Түркістан легионының құрылуы

Кеңес  одағына өз үстемдігін  орнатып,  бас салуға  фашистік  рейх мұхит  дайындалды. Большевизмнен ұлтшыл социолистік  Германияның ең басты  дипломатиясы  сонау отызыншы  жылдардың аяқ шетінен  бастап -ақ  болашақ қарсылаасы жөнінде  деректер жинай бастады.  Сол себепті  пактуранизм  мен  пантюркизмге  қызығушылық таныту  кездейсоқтық  еместін,  өйткені рейх  большевиктерге уқарсы  күресте КСРО – ға саны көп  түрлі халықтар өкілдерін  қатыстыруды  көздеген болатын. Бұған қоса  “Түркі картасын” жобалап, германия  Туркияға қысым  көрсетуді де ойластырған  сыңайлы. /1/

1941 жылы көктемде  Германия сыртқы істер  минстірлігі  жанынан  Ресей  мәселесіне қатысты  істер жөніндегі  комитет құрылды.  Ол совет – Герман басшыларымен шығыс  министр  восына  өзгертііледі. Оны Альферд  Розенберг басқарады.  Қызметкерлер арасында  белгілі лингивист  -профессор, КСРО- ғы  түркі халықтары  жөніндегі маман  Герхард фон Менде  бар еді.  Осылайшы,  Совет -герман  соғысы қарсаңында  түркі халықтары мен пантюркизм жөніндегі ақпараттарды  жинау дипломатиялық  каналдар арқылы  (баяндамалар  мен Германияның  Туркия мен КСРО- ғы елшілігінің хабарламалары)  және Фон Менде  тәрізді   ???  ғалымдар мен  түрік -татар  эмигранттарының көсемдерін осы іске  тарту арқылы  екі бағытта  жүргізілді. /2/

Осы орайда  Мұстафа Шоқайдың  зайыбы Мария  Горина Шоқайдың  естеліктеріндегі  Германияның совет  одағына  тұтқиылдан соғыс  ашу күні  яғни, 22 маусымда  М.Шоқайдың  тұтқындалып,  басқа да “кепілдікке алған құрметті  зиялылармен” компьень  қорғанына қамалғандығы туралы жазбаларының  астарында жатқан  саяси  іс -әрекеттің  мәні  түсінікті болатындай. Дегенмен неміс  рейхіне қолдау көрсету мәселесі жөніндегі пікірлердің  бір орынға тоғыспай, екі  айрылғанын атап  өткен  жөн тәрізді.

М.Шоқай  Мехмет Элин  Ресульзаде,  Гаяд  Исаки,  Ахмед – Зеки  Велиди,  Рашид Ризмати,  Абдул -Гани  Усман,  Джафар Сейд Ахмед тәрізді  “Прометей” лигасына біріккен  басқа да, түркі халықтары ұлтының  қозғалысының  көрнекті  қайраткерлерімен  бірге Рейхтың  сыртқы істер  министрлігінің  “қара тізіміне ” енгізіледі.  Бірақ большевиктік идиологияға  қаншама қаны  қарайған өшпенділігі  болғанымен, бұлар Гитлердің  диктаторлық  тәртібін  қолдауға мүлде  құлықты еместін /3/.

Бұдан әрі қарай өткен оқиғалар ужелісі  төмендегідей  1941 жылы  25 шілдеше  Германияның  түркиядағы елшісі  Франц Фон  Папен  өз елінің сыртқы істер министірлігінің назарын  немістердің  КСРО -ға  қарсы соғыстағы  жетістіктері автоматты  түрде Пантурандық  қозғалыстың кең қанат  жайып,  қарқын алуына  жағдай жасайтындығына  аударады.

