Моғолстан халқының этникалық құрамы

Моғол туралы айтсақ, ең алдымен, Мырза Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашиди» атты еңбегіндегі этникалық атаулардың тегі мен шығу тарихын айқындап алғанымыз дұрыс болар. Әйтпесе, мысалы: моғол, мұғал, мугул, мағұл, моғұл сияқты бірнеше нұсқа оқырмандарды шатастыруы мүмкін./36/

«Моңғол мемлекетінің құрылуы, Әмір Шыңғыс әскерінің дүйім дүниенің тең жартсын жаулап алуы моңғолдардың атақ даңқын  асырғаны соншалық, Азия халықтарының орта ғасырлық тарихи процесі моңғолдардың ықпалында болды. Шыңғыс ханның әруақ даңқы мен жазылатын ағын пайда болды» сондықтан: IX-XIII ғасырда аталған өлкеде өмір сүрген барлық тайпаларды «моңғол» тегіне жатқызып қарау осынау бір жақтылықтың салдары деп қараған жөн сияқты. Бұның бір мысалы ретінде Рашид –ед-дин Фазлолла һәмеданидің «Жәми-ат–тауарих» (Жалпы тарих) атты еңбегін айтуға болады. Онда түрік халықтарының тегін моңғол тайпаларына келіп жазған./39/

«Моғол» сөзінің Мырза Хайдар заманында қолданысқа енуін түсіну үшін, Шыңғыс дәуіріне қайта оралу қажет. Шыңғыс хан қайтыс болғанда, оның империясы төрт ұлысқа бөлініп, оның төрт ұлына берілді. Екінші ұлы Шағатай ханға (1227-1242) орталық ұлыс берілді, оған –Транс-оксияна, Хорезм (қазіргі Өзбекстан), Ұйғыр жерлері (қазіргі қытайдағы Шығыс Түркістан), Қашғар (қазіргі қытайдағы Батыс Түркістан), Бадаһшан, Қашғар, Балх, Ғазниндер жері – үнді өзеніне дейін (қазіргі Тәжікстан, Ауғанстан және Пәкістанның солтүстік-батыс аудандары) қарады. 1270 жылға дейін Шаатай хандары қалыпты, мазасыз дәуірді батан кешті, ал содан кейін хандық үшін ауыр заман басталды. Билік үшін таласушы бірнеше топ бір-бірімен қырқысып, бірнеше билеуші пада боды. Бұл кезең, Мырза Хайдардың айтуынша, XIV ғасырда Тоғлық Темірдің хандықтың шығы бөлігіндегі билік тізгінін алғаныны дейін жалғасты. Сол қыйын кезеңде Шағатай ханның ұлысы Батыс және Шығыс болып екі бөлікке бөлінді: батыс бөлігінің хандары Шағатай хандығы деп аталып кетті, ал шығыс бөлігінің жерлері Моғолстан деген атпен белгілі болды және сол жерді мекендеген адамдар Моғолдар деп аталды. Шыны керек шығыс бөлігінде де, батыс бөлігінде де мекендеген халықтардың көпшілігі (кейбір парсы тілді қалалардың тұрғындарын есепке алмағанда) моңғол емес түрік еді. Олардың барлығы да ортақ түркі тілде сөйлеп, бір түркі даласын мекендеген бір атадан шыққан халықтар еді. Бірақ моңғол атауы шығыс билігінің тұрғындарына ғана қолданылды, өйткені олар моңғолдануға көбірек ұшырап, ислам дінінен аздау әсер алған.Моңғолдар жайында бүгін біз аңғарғанымыз – олардың династиясы биліктен айрылған болса да баяғыда Орталық Азия халықтарының ұлттық сана –сезімдеріне өшпес із қалдырып кеткен.

Моғол термині және оның варианттары –моғыл және мұғал, қазіргі кезде, негізінен, «Ұлы моғолдарға» қатысты қолданылады. «Ұлы моғолдар» дегеніміз – Бабыр XVI ғасырда негізін қалаған Үнді империясының билеушілері. Бұл империя XIX ғасырға дейін Үндістанды биледі. Осы атау – көп уақыт қолднылу салдарынан туындаған қате атау. Бабыр да, оның із басарлары да өздерін ешқашан «моғолмыз» деген есем. Бабырдың апасы расында да моғол болған, ол моғолстан ханының қызы еді, бірақ әкесі Әмір Темірдің тұқымы және Шағатайлы түрік еді. Біз қазір Моғол деп атайтын хандар өздерін, аталары Әмір Темір құраған атымен «Көрекен әулеті» деп атаған. Бабыр әскерлерінің арасында Моғолстанның моғолдары болғаны мәлім, бәлкім, сол себептен Солтүстік Индияның жергілікті халқы Темір әулеттері моғолдар деп атап кеткен. Жергілікті халықтан кейін еуропалықтар да оларды XVI ғасырдан бастап солай атады./40/

«Тарих –и Рашиди» еңбегіндегі Моғолстан халықтарының тарихи-мәдени ахуалын анығырақ ұғына білу үшін олардың Дулат әмірлігімен арадағы әр түрлі саяси-әлеуметтік және мәдени байланыстың себептеріне үңілген жөн. Әуелі, «Дулат» сөзінің түп тамырына тоқталар болсақ, зерттеуші ғалымдардың қорытындысына қарағанда дулат сөзінің этимологиясы Қытай жазба деректерінде дулу, дулуғ, далу, далуғ-доғлад сөзінің фонетикалық-формалық өзгерістер заңына байланысты пайда болған екен. Қытай жылнамасында көбінесе дулу болып кездеседі. Оны кейбір зерттеушілер тулак, дуғлы деп те атайды.

