Нарықтық шаруашылықтың негізгі белгілері

Қоғамдық шаруашылықтың нысаны – адамдардың шаруашы- лық қызметін ұйымдастырудың белгілі бір тәсілі. Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің тарихи тұрғыдан қалыптасқан 2 әдісі бар:

Натуралды шаруашылық – қоғамның тек өз қажеттіліктері үшін ғана қажетті өнімдердің жиынтығын өндірумен айналысатын тұйық шаруашылық. Натуралды шаруашылықтың негізгі сипатты белгілері:

  • экономикалық қатынастар жүйесінің тұйықтылығы;
  • әмбебап қол еңбегіне негізделген өндірістің орын алуы;
  • қоғамдық еңбек бөлінісінің жоқ болуы;
  • өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыстардың орын алуы;
  • еңбек өнімдерінің айырбасқа түспеуі.

Натуралды шаруашылықтың иемденушілік және ұдайы өндіру- шілік болып бөлінеді. Иемденушілік натуралды шаруашылық  – терімшілік өнері басым болатын, еңбектің қарапайым құралдарын қолданумен, тұтыну деңгейіне кепілдеменің жоқ болуымен және табиғаттың дайын игіліктерін қолданумен байланысты сипатталатын шаруашылық. Кейіннен, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығының пайда болуымен байланысты натуралды шаруашылықтың иемденушілік түрі ұдайы өндірушілікке айналды. Ұдайы өндірушілік натуралды шаруашылық – табиғаттың дайын игіліктері адам еңбегімен жасалған бірқатар «экономикалық игіліктермен» толықтырылып отыратын, тұтынудың минималды деңгейіне кепілдік беретін және өндіріс терімшілік пен аң аулаушылықты біртіндеп ығыстыратын шаруашылық. Мұндай шаруашылыққа от жағу, ысқылау, тасты қайрау, аралау, бұрғылау сияқты және басқа да әдістерді қолдану, еңбек құралдарының жаңа, аса күрделі түрлері тән болды. Ұдайы өндірушілік шаруашылық адамның табиғат күшіне деген тәуелділігін төмендетіп, материалдық игіліктердің үнемі жаңарып отыруына жағдай жасады.

Тауарлы шаруашылық – өнімдердің жеке тұтыну үшін емес, олардың айырбастау және сату үшін өндірілуін сипаттайтын шаруашылықтың дамыған түрі. Тауарлы шаруашылықтың негізгі сипатты белгілері:

  • экономикалық қатынастар жүйесінің ашықтылығы;
  • қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы;
  • тауарлар айырбасының орын алуы;
  • еңбектің мамандандырылуы;
  • өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыстардың орын алуы;
  • еңбек өнімдері нарыққа сату немесе айырбас үшін түседі және содан кейін тұтынылады.

Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құлиеленушілік және феодалдық өндіріс әдісінде басым болды. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауынан еңбек өнімінің бір бөлігі тауарға айнала бастады. Бұл мал шаруашылығының егін шаруашылығынан бөлінуінен туындап, еңбек өнімділігінің өсуіне және өндірушілердегі артық өнімнің құрылуына алып келеді. Ал бұл өз кезегінде, олардың арасында айырбасты тудыруға жағдай жасап, тауар өндірісінің дамуына түрткі болды. Кейіннен, қолөнердің егіншіліктен бөлінуі және сауданың оқшаулануы тұрақты айырбасқа, жеке меншіктің пайда болуына жол ашты.

Тауарлы шаруашылықтың пайда болуына негізінен үш жағдай әсер етті:

Тереңдетілген ең ірі еңбек бөлінісінің және жұмыс күшінің мамандандырылуы.

Жеке меншіктің пайда болуы.

Тауар өндірушілердің экономикалық жағынан оқшаулануы.

Сондықтан қазіргі нарықтық қатынастар кәсіпкерліктің еркін бәсекелестік пен жеке меншік жағдайында жоғары дамыған тауарлы шаруашылығының негізінде ғана дами түседі.

Тауардың мәні, қасиеттері, формалары және әртүрлі теориялары

Тауар ерекше экономикалық игілік ретінде кез келген экономика- лық жүйенің жасушасы болып табылады. Адам еңбегінің нәтижесі болып табылатын өнім тауарға айнала алады. Себебі ол өзінің ғана емес, басқа адамның тұтынуына арналады, айырбасқа және сату-сатып алуға бағытталады.

