Өндіріс шығындары және бағаны белгілеу

Ауыл шаруашылығындағы өндіріс шығындары, шығындар құрамы және жіктелуі. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісінде тірі және өткен (затқа айналдырылған) еңбек жұмсалады. Өнімді жасауда өндіріс құрал жабдықтарында затқа айналдырылған тірі және өткен еңбектердің жиынтығы өндіріс шығындарын құрайды. Шығындар қоғамдық және жеке шығындар, немесе нақты кәсіпорын шығындары болып бөлінеді.

Өндірістің қоғамдық шығындары бұл берілген өнім өндірісі үшін қоғаммен жұмсалған затқа айналдырылған және тірі еңбектің сомасын көрсетеді. Олар кез келген өндіріс тәсілінде өнімді жасау үшін қажет және жұмыс уақытымен өлшенеді. Тауарлық өндіріс жағдайында қоғамдық шығындар өнім өзіндік құны сапасында болады.

Нарық жағдайында шығындарды жіберілген мүмкіндіктер қағидасы бойынша да анықтайды. Жіберілген мүмкіндіктер шығындары дегеніміз -шаруашылық операцияларын жүзеге асыру тәсілдерін таңдауда және мүмкін болатын екінші тәсілден бас тартқанда қалыптасатын шығындар мен табысты жоғалтуды айтамыз. Жіберілген мүмкіндіктер шығындары таңдалатын блғандықтан, оларды сонымен бірге балама – аталады.

Өндіріс үшін таңдап алынған кез-келген ресурстың құны оның жақсы нұсқада пайдалану құндылығына тең болады. Бұл, нарықты экономиканың ең маңызды қағидаларының бірі болып табылады.

Жіберілген мүмкіндіктер шығындары әдісі бойынша есептелетін шығындарды, көп жағдайда экономикалық деп атайды. Оларға пайдаланылатын ресурстардың барлық төлемдері кіреді және ол екі түрден тұрады: айқын сыртқы және айқын емес ішкі түрлері болады.

Сыртқы (айқын) шығындар өндірісте пайдаланатын факторларға төленетін кәсіпорын шығындарын көрсетеді. Бұл еңбекақы, негізгі және айналым қорлары, сонымен қатар, өндіріс пен өткізудегі ұйымдастырушылардың кәсіпкерлік қабілеттеріне төленетін ақыдан тұрады. Айқын шығындар тобы бухгалтерлік шығындар-өнімнің өзіндік құнын құрайды.Өндірістік факторлардың орнын толтыруға байланысты, өндірілетін өнім көлеміне байланысты емес шығындар тұрақты деп аталады.

Бұл негізгі құралдар амортизациясы, өндірісті ұйымдастыру және басқару,жалға беру төлемі, сақтандыру төлемдері және басқада шығындардан тұрады.

Ауыспалы шығындарға, өнім өндірісінің көлеміне қарай өзгеріп отыратын шығындар жатады. Оған, еңбекақы, пайдаланатын шикізаттар мен материалдар төлемдері, жем-азықтар, тыңайтқыштар, өсімдіктер мен  жануарларды қорғау құралдары, отын, электроэнергия жатады.

Тұрақты шығындар негізіне, негізгі қорды пайдаланумен байланысты құрайды, ал ауыспалы шығындар негізін айналым қорларын пайдаланумен байланысты шығындар құрайды.

Тұрақты және ауыспалы шығындардың қосындысы кәсіпорынның жалпы шығындарын  құрайды.Орташа шығындар дегеніміз өндірілетін өнім бірлігіне келетін шығындарды атаймыз. Сонымен қатар, орташа шығындар да анықталады. Орташа шығындар жалпы шығындарды өндірілген өнім көлеміне бөлу арқылы есептеледі.

Негізгі  шығындар – өнім өндірісіндегі үрдістергі тікелей байланысты келесі шығындардан тұрады: азық, негізгі құралдарды ұстап тұру үшін жұмсалатын шығындар, өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы және басқа да шығындар, бұларға жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындар қосылмайды.

Үстеме шығындар – ұйымдастырумен, өндіріске қызмет көрсетумен және оны басқарумен байланысты қалыптасады. Олар жалпы өндірістік және жалпы шаруашылықтан тұрады.

