Ұлы жүз қазақтарының Қоқан хандығының езгісіне қарсы күресі

Ұлы жүздің өзіне қосылған аудандарын басқару үшін 1848ж. Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын ″Үлкен Орданың приставы″ лауазымы белгіленді. Ұлы жүздің оңтүстік аудандары әлі де Қоқан билігіне қарайтын, ол Хиуа хандығы секілді қазақтар мен қырғыздардың езуін күшейтті. Әбден ашынған қазақ мал өсіруші шаруалар мен егіншілері Хиуа мен Қоқан феодалдарына қарсы күреске талай рет көтерілген. 1858ж. наурызда Әулиеата мен оның төңірегінде көтеріліс бұрқ ете түсті, көтерілісшілер Тоқмақта, Әулиеатада, Шымкентте т.б. жерлерде орналасқан әскери бекіністердегі қоқандық горнизондарды қоршауға алды. Қазақ пен қырғыз шаруалары тізе қоса шайқасты.Сол жылы мамырда көтерілісшілер Созақ, Меркі, Шолаққорған қамалдарын алып, Жаңақорған мен Түркістанды қоршады. Қазақтардың қоқандық, феодалдық езгіге қарсы 1858ж. күресі өзінің сипаты жағынан халық-азаттық көтерілісі болды. Іле сырты өлкесін қоқан билігінен азат етіп, Қазақстанды толық отарлау арқылы империяның оңтүстік шекарасының ортаазиялық эмираттармен шектесуіне қол жеткізу паршалық самодержавиенің аса маңызды кезекті міндеті еді. 1857ж. Әулиеата мен Шымкент өңірінде қазақтар мен қырғыздардың Қоқан езгісіне қарсы бірлескен көтерілісі болды,ол асқан қаталдықпен жанышталды. Орыс жасақтарының Оңтүстік Қырғыстанға сұғына енуіне қолайлы жағдай қалыптасты. 1859ж. Ұлы жүз бен Солтүстік Қырғыстанның шекаралық ауданында Қастек бекінісі тұрғызылды. Осы жерден орыс әскерлерінің Шу аңғары арқылы қоқандық бекіністер-әулиеата, Шымкен пен Ташкентке қарай ілгерілеуі басталды. 1863-1864ж-ры полковник Черняевтың жасақтары Түркістанды алды, сөйтіп Жаңа Сібір мен Сырдария шептері қосылды. Ұлы жүзді Ресейдің жаулап алуы осылай аяқталды.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.