Легионшылардың соғыс қимылдарына қатысуы

Шығыс легиондарының құрамында Түркістан легионы да соғыс қимылдарына қатысты. Гилязов зерттеулеріне қарағанда 1942-43 жылдары  Кавказда герман әскерлері құрамында алты түркістандық, бес әзірбайжан, төрт грузин, екі армян боталондары қатысты.   Олафа Каро мәліметтерінде үш түркістандық батальон Сталинград бағытындағы шабуылға қатысуға қабылданды.Алайда соғыс қимылдарында коптеген легионерлер қайтыс болды.,ал алты батальон соғыс аяғында  берлин қорғанына енгізілді

1943 жылыдың көктем мен жазында Украинаға әзірбакйжан, волжско-татарлық , грузиндік  және түркістандық батальондарды партизандық қозғалыстарға жұмылдырды.1943 жылдың тамызында  Львова районында жалпы шығыс легионерлері 31 мыңды құрады. Олар ашық түрде қарсыласып партизандық қозғалыстарға  күшейтілген ықпалмен «жау насихатын » қызметін атқарды.

1943 жылдың 29 қыркүйек айында Гитлер  шығыс легиондарын  Францияның оңтүстік  Маийо қаласына жұмылдыру туралы бұйрығын жариялады.

Соғыстың  алғашқы кезеңі  Кеңес армиясы үшін  өте сәтсіз  болғаны шындық.  Неміс әскерлерінің  ілгері жылжуы  кейбір жерлерде  тәулігіне  60 шақырымға  дейін жетті. Мұның өзі сайып келгенде, біздің  жауынгерлер мен офицерлерді  рухани жағынан  әлсіретіп, аса  ауыр жағдайға  душар етті.  КСРО -дан  бұл соғысқа  32 миллион  адам қолына  қару алып қатысқан  болса,  солардың  5 миллион  734 мың  528-і тұтқынға түсті.  Мұның сыртында  Қорғаныс министірінің  Подольск қаласындағы  архивінде хабарсыз  кеткендердің  2,5 миллион кітапшасы  сақтаулы тұр.  Неміс статистикасында  280мың  адамның лаәгерлерде  қырылғаны және 1 миллион  30 мың  157 адамның Германияның  зауыттарында, шахталарында  азапқа шыдаай қашу  үстінде атылғаны тіркелген.  Германияның  еңбек министірі  Шпеер  1944 жылы  500 мың  адамның  лагерьден  қашып кеткендігін  мәлімдеді.

Батыстағылар тұтқынға  түскендердің мұншалықты  қырылуына фашистік  өшпенділіктің салдарымен  бірге сталиндік  қатігез жүйенің  себеп болғандығын  атап көретеді. Оған бұлтарыс дәлелдер де бар.  Егер тұтқынға түскндерді  Сталин “сатқындар” деп бағаламай,  оларға Халықаралық  Қызыл крест арқылы  азық түлік жіберткенде ең кемі жартысын  ажалдан құтқарып  қалуға  болары сөзсіз ді.

1941 жылдың тамызында Гитлер  Хаммерштадтағы  кеңес әскери тұтқындары  орналасқан лагерьге  Қызыл Крест  делегациясының  баруына рұқсат етті. Содан кейін делегация  мүшелері Сталиннен  тұтқындағы  кеңіес адамдарына  азық түлік  жіберутуін өтінді.  Алайда, Сталин бұған келіспей, адамның халықаралық  құқығына  қарсы шықты.

Халықаралық құқықтың: “Соғыста  тұтқынға түсу – қылмыс емес. Қолға түскендер – бақытсыздар қатарында  қамқорлыққа алынуы  тиіс” — деген талабын  орындаудан бас тартты. Бұл басқалар үшін де  бұлжымас  заңға айналып  кетті,  оған қоса Сталиннің  атышулы  № 270 бұйрығы бойынша  қылмысты  әрекеттерге жол берілді.

Ақылға салып көрелік.  Соғыстың алғашқы жылында  әскери техникамыздың нашарлығынан, тапшылығынан, білімді де білікті қолбасшыларымыз       дың  жазықсыз репрессияға  ұшырауынан, соғысқа жөнді дайындықсыз  кіріскен жауынгерлерге басшылық  жасайтын офицер кадрлардың  жетіспеуінен  фашистерден ойсырап жеңілгеніміз  тарихи шындық. Олай болса, 1941 жылы  жылдың  аяғына қарай  тұтқынға түскен  3,8 миллион жауынгер, офицер,  саяси  қызметкерлеріміз  не үшін  айтылмақ оларды  қандай негізде “сатқындар ” қатарына қосуға тиіспіз?

