Шектеулілік және экономикалық таңдау мәселесі

Уақыттың әрбір нақты кезеңінде экономикалық ресурстардың шектеулілігі мәселесі орын алады. Ресурстардың шектеулілігі – барлық экономикалық қажеттіліктерді бір мезетте қанағаттандыру мүмкін еместігінің көрсеткіші. Ресурстардың шектеулілігі қоғам алдында экономикалық таңдау мәселесін туындатады. Ол әр өндірістің ресурстың шегінің болуымен және экономикалық мақсаттардың көп болуымен түсіндіріледі. Сондықтан ресурстар шектеулі болғандықтан оларды тиімді пайдалану қажет.

Экономикалық таңдау – берілген шығындар деңгейінде қоғам- ның қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру мақсатының орындалуы кезінде бірдей балама нұсқалардың ішінен ең жақсысын таңдап алу. Кез келген қоғамның алдында әрдайым шектеулі ресурстардың ахуалы мен бағытын анықтау мәселесі тұрады. Пайда болған мәселелерді шешудің ең жақсы нұсқаларын таңдап соны жүзеге асыру барысында экономикалық субъект экономикалық рационалдылыққа және ұтымды шешім қабылдауға жүгінеді.

Экономикалық рационалдылық немесе ұтымды шешім қабылдау – бұл ұтымды субъектінің өз алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында берілген  шығындар деңгейінде немесе  ең аз шығынмен максималды нәтижелілікке жетуіндегі ұтымды шешім қабылдау әрекеті мен мінез-құлқы. Сондықтан экономикалық теорияда әрбір шаруашылық жүргізуші субъект аса жоғары нәтижеге жетуіне тырысады: тұтынушы өз қажеттіліктерін максималдауды, фирма өз пайдасын арттыруды, мемлекет халықтың әл-ауқатын көтеруді мақсат етеді.

Экономикалық таңдау мәселесі үнемдеу мәселесімен тығыз байланысты болып келеді. Үнемдеу мәселесі дегеніміз –    берілген экономикалық субъектінің берілген қажеттілікті қанағаттандыруға игіліктерді дұрыс ойластырып және шектеп жұмсауынан туындайтын мәселелер, демек соның нәтижесінде басқа да қажеттіліктерге осы игілікті жеткізе алу. Алайда, балама қажеттіліктерді шектеулі игіліктермен қанағаттандыруды түсіндірген кезде экономикалық әрекеттердің шығындары туралы айтып өтуіміз керек, себебі кез келген экономикалық қызмет шығындарсыз орындалмайды. Нақты өмірде адамдар үнемі баламалы (баламалы) шығындармен кезігіп отырады. Бір өнімді өндіре отырып біз екінші бір өнімді өндіруден бас тартуымыз қажет. Ұтымды субъект болашақ шығындарын есепке алып қоймай, сонымен қатар, ол оңтайлы экономикалық таңдау жасау үшін қолданыла алмаған және жіберіп алған өндірістік мүмкіндіктер шығындарын да есепке алуы қажет. Яғни, баламалы шығындар – бұл жіберіп алған немесе қолданыла алмаған мүмкіндіктер шығындары, бір өнімді өндіру барысында құрбан болған және таңдауға ие болмаған балама нұсқалардың сол өнімді өндірудің құнымен өлшенген шығындары.

 

2.1.    Өндірістік мүмкіндіктер қисығы және оның экономикалық мәні

Экономикалық таңдау кезінде баламалы шығындарды есептеу экономикалық талдаудың маңызды принциптерінің бірі болып есептелетіндігі бізге белгілі.

Енді баламалы (баламалы) шығындарды график арқылы, яғни өндірістік мүмкіндіктер қисығы арқылы көрсетуге болады. Бұл қисық – екі секторлы экономикалық модель. Берілген өндірістік ресурстар қорын және белгілі деңгейдегі технологияны пайдаланып, осы ресурстан дайын өнім өндіргенде бір ғана баламалы игіліктің өндірісін кеңейтуге болады, бірақ осы уақытта басқа игіліктің өндірісі азаяды. Және де бұл кезде ресурстардың өндірістік құрылымдарының баламалы мүмкіндіктері өте көп болады.

