Мектептен тыс оқыту жүйесі

Толыққанды жеке тұлға дайындау жүйесіндегі институттар ішінде мектептен тыс білім беру орындары маңызды рөл аткарады. Осы орындарда көптеген жылдар бойы жастарды мәдениетке тарту, жеке шығармашылық мүмкіндіктері мен дарынын дамыту жолға қойылған.

Бүгінгі танда өздігінен жұмыс істей алатын, білімін терендете білетін, өмірде өз орнын табуға құлшынатын жастарды дайындауға сұраныс өте зор. Осы мақсаттарды іс жүзіне асыру үшін тәрбиелеу мен оқытудың жаңа түрлері меп әдістерін табу қажет. Осындай білім беру үрдісінің негізінде өз мүмкіндіктерімен, қажетілігімен және мүдделерімен жеке тұлға тұруы керек.

Қазақстан Республикасының «Білім беру» Заңының «Дамыту жолындағы оқыту бағдарламасы» туралы 12-бабында мектептен тыс оқу орындары жұмыстарының негізгі бағыттары белгіленген. Мектептен тыс білім берудің негізгі мақсаты мыналар: -6 жас пен 18 жас аралығындағы жастарға жеке тұлға ретінде дамуына, денсаулықтарын шынықтыруына, кәсіби жағынан өз жолдарын дұрыс тандауына, шығармашылықпен еңбектенуіне қажетті жағдайлар жасау; —оларды қоғам өміріне машықтандыру; -жалпы мәдени деңгейлерін қалыптастыру; — бос уақыттарын пайдалы да мағыналы өткізуді ұйымдастыру.

Мектептен тыс білім беру орындары баланың ақыл-ой деңгейінің дамуында, мүдделерін қанағатандыруда, кәсіби өзін-өзі анықтау қабілетінің артуында, жасөспірімдерді тәрбиелеуде үлкен орын алады.

Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруға педагогтар ұжымының даму стратегиясы мен тактикасында басшылыққа алатын негізгі идеясы — жастардың шығармашылық өсіп-өркендеуі. Әрбір баланың дарынды болуы үшін педагогтар мен ата-ананың негізгі мақсаты — баланың қабілетін арттыру.

Балалар мектептен тыс білім беру орындарын өздері еркін тандайды. Мектептен тыс білім беру орындары балалардың отбасында, басқа орындарда олардың тәлім-тәрбиесін алдарына қойған мақсаттарына сәйкестендіре, жаңа әдістерді пайдалана отырып терендете тұсуі қажет.

Мектептен тыс білім беру орындарында үш түрлі мақсат көзделеді. Олар: -үйрету; -шығармашылық өсулеріне жағдай жасау, —өз мүмкіндігін дұрыс пайдалануына көмектесу.

Балаларға қосымша білім берудің орта мектептегі білім беруден ерекшелігі, баланың аңсары ауған құбылыстарды терең өрі тез меңгеруіне көбірек көңіл бөлетіндігінде. Бұл орайда баланың қызығуы оның кейбір қабілеттерін анық көрсетеді. Балаға қосымша білім беруді оның негізгі білімінің, әрі көсіби бағыт алуының «келешекке қадамы» деп қарастыру дұрыс.

Қосымша білім беруді түрлендіру білім беру жүйесіндегі өзгерістермен тығыз байланысты. Қазіргі танда жастарға бұрынғы ескі үйірмелерден айырмашылығы бар жаңа бағдарламалар жасау қажеттілігі туындап отыр. Ондай бағдарламалар дарынды балалардың шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуындағы қажеттілігі, мүмкіншілігінің молдығы, қабілеттілігі сияқты қасиеттерін ертерек дөп басып табуға бағытталуы қажет. Ол бағдарламалар балалардың жас ерекшеліктеріне сөйкестендіріліп, әр түрлі жұмыс түрлерін қамтуы шарт.