Осы жылдың бесінші наурызында  ол алдыңғы материалдарға қосымша  Туркиядан  сыртқа істер  министлігіне пантюркизм мен  оның  көсемдері  туралы анықтама  құжаттарын жібереді.  Сана саналық көп адамадар тізімінің  ішінде Нури патша есімі де  аталады. Германия сыртқы  істер министірлігіне  Нури патша  тұлғасы қызығушылық туғызып,  қыркүйек айында, дәлірек айтсақ  11, 18, 25 күндері сыртқы істер  министірлігінің  мемлекеттік  хатшысы  эрнест  Вермани  онымен  тиянақты түрде келіссөз  жүргізеді.  И. Гилязов  атап өткендей, Герман  дипломатиясының    шылығының  ең үлкен қателігі. Туркиядағы  пактюрдық қозғалыстың  күш қуаты  жөніндегі бағалауда  ол тек  нури патша тәрізді  жекеленген саясаткерлер  пікірене ғана  арқа сүйеген еді. Түрік тілді және ислам  дініндегі әскери  тұтқындарды  бірінші дүниежүзілік  соғыс кезеңінен бері  өмір сүріп отырған  Вюнсдорфтағы  лагерь  үлгісіндегі жеке  лагерьлерге бөлек орналастыру  керек, бұл орындалса  пан турандық  көрсетуші  әскери құрылымдар  ретінде пайдалану  мүмкіндігін  қарауға ұсынатын  болады. Германия  жаулап алған территорияларда  түрік және мұсылман халықтарын  басқару  түріктердің өздерінің  құзырына беріліп,  сегіз парақтан тұратын  сұхбатты толық  жазбасында  Нури патшалық паунтурандық  идеалар мен пікірлердің  маңызын жан жақты  баяндап  түрік үкіметінің  КСРО мен  Германияға қатысты  ұстанып отырған  сыртқы саяси  бағыты  туралы айтқан  пайымдаулары  да бар.

1941жылы қазан  айында елші Фон  Поленнің  қолдау және  дәнекерлік көрсетуімен  екі түрін  генералы қырым жарты  аралы  ауданындағы  совет -герман майдан даласына  баруға әрекет жасайды. Бұлар  Туркия әскери академиясының  бастығы  Ал -фуад  эрден мен  бұл кезде зейнеткер  Хосию Эмир  Менде еді.  Олардың осы сапары , Герхард  Фон Менде  пікірінше, легионды құруға  итермелеген соңғы  іс -әрекет  болғандай.  Ал, түрік  зерттеушісі  Зехра Ондер  шығыс легионын құру  идеасының  авторы  Нури – патша  екендігін көрсетеді /4/.

1941 жылы желтоқсан  айында Альфред  Розенберг  Гитлерге  түріктік легиондарды құру  идеасын  қолдайтындығы  туралы  есептік -анықтамалық құжат  жолдайды.  Гитлер  бұл идеаны  толық  қуаттайды.

1942 жылы  қаңтарда сыртқы  істер мианистірі  Иоахим Фон Риббентрон пантурализмді  белсенді түрде  қолдау туралы  нұсқау береді міне,  сол кезден бастап қана  вермахт легион құру туралы  жоспарды тікелей  іске асыру  жоспарларына  кірісе бастайды.

Шығыс легиондарын  әскери тұтқындардан  ғана емес орыс, украин,  кавказ және  түрік татарлардан  шыққан  ұлт өкілдерінен де құрылды.

Профессор  П. Фон  Мюлен  көрсеткендей  мұндай  эмигранттардан  түскен арыздың көп болғандығы  сондай 1941 жылы 1 шілдеде  бұл мәліметтерді тіркеу орталықтарын ашуға байланысты  нұсқау  ғана шығады.  Өйткені,  немістер  жағы ақгвардияшыларды майданға қалу  совет тұрғындарына  кері әсер етіп,  КСРО  тарапынан көрсетілетін  қорлықтың күшеюінен қорққан  еді.

Легионның алуғашқы  құрылымдары жаулап  алынған  Польша  территориясында  құрылды әрі оың   штаб пәтері де  сонда  орналасады.

1942 жылы  наурызда  бұл құрылым  жаулап алынған  КСРО -ның  территориялық  аймақтарында  да пайда  бола бастады /5/.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде  немістер түрік тектес  және басқа  халықтар есебінен  түрлі шығыс легиондарын  құрды.  Соның бірі  — “Түркістан легионы”. Легион қашан және  қандай жағдайда  деген сауалға  жауап беруге  ынта көрсеткен  авторлардың  ойы әр түрлі. Мысалы Ә. Байшуақұлы  “1941 жылдың  күзінде  Гитлер  Шығыс Пруссияға  келген  кезінде генерал Эркилеттің  ұсынысын  мақұлдап  сол жылы  30 қарашады  Түркістан  легионын құруға  шешім қабылдады Оны  жалақтау  162- ші  жаяу әскер  дивизиясына  тапсырылды”/6/.

