашылдық адамдардың көсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан ол зерттеу мен талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанына айналған. Жаңашылдық өздігінен пайда болмайды, сондықтан ол ғылыми ізденістің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның әрекетінің нәтижесі ретіңде басқаруды қажет етеді.
Тұтас педагогикалы процестің жаңалықтың түбегейлі жоспарында жаңалық процестерді алқа апарушылар ретіңде мектеп директоры, пән мұғалімдерінің рөлі арта тұсуде. Оқыту процесінің көпқырлылығына — дидактикалық, компьютерлік, мәселелік, модульдік т.б. — қарамастан жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мұғалімнің еншісіңде қалып отыр. Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім өзінің міндеттік қызмет салаларын одан әрі терендей игеруде. Сондықтан да мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен қана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғаңдықтан жан-жақты дайындык, талап етеді. Осы негізде педагогикалық жаңашылдық қабылдау, бағалау және іске асыру дағдылары қалыптасады. Білім берудегі жаңашыл процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар — өзық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату, екіншісі -педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу. Жаңашыл процестердің нөтижесі теория мен практиканың тоғысында пайда болатын жаңалықты қолдану болуға тиіс.
Жаңашыл процестер педагогиканың бір саласы жекелеген пәндерді оқытудың әдістемесінде шұғыл, тез қолдану мүмкіндігі-мен ерекшеленеді. Тарих пәнін оқытуда жаңа әдіс, тәсілдерді қолдануға мүмкіндік мол. Пән мазмұнының жаңаруы оны оқушыларға игертудің әдістерін де жетілдіруді қажет етеді.
Мектепте жаңа педагогикалық идея мен технологияны насихаттайтын және тарататын, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер тобы құрылады. Мұндай топты құру бірнеше қажеттіктен туындайды. Ең бастысы — қазіргі замашы акдараттар тасқыны және технологиялардың күрделілігі мұғалімнің жалғыз-жарым әрекетіне бағына бермейді. Сондықтан да оқытудың жаңашыл міндеттерін тарих пәні мұғалімдерінің бірлестігі болып, жұмыла қолға алған орынды. Мұндай шығармашылық топ мектептің бүкіл оқу-тәрбие процесіне жаңашыддық сипат бере алады.
Тірек конспектілер
Шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл мұғалімдер тарихты оқытудағы өз әдістері мен жүйесін қалыптастырады. Олардың сабақтарында мұғалімнің дербестік ерекшеліктері мен мүмкіндіктері көрініс табады, яғни мұғалімнің тұлғасы белгілі дәрежеде оның өткізген сабағының деңгейін, бағыт-бағдарын айқындайды. Мұндай сабақтарды дайындау мен өткізу біршама уақыт пен күш-жігерді талап етеді.
Сондықтан бұл жұмысқа кіріспестен бұрын өз күшің мен мүмкіндігіңді салмақтап, нақты оқу жүйесіндегі жұмыс төжірибесімен танысып алған орынды. Сабақтың кезендерін, оқытудың бірізділігін, жұмыс түрін өзгерту жаңашыл мұғалімге тиісті нәтиже бермеуі мүмкін. Содан да оқытудағы жаңашыл процестер аса сақтықпен, білімділікпен қолдануды қажет етеді.
Шартты белгілер, рәміздер түрінде бейнеленген тарихи құбылыстар оқушының ойлау қызметіне тірек болады. Белгілер ойда қалыптасқан бейнелерге назар аудартады.
Жақсы ойластырылған кескіндемелік сұлбалар күрделі мәселені бірнеше ұсақ бөліктерге бөліп, шартты төрде бейнелеуге мүмкіндік береді. Ол жағдай оқушылардың зейінін нақты тақырыпқа аударып, ондағы жекелеген кезеңдерді тұтастықта қабылдауына көмектеседі. Оқушылардың базалық білімді игеруіне көру арқылы қабылданған тірек ұғымдар едәуір ықпал жасайды. Мұндай тірек конспектілер оқу материалы қисындық мазмұндауға, басты деректерді есте сақтауға жүмылдырылған шартты-кескіндемелік белгілердің жүйесін құрайды.
