Түргеш, Қарлұқ, Оғыз мемлекеттері

Т-ш. Түргеш қағанаты 704-756 жж аралығында өмір сүрді. Жетісуда Түргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік қаған. Оның билік жүргізген кезі 699-706жж. Ол Жетісудан Бат.Түрік билеушісі Бөрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға Және Бесбалыққа дейін өзінің өкіметін орнатты. Оның басты саяси орталығы – Шу өзені бойындағы Суяб қаласы. Екінші орталығы – Іле өзені бойындағы Күнгүт қаласы. Үшелік қаған елді 20 ұлысқа бөліп, олардың әрқайсында жеті мыңнан әскер ұстады. Түргеш қағ-да Үшелік өлгеннен кейін билеуші оның баласы Сақал –қаған б-ы. Оның ел билеген кезі 706-711 жж. Бұл кезде елдің және сыртқы жағдайы өте күрделі еді, бірлік болмады. Батыста түргештер соғдылармен бірігіп,арабтарға қарсы күрес жүргізді. Түргеш қағ-ы Сүлік қағанның (715-738жж) тұсында қайта күшейе бастады. 723ж түргештер Ферғана Қарлұқтармен және Шаш тұрғындарымен бірігіп, арабтарға қарсы күйрете соққы берді. Дегенмен арабтар 732ж түргештерді қирата жеңіп, Бұхара қаласын басып алды. Сүлік қаза болғаннан кейін билік үшін күрес жүрді. Өз ішінен әлсіреген түргеш мемлекеті 756ж құлады.

      Қ-қ. Жазба деректерге қарағанда қарлұқ туралы алғашқы деректер «Суй әулеті тарихында » 581-618жж кездеседі. Онда қарлұқтар өздерінің басты руының атымен Ақтағ баурайларында мекендеген бұлақ(було) д.а. Қарлұқ тайпалары 8-10ғғ Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап Сырдарияның орта бойына дейінгі кең байтақ жерлердің бәрінде қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстықкөлдің арасын, Іле,Шу ,Талас аңғарларын мекендеді. Қарлұқтардың құрамына үш ірі  ру бірлестіктері- Моула, Чжисы, Толими кірді. Қарлұқтардың конфедерациясына түркі тілдес тайпалар: жікілдер, бұлақтар, халаждар, түргештер, азкишилер, тухсилер, шарұқтар, аргулар, барысхандар кірген. Қарлұқ қоныстарының орталығы – Баласағұн қаласы. Қалұқтардың көсемін жабғу д.а. Астанасы – Қойылық қаласы. Қарлұқтардың бір тобы 766-775 жж Қашқарды басып алған, ал 8ғ аяғында олардың екінші бөлігін – Ферғанаға өзінің үстемдігін жүргізіп отырған. Қарлұқтар көбінесе ұйғырлармен және қырғыздармен соғысып тұрды. Тарихи деректер бойынша қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олар: Тараз, Құлан, Мерке, Атлақ, Тұзын, Балиг, Барысхан, Сыйкөл, Талғар, Тонг, Пенчуль т.б. 10 ғ қарлұқтар бірлестігінде бытыранқылық күшейді. Мұны Қашқардың түрік билеушілері пайдалана қойды. 940 ж олар Баласағұнды басып алды да, Қарлұқ мем. Құлады.

      О-з: 9ғ аяғы мен 10ғ бас кезінде оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан кең жерлерді мекендеді Оғыздардың қоныс өрістері Ырғыз, Орал, Ембі, Ойыл өзендерінің бойларына, Сырдарияның Қаратау баурайларына, Испиджаб шегіне дейін жетті. 10ғ оғыз мем-ң астанасы – Янгикент н\е Жаңа Гузия д.а. қала болды. Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік тұрмысы жағынан көне феодалдық мемлект болды.Жабғы атағы бар жоғарғы билеуші оғыз мемлекетінің басшысы болып саналды. Оғыз жабғыларының орынбасарларын күлеркін д.а. Оғыз әскерінің сюбши д.а. бас қолбасшы маңызды рөл атқарған. Оғыздар табиғи күштерге табынып бақсы-балгерлерге сенген.Сонымен бірге олардың арасында бірте –бірте ислам діні ене бастады.965ж оғыз жабғуы Киев князі Святославпен одақтасып Хазарларды талқандады. 10ғ Оғыз мем-і құлдырай бастады. Салжұқтармен жүргізілген ұзақ жылғы соғыстар оғыз мем-н қатты әлсіретті.Аяғында жабғы мемлекеті қыпшақ тайпа-ң соққысынан бір жолата құлайды.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.