Дулат –қазақ халқының этникалық құрамына еңген көне тайпалардың бір. Шығыс танушы Н.Я.Бичуринмен Г.Е.Грумм-Гржимайлонның жазуына қарағанда дулаттар б.з.б. II ғасырда өз алдына хандық құрған. Үйсін таипалар одағында болған. Үйсіннің күнбиі қартайған шағында он ұлының үлкенін өз орныны тағайындайды. Ол кейінгі тарихи оқиғалардың барысында Іленің бойынын еншісін алып алғашқы түрік қағандығын құруда зор үлес қосады. Ғұндар құрамындағы әйгілі тайпалардың бірі болады. Атилла әскерінде қыпшақтар мен қатар Дулаттар негізгі күшінің бірі ретінде тарихта із қалдырады. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда түрік халықтары тарихының ежелгі дәуірінен XV ғасырдың аясына дейін дулат тайпасы ықпалды саяси күш болғанын аңғартады. Тіпті, қазақ халқының дулаттан тараған «сиқым, жаныс, ботбай, шымыр руларының» ішіндегі Шымырдың есімін Әбулқасым Фердаусидің «Шахнама» дастанында кездестірдік. Онда: Иран патшасы Баһрам Гур түркі қағанын жеңген соң, оның еліне қосынындағы текті де, парасатты һәм бағы асқан Шымыр атты бір кісіні Тұран елінің патшасы етіп тағайындап, ай тәжі бар таққа отырғызады. Басына алтын тәж кигізді. Түран елі түгелдей қуанышқа бөленді деп жырланған.

«Шымыр» атауының тарихи тұлғадан тарихи ономастикаға ауысуы жайдан –жай емес. Наршәхидің «Бұхара тарихы» атты еңбегіндегі арап тіліндегі – «Сәмәран», парсы тілінде «Сәмәрқанд» деп аталатын қала бар дейді. Бұл қаланың атауы туралы тарихнамаларда айтылған пікірлерді Иран ғалымы Мүддарес Рәзәви баспаға дайындаған «Бұхара тарихы »кітабінің тұсініктеме бөлімінде әжептәуір деректер жинастырған. Мәселен, Әбулхасан Хорезми: «Сәмәран», «Сәмарқанд» атауының арабша түрі десе, басқа ғалымдар Сәмәрқандта әйгілі қала, оны Шымыр Әбукәріб құрды. Оның атымен Шәмәркент деп аталды. Фонетикалық өзгеріске ұшырап Сәмәрқанд делінді. Арабтар Шәмәр есемді Иәмән патшаларының бірі осы қаланы жаулап алып ойрандады. Сондықтан оны Шәмәркенд деп атады деген дерек те бар. /34/

Әлбетте парсының араб әліппесі негізінде жасалған үш әріп белгімен жазылып, бес дыбыс беретін жазуында дауысты дыбыстардың әріптік белгісі болмағандықтан айтылған сөз Шәмәр, Шымыр, тіпті Шемер деп те оқылады. Сол себепті тарихи оқиғалардың барысына орай ақылға қонымды нәтиже шығаруға тиіспіз. Яғни қазіргі Самарқанд қаласы ежелгі заманнан қалған түрік халықтарының сарқыты ретінде сақталған Шымыр атауымен де сәйкес Шымыркент болуы әбден мүмкін екендігін естен шығармау керек.

Парсы тіліндегі негізгі жазба деректерде Дулат атауын Фәзлолла Рашид ад-диннің «Жәми-ат-Тауарих» (Жалпы тарих) атты еңбегінен (1372) көре аламыз. Онда қазақ халқының құрамына еңген Жалайыр, Керейт, Қоңырат, Найман сынды ру тайпалары да аталады. Одан кейін Шарафәддин Әли Иаздидің «Зафарнама» атты еңбегінде Дуғлат Мырза Әбу Бәкір және Дуғлад Камараддиннің Мауеренахр мен Шығыс Түркістанның саяси сахнаға шыққаны жазылған./37/

Моңғол және моғолдың түрік халықтарымен тарихи қатынастарына терең көз жеткізіп, ара жігін анықтап ұға алмай жүрген шет елдік ғадымдар «дуғлат тайпасы –Шағатай, моғолдың бір бұтағы» деп жазғандары бар. Сол себептен қазақ ғалымдарының тарихына, мәдениетіне тілі мен әдебиетіне қатысты тарихи деректерін түпнұсқадан тікелей қазақ тіліне аудару мәселесіне көңіл бөлгендері абзал. Шетел ғалымдарын өзіміздің дәйекті қорытындыларымыз арқылы қазақтың шынайы тарихын мойындатуға тиіспіз. Тарих шынайлығын айқындау тәуелсіз еліміздің бүгінгі және ертеңгі ғалымдарының еншісінде болмақ.