Тікелей шығындар нақты өнім түрінің өндірісінде жүзеге асырылады: олардың түрлеріне сәйкес жатқызады.

Жанама шығындарға бірнеше өнім түрлерінің өндірісімен байланысты шығындар жатады (қосалқы өндірістер, жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындары).

Қарапайым (бір элементті) шығындар – бұл біртекті элементтерден тұратын шығындар (азық пен тұқым құны, еңбекақы).

Кешендік шығындар бірнеше қарапайым шығындардан тұрады.

Шартты-тұрақты шығындар, бұл  өндіріс көлеміне байланысты өзгермейтін немесе азғантай өзгеретін шығындар.Оған үй және ғимараттың амортизациясы, өндірісті және кәсіпорынды толық басқару шығындары жалға төлеу және т. б. жатады.

Ауыспалы-шартты шығындар, өндіріс көлемінің өзгерісіне тура пропорционалды түрде өзгеріп отырады (тұқым, отын, еңбек ақыы).

  1. Өндіріс шығындарын есептеу методикасы. Өзіндік құн дегеніміз — өнім өндірісі кезінде пайдаланылған табиғи ресурстар шикізаттар, материалдар, отын, энергия, негізгі қорлар, еңбек ресурстары, сонымен қатар өнімді өндірісі мен өткізудегі басқада шығындарды көрсетеді. Ол кәсіпорындағы жай ұдайы өндіріс үрдісін қамтамасыз ететін шығын өлшемін білдіреді. Өзіндік құн –тұтынылатын өндіріс факторларының орнын толтыру түрі.

Экономикалық категория сапасында өнімнің өзіндік құны бірқатар маңызды қызметтерді орындайды:

— өнім өндірісі мен өткізудегі барлық шығындардың есебі мен бақылауын қамтамасыз етеді;

— өнім бағасының деңгейін қалыптастыру, пайданы анықтау, рентабельдікті және салықтарды есептеу үшін негіз болып табылады;

— инвестиция салудың мақсаттылығын экономикалық негіздеу үшін қызмет етеді.

Өзіндік құн дегеніміз – кәсіпорынға қандай да өнім өндіріс түрін қалай болатын анықтауда, шаруашылықты жүргізудің нақты экономикалық жағдайында қаншалықты пайдалы екенін обьективті бағалау туралы мүмкіндік беретін экономикалық тиімділіктің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Оның ішінде, өндіріс жағдайы және кәсіпорын қызметінің нәтижелері: техникалық жарақтану, еңбектің өнімділігі және ұйымдастырылуы, қолданылатын технологияның прогрессивтілігі, негізгі және айналмалы қорларды пайдаланудың деңгейі, үнемдеу тәртібінің сақталуын, жетекшіліктің сапасын және басқалар көрсетіледі.

Өнімнің өзіндік құнынан басқа, жұмыс бірлігінің өзіндік құнын (тракторлар үшін — шарт.эт.га, автомобилдер үшін — ткм, жұмыс малы — ат-күндер және т.б) анықтауға болады, оны 1 гектар ауыл шаруашылығы дақылының егістігін және 1 мал басын өсіруін есептейді.

Ауыл шаруашылығы өндірісінде, жеке және орташа салалық өзіндік құндарды ажыратуға болады. Жеке өзіндік құнды — әрбір кәсіпорында жеке өнім түрлері бойынша анықтайды. Орташа салалық өзіндік құнды – еліміздегі шығарылатын әрбір өнім түрі бойынша орташа салмақталған түрде есептейді.

Өзіндік құнға кіретін шығындардың түрлеріне байланысты оның келесі түрлері есептеледі: технологиялық, өндірістік және толық (коммерциялық).

Технологиялық өзіндік құн технологиялық (шартты өнім өндірісінің технологиясы) және жалпы өндірістік (саланы ұйымдастыру және басқару бойынша) шығындарды көрсетеді.

Өндірістік өзіндік құн технологиялық шығындардан бөлек жалпы шаруашылық шығындары кіреді (кәсіпорынды ұйымдастыру және басқару шығындары), яғни, бұл  өнім өндірісімен байланысты шығындар.