Республикадағы мектептен тыс білім беру орындарында балалардың дарындылығы мен даму деңгейін анықтайтын айрықша білім беру технологиясы жинақталған. Дарынды балалардың өз ерекшеліктерін ескеретін жаңа бағдарламалар қалыптасқан: — жеделдетіп дамыту бағдарламасы — баланың дүние тануға ұмтылысы мектегггің білім берудеңгейінен артып кеткен жағдайда жеке пәндерге, құбылысқа деген қызығуын, іс-әрекеттің мазмұны мен әдістерін тез игеруін қамтамасыз етеді; -тәжірибе мен білімнің әр саласының мазмұнымен толықтырылған интегративтік (байытылған) бағдарлама.

Бағдарлама бірдей жастағы және әртүрлі жастағы балалардың біріккен ұйымдарында іске асырылады. Бұл жерде білім берудің үш сатылы жүйесі тиімдірек болып саналады.

  1. Үйірме жұмысы.
  2. Қосымша білім беру және ғылымды терендете оқыту.
  3. Тәжірибелік және ғылыми зерттеу жұмысы.

Мектептен тыс білім беру орындарының ұжымдары өздерінің ережесіне сәйкес өз іс-әрекеттері негізінде әздігінен бағдарлама жасайды. Бағдарламада оқушылардың мүддесі, қабілеті, отбасының, білім беру орындарының қажеттілігі ескеріледі.

Сондай бағдарламаға сәйкес мектептен тыс білім беру орындарының мынадай құрылымы ұсынылады.

  1. Оқушылардың Кіші Ғылым академиясы республиканың барша оқушыларын қамтиды. Оның өз Ережесі, Жарғысы бар. ОҚҒА жыл сайын ғылыми-практикалық мәслихат өткізіп тұрады. Мәслихатта балалар өз ғылыми жұмыстарының қорытындысы жайында ғалымдар мен мамандардан құралған әділқазылар алқасы алдында баяндамалар жасайды. Онда жұмыстардың қорытындысы шығарылып, өте жақсы орындалған жұмыстар марапатталады және баспасөзде жариялануға жіберіледі. Іріктелініп көзге тұскен ОҚҒА-ның мүіпелеріне еліміздщ жоғары оқу орындарына тұсуге жеңілдік қарастырылады.
  2. Бастапқы кәсіби мамандыққа дейінгі даярлық. Бұл ертеректе мектептерде өтетін оқу-өндіріс комбинаітары сияқты балаларға мамандық таңдауына, сол бойынша білім алуына мектеп қабырғасында мүмкіндік береді.

Мектептен тыс білім берудің мектептегі оқу-өндірістік комбинаттарынан айырмашылығы, ол оқушыларға мамандықтың түрлерін кеңінен ұсынады және оқудың аяғында куәлік-сертификат береді.

  1. Мектептерге көмек орталығы. Мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарымен бірлесе отырып, бай техникалық құралдармен жабдықталған орталықтарда әр түрлі семинарлар өткізіліп отырады. Әртүрлі оқыту әдістемелерін даярлауды кездейді. Ғылымның әр саласында тошық олимпиадаларға, математикадан және физикадан халықаралық турнирлерге қатысу көзделген, ғылыми мекемелерде қазіргі заманғы өзық техника мен технологияны оқу процесінде пайдалануға мүмкіндік мол. Мысалы, обсерваторияда астрономия пәнінен сабақтар жүргізіледі.
  2. Сырттай оқытатын мектептер жалпы республика көлемінде оқушыларды көптеп қамтиды. Тұрған мекен-жайына қарамастан оқушылар химия, астрономия, математика, тарих пәндерімен терең шұғылдана алады. Оқу процесінің интернет жүйесімен қамтылуы оқудың бұл түріне кең жол ашады.
  3. Үйірмелер, клубтар, шеберханалар — оқушылардың мүддесіне сәйкес жұмыс істейтін ең көп тараған түрлері.