Қазіргі кезде түрік халықтары бірнеше ұлт-ұлысқа бөлінгендіктен ортақ ріхани-тарихи мұраны әрбірі өз еншісіне алуға тырысады. Оның бір белгісі ретінде ұйғыр ғалымдарының: «Шыңғыс хан 1218 жылы Алтышаһар аймағына ұйғырдан шыққан «Маңлай Сүйе» атты бір кісіні әкім етіп тағайындады. Маңлай Сүйе –сүйікті, бақытты деген мағынаны білдіреді. Маңлай Сүйенің бір аяғы ақсақ болғандықтан Шыңғыс хан оны «Дуғлад» деп атаған. Өйткені дуғлат сөзі монғол тілінде ақсақ деген мағнаны білдіреді. Маңлай Сүйенің әулеттері Алтышаһарды 1224 жылға дейін билеп, тарихта дуғлад әмірлігі деп аталды. Маңлай Сүйе Шыңғыс ханның ұйғырдан шыққан жақын адамы еді» деп жазған.

Ал шын мәнінде, «Маңлай Сүйе» сөз тіркесі түрік және парсы тіліндегі маңдай –бағыт, жақ сөздерінен құралған болуы керек. Өйткені Шыңғыс хан билік құрған территориясын балаларының арасына бөліске салғанда, барлық әскері мен әмірлерін де олардың қарамағына өткізді. Соңда дуғлат әмірлері Шағатай ханның еншісінде қалды. Ал, Шағатай хан Маңлай Сүйені дуғлат тайпасының әміріне тапсырды. Мырза Хайдардың айтуынша: «Маңлай Сүйе» сөзі «күнгей жақ» деген мағнаны білдіреді. Оның бір жағы- Шаш, бір жағы- Чалиш (Шалыш), бір жағы Ыстық көл және бір жағы сары үйғырмен шектесіп жатыр деп анықтама берген. Екіншіден, автордың дуғлад тайпасының әмірлері деп жазғандығы басқаша анықтаманың артық екенін көрсетеді./42/

Моғолстан Шағатай, Жошы, Әмір Темір әулеттерінің талас –тартысында бөлініске түседі. Жалпы алғанда Қашғария ұйғырға, Мауренахр бір бөлігі өзбекке, Жетісу жерлері мен қазіргі Қазақстанның оңтүстүгі қазаққа тиесілі болды. Дулат тайпасының тағдыры осы бөліспен ұштасып жатты. Өйткені, Қашғарға Рашид хан билікке келіп дулат әмірлерін қудалай бастады. Амалын тауып Қашғарда қалып кеткен дулаттар, әрине, ұйғырлар құрамына енді. Мауренахрдағы дулаттар өзбек арасыны сіңісіп кетті. Мырза Хайдар дуғлат смяқты жеке адамдардың тағдыры да және дулат тайпасының рулық топтары да қилы заманның тәйкегіне түскенін байқауға болады. Мәселен, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның территориясындағы дулаттар қазақ хандығының құрамында қалды.

Шағатай хандығында дулат әмірлері екі саяси бағыт ұстанды. Біріншісі-моғол хандарынан дербес мемлекекет болып қалуды аңсады. Бұл топтың өкілдері ретінде мырза Әбубәкір дулатпен Камараддин дулатты атауға болады. Екіншісі- Шағатай хандығының құрамындағы тәуелді саяси топ болды. Бұл топтың басында Өртөбе мен оның әулеттерінің ішіндегі Әмір Болатшы бастаған дулат әмірлігінің әулеттері болды. «Тарих -и Рашиди» кітабінің авторы –Мырза Хайдар дулат заманына дейін моғол билігінің құрамында тәуелді саяси дулат әмірлігі өмір кешті. /16/

Моғолстанның шекарасы XV-XVI ғасырларда тұрақты болмай, өзгеріп тұрды. Тоғлық Темір ханның кезінде шығыс Түркістанның бір бөлігі моғолстан құрамына кірсе, кейін бұл жерлер Әмір Темірдің қол астына қаратылды. Содан соң қайтадан моғолдар хандығының иелігіне айналды. XV ғасырдығ 80-ші жылдарында моғолстан құрамына Ташкент пен Сайрам кіргізіліп Жетісу енбей қалды. Мемлекеттің ыдыруы кезінде оның аумағы ретінде Қашғария ғана қалды.