Ал тарихшы  ғалым Белан мынадай деректер  келтіреді.  1941 жылы 18 шілдеде  түрік бас штабы  академиясының  бастығы  А.Ф. Эрден  неміс елшісі  папенмен  сөйлескенде  кавказда  “жергілікті халықтардың федерациясын”, ал, каспийден шығысқа  қарай  “Тәуелсіз тұран”  мемлекеттін құру туралы  идеяны ұсынады. Берлиундегі түрік елшісі  гереде  осы пікірді  сол қалпында сыртқы  істер министірінің  шенеунігі  Вайцзеккерге  жеткізген.  1941 жылдың  қыркүйек айында  пантүріктік бірден – бір идеолог нури -патша  Папен  арқылы  рейх  басшыларына  ирандық Әзербайжан, Орта Азия, Қазақстан, Башқұртстан, Дағыстан, Қырым түбегін  қамтитын советтік  республикалар  есебінен  мұсылман пантүріктік  мемлекеттік құрылымды  ұйымдастырудың  қажеттігін айтқан / 7/.

Осы мәселені  зерттеп жүрген  ғалым Бақыт  Садықовтың еңбегінде, 1941 жылдың желтоқсан  айының басында Альфред Розенберг  Гитлерге  түріктік легиондарды  құру идеясын қолдайтындығы туралы  естелік анықтама құжат дайындайды (жолдайды)  Фюрер  идеаны толық  қуаттайды.  Осыған орай 1942 жылдың  қаңтарында сыртқы  істер министірі  Иоахим фон  Риббентроп пантуранизмді белсенді  түрде қолдау  жөнінде  нұсқау береді.  Міне,  сол кезден бастап  қана Бермахт  легион құру  туралы  мәселені тікелей  іске асыру  жоспарын қолға  алу керек.

Бұл мәселе жөнінде  орысша, немісше  жарық көрген  көптеген  материалдарды  сараптай келіп  Искандер  Гилязов  1941 жылдың  күзінде  Германияның әскери және  саяси  басшылығы  КСРО ның  шығыс халықтарымен  жұмысты өз түсінігімен  жүргізсе кейінрек, қарашаның  орта кезінде  бұл ұмтылыс ресми  директиваға  ұласты:  Гитлер Түрік легионын  құруды қолдайды.  Бұл шешім  негізінде кейін Польша  жерінде Түркстан, армиян,  грузин және кавказ  мұсылман, (кейінрек Әзербайжан және солтүстік  кавказ болып бөлінеді)  төрт легионды құру туралы  1941 жылы  22 желтоқсанда  ОКВ – ң бұйрығы шығады.  Шығыс министрлігінің комиссиясы  Еділ бойы және  жайық жағалауының  халықтарын басқа   әскери тұтқындардан  баста бөлсе де  Еділ -татар  легионын құру  жөніндегі  бұйрыққа  1942 жылы 15 тамызда ғана қол қояды.

Енді мемлекет қауіпсіздігі  органдарындағы  қылмыстық іске тағы да оралайық. Мұнда 1942 жылы эрнекке, кейін  генерал -майор  Хайгендорф  басқарған  “Түркістан легионы ”  құрылды делінген. Штаб бастығы болып  неміс армиясының офицері  Робель  тағайындалады.  Батальон  командирлері  қызметіне де тек неміс  офицерлері  бекітіледі.  Орта  және  кіші командирлік  қызметтерге  өзге ұлт өкілдерін  қоюға рұқсат етіледі. Аталған қызметке  Қызыл Армиядағы  атақ – дәрежесіне  қарамай тек  “лайықтыларды” ғана бекіту  қатаң ескертілді.

