Міндеттемені орындау субъектілері

Жалпы ереже бойынша міндеттемені борышқор орындауы тиіс. Соны мен бірге, заңца, міндеттеме шартында, не оның мән-мағынасында міндеттемені борышқордың тікелей өзі орындау керектігі көрсетілмесе, онда борышқор тек өзіне алған міндеттемені орындалуын үшінші жақа жүктей алады. Мұндай жағдайда несие беруші борышқор үшін үшінші жақ ұсынған орындау ісін қабылдаута міндетті.

Егер міндеттемені орындау борышқордың тікелей өзінен ғана талап етілетін жағдайда (портрет салу, жұмысты жасау, қызмет көрсету және т.б.) несие беруші үшінші жақтың ұсынатын орындалған ісін қабылдаумауға құқылы.

Шарттан туындайтын міндеттемені орындау үшінші жаққа, егер арнайы ереженің қаралмаса, толықтай және ішінара жүктеледі. Мәселен, арнайы ережелер көлік заңдарында кездеседі, соған сәйкес түкті жөнелтуші оны тасмалтайтын көлік ұйымымен шарт жасайды, бірақ көлік жарғыларынан сәйкес жүкті тасмалдау міндеттемесі қалған көлік орындарына (басқа теміржол, кеме) жаңа шарт жасамай ақ жүктеледі.

Заңда көрсетілген ретке үшінші жақ, Азаматтық Кодекстің 339, 347—баптарына сәйкес өзіне көшкен міндеттеме бойынша борышқордың келісімсіз — ақ несие берушінің талаптарын өз есебінен қанағаттандыра береді.

Мұндай құқық несие берушінің борышқор мүлкінен ақы өндіріп алу салдарынан өзінің бұл мүлікке құқығынан (пайдалану, иелену, кепілге салық құқығы және басқа құқықтары) айырылу қаупі төмен жағдайда үшінші жаққа беріледі.

Мәселен қозғалмайтын мүлікті жалға алушы жалға берушінің несие беруші алдында қарыза бар екендігін және оны өндіріп алу ниетін білсе, сондай — ақ жалға алу өзіне тиімді деп есептесе, онда жалға берушінің келісімсіз — ақ оның қарызын төлеп тастайды. Бұдан кейін жалға алушының міндеттемедегі жалға беруші алдындағы борышын өтейді. Несие беруші, мұндай жағдайда үшінші жақтың міндеттемені орындауын қабылдауға міндетті.

Нәтижесінде жалға алушы кейін жалға берушіден ол үшін төлеген қаржысын қайтарып алуды талап ете алады.

Міндеттемеде оның әр тараптары — несие беруші немесе борышқор ретінде бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады. Егер міндеттемеде борышқордың және несие берушінің жағында бір емес, бірнеше тұлға (қатысушылар) болса, онда көпшілік тұлғалар мен міндеттеме пайда болады. Мысалы, мұрагерлікке қалған жекешеліндірілген пәтердің үш мұрагері оны ерлі — зайыпты адамдарға сатты делік, сонда сатып алу — сату кезінде екі жақтан да көпшілік тұлғалар пайда болады, бұл орайда сатушылар — үшеу, ал сатып алушылар — екеу.

Бір тараптың талап ету құқығы және екінші тараптың міндетіндегі зат (нәрсе) жөнінде болса, сол міндеттеменің пәні болады. Міндеттемені орындау пәні зат, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар, шығармашылық қызметтің нәтижесі, жасалатын белгілі — бір жұмыстар. т.с.с. Демек борышқор өз міндетін орындауда мүліктерді тапсыру, жұмыстың нәтижесін беру, қызмет көрсету, несие берушіге ақаіа төлеу тәрізді қолға алады. Ал мұнсыз не нақты түрінде дәл, не тиісті дәрежеде болуы мүмкін емес.

Міндеттемені тиісінше орындау үшін, борышқор міндеттемеде көрсетілген пәнді орындуы тиіс, пәнге қойылатын талаптар шартта көрсетіледі. Ал, олай болмаған жағдайда дәстүрлі құқықпен шешіледі. Мысалы, борышқор біреуге тиіс заттың сапасы міндеттемеде көрсетілуі керек, бұл орайда мемлекеттік стандарттар мен үлгілердің талаптары ескеріледі. Міндеттеменің пәні кейбірінде жекеленген затты беру, ал кейбірінде тектес белгідегі заттар болуы мүмкін. Тектес белгілері бар міндеттеменің ең бастысы — акщалы міндеттеме, яғни белгілі бір ақша соммасын төлеуді талап ететін міндеттеме.