Моғолстан мемлекеті қазіргі Оңтүстік- Шығыс Қазақстан территориясында яғни, Жетісуда құрылғаны белгілі. Орыстың белгілі тарихшы-ғалымы В.В.Бартольдтың пікірінше алғашында Жетісу деп тек Іле өзенінің солтүстігіне қарайғы жерлер аталып келді. Іленің таулы және өңтүстігіндегі жерлерге Жетісу атауы орыстардың кезінде тарала бастады. «Маджму ат-тауарих» еңбегінде орталық және өңтүстік Тянь-Шань «моғол таулары» деп аталған, осы таулы өлкенің өзі және оның тұрғындарының тағдыры донінде монғол үстемдігі кезінде ешқандай мағлұмад кездеспейді. Жетісу атауы моғолдар құрған мемлекетке қатысты XIV ғасырдың бас кезінен Шыңғыс ханның екінші ұлының Шағатай ұрпақтарының үстемдігіне орай жиі айтыла бастайды. Осы тұрғысында В.В.Бартольд былай деп жазған: «…название Чагатай было перенесено и на самое государство, на сосавлявших его военную силу кочевников и на получивши высшее развитие в том же государстве, уже после утраты власти чагатайскими ханами. В этой же горной стране, на Исык-куле была зимняя ставка одного из чагатаиских ханов, Эсен –Буки, провившего, по всей вероятности, с 1309 по 1318г.; эта ставка, как и летняя ставка того же хана, была разгроблена войсками великого хана (из потомков Тулуя), владевшего китаем и Монголией. В1340-х годах чагатайская держава разделилась на два отдельных государства-западная (заключавшие в себе старые культурные области туркестана, с Бухарой, Самаркандом и другими городами) и восточная. Название чагатай было сахранено за западнымгосударством и его населением, хотя ханы из потомков чагатая, действительны или мнимые, правила в восточном; в западном c XIV до начала XVI в. Правили Тимур и его потомки. Потом власть перешла к пришедшим с запада узбекам. Население восточного государства называло себя монголами, или по среднеазиятскому пройзношению, моголами, свою страну – моголистаном.»

Моғолстандағы ру-тайпалар туралы айтатын болсақ, моғол тайпалары деректерде түркі тілдес автохтондық тайпалар ретінде саналған./38/

Моғолстан тайпаларының түркілер болғандығы және түркі тілінде сөйлегендерін дәлелдейтін деректер бір шама. Оларда айтылған ойлар моғолдардың түркі тілдес тайпа екендіктері туралы пікірлерді орнықтыра түседі. Сондай көзқарастардың негізінде В.П. Юдин моғолдарды түркі тілдес тайпалар деп санап, өз пайымдауын былайша жеткізген: «Как нам представляется, тюркоязычность могулов-явление не познее, а древнее. Что касаетстя того на каком тюркском языке говорили могулы, то нам представляется, что они говорили на тюркском языке кипчакского типа, близком к казахскому и киргизкому языкам. Вероятно этот язык обладал сближаишим с алтайским языком. Только такие качества языка могулов могут обяснить близость языков казахов и киргизов, киргизов и алтайцев.»

Орта ғасырлық тарихи шығармаларында Моғолстан жергілікті түркі және түркіленген монғол тайпаларының мемлекеттік-саяи бірлестігі түрінде көрсетілген. Деректерде моғолдарға түркі және монғол атаулары бар ірі дулат, қаңлы, керей, аргинут, баарин, арлад, барлас, бұлғашы тәрізді тайпалар аталады.

Керей –бұл тайпаны Тоғлық Темір мауренахрды жаулап алуға жіберген тайпалардың бірі. Бұл тайпа Әмір Темірмен Алматы ауданында шайқасты. Монғол Ұлықбек қарсы жорығында Ионга -Тараз аймағында керейіт қолбасшысының бірі Тоқ-Темірдің баласы Ибрахим ұсталған. Керейіт туралы моғол деректерінде бұдан басқа мәлімет айтылмаған.

Қаңлы- оларда мауренахрға жіберілген үш аймақтың бірі. Тайпаның басында Бекчик тұрды. Бұл саудагер Әміт Болатшыға ханды алғаш Ақсуға әкеле жатқанда көмектескен. Тоғлық Темір қайтыс болғаннан кейін қаңлы тайпасы деректерде айтылмайды. Олар кейінірек Бекчик деп аталатын болған.

Дулаттар –моғолдардың саяси өмірінде негізгі ролді атқарды.

Барлас – мауренахрдағы Шағатай әулетінің негізгі тайпаларының бірі. Мырза Хайдар барластарды тайпаның бір бөлігі ретінде көрсетеді. Осыған қарағанда моғолдардың территориясының бір бөлігін мекендеген.

Арлат- моғолстанның ең негізгі тайпаларының бірі.

Дохтуй – Тоғлық Темірге дейін моғолстанның құрамына кірген. Сұлтан Сайд –ханның Қашғарға жасаған жорығында айтылады. Барлас пен Дохтуй арасында әскерде сапта бірінші болып тұру үшін талас тартыс жиі болып тұрған. Әмір Джаббар –Берді Дохтуйды ылғи бірінші етіп қояды.