Мектептен тыс оқыту жүйесінің болашағы зор. Жастардың шығармашылығьш дамытып, қабілетін аіпуға ыкпал жасайтын бұл жүйенің аса мол мүмкіндігі ғылым мен техниканың дамуы, қоғамдағы әлеуметтік қатынастардың жетілуімен бірге кеңейе тұседі.

 

4.2 Тарих пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен

негізгі белгілері

Мектепте пән бойынша жүргізілетін сабақтан тыс оқу-тәрбиелік жұмыстары сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыстар деп аталады. Тарих пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардын, алдына кешенді міндеттер қойылады. Ол міндеттер ең алдымен оқушылардың сабақта алған білімдерін терендету және кеңейту, соның негізінде олардың пәнге деген қызығушылығын оятып, таным процесін қызықты етіп ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыстарда тұлғаның азаматтық, еңбексүйгіштік, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарау, өзара көмек, төртіптілік сияқты қасиеттерін тәрбиелеуге баса назар аударылады. Ал тарих пәнінен сынақгар жүргізу барысында оқушылардың кітаппен, анықтамалық әдебиетпен жұмыс істеу, кітапқа сын пікір жазу, реферат дайындау, дерек көздерінен жинақтаған материалдарды қорыту, көшліліктің алдында хабарлама, баяндама жасау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік мол. Демек, сыныптан тыс жұмыста білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттері шешімін табады. Бірақ сабаққа қарағанда бұл жұмыс түрі басқа материалдармен және басқа жолдармен іске асады. Сондықтан да тарих пәні бойынша сынып­тан тыс жұмыстардың өзіндік ерекшелікгері болады. Олар мынадай:

Біріншіден, сабақ уақыты реттелген міндетгі оқу түрі болса, сыныптан тыс жұмыс ерікті сипат алады және оны өткізудің уақытын мұғалім белгілейді. Сыныптан тыс жұмыстың еріктілік сипаты оқушылардың әрекетін қызығушылығы, қабілеті, дербес бейімділігі, танымдық бастамашылығы мен дербестігі бойынша ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Екіншіден, сабақ мазмұны мемлекеттік стандарт, бавдарламамен белгіленсе, мұғалім сыныптан тыс жұмыстың мазмұнын тандауда біршама еркін болады.

Үшіншіден, жұмыстың көптеген түрлерін қолдану барысында оқушылардың психологиялық және жастық ерекшеліктерін есепке алуға қолайлы мүмкіндік туады. Төменгі сыныптарда ойын жағдайы, драмалау элементтері, ал жоғары сыныптарда ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиеттермен дербес жұмыс жасау түрлері қолданылады.

Төртіншіден, зерттеу жұмыстарының элементтерін (мұражай, мұрағат, кітапханалардағы жұмыс) қолдану барысында оқушылардың ақыл-ой, практикалық дағдыларын қалыптастыруға кең мүмкіндік ашылады.

Бесіншіден, сабаққа қарағанда сыныптан тыс жұмыстарда өмірмен байланыс тығыз іске асады және оқушылардың қоғамдық пайдалы әрекеті (тақырыптық көрме ұйымдастыру, дәріс, хабарлама оқуы т.б.) түрлене тұседі. Сонымен бірге ерекшеліктеріне қарамастан сабақ пен сыныптан тыс жұмыстар өзара тығыз бай-ланысты. Қазіргі уақытта сыныптан тыс жұмыс оқытудың құрамды бөлігіне айналып кетті, бұл жердегі басты мәселе педагогикалық процесте оның ара жігін ажыратып қолдануға байланысты болмақ.

Сыныптық және сыныптан тыс жұмыстардың табиғи тұтастығы олардың екеуінің де бір міндетті шешуге мүдделілігінен туындайды. Сабақтан тыс кезде қызықты тарихи деректерді оқып-үйрену оқушылардың білімін байытып, олардың көзқарасын қалыптастырьш, сабақ мазмұнын жан-жақты игеруіне кемектеседі. Сыныптан тыс іс-шараларда сабақтың мазмұнын саналы түрде игеруде қолданатын оқудағдылары қалыптасады.