“Түркістан ұлттық  кеңесі ” президенттің  орынбасары Баймырза һайт  былай дейді: “Тұтқындарды  өз мемлекетіне қарсы қою халықаралық  қағидаларға  қайшы”  болатын.  Сондықтан  да бұл  тұтқындардан  бұл қадамға өз еркімен бағындыратын  айғақтайтын  қолы қойылған екі нұсқа  қағаз алынатын. Осы  құжаттың бір нұсқасы Женеваға  жіберілетін. Екіншісін  өз  еркімен  Түркістан  құрамасында  кеңестерге қарсы  соғысуға  дайынмын деп  ант ішемін  деп көрсетіледі және онда Түркітан легионы  немістердің ұйғаруынша  бұған қазақтар,  өзбектер, түркмендер, тәжіктер,  қырғыздар, ирандар,  дүнгендер,  қарақалпақтар  және  шығыс татарлары  енді.

Түркістан легионын құру дәуірін 3  кезеңге  бөлуге  болады:

 Бірінші  кезең – Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасауына дейінгі Кеңес республикалары халықтарының идеялық-әлеуметтік татулығының дәрежесі, соның ішінде РСФСР-ға «тең келетін» алғашқы ұлттық республикалардың арасындағы қатынас айқындалған уақытта аяқталды. Осы мақсатта неміс басшылығының назары кеңестік түріктерге қатысты үш мәселеге ауды:

— жалпы түріктік идея қаншалықты күшінде;

— нантуранизмдік идеяның таралу дәрежесі;

— исламның әсер ету ауқымы.

Екінші кезең КСРО-ның бөлшектену жағдайының    «жеңілісіне» қатысты, онда КСРО-дан Түркіменияның, Өзбекстанның, Тәжікстанның, Қырғызстан мен Қазақстанның бөлініп шығуын қарастыру қажет болды. Бұл жағдайда аталған республикалар өздеріне ұсынылған ұсыныстардан бас тартар еді. Сондай-ақ, осы республикалардың әрқайсысы өзін-өзі басқарудың  жеке құрылымына ұмтылады. Дамудың мұндай жағдайында  Үндістан, Ауғанстан, Иран мемлекеттері тарапындағы ағылшындардың КСРО-ға  көмек көрсетеміз деген сылтаумен келіп, қауіп төндіруі мүмкін еді. Мұндай жағдайды болдырмас үшін Вели Каюм  аталған республикаларды Германияның  өз қамқорлығына алуын және  олардың саяси құрылуын, атап айтқанда Түркістан Кеңесінің (гремиумының) тезірек құрылуын қарастыруды ұсынды, ол қажет болған жағдайда Түркістанға шұғыл аударылуы мүмкін болар еді. Бұл Кеңес әскери тұтқындар мен эмигранттардың қатысуымен КСРО-ның берілген нүктесіне өз іс-шараларын алдын-ала жоспарлауы тиіс болды /8/.

Үшінші кезең — жасалған ғылыми-практикалық талдауға сүйене отырып  шешім қабылдауға қатысты болды.

1941 жылғы тамыздың аяғында Шығыс министрлігінің арнайы комиссиясы өз жұмысын бастады, ол түрік әскери тұтқындарын  (Поволжье, Орта Азия, Кавказ  халықтарының өкілдерін) басқалардан  бөлді. Іріктелген әскери тұтқындар Польшаның, Прибалтиканың, Белоруссия мен Украинаның оккупацияланған  жерлеріндегі   арнайы лагерлерге орналастырылды. Әскери қалыптастыру  бойынша алғашқы эксперименттердің бірі  түрік мұсылман халықтарына жасалды, олар немістердің    пікірі бойынша кеңестік билікке қарсы  еді. ОКН (Oberkommando des Heeres —     құрлықтағы әскерлердің Жоғарғы  командованиесі) 1941 жылы 15 қарашада «Оңтүстік» армияның әрбір дивизия тобын «түркістандық және кавказдық» әскери тұтқындардан құруға бұйрық береді, олар кейінірек  Запорожье түбіндегі 444-ші дивизияға, Түркістан полкіне біріктірілді. Полктың базасында 444-ші түрік батальоны құрылды. Полк қорғаушы қызметте пайдаланылды. Алайда,  бұл полк та, сол кезеңде  майор Андрас Майер-Мадердің қол астындағы 450-ші түркістан жаяу әскер батальоны мен Теодор Оберлендердің қол астындағы «Бергман» («Горец») батальоны да 1942 жылдың басында құрылған Шығыс легионы  құрамына енген жоқ және олар жеке-жеке әрекет етті /9/ .

