Міндеттеменің пайда болуының құқықтық негіздері

Өзге де құқықтық қатынастар тәрізді міндеттеменің пайда болу негіздері белгілі бір заңдық фактілерге байланысты және сол негізден көрінеді, мұның өзі Азаматтық кодекстің 7 — бабында көрініс тапқан. Азаматтық кодекстің 271 — бабы осы кодекстің 7 — бабында көрсетілген тұжырымға сүйене отырып, міндеттелмелердің қалай пайда болатынын айқындай түседі. Яғни міндеттеменің пайда болу негіздері шарттан, зиян келтіруде немесе өзге де негіздерден пайда болады.

Азаматтық кодекстің 7—бабы әр тдүрлі құқықтық қатынастарының мүмкіндік болу негіздерін тізбелеп келтірген. Жоғарыда көрсетілген негіздерден басқа да міндеттемемен байланысты бірқатар негіздер бар. Бұл ең алдымен, әкімшілік құжаттары, әрине, біз бұл арада Азаматтық құқықтық қатынасқа қатыстысын айтып отырмыз. Әкімшілік құжатының занды күші бағынышты органға міндетті түрде өкімнің жүргізетіндігінен көрінеді. Сондықтан да барлық жағдай да әкімшілік құжат органдар, яғни құжатты шығарушы, атқарушы, оның орындалуын бақылаушы органдар және т.б. арасында әкімшілік құқықтық қатынастарды туғызады. Сонымен бірге ол адресаттар арасында Азаматтық міндеттемені де дүниге әкеледі.

Алайда, мұндай жағдайлар салыстырмалы түрде сирек кездеседі, кәдімгі жоспарлы тапсырманы (немесе басқалай әкімшілік құжат) күрделі зандық құрамның бір бөлшегі десе болады. Міндеттеменің пайда болу негізінде шарт әкімшілік құжатқа келіп қосылады.

Міндеттеменің пайда болу негізіне құқыққа қайшы нақты әрекеттер де жатады. Бұған — біреудің мүлкін қасақана не кездей соқ иелену, залал келтіру арқылы өзгенің заңмен қорғалатын мүддесін бұзуды мысал етіп алуға болады. Міндеттеме азаматтық кодекстің 271 — бабында қарастырылған негіздерде де пайда болуы мүмкін.

Міндеттеме өзінің мазмұнына, объектілерінің салалы ерекшеліктеріне және субъектілерінің сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Жағымды мазмұндағы міндеттеме, жағымсыз мазмұндағы міндеттеме.
  2. Біржақты және өзара ортақ міндеттеме;
  3. Борышқор әрекетін нақты айқындайтын міндеттеме және балама міндеттеме;
  4. Қатаң түрдегі жеке сипаттағы міндеттеме (Бұл міндеттеме субъект ретіндегі жеке сипаттылық міндеттеменің пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқталуына әсер етпейді);
  5. Басты және тәуелді міндеттемелер;
  6. Шартқа негізделген міндеттемелер, шарттан тыс міндеттеме және бір жақты еркін құжат түрлеріндегі міндеттеме.

Міндеттеме жағымдағы мазмұндағы және жағымсыз мазмұндағы деп бөлгендегі мақсат борышқор мен несие берушінің әрекет сипатын айқындау түсу. Бұл орайда борышқорға белгілі бір әрекетті жасау жүктеледі, ал несие берушіге сол әрекетті орындауды талап ету құқығы беріледі. Мұнын өзі жағымды мазмұндағы міндеттеме деп аталады. Мұндай міндеттеме жиі кездеседі, мәселен, саянсай тұрғызуды айтуға болады. Жағымсыз мазмұндағы міндеттеме деп борышқордың белгілі бір әрекет жасаудан бас тарта тұруын, несие берушінің бас тартуды мәжбүр ету құқығын айтамыз. Мысалы, автор өз шығармасын жасалаған шарт мерзімі бітпейінше басқа баспаға ұсынбауы тиіс. Міндеттеме бір жақты және өзара ортақ та болады. Біржақты міндеттеме дегеніміз міндеттемеге қатысушының біріне тек қана құқық беріледі де, екіншісінен тек қана міндет бөлінеді. Ал екі жақты міндеттеме деп әр жақты әрқайсысының міндеті де, құқығы да болуын айтамыз. Оған сатып алу — сату міәндеттемесін мысалға келтірген дұрыс. Бұл міндеттемеде сатып алушының да, сатушының да бірқатар құқықтары мен міндеттері ескеріледі. Мұндай жағдайда Азаматтық кодекстің 269 — бабының 3 — тармағына сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптың пайдасына міндет алса, бұл оның пайдасына жасауға міндетті басқа тараптың борышқоры және сонымен бірге оған талап қоюға құқығы бар оның несие берушісі болып есептеледі.

Міндеттемеде әдетте несие беруші борышқордан белгілі бір әрекетті атқаруды талап етеді. Мысалы, мынадай затты қайтару, мынадай ақшаны беру және т.б. Бірақта мазмұны талап ету құқығы болып табылатын міндеттеме де кездеседі, оған тиісті міндеттемеге сәйкес бір немесе бірнеше әрекет тандалынад. Бұл әрекеттердің бірін аяқтау міндеттемені атқаруды білдіреді. Мұнадай міндеттеме балама деп аталады.

Міндеттемелердің бір тобын жеке сипаттағы міндеттемелер құрайды. Оған борышқор мен несие берушінің жеке басына қатысты міндеттемелер жатады. (мысалы, мүсіншінің міндеттемесі тапсырыс шартынан келіп шығады). Мұндай міңдеттемеде борышқордың немесе несие берушінің қайтыс болуымен байланысты тоқтатылады.

Міндеттеменің туындауына орай оларды шарты, шарттан тыс деп те, сондай — ақ бір жақты еркін құжат міндеттемесі деп те бөледі. Міндеттеменің шартты тобы өте көп кездеседі (сату — сатып алу тасмалдау, сақтандыру және т.б.).

Шарттан тыс міндеттеме әр жақтың келісімі бойынша пайда, болмайды, керісінше азаматтық құқықтық кез — келген субъектісінің мүлкіне жасалған зиян нәтижесінде кездеседі. Сондай — ақ негізсіз баю салдарының туындайтын міндеттемелер, яғни басқаның мүлкін не жинағандарын заңсыз сатып алу және жинау, мәмлемен белгіленген негіздерсіз иелену жағдайында да көрінеді. Бұл жайында Е.Баянов былай айтады: «Міндеттеменің пайда болуы азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкіне және олардың өздеріне зиян келтіру салдарынан туындауы да мүмкін Азаматтың құқық теориясында мұндай міндеттемелерді шартсыз міндеттемелер деп те атайды».

Добавить комментарий

Your email address will not be published.