Гитлер соғыстың бастапқы  кезінде  кеңес тұтқындарынан  кеңес үкімтіне қарсы  күресетін әскери  бөлімдер құру  ұсыныстарын мүлдем қаьылдамады.  Дегенмен,  майдандағы неміс әскерлері  үшін қолыйсыз  жағдайлар Гитлерді  ойландыра бастады.  Генерал  Власовтың  немістер жағына шығуы, тұтқындағы  Қызыл  Армияның  коммандирлері мен  жауынгерлерінің “большевиктерге  қарсы өткізген  1 – конференциясы ” орыс тектес жауынгерлерден  құрылған “Орыстың азаттық әскерінің”  нақты  пайда болуы Гитлерді әбіржеткен  секілді.  Ол  бұл әрекеттер  орыс мемлекетін  (немесе саяси орталығы ) құрудың бастамасы болады  деп санады.

“Қауырт соғыстың”  күйреп сәтсіздікке  ұрынуы және  совет герман  майданындағы  аса ірі шығындар Гитлердің, оның сыбайлас тобын  қосымша резерв іздеуге мәжбүр етті.  Аз ұлттардың тұтқындарынан  “болшевиктерден және  орыстардан азат ету ” ұранымен  “легиондар ” құру жөнінде шешім  қабылданды.  Бірте бірте  “шығыстық ” құрылымдар, түрік тектес ұлттардың  легиондары құрылып, құрылыс аламандары, эскадрондары пайда болды.  1941 жылдың  30- желтоқсанда  Кавказ мұсылман легионы,  грузин және армиян  легиондарын  ұйымдасты.  Кейіннен оған терістік  Кавказ және  әзірбайжан легиондары, ал  1942 жылдың  ортасында  Қырым және Еділ  бойындағы таратарлардың легиондарына қосылды.

Олармен бірге  орыс – казактары  мен калмактар да  өз бөлімдерін  ұлттық комиттеттерін  құрып, Розенбергтің  Шығыс министірлігімен  ұдайы байланыс жасап  тұрды.  Легиондарда  ұлттық конгрестер  өткізіліп,  өздерінің үкіметтерін  құруға дейін  сөз болды.  Әрбір легионның  ұлттық жалауы  айырым белгілері болды, киімдеріне дейін  бір біріне ұқсамайтын. Гитлердің  бұйрығы бойынша  әрбір ұлттық құрылым  батальон  құрамынан  аспауға  және неміс  дивизиялармен  барлық уақытта  тұрақты байланыс жасап  тұруға тиісті болатын. Батальондар  герман әскери барлау  жетекшісі адмирал Канаристің  басшылығымен  қимылдады.

1941 жылы қыркүйек айы немістің  бас командиваниесі  полковник Пон Тресковаль  кеңестерге қарсы  күрестің  200 мыңдық  орыс әсерін құру  жөніндегі  ұсынысы  қабылданды.  1943 жылдың басында  “шығыстық”  құрылым саны  176  ауламанға (батальонға)  38. ротаға жетті. 1941 жылдың  күзінде  Гитлер шығыс Пруссияға келген  кезінде генерал  Эркилет  ұсынысын мақұлдап, сол жылы қарашада  Түркістан легионын құруға  шешім қабылданды, оны сақтау  162- ші жаяу  әскерге  қосылу (дивизия)  штабына тапсырылды.

1942 жылы  сәуірдің аяғындагенево қалашығындағы тұтқындар  лагерь алаңына  сапқа тұрғызып олардан ештеңе  сұрап жатпай  “Бүгіннен бастап  сіәздер “Түркістан  легионына”  қызмет етуге  бірің қалмай  тіркелесіңдер”  деп бұйырды. Саптағылардың алдында  мұсылман комитетінің  “көсемі”  Уали Каюм  қатынастырлды  және ол өзін  Орта Азияның  “фюрері” деп жариялады. Сапты түгендеп,  аралап болған соң  Кеңес үкіметіне қарсы  рухта сөз  сөйлеген.  Оның сөзінен біздің  ьұл ісімізден  бас тартатын немесе  қарсыласаитын болсаңдар, аяушылық болмайды  деген сыңай  аңғарылды.

Тұтқындағылар  амалсыз “көнген” болды. Уали -Қаюм енді  сөздің тұөтесіне көшті.  Ол:  “Біздің басыты дұшпанымыз – орыс большевиктері деп мәлімдеді.- Большевиктермен күресте бізге  неміс ұлтының социолистері  ғана  көмектеседі. Орыстарды тізе бүктіргеннен кейін  сіздер біртұтас  түркістан мемлекетін  басқаратын боласыздар” — деп  жарылқап тастады.

Сол жиында неміс әскерінің  капитаны  Эрник тұтқындарға Герман  армиясы  мен  бірге өз отандарыңызды большевиктерден  азат етуге тиіссіздер  деп ауыр міндет қойды.

Түркістан легионы  Варшавадан  18 шақырым жердегі  Легиондар қалашығында жасақталды.  Құрамында өзбектер, қазақтар,  қырғыздар, қарақалпақтар және басқа ұлттар  болды. Гитлершілдер  легионды идеалық  шынықтырудан өткізе бастады.  Геббельс  насихатты мұсылманды діни рухта  тәрбиелеуге күш салып, Варшавадағы  мұсылман  мешітінен  аптасына  бір рет  молда шақырып тұрды. Молда арқылы  бұл  “қасиетті” соғыстың большевизмуге  қарсы жүргізіліп жатқандығы насихатталды. “Сіздер  ұлы Түркістанды  көптен күткен  бостандыққа фюрердің туы астында  жеткізесіздер.  Алла тағла сіздерді аңсаған  армандарыңа жеткізсін” деп бата беріп, дұға оқып тұратын болды.

