Мемлекеттік бюджеттің функциялары

Бюджеттің әрекет етуінің барлық ұйымдастырушылық және экономикалық формалары жоспарлы түрде жүргізіледі, себебі көптеген меншік формадағы шаруашылық өз алды болжам-жос-парлық жүргізуді талап етеді. Бұл, кезекті ретте, бюджеттік қа-рым-қатынастың осындай болжам-жоспарлық формада әрекет етуін талап етеді. Мемлекеттің ақша қаражаттары орталықтан-дырылған қорьшың қозғалысы жоспарлық форма мен бюджет-тік байланыстың түрақты сипаты негізінде болуы бюджеттік байланыстардың арнайы қаржы қүжатында — бюджетте, яғни мемлекеттің негізгі қаржы жоспарында анықталады. Бүл құжатта бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын барлық бөлу процестері қарастырылған.

Негізгі қаржылық жоспардың арнайы кіріс және шығыс бап-тары мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қо-рын пайдалану бағыттары мен оның қалыптасу көздерін көрсетеді. Негізгі қаржы жоспар мемлекеттің жоспарлық әрекетінің нәтижесі болып табылады, себебі мұнда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін анықтайтын және оларды орындайтын мемлекеттің күш-жігері жарияланады. Қазақстан Республикасы Парламенті жыл сайын қабылдайтын «Республикальщ бюджет жөніндегі» Заңға сәйкес мемлекеттің негізгі қаржы жоспарьшың көрсеткіштері ешқандай шартсыз орындалуға тиісті.

Қаржы жоспары ретінде бюджет, бір жағынан, экономика мен басқа да салалар дамуының қаржы жоспарларына негізделеді, екінші жағынан, көбінесі соларды анықтайды. Ол мемлекеттік бюджеттің жалпы экономикаға белсенді түрде ықпал етуіне шарт-тасты, яғни негізгі қаржылық жоспар барлық ұлттық экономика ның бюджеті болып табылады. Материалдық өндірістің дамуын ынталандырушы ретіңде де мемлекеттік бюджеттің рөлі өте зор. Бюджет қаражаттары жеке (бөлек шаруашылық субъектілер) және қоғамдық (барлық ұлттық шаруашылық) негізгі қорлар айналымдылығын қамтамасыз етуге де пайдаланады.

Мемлекеттің бюджеттік-салық саясатында қаржылық жоспар

  • бюджет арқылы іске асырылады. Мемлекеттің бюджеттік-салық саясаты — ол халықтың ауқаттылығын жоғарлату мен экономи-калық дамуды қамтамасыз етуге арналған іс-әрекеті. Бұл саясат
  • еліміздегі жұмыссыздьщты қысқарту, инфляцияның қарқынын темендету мен басқа да осындай мәселелерді шешуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Осындай күрделі мәселелерді шешуге және еліміздің жалпы экономика жүйесіне әсер ету үшін мемлекет өз қызметінде мем-лекеттік қаржы басқарудың механизмдері мен құралдарьш пайда-ланады. Бюджет тарапынан негізгі құралдар ретінде мемлекеттік кіріс пен мемлекеттік шығыс табылады.

Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қар-жы қасиеттерімен сипатталады, яғни экономикалық маңызды әлпеттейтін әдіс жалпы қаржы мен оның тізбектерінде біртиптік функцияларға сәйкес. Сондықтан, мемлекеттік бюджет, барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын атқарады. Сонымен қатар, «қаржы» категориясына қарағанда бюджет ерек-ше категория, оған келесі негізгі функциялар атқаруы тәнті:

  • Ұлттық табысты қайта бөлу;
  • әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;
  • экономиканы реттеу мен ынталандыру;

ақша қаражаттарының орталыдтандырылған қорын қалып-тастыру мен пайдалануын бақылау.