Ақшалай міндеттемені орындау үшін арнайы талаптар занда қарастырылған. Ақшалай міндеттемені орындалудың кейбір ерекшеліктері болады. Ақшалай міндеттеме теңгемен айқындалады. Ақшалай міндеттемеде шетел валютасы түріндегі белгілі бір соммаға тең теңге түріндегі соммада төленуге тиілс екендігі көзделуі мүмкін. Мұндай сомма Қазақстандық банкаралақ валюта биржасының курсымен айқындалады, ол төлем жасалған күнгі шетелдік валютаға сай келуі қажет. Аталған ереже ақшаның құнсыздануынан несие берлушілердің мүддесін қорғайды.

ҚР аумағындағы міндеттемелер бойынша есеп айырысу шетел валютасы сондай — ақ шетел валютасы түріндегі төлем құжаттарын пайдалануға заң құжаттарында көзделген реттер мен жағдайлары немесе соған сәйкес белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асыралады. Ақшалай міндеттеме бойынша азаматты асырауға тікелей төленетін сомма (өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру үшін, өмір бойы асырау шарты бойынша және басқалары) — ең төменгі жавлақының ресми түрде өсуіне қарай арттырылып отырады.

Міндеттемені орындаудың мерзімі, орны, тәсілі.

Міндеттеменің орындалу мерзімі заңы мен және шартпен , сондай—ақ, шарт алдындағы дауды қарайтын органның айқындалуы мүмкін.

Егер міндеттемеде ол орындалатын күн және ол орындалуға тиісті уақыт кезеңі көзделсе және оны анықтау мүмкін болмаса, міндеттеме сол күні және тиісінше сол кезең ішінде кезкелген уақытта орындалуға тиіс. Мысалы, құрылыс объектісін бітетін күні міндеттемені орындау күні болып табылады, ал басқа жұмыстар мердігерлік шарттарда, ақапаны қайтару — қарыз шартында, несие беруші шартында қарастырылады.

Міндеттеме орындалуға тиісті келісімді уақыт тауарларды жеткізу шарттарында қаралуы мүмкін, ондда әр тарап жеткізілетін тауарларды партияларға бөліп, өздерінің уақытын белгілейді. Ол тоқсандық, ай, он күндік мерзімдер мен өлшенеді. Егер міндеттемеде ол орындалатын мерзім көрсетілмесе, ол мерзімді анықтауға мүмкіндік беретін шарттар болмаса, ол міндеттеме пайда болғаннан кейін ақылға қонымды мерзімде орындалуға тиіс. Ақылға қонымды мерзім дегеніміз міндеттеме нақты жағдайды ала отырып, орынды мүмкіндігі болып табылады. Бұл орайда борышқордың жағдайына байланысты мүмкіндігі, міндеттемені орындау тәсілі т.б. ескеріледі (мысалы, несие берушіге дейінгі қашықтық, көлік түрі, және т.б.). Ақылға қонымды мерзімде орындалмаған, сол сияқты орындалу мерзімі талап етілетін кезең белгіленген міндеттемені, егер зандарды, міндеттеме шарттарынан, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан және міндеттеме мәнінен басқа мерзімге орындау міндеті туындамаса, — борышқор несие беруші оның орындалуын талап еткен күннен бастап жеті күн мерзімінде орындауға міңдетті.

Міңцеттеменің тезарада орындалуын жүкті сақтайтын жерге тапсыратын, банкке ақша салатын адам талап ете алады.

Борышқорға аяқ астынан болатын міндеттемені орындау үшін дайындыққа жеті күн мерзім беріледі. Міндеттемелерде орындау уақыты көрсетілмеген жағдайда несие беруші борышқордың орындағанын кез келген уақытта, заңда көзделегеннен тыс ретте қабылдауы керек.

Егер заңдарда және міңдеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе және оның мәнін туындамаса, борышқор міндеттемені мерзіміне дейін орындауға құқылы. Кәсіәпкерлік қызметке байланысты міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауға міндеттемені мерзіміне дейін орындау мүмкіндігі заңдарда немесе міндеттеме шарттарында көзделген (жүкті жеткізу, банктің несие беруі және т.б.), не іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан және міндеттеменің мәнінен туындаған реттерде ғана жол беріледі (АК , 279 бап). Демек бұл ереже кәсіпкерлер қатысатын қатынасқа арналады. Борышқордың несие беруші — кәсіпкер мен алдын ала келіспей түрып міндеттемені мерзімінен бұрын орындау оны қиын жағдайға қалдыру мүмкін, өйткені, оның орындалған міндеттемені аяқ астынан қабылдай қоюға дайындығы мен жағдайы келмей қалуы ғажап емес. Айталық, борышқордың тауар әкелетінін білмегендіктен онда дайын түрған қойма, тауар сақтайтын арнайы орындар болмауы мүмкін, оның үстіне әкелінген тауарды теміржол бекетінен, кемеден ала қоятындай көлікке алдын-ала шарт жасалмауы да кедергі келтіреді. Содан келіп несие беруші залал шегеді,ал мұның өзі нарық жағдайында қолайсыз нәрсе.