Толық (коммерциялық) өзіндік құн өнім өндірісі мен оны өткізудегі барлық шығындарды көрсетеді, өндірістік өзіндік құн мен өнімді өткізумен байланысты өндірістен тыс шығындардың қосындысынан тұрады.

Мәлімет көзіне байланысты өзіндік құнның келесі түрлері есептеледі: жоспарлы өзіндік құн, ол нормативтерге сәйкес есептеледі; есептік (нақты) өзіндік құн, ол кәсіпорынның материалдық есебі бойынша анықталады; провизорлық (алдын-ала) өзіндік құн, оны есептеу үшін үш тоқсандағы нақты мәліметтер және төртінші тоқсандағы күтілетін көрсеткіштер (пайдаланылған нормативтер) алынады.

Өнімнің өзіндік құнын төмендету факторлары. Нарықтық жағдайда өнімнің өзіндік құнын төмендету мәселесінің маңыздылығы артады. Экономикалық және әлеуметтік ұстаным бойынша өзіндік құнды төмендету мүмкіндік береді:

— пайданы ұлғайту;

— кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту;

-жұмысшыларды материалдық ынталандыруды және әлеуметтік бағдарламаларды шешуді жақсарту;

-өзінің өнімінің бағасын төмендету, осыған сәйкес өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және өткізу көлемін ұлғайту;

-акционерлік қоғамдарда дивиденд  бойынша төлемдерді ұлғайту  және оның мөлшерін жоғарылату.

Өзіндік құнды төмендетудің көзін табу үшін оның құрылымын білу керек.

Өзіндік құнның құрылымы дегеніміз жалпы шығындар сомасындағы жеке элементтердің немесе баптардың үлесін білдіреді. Өзіндік құнның құрылымы оған әсер ететін келесі факторларға байланысты тұрақты өзгеріп отырады:

1.Өнім өндірісінің өзіне тән ерекшелігі.Осыған байланысты еңбексыйымды салаларға (өнімнің өзіндік құнында еңбек ақы шығындарының алатын үлесі жоғары), материалсыйымды (материальдық шығындардың үлесі үлкен), қорсыйымды (амортизация үлесі жоғары), энергосыйымды (отын мен энергия үлесі жоғары) салаларға бөлінеді.

  1. Ғылыми-техникалық прогресс.
  2. Еңбекті шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау деңгейі.
  3. Кәсіпорынның географиялық орналасуы.
  4. Инфляция, банк несиесінің пайыздық мөлшерінің өзгерістері.

Өзіндік құнның құрылымын келесі көрсеткіштер сипаттайды:

— тірі және затқа айналдырған еңбектің қатынасы;

-жеке элементтердің немесе баптардың жалпы шығындар сомасындағы  үлесі;

— тұрақты және ауыспалы шығындар, негізгі және үстеме шығындар, тікелей және жанама, толық өзіндік құндағы өндірістік және коммерциялық шығындардың арасындағы қатынастары сипаттайды.

Өзіндік құнның құрылымын талдау оны төмендетудің негізгі көздерін анықтауға мүмкіндік береді. Шығындар құрлымын талдауда элементтер бойынша, сонымен бірге баптар бойынша жасау қажет. Өзіндік құнды төмендетуде әлеуметтік-экономикалық факторлар маңызды рөл атқарады, атап айтқанда, өз еңбегінің нәтижелеріне жұмысшылардың материалдық қызығушылық білдіреді.

Қарастырылған факторлар өзіндік құнды төмендетудің жалпы бағытын ғана ашады. Әрбір кәсіпорында, өндірістің табиғи — экономикалық жағдайлары есепке алу арқылы үнемдеуді жүзеге асырудың нақты іс-шаралары жасалуы қажет.

 

  1. Бағаның түсінігі, мәні және функциялары. Экономикалық әдебиеттерде баға түсінігі туралы тұрақты мәліметі берілмеген. Сол мәліметтің біріне сәйкес баға дегеніміз — тауардың ақшалай бағалануы және сол тауарды өндіруге кететін еңбек шығынын айтамыз. Дегенмен бұл анықтама тек қана еңбек өндірісінің әсерінен туындаған өнімге немесе тауарға тән.