Өндірістік мүмкіндіктер – технологиялық дамудың белгілі бір деңгейінде қолдағы бар ресурстардың барлығын аса толық және тиімді пайдалана отырып экономикалық игіліктерді өндірудегі қоғамның мүмкіндіктері. Жоғарыда атап өткеніміздей, өнімнің мүмкін шығарылымын өндірістік мүмкіндіктер қисығы сипаттайды. Мысалы, қоғамда тек қана екі игілік өндіріледі: тұтыну заттары және инвестициялық тауарлар. Оны 2.1-суретінен көруге    болады.

Осы суретке сәйкес, А нүктесінде – ресурстардың барлығы тұтыну заттарын өндіруге жұмсалады. Е нүктесінде – ресурстардың барлығы инвестициялық тауарларды өндіруге жұмсалады. D нүктесі – тиімсіз өндірісті білдіреді. N нүктесі – мүмкін емес өндірісті сипаттайды. А, В, С, Е нүктелерінен өтетін қисықты біз өндірістік мүмкіндіктер қисығы – ресурстарды толық пайдалану кезіндегі баламалы нұсқаларды сипаттайтын қисық деп атаймыз.

Алайда, өндірістік мүмкіндіктер қисығының параллельді түрде жылжуы міндетті емес. Екі тауарға сұраныс бір уақытта төмендеуі немесе өсуі мүмкін емес. Мәселен, инвестициялық тауарларға сұраныс төмендеп (немесе артып), тұтыну заттарына сұраныс көлемі өзгермей сол күйінде қалуы мүмкін (2.2 а-сурет). Немесе керісінше,    тұтыну заттарына төмендеп (немесе артып), инвестициялық тауарларға сұраныс көлемі өзгермей сол күйінде қалуы мүмкін (2.2 ә-сурет).

Әдебиеттер тізімі

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы: «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», 2014 ж. 17 қаңтар.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы: «Қазақ- стан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», 2012 ж. 14 желтоқсан.

ҚР-ның Президенті Н. Ә.  Назарбаевтың халыққа   Жолдауы:

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», 2012 ж. 28 қаңтар.

Доғалов А. Н., Досмағанбетов Н. С. Микроэкономика: экономика- лық мамандықтарға арналған оқулық / – 2-басылым, өңделген және толықтырылған. – Астана: Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2012. – 321 бет.

Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Шеденов Ө. Қ., Сағындықов Е. Н., Жүнісов Б. А., Байжомартов Ү. С., Комягин Б. И.. /Жалпы редакциясын басқарған Шеденов Ө. Қ. – Ақтөбе: А-Полиграфия, 2004. – 455 бет.

Экономикалық теория негіздері: оқулық / Я.Әубәкіров, К.Нәрібаев, М.Ескалиев және т.б.- Алматы: Эверо, 2011.- 478 б.

Макконнелл, К.Р. Экономикс. Принципы, проблемы и политика: учебник / К.Р. Макконнелл, С.Л. Брю; пер. с англ.- 14-е изд.- М.: ИНФРА-М, — 972 с.

Курс экономической теории: учебник – 6-е исправленное, дополненное и переработанное издание / Под общ. ред. Чепурина М. Н. и Киселевой Е. А. – Киров: АСА, – 888 с.

Сажина М. А., Чибриков Г. Г. Экономическая теория: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Норма, 2005. – 672 с.

10.Экономическая теория: учебник / под ред. В.Д.Камаева.- 13-е изд., перераб. и доп.- М.: ВЛАДОС, 2007.- 591с.

11.Экономическая теория: учебник для студентов вузов / под ред. И.П. Николаевой, Г.М. Казиахмедова.- 3-е изд., перераб. и доп.- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005.- 544с.

12.Борисов, Е.Ф. Экономическая теория: учебник / Е.Ф. Борисов.- 2-е изд., перераб. и доп.- М.: Проспект, 2011.- 544с.

13.Доғалов А. Н. Использование научных трудов видных казахских мыслителей при изучении экономической теории. Учебное пособие/ Доғалов А. Н.. – Астана: Евразийский национальный университет им. Л. Н. Гумилева, 2013., – 211 с.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.