Міндеттеме орыңдалатын жер борышқордың заттарды тапсыратын, жұмысты атқарып, қызмет көрсетіп, ақша төлейтін, ал несие берушінің тиісінше орындалғанын қабылдатын орын. Мәселен, үйді жөндеп, еденді тазалау, терезені сүрту тек үй тұрған жерде ғана жүзеге асады.

Егер де міндеттеме орындалатын жер заңдарда және міндеттеме мәнінен және іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардың көрінбесі, ол:

1) міндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлікті беру — мүлік орналасқан жерде;

2) міндеттеме бойынша тауар және өзге де мүліктік тасмалдауды пайдалана отырып беру мүлкті несие берушіге жеткіз үшін оны бірінші тасмалдаушыға тапсырған жерде;

3) егер бұл міндеттеме пайда болған кезде несие берушіге белгілі болса кәсіпкердің басқа міндеттемелері бойынша тауар және өзге де мүлікті беру — мүлік дайындалған және сақталған жерді;

4) ақшалай міндеттеме бойынша — несие берушінің міндеттеме пайда болған кездегі тұрғылықты жерінде, ал егер несие заңды тұлға болса- міндеттеме пайда болған кезде оның болған жерінде егер несие беруші міндеттеменің орындалу кезінде тұрғылықты жерді өзгертіп, бұл туралы борышқорға хабарласа — орындалатын жердің өзгеретуіне байланысты барлық шығындарды соның есебінен жатқыза отырып, оның жаңа тұрғылықты жерінде және тұрған жерінде;

5) басқа да барлық міндеттемелер бойынша — борышқордың тұрғылықты жерінде, ал егер борышқор занды тұлға болса — оның орналасқан жерінде орындалуға тиіс.

Міндеттемені орындау тәсілі заңмен және әр жақтың жасасқан шарттары мен айқындалады, және сол міндеттеменің мәні мен туындайды.

Міндеттеме орындау бір жолғыи(заттың құнын толықтай төлеу) немесе несиеге алған мүліктің құнын жабуы, почта, көлік құралдарына төлеу тәрізді мерзімді түрде әрекет ету болып жүзеге асады. Кейбір міндеттемелер тұтастай және бөліктей орындалуы мүмкін (мысалы, қарыз шартты бойынша қарызды қайтару). Сонымен бірге, егер міндеттеме шартында, заңдарда өзгеше белгіленбесе, және іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарды және мәнінен өзгеше туындамаса, несие беруші міндеттемені бөлшектеп орындауды қабылдаумаға құқылы.

Борышқор заңда қаралған ретте нотариат кеңсесіне және соттың денозитіне қарызды тапсыруы міндеттемені орындағаны болып есептеледі.

АҚ 291-бабына сәйкес борышқор ақша соммасын және бағалы қағаздарды нотариус пен соттың депозитіне салу құқығына ие.

Егер:

1) несие беруші және орындалған істі қабылдауға өзі уәкілдік берген адам міндеттеме орындалуға тиісті жерде болмаса:

2) несие беруші әрекет қабілетсіздігі болып және оның өкілі болмаса;

3) міндеттеме бойынша , атап айтқанда бұл мәселе жөнінде несие беруші мен басқа да адамдар арасындағы дауға байланысты несие берушінің кім екені жайында оның айқындық болмаса;

4) несие берушінің орындалған істі қабылдаудан жол тартуы және өз тарапынан мерзімін өткізіп алуына байланысты борышқордың міндеттемені орындай алмасы онда борышқор міндеттемелерін орындау үшін өзінен алатын ақшаны депозит шарттарынан, ал бағалы қағаздарды нотариустың атына сақтау шарттарына, ал заң құжаттарымен белгіленген жағдайларды, соттың атынан орналастыруға құқылы.

Ақша немесе бағалы қағаздарды депозит шарттарына салу және нотариустың не соттың атына сақтау міндеттеменің орындалғаны болып есептеледі. Нотариус пен сот өз кезегінде несие берушіге оның борышқорынан депозитке бағалы қағаздар мен ақшаның келіп түскені туралы хабарлайды. Өзара міндеттердің орындалуының өзіндік ерекшеліктері бар. Егер заңдардан, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардың, міндеттеме шарттарынан және оның мәнінен өзгеше туындамайтын болса, тараптар өзара міндеттерді бір мезгілде орындауға тиіс. Сөйтіп, тараптардың бірінің міндеттемені орындамауы және тиісінше орындамауы өзара міндеттерді орындау және қарсы тараптарды қанағаттандыру кезінде, егер заң құжаттарында және міндеттеме шарттарында өзгеше белгіленбесе, екінші тарапты өз міндеттерін босатады.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.