Түрік этнонимнің пайда болуы

«Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 ж-ға жатады. Қытайлар түріктерді сюннулердің (ғұндардың) ұрпақтары деп санаған. Қытайдың солтүстік батысында орналасқан Вей князьдігіне түріктер жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде айтылады. 546 ж. Тирек(телэ) тайпалары Моңғолияның оңтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварларға қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Бумынның басқаруымен тирек әскерлеріне шабуыл  жасап, 50 мың әскерін тұтқынға алады. 552ж көктемде аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авардың қағаны Анағұй өзін-өзі өлтіреді.Осы кезден бастап Бумын түрік билеушілерінің қағаны деген атағын алады.Бумын 553ж қайтыс болады.Бумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-Еске отырады. Қара-Ескеден кейін, оның мұрагер інісі Еркінді-Мұқан деген атпен қаған болады.Оның ел билеген кезі 553-572жж.Мұқанның тұсында аз уақыт ішінде(553-554жж) түріктер шығыста қайлар , қиданадар, оғыз-татар тайпаларын, солтүстікте Енесей қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргенеттерді өздеріне қаратты.563-567жж Эфталит патшалығын басып алды.Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты. 571жтүріктердің әскери қолбасшысы Естемі Солт. Каавказды басып алды.Оның баласы Түріксанф Керчті басып алып,576ж Қырымға шабуыл жэасады.Бірақ Естемі өлгеннен кейін, 582-593жж билік үшін қырқыс басталды.Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті.Күшейіп алған Иран 588ж Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Түрік қағанатындағы өзара қырқыс 603ж оның екі дербесШығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталады.

Түрік қағанаты мал және егіншілік шаруашылығымен шұғұлданды, мал шаруашылығына байланысты көшіп-қонып журген.Егістік жерлерде туріктер отырықшылық шаруашылықпен айналысты.Түріктер Персия арқылы Византияға жібек және басқа заттар өткізуге рұқсат сұрап, 568ж соғды көпесі Маниахтың басқаруымен елшілік жібереді.6ғ 70ж осы елші Кавказ жері арқылы Константинопльге келіп, екі елдің арасында жібекпен тікелей сауда жүргізу туралы және олардығ бірігіп, сосанидтер Иранына қарсы қимыл жасау жөнінде келіссөз жүргізеді. Түрік халқы қолөнерімен де шұғылданып, өмірге қажетті, әсіресе, үй тұрмысына керекті заттарды және қару-жарақтарды жасап пайдалана білді.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.