Аркануд – бұлар да мауренахрға жіберілген тайпалардың бірі. «Раузат ас-Сафада» Ұлысбектің аркануд-Хошун жерінде болғаны айтылады. Осы тайпаны лакнудтармен екеуі бір тайпа деп көрсетті, ал Н.А.Аристов арғындармен бір тайпа деп көрсетеді. Бұл екі мәліметте күдік туғызады./19/

Моғол деген атаудың өзі олардың қай тілге жататынын айтып тұр. Кейбір тарихшылар моғолдарды –монғолдар, ал басқалары –түріктер деп айтады, үшіншілері конгломерат түрік және монғол тайпалары десе, төртіншілері ешқандай жауап бере алмайды, бесіншілері моғолдарды жеке ұлт ретінде санамайды. Оларды Шағатай хандығының тарихқа сай келмейді. Себебі деректер бойынша моғолдар жеке ұлт болғаны дәлелденген. Ал оның тіліне келетін болсақ, деректелде ешқандай да монғолдар үлгісіндегі сөздер көрсетілмейді. Олардың түрік екенін дәлелдейтін факторлар аз етес. Моғолдарды айтатын болсақ моңғолдардың құрамында қаңлы тайпасы болды. Ал бұл тайпа түріктерге жатады. Халықтың басым бөлігін түркі тілінде сөйлейтіндер құраған./23/

Моғол рулары мен тайпалары туралы парсы, араб, түркі деректерінде мардымды мәліметтер келтірілмейді. Дегенмен моғолдардың жалпы рулық –тайпалық құрамы жайлы анағұрылым шынайы мағлұматтар жинақтаған, сондай-ақ бірін-бірі қайталайтын мұсылман деректерінің маңызы айтарлықтай.

Осы тұста айта кетерлік бір жайт, Моғолстан хандығы және ондағы тайпалар мен рулар, жалпы мемлекеттің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайын ішкі, сыртқы саясатын қарастыруда айтарлықтай мәліметтер беретін Мырза Мұхамед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегінің маңызы бар. Біз қарастырып отырған кезең бойынша бұл шығарма бірден-бір дерек көзі болып табылады. Сондықтан да Моғолстан мемлекетінің тарихына қатысты көптеген мәселелерді осы дерекке сүйеніп зерттеуге болады.

Моғолстан хандығының, ондағы рі-тайпалар тарихын зерделеуде Низам ад-Дин Шамидің «Зафарнаме», Шараф ад-Дин Али Йаздидің «Матла асса дайн ва маджма ал-бахрайн» тәрізді еңбектері де дерек көздері болып табылады./1/

Аса ірі шығыстанушы ғалым –В.В.Бартольд шығыс жазба, нумизматика, эпиграфика, этнография, археология деректерінің негізінде 1898 жылы «Жетісу тарихының очеркін» жазды. Еңбекте Жетісу өлкесінің тарихы ежелгі дәуірден XVIII ғасырға дейінгі аралықта қамтылған. Зерттеудің ең ұтымды тұстарының бірі онда Шағатай ұлысының, Моғолстан хандығының тарихы баяндалған. В.В.Бартольдтың бұл еңбегі Жетісу өңірінің тарихын зерттеуге арналған тұңғыш бірегей тарихи шығарма болып табылады. /4/

Моғолстан мемлекетінің тарихын зерттеген К.А.Пищулина өзінің монографиясын жариялады. Сонымен қатар Моғолстан тарихы орта ғасырлардағы Қырғызстан тарихына қатысты зерттеулерде қарастырылды. Бұл еңбектерде Моғолстан хандығының құрылуы, мемлекеттік – саяси құрылысы, этникалық топтар мен процестер, шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы, қоғамдық қатынастары, көрші елдермен байланыстары көрсетілген. К.А.Пищулина Жетісудағы тайпалардың тарихын зерттей отырып, Моғолстандағы ру-тайпалардың қазақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңіндегі аткарған ролін, этникалық процестердегі орнын айқындаған. Осындай тарихнамалық шолуды қорытындылай келе Моғолстан хандығының тарихы негізінен зерттелген деген тұжырым жасауға болада. Алайда хандықтағы ру-тайпалар, этникалық процестер, этносаяси карым-қатынастар толық зерделене қоймаған./6/

Моғолстан халқының әлеуметтік құрылымы сословиелік таптық сипатта болды. Мемлекеттің жоғарғы билеушілері шағатай ханның ұрпақтары хандар, сұлтандар саналды. Олар әмірлердің билердің, байлардың өкілдерінен тұратын тайпалар мен ру ақсүйектеріне сүйенді. Моғолстандағы түркі тайпаларының басшылыры деректерде әмірлер деп аталды. Дегенмен бек атауы жиі қолданылды. Олар мемлекеттік аппараттағы қызметтерді атқарды. Моғолстанда түркі ақсүйектерінің арасында Мұхаммед бек, Кебек бек, Қажы бектер жоғары лауазымды атаққа ие болған әмірлер еді. Фазлаллах Ибн Рузбихан Исфаханидің көрсеткеніндей «бай» атауы моғол тайпалары арасында «дәулетті адамды, аса көп мал иесіне» байланысты айтылған.

