Мемлекеттік рәміздер, олардың бейнелеуі және ресми қолдануы

Қабылданған күн — 1992жылғы 4 маусым.Ресми тұсауы кесілген күн-1992 жылғы6 маусым, Алматы қаласы. Авторы- Шәкен Ниязбеков. Ресми анықтамасы: «ҚР-ның Мемлекеттік туы- ортасында шұғылалы күн оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір мата. Туды сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн,шұғыла,қыран және өрнек бейнелері алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы -1:2».(4-бап.ҚР Президентінің Конституциялық күші бар «ҚР-ның рәміздері туралы»Жарлығы).Вексикология дәстүрі бойынша тудың негізгі белгісі оның реңі болып саналады.Осы орайдаМемлекеттік туымыздың аспан текті зеңгір көк түсті болуы кездейсоқ емес.Әйгілі Ансельм кестесі бойынша ол- адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен пәктіктің нышаны. Көк түс ынтымақ пен бірлік идеясын аңғартады, барлық халықтар үшін де бейбітшілік, тұрақтылық пен береке байлық белгісі болып саналатын ашық аспанға мегзейді.Аспын көк түс- қазақтың ұлттық бояуының реңі. Ұлттың менталитеті, танымы,мәдениеті мен бұл түске айрықша ілтипатыосыны мегзейді.Аспан көк түсті тулар мен байрақтарды (көк асаба)тарихтың түрлі кезеңдерінде Түрік қағанаты(552-630,682-743ж.ж) ,Хазар қағанаты(651-983ж.ж.),Ұлы селжүк(1040-1157ж.ж.)Ақсақ Темір мемлекеті (1386-1501ж.ж.),Қазақ Ордасының кейбір хандары мен батырлары көтеріп шыққан.Шағын көгілдір жолақ Қазақ Кср жалауындада бар болатын.ҚР-ның мемлекеттік туының бір түсті болуы кездейсоқ емес. Ол- еліміздің мемлекеттік бір тұтастығы идеясының көрінісі.Күн образы-     байлық пен берекенің белгісі. Оның графикалық бейнеленуі (шеңбер)өміршеңдік нышаны деп саналады. Күн-далалықтар дүниетанымында бағдар ұғымын орнықтырған өзгеше мағыналы образдың бірі.Қыран бүркіт бейнесінің нышандық мәні әдетте билік көргендік пен кеңдік күш- қайрат ұғымдары арқылы айқындалады.Қазақстан туында бұл образ:І-шіден –бейбіт, салмақты мінез сипаты сезіледі;ІІ-ден – ол күн астында тұр,қан,атында бақыт нұрын алып келе жатқандай.ІІІ-ден- қозғалыс үстінде бейнеленген,асқақ арман, асыл мақсатқа құлаш ұрып келе ді. Реміздік тұрғыдан алғанда ьақыт пен берекеге, өркениет биліктеріне ұмтылған ел мұратын, халық аңсарын аңғартады.Қазақ дүние танымында қыран құсқа байланысты еркіндік, асқақтық, тәкаппарлық, қайратжігер,биік мұрат,кең пейілдік пен жан тазалығы ұғымдарды білдіреді.Ұлттық өрнек(«қощқар мүйіз»)- қазақ мәдениетінің ең бір төлтума әрі жақсы дамыған түрі.Халқымыздың қолданбалыөнер саласында жеткен ең ұлы табыстарының бірі.Мамандардың пікірінше, ою-өрнектерде көшпелілердің көркемдік танымы барынша жарқын көрініс тапқан. Қазақ ұлттық ою-өрнектері- халықтың эстетикалық іңкәрлігіне сәйкес өзгеше көркемдік танымы. Мемлекетік туды ресми қолдану тәртібі.ҚР Президентінің «ҚР-ның Мемлекеттікрәміздері туралы»жарлығына және басқа заң актілеріне сәйкес реттеледі. Мемлекеттік ту ҚР Президенті резиденциясының, Парламент пенҮкіметтің, министрліктер мен басқа да орталық атқару органдарының, сол сияқты Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы соттың және басқада соттардың,бас прокуратураның, Ұлттық Ғылым академиясының, дипломатикалық және сауда өкілдерінің,консулдық мекемелердің ғимараттарында ұдайы көтеріліп тұрады.Сеслекеттік ту жасау заң бойынша бекітілген тәртәпке сәйкес берілетін тиісті рұқсат арқылы ғана жүзеге асырылады.

            ҚР-ның Мемлеттік Елтаңбасы. Қабылданған күні-1992жылғы4маусым.Ресми тұсауы кесілген күн-1992 жылғы 6маусым, Алматы қаласы.Авторлары-Жандарбек Мәлібеков,Шот-Аман Уәлихан.Ресми анықтама: «ҚР-ның Мемлекеттік елтаңбасы көгілдір түс аясында шаңырақ(киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі)бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған,оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр.Елтаңбаның төмеңгі жағында «Қазақстан»деген жазу бар».(7-бап. ҚР Президентінің Конституциялық Заң күші бар «ҚР-ның мемелекеттік рәміздері туралы»Жарлығы).ҚР-ның Мемлекетік елтаңбасының барлық белгі- нышындары бір шеңбер ішіне орналасқан.Оның өмір ұғымын білдіретін рәміздік мәні бар.Еліміздің Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі- Қазақстанды мекендейтін барлық адамдардың ортақ отбасының, ортақ үйінің нышаны.Елтаңба компазициясын құрап тұрған келесі деталь-ай мүйізді,алтын қанатты қос пырақ бейнесі.Жылқы образы батылдық,көрегендік пен айрықша ерік – жігер нышаны деп есептеледі. Қазақ дүниетанымында жылқы – адам тектес.Басқа жануарлардың бәрі де тек адамға қызмет етеді, ал жылқы алдында адамның өзі бас иіп,қызмет етуге әзір. Қанат— асқақ арман нышаны. Бұл жерде ол еңсесі биік, дәулеті тасыған тәуелсіз мемлекет құру жөніндегі ел мұратын еске салады.Мүйіздің де нышандық мәні бар. Ол айбын, айбат,ақжолтайлақ белгісі. Мемлекеттік елтәңбада бес бұрышты жұлдыз тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа бірдей айқара ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмыс-бітімімізді сақтай отырыпілеспек ниетіміз бар дегенді білдіреді. Мемлекеттік елтаңбаны ресми қолдану тәртібі. ҚР Президентінің «ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері туралы»жарлығына және заң актілеріне сәйкес реттеледі. Мемлекеттік елтаңба бейнесі ҚР Президентінің «ҚР-ның Мемлекеттікрәміздері туралы»жарлығына және басқа заң актілеріне сәйкес реттеледі. Мемлекеттік ту ҚР Президенті резиденциясының, Парламент пенҮкіметтің, министрліктер мен басқа да орталық атқару органдарының, сол сияқты Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы соттың және басқада соттардың,бас прокуратураның, Ұлттық Ғылым академиясының,Қарулы Күштер және Республикалық ұлан құрамалары мен бөлімдері штабтарының,дипломатиялық және сауда өкілдерінің, консулдық  мекемелердің ғимараттарында орналастырылады. Мемлекеттік елтаңба бейнесін мемлекеттік емес органдардың және олардың лауазымды адамдарының бланкілерінде,мөрлерінде және басқа  реквизиттерінде пайдалануға заңмен тыйым салынған.Мемлекеттік елтаңба жасау тек заң бойынша белгіленген  тәртіпке сәйкес лицензия алған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Жасалған бейне эталонға толық сәйкес келуге тиіс.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.