Бағаның келесі анықтамасы нарықтық немесе рыноктың дәрежеде талқыланады.

Баға дегеніміз — алмастыру процестің барысында туындайтын бағалау құндылықтың сипаттамасы.

Нарықтық экономика заманында ауылшаруашылық өндірісін дамытудың ең басты қағидасы бұл баға жүйесі және бағаны тұрақтандыру болып табылады. Баға тұрақтандыру арқылы ауылшаруашылық өнімнің өндірістегі және тауар өндірушінің экономикалық мүмкіншілігін арттыруға болады. Тауар сатылуынан түскен табыс тек қана кеткен шығындарды ғана өтеуге, өндіріс орнын кеңейтуге жеткілікті болса, сол тауар өндіруші үшін ең қолайлы мүмкіндік береді.

Дегенмен, қазіргі уақытта ауылшаруашылық өнімнің көпшілігінің бағасы айтарлықтай жоғары емес, әсіресе мал шаруашылығы өнімнің бағасы өндіріске кеткен еңбек күші мен материалдық шығындарды қаптамайды.

Баға функциялары, оның экономикадағы орнымен сипатталады. Бағаның негізгі функциялары бірі  — ол  өлшемділігі, осыған орай тауардың бағасын белгілеуге болады.

Тауардың сапасы мен саны бойынша өлшегенде оны табиғи бірліктен ақшалайға өткізу мүмкіндігі бар. Содан соң біз есеп жүргізіп табыс және шығын  мөлшерін, жалпы және тауарлық өнім санын, жалпы және таза табыс, өзіндік құнын, кіріс және т.б. экономикалық  көрсеткіштерді есептеп анықтауға есептік функция мүмкіндік береді.

Баға сонымен қатар басқарушылық функцияны атқарады. Нарықтық экономикада бағаны тұрақтандырудың басты құралы ұсыныс пен сұраныс заңы болып табылады. Мұның себебі, тауарға сұраныс көп болса, баға жоғарлайды, ал ұсыныс аз болса, баға төмендейді.

Бағаның реттеушілік функциясы арқылы мемлекет түскен табысты халық шаруашылық салаларына, аудандарға, жинақтау және тұтыну қорына, халықтың әлеуметтік топтарына бөлінеді.

Бұл табыстар тауардың өзіндік құнына салық салым қосу арқылы шығарылады. Ол табыстар өз кезегінде жер, су, зейнетақы, әлеуметтік  сақтандыру, халықты қамтамассыздандыру қорына  бөлінеді.

Бағаны қанағаттандыру функциясы. Бұл функция белгілі жағдайларда тауардың сапа және сандық жағынан көтеруге, жаңа өндіріс технологияларына көшуге мүмкіндік береді.

Сонымен, баға нарықтық экономиканы және ондағы экономикалық процестерді басқаратын күрделі құрал болып табылады. Бағаны бағалау, сұраныс және ұсыныс заңдардың әсерінен туындағандықтан, оны объективті категориялар қатарына жатқызуға болады.

 

  1. Ауылшаруашылығындағы бағалар жүйесі және оның түрлері. Халық шаруашылығында бағаның түрлері бір-бірімен тығыз байланысты болып және бір жалпы жүйені құрайды. Ауылшаруашылық өнімнің  бағасын белгілеуде өндірістік  тауарлар (техника, тыңайтқыштар, мұнай өнімдері, ұлы химиялары және т.б.) және тасымалдау тарифы үлкен роль атқарады. Осы тауардың бағасының көтерілуі, ауылшаруашылық өнімнің бағасына да әсер етеді.

Сатылу және қызмет сферасына байланысты баға:

— көтерме;

— бөлшектеп;

— сатылымдық ;

— тарифтер болып бөлінеді.

Көтерме баға деп — сауда орталықтарында үлкен көлемде сатылатын тауарлар бағасын айтамыз. Әдетте, көтерме бағамен кәсіпорын мен өндіруші бір-біріне немесе сауда ұйымына сатады.

Бөлшек баға  дегеніміз — кішігірім сауда орталықтарында тауарға қойылатын  және сатылатын баға. Бұл тауарларды әдетте көбірек халық тұтынады, ал аз мөлшерде кәсіпорындар алады. Бөлшек баға көтермеге қарағанда біршама жоғары болып келеді.