XIV-XV ғасырларда моғолстан Алтын Орда тұсындағыдай ұлыс деп аталып келді. Бұл кезде ұлыс ұғымы мемлекет деген мағынада айтылатын. Моғолстанда басшысы хан болды. Ханның билігі мұрагерлік жолмен келесі өкілге беріліп отырды. Алайда ханды ру –тайпа ақсүйектері сайлады. Ханның басқаруы рулық-тайпалық үстем тап өкілдерінің мүдделеріне байланысты жүрді. Ұлыс, тайпа бірлестіктердің билеушілері ханға вассалдық тәуелділікте болды. Олар ұлысты, тайпаны хан атынан басқарып отырған, сонымен қатар саяси, сот -әкімшілік міндеттерді шаруашылық билікті қоса жүргізген. Хан өзінің билігін күшейтуде әрі нәтижелі етуде хан кеңесін құрды. Хан кеңесі оның туысқандары мен ру-тайпа ақсүйектері өкілдерінен құралған. Моғолстанда хан кеңесі мәжіліс деп аталды. Моғолстан хандығында мемлекеттік кеңселердің қызметін диуандар мен дафталар атқарған. Мемлекеттік істерде, нақты айтсақ таққа мұрагерлік әскерді басқару, көрші елдермен елшілік қарым-қатынастар орнату мәселелерінде үлысбегінің қызметінің маңызы ерекше еді. Атабек, Көкілташ тәрізді бек атағына тең келетін лауазымдар болды. Ханның жанында регенат қызметін атқарған найб лауазымы да жоғары қызмер иерархиясынан орын алды./38/

Моғолстан көшпелі және жартылай көшпелі түркі тайпаларын біріктірген тұрақты саяси құрылым ретінде тарих сахнасынан орын алды. Мемлекеттің әкімшілік басқару жүйесін әскери-демократиялық деп сипаттауға болады. Ол негізінен билеуші топтпрдың мүддесін қорғауға бағытталғанмен, онда хан сайлау, тақты мұралану мемлекеттің қорғанысы, оның тұтастығы тәрізді мәселелер ең бастылыары болып саналды.

Көрші елдермен қарым – қатынаста алдыңғы орында тұрды. Моғолстанның осындай әкімшілік басқаруына да қатысқандығы күмән түдырмайды. Жалайыр тайпалары Моғолстан хандығының батыс бөлігіндегі саяси оқиғалардың бел ортасында болды. Осы аумақтағы ұлысбектерге бектер мен әмірлерге қолдау көрсету арқылы жалпы моғолдық саяси дамуға өз үлестерін қосты./42/

XIV ғасырдың ортасы XVII ғасырдың бас кезіндегі Моғолстан хандығының саяси тарихын қалыптасу, нығаю және ыдырау кезеңдері деп үшке бөлуге болады. Қалыптасу, яғни хандықтың құрылу кезеңіне XIV ғасырдың орта кезін жатқызуға болады. Екінші кезеңі-нығаюы XV-XVI ғасырдың бас кезін қамтиды. Ал үшінші кезеңі –XVI ғасырдың орта кезінен XVII ғасырдың бас кезі аралығындағы мерзім, яғни Моғолстанның ыдырауы./43/

Бірінші кезеңде Моғолстан хандығында Тоғлық Темір бастаған Шағатай ұрпақтары билік жүргізіп, өз беделдерін арттырып, көрші елдерді жаулап алу үшін жорықтар ұйымдастырды. Жекелеген тайпалар арасында да моғол тайпаларын өздеріне бағындырып, күшею мақсатында тартыстар болып тұрды. Әсіресе, дулат тайпалары жоғары әкімшілік қызметтерге ие болып, ерекше артықшылықтарға қол жеткізгілері келді. Мұның өзі тайпалардың арасындағы бытыраңқылық пен қайшылықтарға әкелді. Осыған орай Моғолстанның жекелеген тайпалары мен ұлыстарының шекаралары өзгеріп отырды. Бұл жайында Хафиз- и Абрудың «Зубдат ат- тауарих» атты түрік тілінде жазылған деректе айтылған. Ильяс Қожа ханның ұзаққа созылмаған билігі кезінде түрлі феодалдық топар арасында күрес күшейген. Осының салдарынан Моғолстандағы хан билігі әлсіреді. Хандар феодалдық тектілер алдында дәрменсіз еді. Дегенмен Ильяс Қожа хан өз билігін ел ішінде қарсыластарын басу және сыртқы жаулап алу соғыстары арқылы күшейтуге ұмтылды. Әйтсе де Моғолстанда бір орталықтан билігі бар мемлекетке айнала алмады. Этникалық топтардың басшылары жүргізген феодалдық соғыстар олардың мемлекет ішіндегі дербестіктіктерін көрсетті. Моғолстанның этно-саяси бірлестіктері ру-тайпа тектілерінің жеке дара феодалдық иеліктерінен құралды. Деректерде Камараддин бастаған саяси және экономикалық жағынан мықты дулат тайпаларынан басқа Қыпшақ, Жалайырлар туралы айтылған. Осындай жағдайларға байланысты мемлекеттің аумағы да өзгеріп отырды. XV ғасырдың 70 жылдарында Шығыс Түркістан моғол хандарына бағынды, сөйтіп мемлекет құрамына кірді. Осы кезде моғол хандарының иеліктеріне Ташкент пен Сайрам қаратылды. Моғол мемлекетінің құлдырау кезеңінде Қашқар жерлері ғана Моғолстан хандарының қол астында болды.