Мұғалім оқып-үйренуге арналған материалды тірек сигналдармен «жазылған» ерекше конспект түріңце ұсынады. Тірек символдар оқушыларға ақпарат бірліктерін — басты жіне қосалқы деректерді есте сақтауға көмектеседі. Ұқсастыру үшін тірек конспектілерде ол ұғымдар әртүрлі тұспен боялады. Бұл жүйемен жұмыс жасаудың мәні білімді көп рет қайталау негізінде игеру және оқушылардың өздерінің көмегімен білім сапасьш күнделікті қадағалауға көмектесу болма?.
Тірек конспектілерді қалай дайындауға болады? Жұмысты жаңа бастаған жас мұғалім ең алдымен мектеп оқулығының мазмұнын жете меңгеруі керек, оны бастан-аяқ толық оқып шығып, соңынан жеке тақырыптар бойынша талдап оқиды. Тақырыпты оқу барысында мұғалім мәтінге құрылымдық-функциялық талдау жасап, сонымен бірге оқулықтың қандай тақырыптарын бір сабаққа топтастыруға болатындьнъш анықтайды. Содан соңғы кезеңде тірек сигналдарымен конспект парағын безендіруге кіріседі. Тақырыпты ала отырып, мұғалім бір парақ қағазға 4-5 тақырыпты орналастыра алады. Олардың саны материалдың күрделілігіне байланысты. Конспект парағына үй тапсырмасымен бірге сигналдардың анықтамасын беруге болады. Егер оқулық 60 параграфтан тұрса, параграфтардың жқптасуын ескергенде конспект-парактардың саны едәуір аз болуы мүмкін. Курстың мазмұны бойынша конспект-парақтар жасап болтан сон, мұғалім олардан шағын көшірмелер алып, үлестірмелі материалдар дайындайды.
Көрнекті әдіскер В. Ф. Шаталов тірек-сигналдарды қолданып, конспект-парақ дайындаудың мынадай жаднамасын ұсынады:
- Оқулықтың тарауы немесе білімін мұқият оқып шығып, өзара байланысы мен өзара тәуелділігіне қарай мәтінді мағыналық бөліктерге бөл.
- Мәтіндегі баяндалу тәртібі мен негізгі ойды қысқаша мазмұнда.
- Қысқартылған жазбаны алдын-ала қағазға тұсір.
- Ол жазбаларды кескіндемелік, әріптік, рөміздік белгілерге айналдыр.
- Сигналдарды блоктарға біріктір.
- Блоктарды кескінмен (контур) бөлекте және олардың өзара байланысын кескіндемелік белгілермен белгіле
- Маңызды бөліктерді бояу, тұспен бөліп көрсет.
Тірек-сигналдар конспектісін жазғанда рәміздік-сөздік (әріптер, буындар, сандар, қосу, алу белгілері); суреттік (пиктограммалар); шартты-кескіндемелік (жергілікті жердің жоспары, карта, сұлба) белгілерді қолдануға болады. Мұғалім өзінің құрастырады оқыту жүйесінде тірек-сигнал конспектісін әртүрлі тәсілдермен құрастырады.
Тірек-сигнал конспектілерімен жұмыс істеуде оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріледі. Мысалы, ол 10-11 сыныптарда 3-4 параграфты біріктіруі мүмкін. Алғашқы сабақты жеңілдетілген тірек-сигнал түрінде 30 минуттық дәріс етіп өткізеді. Кейіннен оқулықпен жұмыс істегенде конспектіге жетпейтінін сигнал-рәміздерді оқушьшар өздері тауып қосады. Олар дәріске дайындалу барысында қажетті тақырыптарды оқулықтан үйде оқып келеді. Дәрістен соң окушылар тұсінбеген сұрақтарын мұғалімге жазып береді. Осы жазбалар негізінде мұғалім кеңес-сабақ өткізеді. Оқушылардың сұрақтарына кезекші топ немесе мұғалім көрнекілік қолдана отырып жауап береді. Үшінші, төртінші сабақтар топтардың өзара оқуы және білімді тексеруіне арналады.