Үлттьгқ табыс пен жалпы ішкі өнімдердің құндыд бөліс құралы ретінде мемлекеттік бюджет осы функция арқылы өзінің экономи-калық маңызын тікелей әлпеттейді. Бөліс функция арқылы мем-лекет ауқымыдда ақша қаражаттарын орталыдтандыру мен оны жалпымемлекеттік мұқтаждықты қанағаттьщдыруға пайдалану іске асырылады. Ал бақылау функциясы мемлекет тарапына уақы-тында және толық қаржы ресурстар түсуі, орталықтандырылған қаражаттар бөлуіндегі пропорциялар жағдайы, сол қаражаттар үнемді және тиімді пайдалану жөнінде мәлімдейді.

Мемлекеттік бюджеттің бөлу мен бақылау функциялары бір бірінен бөлек емес, неғұрлым бірігіп, бір уақытта іске асырылады, себебі бұларда бюджеттік қарым-қатынастың барлық жағы бейне-ленеді.

Бөлу функцияның мазмүны қоғамдық іс-әрекет салалары, аумақтар, экономика салалары арасында қаржы ресурстарды қайта бөлу процесімен анықталады. Бюджеттен басқа бір де бір қүндылық бөлу категориялар ақша қаражаттарын осындай көп ас-пектіні қайта бөлу мен экономикалық басқарудың әр деңгейінде іске асыра алмайды.

Салааралық қайта бөлу, бір жағынан, заңды және жеке тұлғалар бюджетке енгізетін салықтар мен төлемдерге, ал екінші жағынан, бюджеттік қаражаттар арқылы әр түрлі инвестициялық бағдарламалар, айналыс қүралдар, операциялық және басқа да шығындарды қаражаттандыруға негізделеді. Аумақаралық қайта бөлу лайықты мемлекеттік билік органдарына салықтар мен кіріс-тер бекіту және бюджеттік реттеудің әр түрлі формалары арқы-лы жүргізіледі. Мүндай әдіс әрбір әкімшілік-аумақтық бірлікте оның дамуын еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жоспары-на сәйкес қамтамасыз ететін бюджеттік қор қалыптастыруын қам-сыздандырады.

Ақша қаражаттарын өндірістік және өндірістік емес сала-лар арасында қайта бөлу материалдық өндіріс кәсіпорындардың қаржы ресурстарының бір бөлігін алу арқылы іске асырылады. Со-дан кейін өндірістік емес сала мекемелерін бюджеттік қаржылан-дыру жүргізіледі Мүндай бюджеттік қаржыландырудың ұлттық табысты пайдалануьшың құрылымын қалыптастыруда рөлі өте зор, себебі мемлекеттік бюджет экономика секторлары арасында ұлттық табысты қайта бөлудің маңызды құралы болып табылады. Әрине, қазіргі уақытта ақша қаражаттарының басым жағы орта-лықтандырылған қорға мемлекеттік сектордан түседі, бірақ жал-пымемлекеттік қажеттілікті қамтамасыз етуге жеке кәсіпкерлер мен экономиканың мемлекеттік емес саласының басқа да субъек-тілердің қаражаттары тартылады.

Бөлу функцияны ішкі өнімнің бөлінген қүнын қайта бөлуге пайдалануының кең тарауы бірден мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың белгілі бір бөлігін бірнеше қайта бөлуге әкеледі. Ақша қаражаттарының ағыны бюджетпен кәсіпорындардың өзара қатынастарының өзгерістері арқылы ең алдымен өзара байла-ныстарды өзгертеді, сонымен қатар бюджеттің экономикаға тигі-зетін әсерінің дәрежесін тек сандық үйлесімдермен анықтамай, олардың экономика процестерінің дамуы мен еліміздің қаржы ре-сурстарының осуіне әсерлі болады. Сондықтан, бюджеттің бөлу функциясы экономиканың қүндық қүрылымын реттеуде, салалық және аумақтық үйлесімдерді жетілдіруде, мемлекет ішіндегі және мемлекетаралық децгейдегі интеграциялық процестерді үлғайтуда кеңінен пайдаланады.