Моғолстандағы хан билігінің әлсіреуіне феодалдық бытыраңқылық әсер етіп қойған жоқ, сонымен қатар Әмір Темірдің жорықтары да ықпалын тигізді. Жетісу мен Тянь-Шань жерлеріндегі түркі тайпаларының бірігуіне кедергі келтірді. Әмір Темір жорықтарының салдарынан Моғолстан тұрғындарының саны азайды. Деректерде көрсетілгендей дулат, керей, үйсін, қаңлы, жалайыр тайпалары үлкен шығынға ұшырады./17/

Моғолстан хандығының тарихына қатысты айта кетерлік бір жайт, мемлекет өмір сүрген уақыт аралығында онда үнемі әрі тұрақты түрде билік үшін күрес әрі тайпалап арасындағы тартыс болып тұрды. Мұның өзі хандықтың алғашқы құрылған кезінен бастап ыдырауына дейінгі кезеңдерді қамтыды. Мемлекеттің тарих сахнасынан жойылуына бірден –бір әсер еткен фактор осы феодалдық бытыраңқылық болды. Қызыр Қожа хан қайтыс юолғаннан кейін оның ұлдарының арасында билік үшін тартыс күшейді. Ханның төрт ұлы моғолдардың көшпелі тектілерінің өкілдеріне арқа сүйеді. Осындай күрестің салдарынан Моғолстан бірнеше бөліктерге бөлініп кетті. /13/

Осылайша XV ғасырдың алғашқы ширегінде Оңтүстік Шығыс Қазақстан феодалдық қырқысулар мен көрші елдердің жаулап алу аймағына айналды. Саяси билік үшін күрес және батысында Темір әулетінің, шығысында ойраттардың Моғолстан жерлеріне басып кіруі мемлекеттің тұрақтылығына кері әсерін тигізді. Ондаған жылдарға созылғвн феодалдық қырқысулар мемлекетті әлсіретіп, шаруашылығын құлдыратып, сауда байланыстары мен егіншілікті жүйелі түрде жүргізуге кедергі келтірді. Феодардық тартыстар мен бытыраңқылықтар, келеңсіз сыртқы жағдай, жаулап алушылардың жиі басып кіруі мемлекеттің біртұтастығын сақтауға мүмкіндік бермеді. Осылардың барлығы тұрғындардың этникалық жағынан бірігуіне кедергі келтірді, халықтың этникалық консолидациясының сабақтастығы үзілді. Дегенмен ру- тайпалар тектілерінің экономикалық және саяси күш – қуаты артты. Мәселен, Мұхаммед Хайдар Дулатидің жазуынша Дулат тайпасының әмірі Саийд Алидің ұлдарының біреуінің ғана меншігінде жүз алпыс мың қой болған. Елдің саяси өмірінде сайысқа түскен басқа да рі – тайпалардың, соның ішінде жалайыр тайпасы әмірінің де байлығы өзгелерден кем болмаған. Ру –тайпалардың қазыналы тұғыры олардың орталық биліктен тәуелсіз болуларына, қоғамдық – саяси өмірде алдыңғы қатарда тұруларына, өзіндік саясат жүргізулеріне қолайлы негіз қалады.

Моғолстан этникалық бірігу жағынан Шығыс Түркістандағы бірнеше этносаяси бірлестіктердің болашақ қазақ, қырғыз, ұйғыр халықтарын топтастырды. Мүны өзі осы этникалық топтапдың дамуын қиындатты. Тарихи деректер бойынша Моғолстан тұрғындары жалпылама моғолдар деген атаумен белгілі болды. Осы атаудың ішіне Жетісу мен Тянь-Шаньның барлық түркі тілдес және түркіленген тайпалары кірді. Деректер мен зерттеулерде моғол этнонимы туралы әр түрлі пікірлер айтылып, оның мәнін моңғолдармен шатастырмау керектігі ескертілген. Моғол этнонимі жайында дәйекті көзқарас танытқандардың бірі В.П.Юдин. Ғылымда тарихшы — зерттеуші В.П.Юдиннің пікіріне балама тұжырым әлі де болса айтылмай келеді. Сондықтан да В.П.Юдиннің пікіріне назар аударайық. «Этноним могул на территорию Семиречья принесли монголы, выделенные в улус Чагатаю и Угедейю. Однако их было немного и судьба их была аналогично судьбе монголов в Дашт-и Кипчаке: они быстро были ассимилированы тюркоязычными племенами. Закреплению этнонима могул, видимо, способствовало стремление могулских феодалов на первых порах сохранить кочевые традиции, эталоном которых был кочевой быт монголов, и почеркнуть приемсвенность власти ханов – чагатаидов.»/19/

Дегенмен В.В.Бартольд моғолдарды моңғолдар, С.Аманжолов түркілер, К.П.Петров түркі және моңғол тайпаларының қосындысы (конгломерат) десе, В.П.Юдин оларды ерекше этникалық ұжым ретінде санаған.

