Интенсификация және ауылшаруашылығындағы ғылыми – техникалық прогресс

Аграрлық өндірісті  интенсивтендіру түсінігі, экстенсивті және интенсивті  даму жолдары. Ауылшаруашылығын дамыту екі түрлі формада жүзеге асырылуы мүмкін: саланы дамытудың экстенсивті түрінде өңделетін жерлердің ауданын кеңейту есебінен, сондай-ақ техникалық негізде өзгертілместен табиғи азықтық игіліктер мен жердің табиғи құнарлығын пайдалану есебінен өндірісті өсіру іске асады.

Керісінше, интенсивті даму — өңделетін әрбір гектар жерді пайдаланудың тиімділігін арттыру, ғылыми-техникалық серпіліс жетістіктері негізінде оның өнімділігін көтеру, өндірісте ұйымдастырудың құралдары мен формаларын жетілдіру.

Ауылшаруашылығында ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті және интенсивті формаларын бір мезгілде дамыту, келесі жағдайларда мүмкін:

  • егер өнімнің көлемін арттыру өндірістің интенсивті формасына қарағанда жаңа жерлерді игеру арқылы қол жеткізу еңбек және қорлар шығындарын аз жұмсауды қажет етсе;
  • жаңа жердерді игеруге де интенсификациялау кезінде қол жеткізуге қажетті балама нәтиже үшін талап етілетін еңбек және қорлар шығыны жұмсалатын болса;
  • жаңа жерді игеру ескі егістік жерлерді өңдеуге қарағанда, жоғары интенсивті дәрежеде жүрсе, ал аудан бірлігінен алатын өнім шығыны ескі егістік жерлерге қарағанда жоғары болса. Бұл жағдайда алқаптардың ұлғайуымен бірге оның құнарлылығы түбірлі түрде жақсарады.

Ауылшаруашылық дамытудың негізгі және келешекті бағыты оны интенсификациялау болып табылады.

Ауылшаруашылық интенсификациялаудың объективті алғы шарттарына жататындар:

  • ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамды жерлердің шектеулігі;
  • өндіргіш күштердің тұрақты дамуы, жерді өңдейтін құралдар мен қорлардың жетілдірілуі;
  • дамушы қоғамдық еңбек бөлінісі;
  • қала тұрғындарының өсуі, сәйкесінше ауылшаруашылық өнімдеріне сұраныстың артуы.

Интенсификация айналымға жаңа жерді енгізуді жоққа шығармайды, ол екі жағдайда мүмкін:

  • біріншіден, ауылшаруашылық өнімдеріне өсіп келе жатқан  сұранысты  интенсификация есебінен ғана жабу мүмкін емес;
  • екіншіден, егер егістік алқаптарды ұлғайту  күрделі және ағымдағы шығындардың суммасында  көбірек өнім алуға мүмкіндік берсе.

Сонымен бірге, интенсивті технологияның  қоршаған ортаға мүмкіндік болатын кері әсерін де ескеру қажет. Осылайша, ауылшаруашылық интенсификациялау деп, бір мезгілде  жердің экономикалық құнарлығын өсіру  және қоршаған ортаны сақтай отырып, өндіріс көлемін ұлғайтып және оның тиімділігін көтеру мақсатында, өндірістің техникасы мен технологиясын жетілдіру негізінде  жүзеге асатын, алқаптарға материалдық және тірі еңбек қорларын «қосымша құюды» айтады.

Кез келген «қосымша құюлар» интенсификацияға әкеле  бермейді, тек олардың ішіндегі өндірістің сапалық жетілдірілуімен, жердің құнарлығын арттырумен, аудан бірлігінен өнім шығымын  арттырумен  қатар жүретін «қосымша қорлар» ғана интенсификацияға  әкеледі. Мұндай құюлар, ереже бойынша өндірісті ұйымдастыру формаларын өзгертімен, жаңа техника мен технологияны игерумен байланысты болады.

  1. Ауылшаруашылығының интенсивтендірудің экономикалық көрсеткіштері. Ауылшаруашылық интенсификацияларды қарастырғанда оның екі аспектісін ажырату керек:
  2. Қол жеткізілетін интенсивтілік деңгейі;
  3. Осы процестің экономикалық тиімділігі.

Ауылшаруашылық өндірісін интенсивтендіру деңгейі өндіріс және еңбек қорларының бір ғана өнердің ауданына шоғырлану (концентрациялану) дәрежесін білдіреді. Оны анықтау үшін – жалпы және жеке, құндық және натуралдық көрсеткіштер жүйесін қолданады.