Бөлу функциясының әрекет ету шекарасы бюджетпен қатьшас-қа түсетін қоғамдық ондірістің барлық қатысушылар мен эконо-миканың барлық салаларымен анықталады. Бюджеттік бөлудің негізгі объектісі болып қосымша өнім (таза табыс) табылады, бірақ бюджет арқылы керекті өнімнің де бір болігі қайта бөлінуі мүмкін, мысалы, материалдық ондіріс жүмыскерлерінің салықтық төлемдері және оларды пайдалануы.

Бюджеттің белу функциясьшың ерекшеліктеріне: бюджеттің қоғамдық өндіріске көпжақты әсері мен нақты нәтижеге жеткі-зетін жоғары деңгейдегі іскерлігі жатады. Бюджеттің бұл функ-циясы ақша қаражаттарын экономикалық және әлеуметтік даму-дың басымдылық бағыттарға пайдалануға мүмкіншілік береді де экономиканың жоғары есу қарқьшына жетуі мен оның тиімділігін жоғарлатуына ықпал етеді.

Бюджеттің бақылау функциясының негізін бюджеттік түсім-дермен шығындар көрсеткіштері арқылы бюджеттік ресурстар қозғалысы қалайды. Мысалы бюджетке уақытында немесе толық төленбеген салықтар мен түсімдер экономиканың кейбір салала-рында даму қарқыны темендегеннің белгісі жатады. Егер бюджет тарапьшан қарастырылған қаражаттар толық көлемде пайдаланба-са, онда экономика салалары мен іс-әрекет салаларда экономика-лық коньюктура қажетті деңгейде еместігі. Сондықтан, бюджет-тік көрсеткіштер экономикадағы осьшдай кемшіліктерді көрсете отырып, сол кемшіліктерді жою мен бүзылған қаржылық тәртіпті қалпына қайта келтіруге бағытталған нақты шара қарастырып қолдануға негіз болады.

Бюджеттің бақылау функциясы бәрін қамтушы сипатқа ие және өте кең әрекетті шекарамен ерекше. Бүл функция эконо-миканың барлық салалары мен қоғамдық ондірістің барлық қа-тысушыларына жайылған. Дегенмен, бюджетке елдің барлық қаржы ресурстары жиналмаса да, ол бақылау функцияға эконо-миканың жалпы қаржылық ахуалы жөнінде «хабар беруге» ке-дергі болмайды.

Қазіргі заманның шарттарына сәйкес бюджеттің бақылау функциясы да өзгеруде, себебі ол өз мақсаттарын іске асыруға кең тараган ақпарат пайдалану, автоматталған жүйелер, қаржылық есептемелер, компыотерлер қолдану негіздерінде көп мүмкіншілік алады.

Мемлекеттік бюджет категориясы объективті болғандықтан оның функциялары да объективті. Бюджет функцияларын бірден оның ішкі потенциаддық қабілеттілігінен түсіну қажет, себебі ол (қабілеттілік) өзін тек міндетті түрде бюджеттік қатынасы бар қоғамдық қарым-қатынастың белгілі саласында көрініс табады. Сондықтан, бюджетке тәнті қасиеттер көрінісі, оларды бәлу мен бақылау құралдары ретінде пайдалануы тек адамша іс-әрекет про-цесінде мүмкін, ал ол мүмкіндік мемлекет жасаған бюджеттік ме-ханизм арқылы іске асырьшады.

Бюджеттік механизм, бюджеттік саясатты шынайы түрде іске асырушы болып, бюджеттік қатынастарды нақты түрде эконо микалық және әлеуметтік сауалдарды шепгуге бағытталады. Бұл арада бюджет іс-әрекетінің объективтік және субъективтік жақта-рьшың арасындағы арақатынасты дұрыс түсіну қажет, себебі бюд-жеттің және оның функцияларының объективтік сипаты қатынас жүйесіндегі бюджеттің орны мен оның экономиканың даму дең-гейіне тәуелді екенін анықтайды.