Сатылымдық баға – бұл мемлекет ауылшаруашылық өнім өндірушінің тауарларын сатып алатын баға түрі.

Өндірістік және өндірістік емес қызмет түрлеріне қойылатын баға түрі тариф (бағалау) деп аталады.

Келісімдік (келісім шарттық) баға 2 жақтың келісімі бойынша белгіленеді. Өз кезегінде сатушы мен тұтынушы келісім шарт жасап, өздері бағасын анықтайды. Бұл келісім шартта баға абсолютті көлемі емес, ал ең жоғарғы немесе ең төмен көрсеткіші көрсетіледі. Инфляция немесе жаңа нормативтік актілер пайда болатын жағдайда келісім шарттағы баға өзгертілуі мүмкін.

Еркін (нарықтық) бағаны мемлекеттік ұйымның араласуына, өзгертуіне және бақылауына мүмкіндік болмайды. Бұл баға түрі сұраныс пен ұсынысқа және рынок коньюктурасына байланысты қалыптасады. Бағаның мемлекеттік тұрақтануынан еркін түрге өтуі — баға либерализациясы деп аталады.

Монополиялық баға нарықтық экономикада бәсекелері жоқ фирмалар мен ұйымдардан белгіленеді. Әдетте, монополистер сатып алатын тауар бағасын төмендетіп, ал өз өнімнің бағасын жоғарылатуға тырысады. Бұл шартқа жол бермеу мақсатында антимонопольды заңдылық ұйымы  құрылған.

Бағаның әрекет ету уақытына қарай:

  1. Тұрақты (қатаң) келісім шарттың бөлім мерзімінде келісілген уақытта өзгермейді;
  2. Ағымдағы 1 келісім шарт ішінде ғана өзгеріп және нарықтағы жағдайларға әсер етеді.
  3. Маусымдық, белгілі уақыт аралығында өзгеріп тұратын болып бөлінеді.

Экономикалық талдауда көбінесе бір жылдағы бағаның  2 жылдағы бағамен салыстыру әдісі қолданылады.

Көп жағдайда бағаны қалыптастыратын рынок түріне қарай белгіленеді. Осы тұрғыдан баға биржалық, аукциондық, комиссиондық болып бөлінеді.

Бір тауар түрінің әр елде әр түрлі бағамен сатылуын әлемдік бағаны қалыптастырады. Ол әлемдік рынокта белгіленеді.

Қалыпты бағалар, баға қалыптасу механизміне мемлекеттің араласуынан туындайды. Қалыптастырудың тікелей және жанама әдістері бар. Тікелей қалыптарға: бағаны тұрақтандыру, шеткі баға, қосымшалар, өзгертілген бағаның шеткі коэффициенті, баға рентабельділігінің шеткі дәрежесі арқылы бақылап отырады.

Мақсатты бағалар ҚР басқармасымен белгіленеді. Ол өндірістік және ауылшаруашылық  тауар бағасының арасындағы қатынасты реттеп отырады. Ол қатынас шығынның, салық және т.б. төлемдермен, ауылшаруашылық өндірістің жұмысшыларының табыстарын анықтаудан, өндіріс орнын кеңейтуден туындайды.

Кепілдік баға мен кепілдемелік ставкаларды анықтағанда мақсатты баға негізгі болып саналады.

Кепілдік бағалар ауылшаруашылық өнімнің бағасы орташадан төмен  болған жағдайда және ауылшаруашылық өнімін мемлекетке  сатқанда, тауар өндірушілер қолданады. Кепілдік баға тауар өндірушіге тұрақты және көлемді табыс негізі болып саналады. Ауылшаруашылық өнімнің түрлері, көлемі (квота), сатылу дәрежесі, кепілдік баға дәрежесін және оны қолдану тізімі ҚР басқармасы белгілейді. Кепілдік баға түрі нарық конъюктурадағы негізгі өнім (дән, жарма дақылдардың тұқымы, жүн, шикізатты қайта өңдеу өнімі) түрлерін және сатылым ресурстары мен тауар өндірушілерінің табысын тұрақтандыруда үлкен рөл атқарады.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.