Тауар – бұл сатуға арналған және айырбас үшін өндірілген адам іс-әрекетінің нәтижесі. Тауардың 2 қасиеті бар:

Тұтыну құны, тауар осы қасиеті арқылы сатып алушылардың қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыра алу қабілетіне ие бола алады.

Айырбас құны, яғни тауардың зат бола отырып басқа бір затқа айырбастала алуы.

Тауардың осындай екі қасиетінің болуы оның табиғатының екі жақтылығын көрсетеді. Ол сол тауарға сіңген еңбектің екі жақтылығынан туындайды. Демек, кез келген тауар өндірушінің еңбегі екі жақты сипатқа ие болады: бірінші жағынан, бұл белгілі бір тұтыну құнын жасайтын пайдалы еңбек, ал екінші жағынан, бұл адамның жұмыс күші шығындары, оның нақты түріне тәуелсіз жалпы еңбегі. Тұтыну құнын жасайтын еңбек нақты еңбек деп аталады. Мәселен, ағаш ұстасының нақты еңбегінің нәтижесі – үстел, тігіншінікі – көйлек және т.б. болып табылады. Бірақ ағаш ұстасы да, тігінші де нақты еңбек түріне тәуелсіз қаншама энергия жұмсай отырып, ақыл-ой және дене еңбегін шығындайды. Адамның осындай шығындары тұрғысында барлық еңбек бірдей және ол оның нақты түріне тәуелсіз болып табылады. Мұндай еңбекті абстрактілі еңбек деп     атайды.

Демек, нақты және абстрактілі еңбек – бұл тауарды жасайтын сол бір еңбектің екі жағы.

Нарық жағдайында тауардың құны жеке еңбек шығынымен емес, қоғамдық қажетті еңбек шығынымен және қоғамға қажетті жұмыс күшімен анықталады.

 

Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты – өндірістің қалыпты жағдайында және еңбек өнімділігі мен еңбек қарқындылығының орташа деңгейінде өнімді дайындауға кететін орташа уақыт. Бұл уақыт нарыққа әкелінген тауар массасымен анықталады. Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты және тауардың құны еңбек өнімділігінің әсерінен тұрақты түрде өзгеріп отырады. Уақыт бірлігіне шаққандағы өндірілген өнімнің санын еңбек өнімділігі деп атайды және ол

ө

Е  (еңбек өнімділігі) = Q (өнім саны) / Т (уақыт)

формусыламен анықталады.

Еңбек қарқындылығы – уақыт бірлігіне шаққандағы жұмыс күшінің шығындары. Оны еңбек өнімділігінен ажырата білу қажет.

Еңбек өнімділігінің артуы кезінде уақыт бірлігіне шаққандағы өнімдер саны артады, ал өнімнің құны төмендейді. Еңбек қарқын- дылығының артуы кезінде өнімдер саны адамның дене шығындары- мен бірге өсіп, нәтижесінде өнімнің құны өзгеріссіз қалады. Осыған байланысты, тауардың нарықтық құны еңбектің жеке шығынымен және жеке жұмыс уақытымен анықталмайды, ол қоғамға қажетті орташа жұмыс уақытымен анықталады. Осыны құн заңы деп атайды. Құн заңы тауар өндірісі жағдайында өндірісті реттеудің негізі болып табылады. Құн заңы тауардың құн бойынша айырбасталу үдерісінде көрініс табады. Ол тауардың қоғамға қажетті еңбегінің мазмұнымен өлшенеді. Тауарды құн бойынша сату және сатып  алу

заң ретінде күшіне енеді.

 

4.2.            Ақшаның мәні, болу тарихы, түрлері, қызметтері және әртүрлі теориялары

Тауарлы шаруашылықтың дамуы ақшаның пайда болуына мүмкіндік берді. Алайда, оның пайда болуы туралы әлі ортақ шешім жоқ.

