Міндеттемелерді орындаудың ұғымы мен принциптрі

Міндеттемелердің орындау дегеніміз борышқордың алған міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетте жасауы немесе несие берушінің талап етуі құқығына сәйкес оқшау әрекеті жасауды тоқтата түруы. Міндеттемені орындау көбіне көп борышқордың белсенді әрекетінен, не әрекетін кейде тоқтата тұруынан көрінеді. Міндеттемені орындаудың алдына қоятын мақсаты болады. Міндеттемені орындау арқасында азаматтардың, занды тұлғалардың, мемлекет пен қоғамның тұтастай алғанда материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға қол жеткізіледі. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау оның тоқталуына әкеледі.

Міндеттемені орындаудың құқықтық тәртібі АК — тің 272 -291 баптарында, міндеттеменің жекелеген түрлерін реттейтін (мысалы, сатып алу — сату, жеткізу, келісім — шарт, электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету, жалға беру, мердігерлік және т.б.) нормативтік актілерінде бекітілген. Міндеттемені орындау Азаматтық кодексте бекітілген принциптерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Оған міндеттемені тиісті дәрежеде орындау (272 — бап) және міндеттемені нақты орындау (354 — бап) жатады. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау принципі борышқордың міндеттемені заңдардың талаптары мен міндеттеме шартына сәйкес орындауын біддіреді. Ал мұндай шарттар болмаған жағдайда — дәстүрлі іскерлік айналымға немесе басқа да кәдімгі қойылған талаптарға сәйкес орындалуы тиіс. Міндеттеме тиісті дәрежеде орындауды сипаттайтын талаптар мен шарттар заңдарда, басқа да норматилвті актілерде, міндеттеме алған жақтарын келісіміңде бекітіледі. Аталған талаптар мен шарттар қатысушыларды, мерзімді және міндеттеменің орындалу тәсілін айқындайды. Міндеттемені орындауда осы апйтылғандар сөзсіз орындалуы тиіс. Сонымен міндеттемені тиісті дәрежеде орындау дегеніміз оның саны мен сапасына, субъектілеріне, орнына, мерзімімен тәсіліне қатысты талаптар мен шарттарды дәлме—дәл сақтай отырып, орындау болып саналады.

Міндеттемені борышқор тап — тинақтай етіп орындауы үшін несие беруші немесе оған өкілетті орган заңында немесе шартта көрсетілген мерзімді, орынды, белгілі бір тәсілді міндеттемеге енгізуі тиіс. Жоғары да аталған шарттардың біреуі орындалмаса, онда міндеттемені тиісті дәрежеде орындалады деп айтуға болмайды. Міндеттеменің нақты түрінде, дәл принципі борышқордың міндеттемені сол қалпында орындау керектігін міндеттейді, демек, ол міндеттеме мазмұнында көросетілген жағдайлар (затты тапсыру, жұмысты орындау, қызмет көрсету) жүзеге асуы үшін әрекет етуге тиіс, бірақ бұл орайда ақшалай өтем жасай алмайды.

З.О. Ашитов тағы бір принципті айқындайды:» Үнемшілдікті сақтау деп міндеттемелерді орындау барысында артық шығымға жібермеу жолдарын қарастыруды айтады. Әңгіме тапсырысты орындау барысында әр — түрлі ресурстарды, мейлінше, тиімді пайдалану туралы болып отыр» — деп тұжырымдайды.

Міңдеттемені нақты түрінде дәл орындау принципі көбінесе несие берушінің мүддесін қанағаттандырады. Осы принципке сәйкес борышқор тап осындай әрекеттеріне баруы керек немесе орындау пәні болып табылатын нәрселерден бас тартады (мысалы, басқа мүлікті емес, берілуге тиісті мүлікті беру, немесе несие беруіиіге құнын төлей алмайды, басқа жұмысты емес, нақ тапсырылған жұмысты жасау және т.б.). Міндеттемені нақты түрінде орындау принципі Азаматттық кодекстің 354 бабында бекітілген. Жаңа кодексте қаралып отырған принципке анағұрлым өзгерістер енгізілген. Біріншіден міндеттемені тиісті дәрежеде орындамағаны үшін айып төлеу және залалдарды өтеу борышқорларды, заңда басқаша қаралмаса, міндеттемені орындаудан босатпайды. Демек, аталған принцип борышқор міндеттемні бұзған кезде, заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, іс жүзінде оны нақты орындауын талап етеді.

Екіншіден, міндеттемені орындамаған жағдайда залалды өтеу және оны орындамағаны үшін айып төлеу борышқорды, егер заң құжаттарында немесе шартты өзгеше көзделмесе, міндеттемені заттай орындаудан босатады. Мерзімі өтіп кеткендіктен өзі үшін енді керегі болмай қалған міндеттеменің орындалуынан несие берушінің бас тартуы, сондай-ақ бас тарту төлемі ретінде белгіленген ақшалай сомманы төлеу, борышқорды міндеттемені заттай орындаудан босатады.

Нақты түрінде дәл орындау принципі Азаматтық кодекстің кейбір баптарында міндеттеменің жекелеген түрлерін қолдануда тәртіптелген. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау нақты түрінде дәл орындаудың бір мезгілде болғанын көрсетеді. Бірақта бұл принциптерді араластыруға болмайды. Тиісті дәрежеде орындау принципі нақты түрінде дәл орындауға қарағанда кеңірек. Мысалы, затты уақыттың өткізіп барып беру арқылы нақты орындау мерзімінің бұзылуына байланысты тиісті дәрежеде орындау бола алмайды.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.