4.3 Сыныптантыс жұмыстардың мазмұны мен түрлері

Мұғалім алға қойған педагогакалық міндетгерді іске асыруы үшін тарих пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен түрлерін жетік білуі тиіс. Сыныптан тыс жұмыстар мынадай екі бағытта жүргізіледі:

а) сабақ барысында игерген тарихи білімдерді кеңейту және тереңдету;

ә) өлкетану материаддарын оқып үйрену.

Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны тәрбиенің бағыттарымен тығыз байланысты. Әр бағыттың мақсатына сәйкес сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны таңдалады. Мысалы, адамгеріпілік тәрбие беру бағытында тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін оқып-үйренуге көңіл бөлінсе, дүниеге ғылыми көзқарас қалыптастыруда қоғамның саяси-экономикалық даму зандылықтарын игеруге көмектесетін тәсілдер қолданылғаны орынды. Осы сияқты эстетикалық, діни тәрбие беру, дене тәрбиесі мен еңбек дағдыларын игеруде де өзіндік ерекшеліктерге сай сыныптан тыс жұмыстардың мазмұнын ашатын жұмыс түрлерін таңдауға болады.

Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны мен түрлері өзара тығыз байланысты болғанымен олардың ішкі үйлесімділігін ескере отырып жұптаған орынды. Мазмұн мен түр тұтасып, бір мақсатқа қызмет етуі тиіс. Сыныптан тыс жұмыстардың түрі сан алуан, олар оқушыларды сан жағынан қамтуымен ерекшеленеді де бұқаралық және жан-жақты (кеш, мәслихат, митинг), топтық немесе үйірмелік (үйірме, секция жұмыстары), дербес (жеке оқушының баяндама дайындауына көмек жасау) болып бөлінеді: ал ұзақтығына қарай: бір немесе бірнеше оқу жылы бойында жүргізілетін жүйелі жұмыстар (үйірмелер, сыныптан тыс оқу, мұражай жабдықтау және сонда жұмыс жасау) және эпизодтық (қызықты адамдармен кездесу, саяхат, шеру, тарихи қабырға газетін шығару) жұмыстары болып бөлінеді.

Сыныптан тыс жұмыс түрін таңдағанда мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктерін қатаң есепке алуы тиіс. Мысалы, қызықты тарих кеші Ү-ҮІІІ сынып оқушыларына қолайлы болса, жоғары сынып оқушылары үшін конференция, «дөңгелек стол» түрлерін қолданған тиімді.

Сыныптан тыс оку. Балалар өмірінде кітап оқу аса маңызды рөл атқарады. Тарих пәнінен сыныптан тыс оқу — оқушылардың бағдарламада белгіленген, оқулықта мазмұндалған міндетті білім шеңберіндегі тарихи тақырыпта жазылған әдеби және ғылыми-көпшілік әдебиеттермен оқып танысуға арналады. Ол оқу оқушылардың тарихи дәуір туралы ұғымын қалыптастырып, олардың ой-өрісін кеңітуге, өздігінен білім алу дағдыларын меңгеруіне ықпал жасайды. Сыныптан тыс оқудың міндеттерін іске асыру үшін үлкендер тарапынан мақсатты басшьшық қажет. Бұл жұмыстағы мұғалімнің басшылығы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең — кітапты насихаттау, екіншісі — оның мазмұнын игеруге басшылық жасау. Мұғалімнің ой-өрісінің кендігі мен әдістемелік шеберлігіне байланысты әр кезеңде ұйымдастырылатын жұмыс түрлері, әдістері түрленіп отырады.

Бұл бағытта оқылған кітап бойынша ауызша жорнал жүргізу; жоғары сыныптарда оқылған кітапқа пікір жазу; пікірталас ұйымдастыру сияқты жұмыс түрлерін ұйымдастыру маңызды.