Түркістан легионында  12 батальон  іріктелді,  әрбірінде мыңға дейін адам болды.  Фашистер  олармен  практикалық жаттығулар  жүргізіп жатты.  Легионның құрылған алғашқы  күннен оның ұйымдастыру  жұмысына  1922  жылы Германияға  жіберілген Ташкент  байының ұлы,  Түркістан ұлтық комитетіне  жетекшілік жасаған Уали  Қаюм белсене қатысты.  ол Германияның  Шығыс министірлігінде   қызмет атқара жүріп, Орта Азиялықтарды  кеңес армияиының туында  диверциялық әрекет жасауға  жан тәнімен дайындалды.  Сол үшін де  неміс командованиясы  “Түркістан ұлттық комитетінің”   президенті етіп тағайындады.  Түркістан легионының соғыс қимылдары  1942 жылдың қазан айынан басталды. 2 аламанның жасақшылары  Майкоп қаласына барысымен ақ немістің  97 атқыштар  дивизиясына қосып, 452 Түркістан  легионы болып аталды. Фашистердің Түркістан легионына  Кавказға келісімен  аз санды халықтардың   большевиктерге қарсы қарулы көтерілісі  басталады деген үмітімен  ештеңе шықпады.  15 қазан күні Папоротникова селосының жанында  жасақшылардың басым көпшілігі  кеңес жағына шықтыСоған байланысты  екінші аламанның коммандирі майор Бауманның  да тағдыры шешілді.  1944 жылы Аламанның көптеген жасақшылары коммандирі  Амировпен  бірге Белорус  партизандарына қосылып, ал қалғаны  түгелдей атылды.  Қарамысов бастаған бірінші аламанның жасақшылары 1942 жылы күзде толығымен кеңес әскеріне қосылып оның құрамында жеңіс күніне дейін фашистермен соғысты.  Тұтқынға түскен кеңес жауынгерлері фашистердің барлық азабын көрді. Бірақ мойымады. Тек олардың ойы мен мақсаты  қалай болғандада  фашистер тұтқынынан  қашып шығу болды. 1944 жылы 7 аламанның 100 жасақшысы  өз коммандирі Төлеу Мырзабековпен  бірге Белоруссия жерінде  Кеңес әскері жағына шықты.  Үшінші аламанның жасақшылары басшысы Әлімжан Исинмен  бірге Франция партизандарына қосылуды көздеген еді,  бірақ фашистер сезіп қалып олардың  көпшілігін атты, қалғандарын конслагеге жіберді. Неміс  фашист коммандованиясының легиондарды өзі басып алған  Европа елдеріндегі  Азаттық жолындағы  қозғалысқа  қарсы пайдалану әрекетімен де ешнәрсе шықпады. Керісінше фашистерге қарсы көтеріліспен  аяқталды. Германияның Европа туындағы  партизан отрядтары  көбінесе кеңес тұтқындары есебінен  толықтырып отырылды. Францияда, мысалы,  Кеңестің  30 партизан отряды болды. Неміс коммандованиясының Түркістан легионының үшінші аламанының қалдықтарын партизандармен күресу үшін  Чехословакияға жіберуге мәжбүр болды. Олар бұл ретте де  қатты қателесті.  500 ден астам жасақшылар Словакия  партизандарына қосылып фашистерге қарсы күресті.

1943 жылы мамыр айында жасақталған  162- ші Түркістан жаяу әскерлер  қосыны  мұсылман аламаны ретінде пайдаланылды. Бұл қосынның басшысы  Оскар Фон Нидермауер соғысқа дейін  Берлиндегі стратегиялық институттың директоры болған. 162- ші  қосын “Түркістан” деп аталғанымен онда әртүрлі этникалық топтар болды. Негізін әзербайжандар құрады. 1943 жылы қазан айында  162- ші қосын  Италия соғыс театрына келді. Мұсылман  бөлімшелерінің шығындары Балқан түбіндегі  шайқастарда да тым  азайып кетті. 1944 жылдың көктемінде 60 аламан теңіз жағасын қорғауда  болды.

1944 жылы 26- шы қарашада  Дрезденде “жұмысшы табының” жаннан мұсылман аламандарына діни  насихатшылар  үшін молдалар мектебі ашылды.Мұсылмандардың көпшілігі  аталмыш легионда  қорқаннан  лажсыз қосылды.  Гитлер фашистерінің  бас командованиесінің  Түркістан және басқа аз ұлтты  тұтқындарынан  легион құрғандағы  түпкі мақсатына жете алмағандығы сөзсіз дәлел. Оны неміс және  Европа елдері зерттеушілерінің  дәйектемелері де анықтай түседі.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.