Модульдік технология
Соңғы жылдары тарих сабақтарында окушылардың өз бетімен іздену, зерттеу, басқаның пікірін тындай білу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, жеке тұлтаны дамыту жолында жұмыс жүргізілуде. Оның мақсаты — оқушыларды белсенділікке, өз бетімен білім алуға, ізденуге, өздерін тұлға ретінде сезіне білуге үйрету.
Педагогикалық әдістемедегі оқыту кезендерінде қайталау тәсілін пайдалансақ, оқыту құрылымы ортақ, мазмұны әртүрлі жекелеген блоктардан тұратын модульдік сипат алады.
Модульдік технологиямен оқыту нұсқасында білімді толық игеруді негізге ала отырып, қазіргі дидактика талабына сөйксс балаларды оқыту ғана емес, тұлғаның танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу үрдісін диалогтық қарым-қатынас негізінде құруға болады. Бұл оқу үрдісі мен мұғалімнің жқмысына кейбір өзгерістер туғызады. Оның жалпы нұсқасы мынадай:
- Оқушыларды оқу мақсатымен таныстыру.
- Сыныпты мазмұндары ұқсас бірнеше тақырыптан тұратын (тарау) блок модулімен таныстыру.
- Мұғалімнің белгілік (знак) жүйе бойынша (сызба, кесте, т.б.) қысқаша мазмұндауы (оқушыларға материал колталған түрде тұсіндіріледі, не зерттеу, іздену бағыты негізге алынады).
- Оқушының танып қызметіне негізделген диалогтық қарым-қатынасы мен сабақ сайын әрбір оқушының білім нәтижесінің бағалануын ұйымдастыру.
- Оқу материалына негізделген ортақ тақырыптарға (тарауға) 4-7 ретке дейін қайта-қайта орала отырып, үдемелі (қайталау емес) түрде зерттеу.
- Бүкіл тақырып бойынша (модульдегі) тест өткізу (тесттің әртүрін пайдалану)
- Тақырып бойынша деңгейлік (релелік) сынақ, бақылау жұмысы, тарихи сынақ хат т.б.
Деңгейлік — әр оқушыға үш деңгейлік (қиын, орташа, оңай) жүйе бойынша билет тандауға мүмкіндік беру. Рейтингтік жүйені пайдалануға болады.
Оқу модулі уш белімнен тұрады: кіріспе, диалогтық және қорытынды бөлім.
Бір модуль шамамен 5-12 сағатты қамтуы мүмкін (өзгертуге болады). Кіріспеге 1-2 сағат, қорытындыға 2-3 сағат, қалған уақыт диалогтық бөлімге арналады.
Диалогтық бөлімде оқушылардың тақырыпқа бірнеше қайта оралуы (оқыту ойындары, бірін-бірі оқыту және тексеру) оқу материалын жақсы меңгеруге, қарапайымнан күрделіге, жай тапсырмадан шығамашылық ізденуге мүмкіңдік береді. Әр оқушы тақырыпты тұсіну дәрежесінен білімді жеткізе білу дәрежесіне көтеріледі. Диалогтық бөлімде таным үрдісі 2, 4, 7, т.б. адамдық топтарға бөлінеді, ол оқушылардың бір-бірін оқыту, ойындар арқылы қарым-қатынас жасауына негізделеді.
Мысалы, Ежелгі Қазақстан тарихынан «Қола дәуіріндегі Қазақстан» модуль-сабағына 4 сағат бөлінген.
1-сабақта (кіріспе бөлім) модулге кіріспе, саяхат сабақ, тірек сызбамен жұмыс жүргізіледі.