XIV-XV ғасырларда Жетісуда Ұлы жүздің жетекші тайпалары болған Жалайыр, Үйсін, Дулат, Қаңлы, Шапыраштылардың өмір сүргендерін анықтау қиын емес. Өйткені деректерде Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Үйсін, Керей, Жалайыр, Арғын тәрізді ірі тайпалардың өкілдері аталады. Масуд бен Усман Кухистани, Камал ад-Дин Бинай, Шади, Мырза Мұхаммед Хайдар, Махмуд пен Вали және т.б. шығыс автрларының шығармаларында XV-XVI ғасырлардағы Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Түркістандағы ру – тайпалар бірде өзбектер, кейде өзбек –қазақтар, қазақтар деген атаумен көрсетілген./34/

Соңғы кездері жаңа ғылыми зерттеу орталықтары құрылып, Моғолстан мемлекетінің тарихын, ондағы этникалық құрамын, соның ішінде жалайыр тайпасының ролін ерекше атап көрсетті. Солардың ішінде Н.А.Аристовтың пікіріне байланысты былай деп жазды: Моғолстандық Жалайырларды шағатайлықтардың ұрпағы деп санауға болмайды. Балғалы және Қайшылы тайпалары нағыз шағатайлық қандас жалайырлар, өйткені, Зеравшан ойпатындағы Қатты –қорған уезіндегі жалайырлар осы руларға бөлінеді. –деп түсінген. Осыған қарағанда жалайыр тайпалары Әбілқайыр хандығында да, Моғолстанда да ру-тайпалардың құрамында болған. Жалайырлардың Күшік  және Арық-тыным тайпаларының қара қырғыздан таралуы жайында пікір бар. Бұл пікір күшік және арық тегінің ежелгі қара қырғыздарға жататындығымен дәлелденді.          Н.А.Аристовтың пайымдауы бойынша жалайыр тайпаларының арасында дулат, албан рулары кездеседі. Андас руының ішінде қара қырғыздар да бар. Зерттеушінің пікіріе қолдай отырып, Моғолстан хнадығының этникалық құрылымында жалайыр тайпаларының  орын алғандығына тағы да көз жеткіземіз. Ал Күшік, Арық тыным, Андас тайпаларының қара қырғыздармен этникалық байланысын олпрдың біртұтас мемлекеттің, яғни Моғолстан хандығының құрамында юолған деп топшылауға негіз бар. өйткені, Моғолстан хандығының аумағы Ыстық көлге, Жарқан мен Сары-ұйғырға децін, йғни қазіргі Қырғызстан жерлерін қамтығандығы тарихи деректерден белгілі.

Олардың ішінде Сыпатай тайпасы да Моғолстан хандығының этникалық құрамында болған. Сыпатайдың өзі Ақ МАрқа және Қара Марқа болып бөлінген. Бұл рулардың атауының Алтайдағы Марқа көлін еске түсіретіндігі туралы Н:А:Аристовтың пікірі шындыққа жақын. Себебі, XIII ғасырдың бас кезінде Батыс Монғолия жерлерінен ығысқан жалайырлар көбінесе Қазақстанның Оңтүстік-Шығысы мен Шығысына орналасқан. Н:А.Аристовтың топшылауы бойынша Ақ Марқа, Қара Марқа рулары осынлай атаулармен белгілі болған Қарлұқ тайпаларынан қалған топтар. Қарлұқтар Батыс Тянь –Шаньға Оңтүстік –Батыс Алтайдан келген. Сондықтан да олар осы жерге Алтайдағы Марқа көл атауын ала келген. /13/

Моғолстандағы жалайырлардың Мырза тайпалары Шағатай ұлысындағы туркі тайпалары арасында ислам дінін уағыздаушылар болған деген болжам бар. Жүніс ханның ұлдарының Шығыс Түркістанға қуылуына байланысты Мырзалар Моғолстандағы жалайырларға қосылған деп тұжырымдауға болады.

Моғолстан хандығындағы жалайыр тайпаларына қатысты оқиғаларға тоқталмай тұрып, осы мемлекеттің тарихы жөніндегі еңбектерге шолу жасап, зерттелу деңгейін аша кетсек дейміз.

Зерттеушілер XIV-XV ғасырлардағы Қазақстанның, Алтын Орданың ыдырауы барысында құрылған ірі саяси бірлестіктерге, соның ішінде Моғолстан хандығы тарихының мәселелеріне айтарлықтай көңіл бөлді. XIX ғасырда орыстың шығыстанушы ғалымдарының ОРталық Азия мен Қазақстанның түркі- монғол халықтары тарихының аса маңызды проблемаларына арналған зерттеулері жарияланды.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.