Ұзақ жылдар бойы ақша символының қызметін сол кездерде тапшы және құнды болып табылатын тауарлар – мал, аң терісі, шай, темекі, балық, күріш және т.б. атқарды. Аймақаралық және халықаралық байланыстардың біртіндеп кеңеюіне байланысты адам баласы ақша ретінде алтын мен күміс сияқты бағалы металлдарды қолдана бастады. Өйткені олар тасымалдауға жеңіл және сақтауға қолайлы болып табылады. Алтын мен күміс монеталардың параллельді түрде айналыста жүруі биметализм, ал жалғыз металлдың айналыста болуы монометализм деп аталады.

 

Әдетте, екі металл арасындағы құндық арақатынас мемлекет арқылы реттеліп отырды. ХІХ ғасырға дейін әрекет еткен мұндай жүйенің кемшілігі болып алтын мен күмістің нарықтық құны мен белгіленген құны арасындағы сәйкессіздіктің орын алуы табылды. Бұл салыстырмалы түрде қымбатырақ монетаның айналыстан шығып қалуына алып келді. Екі металлдың бірі екіншісінен арзанырақ болды және арзан металл екіншісін ығыстырып шығарады. Мысалы, алтынмен салыстырғанда күмістің құнсыздануы алтын монетаны тауарға айырбастаудың тиімсіздігіне әкелді.

Тауар айналымының өсуі жаңа ақшалардың пайда болуын қажет етті. Сөйтіп, тауар өндірісі мен айырбастың дамуы ақшаның да дамуына алып келді. Бастапқыда банкнота шығарушы банктер банкноталарды алтынға айырбастау міндеттемесін өз мойындарына алған. Бұл қағаз ақшаларға деген сенімділікті тудырды және ақша айналымының тұрақтылығын қамтамасыз етті. Қағаз ақшалар алғаш рет ХІІ ғасырда Қытайда пайда болды.

Монометаллизм жалғыз ғана металл айналым құралы қызметін атқаратын ақша жүйесі болып табылады. Бұл жағдайда сол металлға айырбасталатын басқа металлдардан жасалған монеталар да айналыста жүреді. Монометаллизм айналыстағы қандай металлдың негізгі болып табылуына байланысты күміс монометаллизм («күміс стандарт») және алтын монометаллизм («алтын стандарт») болып бөлінеді. «Алтын стандарт» алтын монометаллизмнің классикалық нышаны болып табылады.

«Алтын стандарт» — бұл негізгі валютаның рөлін алтын атқаратын, бірақ айналыста оған айырбасталатын ақша белгілері болатын ақша жүйесі. Алтын стандарттың негізгі үш нышаны бар: алтын монеталық, алтын құймалық және алтын девиздік.

Алтын монета стандарты жағдайында қағаз ақшалар белгілі бір көлемде алтыны бар ақшаларға еркін айырбасталады.

Алтын құйма стандарты кезінде ірі сомадағы банкноталар берілген жағдайда ғана құйма түріндегі алтынға айырбасталады (мысалы, Францияда ХХ ғасырдың 20-жылдары 215 мың франкіден кем емес сома 12,7 кг. салмақтағы алтын құймаға сәйкес келді; Англияда 1800 фунт стерлингке 12,4 кг. алтын құйма алуға болатын еді).

Алтын девиз стандарты банкнотаны тікелей алтынға емес, кейіннен алтын құймаларға айырбастайтындай етіп, басқа елдің валютасына айырбастау мүмкіндігін білдіреді.

 

Аталған алтын стандарт жүйесі бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін әрекет етті. Ал қазіргі кезде елдің алтын резервтері шетелдегі валюта биржаларындағы ұлттық валютаның құнын сақтау үшін керек.

Кез келген дамыған елде бүгінде ақша айналымы купюра, монеталармен ғана емес, банк есебіндегі құралдар арқылы да көрінеді. Оларды қолма-қол ақшаға айналдыруға немесе олар арқылы қолма- қолсыз төлемді жүзеге асыруға болады.

Тауар құнының одан әрі дамуымен байланысты, ақша бүгінгі күні тауарлардың айырбасталуына ғана қызмет көрсететін техникалық құрал ретінде емес, ол жалпылама эквиваленттілік рөлін атқаратын абсолюттік өтімділікке ие ерекше тауар немесе тауарлардың тауары деп саналады. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсете алады. Олай болса, ақшаның экономикалық категория ретіндегі мазмұнын оның атқаратын қызметтерінен көруге болады.