2-сабақ оқыту ойындарына арналады. 3-сабақ. Картамен жұмыс жасау. Сөзтізбек шешу. 4-сабақта деңгейлік (релелік) сынақ өткізіледі Бұл жүйе оқушыларды ынталандырады. 30 және сдан да көп оқушысы бар сыныптарда әрбір баланы сабақ сайын бағалау және біріне-бірін бағалату оның белсенділігін арттырып, сенімін күшейтеді.
7.2 Жаңашыл мұғалімдер идеясын сабаққа қолдану
Оқу мазмұны үздіксіз жаңаруда. Білім берудің жаңа философиясы, теориялық негізі, әдістемелік, дидактикалық практикасы сапалық жаңа кезеңге қадам басты. Тарихи білім ж.йесі де жетілдірілуде. Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Мемлекеттік стандарт, оқу бағдарламалары қасаңдықтан догмалық арылған, оған шығармашылыкден даму қағидалары тән. Содан да білім беру жүйесінде мұғалімдердің қызметі үнемі ізденумен, өзін-өзі дамытумен ерекшеленеді. Осы тұрғыдан алып қараганда оқу-тәрбие процесіндегі жаңалыққа ұмтылушылық мұғалімдердің бәріне тән болуы тиіс.
Жаңашыл мұғалімдердің идеясын сабаққа қолданудың маңызы зор. Бұл жағдай сабақты, оқыту процесінің үдістерін түрлеңдіре отырып, жаңа білімді игерудегі оқушылардың әрекетін жеңілдетуге көмектеседі. Жаңашыл мұғалімдер, олардың идеялары да көп. Әр мұғалім өзінің қабілеті мен бейіміне, мүмкіндігіне қарай өзі тандап алуы керек. Бұл жерде біз жаңашыл идеялардың бірнешеуін үлгі ретінде мысалға келтіреміз. В. Ф. Шаталовтың әдістемелік жүйесінің мынадай ерекшеліктерін бөліп атауға болады: мұғалімнің жан-жақты тұсіндіруі; оқу материалын тірек-сигналдармен жазылған плакат бойынша қысқаша мазмұндау; тірек-сигналдарды үлестірмелі материал бойынша әрбір оқушының танысуы; оқулықпен және тірек-сигналдар парағымен оқушының үйде жұмыс жасауы; тірек-сигналдарды келесі сабақта жазбаша жаңғырту; тірек-сигнал бойынша жауап беру; бұрын оқылған материалдарды үнемі терендету және қайталау.
Ал А. Литвановтың икондық үлгілеу әдісі осыған ұқсас көрінгенімен өзіндік ерекшелігі де мол. Оның мәні — оқу материалындағы негізгі ұғымдар мен құбылыстарды сұлба немесе сурет түрінде беру. Ол мынадай тәсілдерден құралады: — мұғалім тұсіндіре отырып, тақтаға сурет салады, ал оқушылар оны өз дәптерлеріне тұсіреді;
— тақтадағы жазбалар бойынша мұғалімнің қайталап тұсіндіруі;
— оқушылардың оқулық және конспект бойынша үйде жұмыс жасауы;
— келесі сабақта оқушының талтадағы конспект бойынша жауап беруі.
С. Д. Шевченконың әдістемесінде ауызша сұрауды оқушылардың өздері кезектесіп жүргізеді, келесі кезенде үйде дайындалған материал бойынша әр оқушының өзіне-өзі баға беруі іске асады; одан сон, қарама-қарсы сұрақ қою арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды; тірек-сигналдарды жаңгырту бойынша жазбаша бағылау жұмысы; жаңа материалды тұсіндіру; тірек-сигнаддарды қолданып жаңа материалдардың мазмұнын кайталау. Бұл әдістер бойынша оқу дағдыларын қалыптастыру бір сабақтың, тақырыптың, бөлімнің, тұтас оқу жылының негізінде белгіленеді. Соңғы жылдары республикадағы білім беру саласында жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибелері жинақталып, насихатталуда. Қорыта айтқанда, жаңашыл оқыту білім беру жүйесінде болашағы зор аса манызды міндеттердің бірі.