Саяси аппарат алмасу бойынша барлық пән мұғалімдері соның ішінде бәрінен де кобірек тарихшы мұғалімдер тәрбиелік шаралар ұйымдастырады. Оның міндеті — оқушылардың қазіргі заманғы саясатқа деген қызығушылығын оятып, саяси ақпаратгар ағынынан қорытынды жасай алу дағдыларын қалыптастыру, сол арқылы кепшіліктің алдында сөйлеуге дағдыландыру. Соңғы жылдары теледидарда көрініс тапқан «XXI ғасыр көшбасшысы», » Азамат» бағдарламалары мектеп практикасында да кең қолданыс табуда.

Тарих үйірмесі — сыныптан тыс жұмыстардың жүйелі түрлерінің қатарына жатады. Ол оқушылардың тұрақты құрамымен ұзақ мерзімде терендей жұмыс жүргізуге арналады.

Үйірмелер белгілі бір қағида бойынша құрылады. Олардың табысты жұмыс істеуі үшін бірқатар шарттар сақталуы тиіс. Ол шарттар — мұғалімнің жетекшілік рөлі, жұмыста еріктілік пен мүдделілікті сақтау, оқушылардың дербес зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жұмыстың жариялылығы, пайдалылылығы. Үйірменің жұмысы үшін міндетті түрде бүкіл мектеп алдында есеп берілуі тиіс. Әдетте, үйірменің өз атауы, өз жарғысы, әнұраны, мүшелерінің төс белгісі, басқа да рөміздерінің болғаны жөн. Бұл жағдай оқушыларды ұйымшылдыққа, ынтымаққа тәрбиелейді.

Тарихи кештер мен олимпиадалар — сыныптан тыс жұмыстардың маңызды түрі. Жұмыстың бұл түрінің мазмұнына ғылыми негіз қаланып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай танымдық (көңіл көтеретін емес) мүдделер қамтылса, ол білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешіп, оқушылардың бастамашылығын арпырады.

Тарихи тақырыпта викторина, түрлі кештер ұйымдастыру кеңестік мектеп жүйесінде өте кең қолданылған. Оған қатысты аса мол тәжірибе жинақталған. Олар қазіргі кезде де танымдық, тәрбиелік маңызын жойған жоқ.

Тарих бойынша пәндік олимпиадалар өткізу қазіргі білім беру жүйесі қызметінің нәтижелерін анықтайтын басты өлшемдердің біріне айналған. Мектептен басталып республикалық, халықаралық деңгейге дейін өткізілетін пәндік олимпиада оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың тарихи білімді меңгеруіне ықпал жасайтын аса тиімді жұмыс түрі. Ол жұмыс түрінің мүмкіндігін оқу-тәрбие процесінде барынша ұтымды пайдалану үшін тарихшы мұғалім дербес шығармашылық жоспар бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыра алуы тиіс.

Бірінші кезенде мұражай Кеңесі құрылып, тақырыптық жоспар бекітіледі. Екінші кезенде экспонаттар жинақталып, экспөзиция жасалады. Үшінші кезеңде мұражайдың өзінде жұмыстар атқарылады. Ол жұмыстар саяхат жүргізушіні дайындау, саяхат жүргізу, экспозицияны сабаққа пайдалану, кездесулер ұйымдастырып, қорды толықтырудан тұрады. Мектеп мұражайын жабдықтаудың ең басты бағыты тарихи өлкетану болуы тиіс. Бұл жағдай оқушылардың тарихи танымын қалыптастыруда күнделікті көріп, естіп жүрген өлке деректерін кенінен пайдалануға мүмкіңдік береді.

Сыныптан тыс жұмыстардың аталған түрлерін іске асыруда мұғалімнің атқаратын қызметі оте зор. Оның басшылығымен оқушылардың жұмыстары шығармашылық сипат алып, жемісті бола тұседі.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.