OKW (Oberkommando der Wehrmacht —  Герман әскери күштерінің Жоғарғы командованиесі) Түркістан легионын түркімен, өзбек, қазақ, қырғыз, қарақалпақ және тәжіктерден, ал кавказ — магометан легионын әзірбайжан, дағыстан, үңгіш, лезгин және шешендерден құру туралы 1941 жылғы 22 желтоқсанда бұйрық берді /10/.

Польша территориясында  Легиондарды құру 1942 жылғы жаз-күз айларында аяқталды.

Осы кезеңде,   дәлірек айтқанда 1942 жылдың қаңтар айында  өзбек эмигранты Вели Каюмды  Шығыс министрлігі Түркістан Ұлттық Комитетінің президенті етіп тағайындайды, және оны қалыптастыруға белсене кіріседі. Неміс зерттеушісі Патрик фон цур Мюленнің мәліметтері бойынша, Түркістан легионының қатарында  110-нан 180 мыңға дейін түркістандықтар болды. Бұл сан Түркістан Ұлттық Комитетінің құрамында әскери министр болған Баймырза Хаит көрсеткен 181 402 түркістандыққа  жуықтайды /11/.

1944 жылғы 1 қаңтарда легионға  жаңа қызметтер енгізумен және кейбір бұрынғы қызметтерді жоюмен байланысты құрылымдық өзгерістер жасалды (170). Арбайтсгемайншафт Түркістан Интитуты (Arbeitsgemeinschaft Turkestan)  құрылды, ол Түркістан Ұлттық Комитеті мен Түркістан легионын бақылаушы орган болды. Аталған институтты құрғанға дейін оның қызметін РСХА-дағы Ваннзеес институты мен рейхтің басқа ведомствалары атқарды. Осылайша,    құрылымдық кешен қалыптасты, оған төмендегілер енгізілді:

— Арбайтсгемайншафт Түркістан институты, бұл пантюркизмнің формальды түрде ұсынылған саяси Орталығы болды және СС басшылығына қойылды/12/.

— Түркістан Ұлттық Комитеті;

— вермахтқа формальды бағынатын Түркістан легионы;

Барлық үш құрылым да біртұтас бүтіндікті көрсетті.

«Арбайтсгемайншафт Түркістан — Түркістан Ұлттық Комитеті – Түркістан легионы» құрылымдық кешені барлық түркістан легионерлерінің қызметін  тотальдық бақылаумен қамтамасыз  ету үшін ойластырылды.  Арбайтсгемайншафт Түркістан бақылаушы орган ретінде Түркістан Ұлттық Комитеті арқылы әрекет етті.  Түркістан Ұлттық Комитетіне уақытша түркістан үкіметінің рөлі тапсырылды, ал Түркістан легионына – Түркістанның болашақ армиясының рөлі тапсырылды

Түркістан легионын құрылу жөнінде  Мәскеудегі  бұрынғы одақтық  қорғаныс министірлігінің  және бас штабының  архивтерінде  де ешқандай  мағлұматтар кезікпеді. Мұстафа Шоқайдың  түркістан  легионын  өз белсендігімен  “ұйымдастырғаны”  жөнінде неміс,  ағылшын,  американ құжаттары да  табылған жоқ.  Олай болса,  М. Шоқай осы уақытқа дейін  Түркістан легионының  белсенді ретінде  айтылған пікірі негізсіз, дәлелсіз.  Ол туралы  Әбдуақап қара, Стамбулдағы Милар Сенан университеттің докторы шоқайтанушы  былай дейді.

“Шоқайдың түркістан легионына қатысы жоқ, ол тіпті оған қарсы  болған адам  түркістан легионы  1942 ж наурызда  құрылған болатын. Мұстафа болса 1941 жылы 27 желтоқсанда дүние салған болатын.  Тек оны легион  жұмысына тартқысы келгендер  болды. Оның дәлелі мынау. М. Шоқай  қайтыс болар алдында  тұтқын лагерін  аралаған кезде,  нацистік  Алмания  басшылығына  түркістандық  жастарды соғыс  шептеріне жіберудің  орнына,  оқуға  жіберілуі көбірек тиімді  болатын.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.