Сонымен, бюджет функциялары, дәл айтсақ, бюджеттік салық саясаттың функциялары қорытынды түрде келесілерді қүрайды:

а) нарықтан тыс қызмет көрсету (қоғамдьщ сипаттағы қызмет-
тер: білім беру, денсаулық сақтау, қорғаныс және т.б.),

ә) кірістерді қайта бөлу (салықтар, трансфертер, субсидиялар және т.б.),

б) мемлекеттік реттеу (монополияға қарсы реттеу, еңбекпен
қамтамасыз ету және т.б.),

в) мемлекеттік бақылауды іске асыру (сыртқы бақылау, ішкі
бақылау).

Мемлекеттік бюджетті, жалпы басқа да экономикалық категориялар секілді мемлекет белсенді түрде болашақ және ағымды әлеуметтік-экономикалық міндеттерін нақты шешуде пайдаланады. Мемлекет бюджетті өзінің ұйымдастырушылық функциясын іске асырудың маңызды қүралы ретінде қолданып, оны экономиканы басқарудың әсершіл қүралына айналдырады. Бюджетті экономикалық басқарудың қүралы ретінде пайдалануы мынадай маңызды қасиеттерімен дәлелденеді: ол заң күшіне ие; мұнда қоғамдық өндірістің дамуына бағытталған, оның

тиімділігін жоғарлатуға, қоғам мүшелерінің мүқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған бағдарламалар тікелей көрсетілген.

Бюджеттік қатынастарды пайдалану қүқықтық формада болғандығы оған өте үлкен ұтқырлы және үйымдастырушылық мән береді. Экономикада тауарлы-ақша қатынасс болғандықтан экономикалық пропорциялар екі формада көрініс табады, яғни натуралды-
заттық және құндық (ақшалай). Натуралды-заттық форма қоғамдық өндірістің құрылымдық бөлімдері арасында материалды-техникалық құралдарды бөлуі мен оларды жүмыс күшімен қамтуды,
ал құндық форма ақшалай каражаттарды анықтауды қарастырады.

Ішкі өнім бөлудің ақшалай формасының біршама дербестік болуының салдарынан қоғамдық өндірістің қүндық қүрылымын реттейтін мүмкіншілік болады және ол қажетті экономикалық нәтижеге жеткізеді. Қүндьшық қүралдарды (қаржы, бюджет, несие және т.б.) пайдалану мемлекетке қоғамдық өндірістің қүрьшымын жетілдіру мен экономикалық процестердің тиімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.

Реттеу құралы ретінде мемлекеттік бюджет экономика-ның салалық және аумақтық пропорцияларын жетілдіруде, өндірістен тыс салалардың дамуын реттеуде, қаржы ресурстарын жалпы мүддеге сәйкес қайта бөлуде пайдаланады. Ол еңбек, ақша және материалды ресурстарды пайдалануын ынталандыру, экономиканың барлық тізбектерінде жүйелі бақылауды іске асы-ру мен басқа да әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды шешуге мүмкіншілік береді. Экономиканы басқарудың белсенді құралы ретінде мемлекеттік бюджетті айтуға болады, себебі бюджет негізі — бюджеттік қатынастар қоғамдық ендіріс дамуы мен оның тиімділігін жоғарлату мүдделерінің алуан-алуан бағытында пайдаланады.

Мемлекеттік бюджетті — экономиканы басқару қүралы ретін-де сипаттай отырып, бұл құралдың рөлі объективті алдын ала анықталғанын айрықша айту қажет. Оған дәлел, біріншіден, экономикалық байланыстарды жалпы реттеу нәтижесінде бюджеттік қатынастарды негізгі қаржы қүжат арқылы формада пайдалану, екіншіден, мемлекеттік бюджеттің бәлу табиғаты негізінде оны қоғамдық өндіріске әсер ететін маңызды экономикалық қүрал ретінде пайдалану. Бюджеттің мәні мен ролі оның экономикалық қүрал ретіндегі ерекшілігімен дәлелденеді, яғни ол қоғамдық өнім бөлу саласының кең пайдаланатын қүндық қүралы болып табылады.

Экономиканың дамуына байланысты оны басқару қүралы ретінде бюджеттік бақылаудың мәні ұлғаяды. Қоғамдық өндірістің ауқымы неғүрлым ірі болса, соғұрлым экономиканың өсу қарқыны жоғары, сондықтан ақша қаражаттарын уақытында қалыптастыру мен тиімді пайдалану процестерін бақылау өте маңызды.