Ақшаның атқаратын қызметтері:

Ақшаның құн өлшемі құралы ретіндегі қызметі. Ақшаның бұл қызметі өндірілетін барлық тауарлардың құнын көрсете алады, нақтырақ айтсақ, тауар құнының ақшалай көрінісін бағалар деп атайды. Осы жерде бағалар сұраныс пен ұсынысқа байланысты тауар құнынан ауытқып отыруы мүмкін.

Ақшаның айналым құралы ретіндегі қызметі. Ақшалар осы қызметі арқылы қолма-қол нысанда нақты тауар айырбасына делдалдық жасайды. Айналымда жүрген нақты ақша белгілері осы қызметті атқарады.

Ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметі. Бұл қызметті ақша тауарды несиеге (төлем мерзімін ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақыны, дивидендті, пәтер төлемін және басқа да төлемдерді төлегенде атқарады.

Ақшаның жинақтау құралы ретіндегі қызметі. Болашақ тұтыныстарды қанағаттандыру және ұзақ пайдаланылатын тауарларды (теледидар, жиһаз, білім алу, үй сатып алу, т.б.) сатып алу ақшалар бұл жерде өз айналысын тоқтатып қорланады. Бұл нарық жағдайында кездейсоқ жағдайлардан сақтану үшін әр адамға қандай да бір ақша резервінің болуын қажет етеді.

Ақшаның «әлемдік ақшалар» ретіндегі қызметі. Бұл жерде әлемнің дамыған елдерінің тұрақты валюталары (доллар, еуро, йена, рубль, т.б.) әлемдік ақшалар қызметін орындайды.

Қазіргі экономикада тауарлар мен қызметтер үшін төлемдер үш әдіс арқылы жүзеге асырылады:

 

а) қолма-қол ақша беру арқылы; ә) банктегі есепте жазу арқылы;

б) бір тұлғаның екінші бір тұлғаға берешек екендігін куәландыра- тын құжаттар арқылы.

Осыған байланысты төлем құралдарының үш түрі орын алады:

Қолма-қол ақшалар (банкноталар, монеталар);

Чектер, ағымдық есептер;

Қарыз ақшалар (жеке тұлғалардың вексельдері, міндеттемелері). Ақшаның экономикалық рөлі жоғарыда аталған қызметтерімен ғана шектеліп қоймайды, ақша массасының өзгерісі ұлттық өндіріс көлеміне, жұмысбастылық пен орташа баға деңгейіне де әсер етеді.

Әдебиеттер тізімі

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы: «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», 2014 ж. 17 қаңтар.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы: «Қазақс- тан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», 2012 ж. 14 желтоқсан.

ҚР-ның Президенті Н. Ә.  Назарбаевтың халыққа   Жолдауы:

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», 2012 ж. 28 қаңтар.

Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Шеденов Ө. Қ., Сағын- дықов Е. Н., Жүнісов Б. А., Байжомартов Ү. С., Комягин Б. И..

/Жалпы редакциясын басқарған Шеденов Ө. Қ. – Ақтөбе: А-Полиграфия, 2004. – 455 бет.

Экономикалық теория негіздері: оқулық / Я.Әубәкіров, К.Нәрібаев, М.Ескалиев және т.б.- Алматы: Эверо, 2011.- 478 б.

Макконнелл, К.Р. Экономикс. Принципы, проблемы и политика: учебник / К.Р. Макконнелл, С.Л. Брю; пер. с англ.- 14-е изд.- М.: ИНФРА-М, — 972 с.

Курс экономической теории: учебник – 6-е исправленное, дополненное и переработанное издание / Под общ. ред. Чепурина М. Н. и Киселевой Е. А. – Киров: АСА, – 888 с.

Сажина М. А., Чибриков Г. Г. Экономическая теория: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Норма, 2005. – 672 с.

Экономическая теория: учебник / под ред. В.Д.Камаева.- 13-е изд., перераб. и доп.- М.: ВЛАДОС, 2007.- 591с.

10.Экономическая теория: учебник для студентов вузов / под ред. И.П. Николаевой, Г.М. Казиахмедова.- 3-е изд., перераб. и доп.- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005.- 544с.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.