Ұлы Жібек жолы және оның маңызы шығарма

Қазақстан жеріндегі халықтардың экономикалық өмірінде сауда орасан зор рол атқарды. ҮІ-Хғғ халықаралық саудада Ұлы Жібек Жолының зор маңызы болды. Бұл жол Шаштан Газгертке, одан Испиджабқа жетті, одан әрі керуендер Тараз қаласына беттеген. Жібек Жол Тараздан терістікке қимақтарға қарай Адахкент , Дех-Нуджикент Қалаларын басып өтті. Тараздан Жібек Жолымен төменгі Барысханға, Құланға, одан әрі Меркеге және Аспараға қарай шұбыры жолшыбай бірнеше қалаларға соғып, Бедел мен Ақсудан асқан керуендер Шығыс Түркістанға барып жеткен. МАңызды сауда жолдарында керуен сарайлар, жолда құдықтар мен су қоймалары орналасқан өзендерге көпірлер салынған. Қалаларда сауда орны, ірі базарлар болған. Орта Азиядан шыны асыл заттар, көп қолданылатын өнер бұйымдары ,жылқы малы шығарылып, Қытайдан жібек, фарфор, керамика әкелінген. Шеттен әкелінген бұйымдар- меруерттер, лазуриттен, маржаннан жасалған немесе солармен әшекейленген заттар. Қымбат тұратын жібектердің таралуына сақтар мен скифтердің көшпелі тайпалары қатысқан, сол кездегі ғажайып товар Орта Азия мен жерорта теңізі өңіріне солар арқылы жеткен. Талас аңғарында Жібек Жолының бойындағы бірінші қала Жувикат болатын, одан өткен  соң Таразға барған. Жібек Жолы бастапқыда қытай жібегін Батыс елдеріне шығаруға қызмет етті. ӨЗ кезегінде, онымен Римнен, Үндістаннан, Ираннан, Арабхалифатынан осы елдерде өндірілетін товарлар тасылды. Бұлар жасмин суы клемдер, маталар, бояулар, шикіізат, піл сүйегі, құйма күміс, сом алтын т.б заттар. Алайда сауда жасалатын негізгі зат жібек болып қала берді.ҮІ-ХІІғғ Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Испиджаб,Тараз сияқыт қалалар бой көтерді. Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек Жолы арқылы сауда жасасып байланысын үзген жоқ бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалаларының бірі Испиджаб болды. Оның толық сипаттамасын Әл-Макдиси берген. Испиджаб ірі қала. Оның рабадымен тұратын мединасы бар. ҮІ-ХІІғғ. Тікелей сауда орталығы ретінде мәлім болған Испиджабта товардың көптерген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Қазақстандығы Сырдарияның бойына орналасқан ірі қалалардың бірі Отырар. ҮІІ-ҮІІІғғ. ОтырарШахристаны мұнаралары бар дуалдармен қоршалған.Қазақстанға белгілі болған Орта.ғас-қ қалалардың бірі Тараз. ҮІІғ Тараз Ұлы Жібек Жолындағы ірі мекенге айналды. Х-ХІІғғ Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін  салынған моншасы болған. ХІғ. Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда ХІІғ. Аяғында Ахмет Ясауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады. Сырдариядағы ірі қала Сығанақ. Қазақстанның Солт. Мен Сол.Шығысына баратын керуен жолының қиылысында орналасқан. Ол ХІІғ. Қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Х-ХІІғғ. Орта Азия мен Қазақстанда жоғарыда айтылған кенттерден басқа жаңа бірқатар қалалар-Қарашоқы, Қарнық, Асанас, Баршакент т.б пайда болды.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.