Бюджеттің рөлі экономиканы ынталандырушы есебінде ар-найы бюджеттік механизм арқылы іске асырылады. Осы механизмнің арқасында объективтік түрде бар қатынастарды экономиканың даму мүддесінде пайдаланудың мүмкіншілігі болады. Бюджеттік механизм — ол бюджеттік қатынастарды ұйымдастыруға мемлекеттің қүрастырған және пайдаланатын арнайы формалар кешені мен қаржылық ресурстарды қоғамдық іс-әрекет салалары, экономика салалары және елдің аумақтар арасында қайта бөлуді қамтитын әдіс-тәсілдердің жүйесі.

Бюджеттік механизмнің объективтік негізі Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмүнын қүрайтын бөлу қатынастар процестері болып табылады. Экономикалық категория ретіндегі бюджеттің өзінің ішкі қүрылымы бюджеттік механизмнің ішінде әр түрлі тізбектер бар екенін дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттік механизм қүрылымында кірістер, шығыстар, бюджетаралық байланыстар сияқты бюджеттік қатынастар топтары және соларға сәйкес ақша қаражаттарын қайта бөлудің әр түрлі формалары мен әдістерін енгізеді. Сол себепті бюджеттік механизмде бюджеттік қатынастар көрінісінің формаларына тәуелді келесі қүрылымдық тізбектерді бөлуге болады, олар: ақша қаражаттарын мемлекет тарапына жүмылдыратын әдістер; әр түрлі іс-әрекет салаларына бюджеттік қаражаттар беру мен бюджет қалыптастыратын тәртіп пен формалар; ішкі бюджеттік бөлу мен қайта бөлу және олармен маневр жасайтын әдістер.

Бюджеттік механизмнің жоғары айтылған тізбектері өз алдьша сәйкес элементтерден қалыптасады. Мысалы, ақша қаражаттарды жүмылдыратьш бюджеттік механизм салықтық және салықтық емес қаржы ресурстар түсетін әдістермен сипатталады және ездерінің әлпеттерін нақты кіріс түрлерімен (қосымша қүнға салық, акциздер, мүлік салығы жәпе т.б.) іске асырылады. Мекемелер, кәсіпорындар мен үйымдарға бюджеттік қаражаттар жіберу механизмі әр түрлі принциптер негізі мен бюджеттік ақша берудің әр түрлі формарлары арқылы іске асырылады. Қаржы ресурстарын ішкі бюджеттік бөлу мен қайта бөлу механизмі бюджет жүйесінің сәйкестік буындары та-рапьша бюджет қаражаттарыныц белгілі бөлігін бекіту мен бюджет-тік реттеудің әр түрлі әдістерімен сипатталады.

Бюджеттік механизмнің әр қүрылымдық буыны мен элемен-тіне өздерінің орындайтын міндеттеріне сәйкес функционалдық ерекшеліктері тән. Бірақ, бюджеттік механизмнің буындары мен элементтері өздерінің қатыстылы дербестігіне қарамай біртүтас болып қызмет атқарады, яғни барлық қүрылымдық буындар мен элементтердің өзара байланысты әрекеттері бюджеттік механизм-нің бірыңғай іс-әрекеттін қамтиды.

Сонымен, мемлекет экономиканы басқаруда бюджеттік меха-низмді белсенді түрде пайдаланады. Ол әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды бағыттарына ақша қаражаттарының қосылы-мын күшейтуде, сол бағыттарға сәйкес экономиканың салалық және аумақтық қүрылымын жетілдіруде, жалпы барлық ресурстар түрлерін тиімді пайдалануда елеулі рөл атқарады. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет өзінің барлық көрініс және пайдалану форма-ларында экономиканы басқарудың қүралы ретінде болып, қоғам-дық өндіріске қаржылық қүжат, экономикалық түтқа және ьгата түрлерінде интегралды әсер етеді.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.