3.Интенсивті дамудың негізгі факторлары. Ауылшаруашылық экономика тиімділігі интенсификация факторларынан едәуір дәрежеде тәуелді. Интенсификацияларының барлық факторларын үш топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа, ауылшаруашылық дақылдарының және мал шаруашылық өнімділігі олардың биологиялық әлеуетін толық пайдалану есебінен жүреді. Жер өңдеуде бұл топқа жататындар: тыңайтқыштарды қолдану, агротехника тәсілдерін жетілдіру,  жоғарғы өнімді өсімдіктердің жаңа сорттарын қолдану, тұқым себу, суаруды жетілдіру, және т.б; Мал шаруашылығында – азықтық базаны жақсарту, тұқымдастық және ветеринарлық жұмыстар малдың күтім жағдайын жақсарту.

Екінші топ факторлары ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге және малды күтуге еңбек шығындарын азайтуды қамтамасыз етеді, оларға ауылшаруашылық  өндірісін  кешенді механизациялау және электрификациялау, ұйымдастыру және еңбек ақыны жетілдіру жатады.

Үшінші топқа өндірістік ресурстарды (жер, материалдық және еңбек) тиімді пайдалану үшін жағымды жағдай, сондай-ақ ғылыми техникалық серпіліс жетістіктерін  игеруді тездету үшін жағдайлар жасау. Бұлардың ішіндегі маңыздылары – мамандандыру, шоғырландырылу (концентрация) және ауылшаруашылық өндірісін кооперациялау, АӨК-дегі меншік және шаруашылық формаларын, экономикалық механизмді жетілдіру, еңбек жағдайын және жұмысшылар демалысын  жақсарту.

Осыған байланысты интенсификацияларының маңызды бағытына  интенсивті, ресурссақтаушы технологияларды қолдану б.т. Ресурссақтаушы  технологиялар тікелей шығындардың, өнімнің және өндірістік процесстердің материал сыйымдылығының төмендеуіне, максималды  өнім мөлшері мен  пайда алуда экологиялық нормаларды қатаң қадағалауға бағытталған. Бұларды сөзсіз  қолдану шарты жоғарғы жер өңдеу ісі, тұқым себу айналымдарын  қадағалау, машиналар мен білікті мамандар жүйесінің болуы.

Ауылшаруашылық өндірісін интенсификациялау басқа бір бағыты – кешенді механизациялау.

Әзірге ауыл шаруашылығы – халық шаруашылығының ең бір еңбек сыйымдылығы жоғары саласының бірі, мұнда қол еңбегінің үлесі жоғары.

Механизацияға, дегенмен, тек тракторлар паркінің және ауылшаруашылық машиналарының көбеюін жатқызуға болмайды. Ауыл шаруашылығына әр түрлі машина қажет. Олар ірі және шағын тауар өндірушілердің (фермерлік шаруашылық және кішігірім  кооперативтер) талаптарына сай келулері керек.

Өндірістік процесті механизациялау деңгейінің артуы еңбек өнімділігінің өсуіне, барлық материалдық ресурстардың пайдалануы жақсартуға ықпал етеді.

Химизация ауылшаруашылығының интенсификациялаудың негізгі шарттарының бірі болып қала береді. Ол ауылшаруашылық дақылдарының және малдың өнімділігінің  өсуіне, өнім сапасының жақсаруына әкеледі, еңбекті үнемдеуге және оның  өнімділігінің артуына ықпал етеді. Мұнда бірден екі бағытты атап өтуге болады:

1.Минералдың тыңайтқыштарды қолдану. Ғылыми — зерттеу институттарының мәліметі бойынша 1ц баланстанған минералды тыңайтқышты себу, қосымша 1,2-1,5 ц. астық, 8-12 ц. қант қызылшасының  тамырларын, 7-10 ц. картоп, 10-12 ц. көкөніс алуға мүмкіндік  береді екен.

2.Алқаптағы  өсімдік  зиянкестерін  жою үшін гербицидтер қолдану. Химиялық өңдеуден кейін 80-90 % зиянкес жойылып, астық өнімділігі орташа есеппен 10%-ға, қант қызылшасы – 15%, көкөніс – 20%-ға артатынын тәжірибелер көрсетіп отыр.

3.Өсімдіктер мен малдарды аурулар мен зиянкестерден қорғау үшін химиялық құралдарды пайдалану ауылшаруашылық өндірісіне  үлкен зардабын әкелуде. Мамандардың есебі бойынша  осы себеппен ауылшаруашылық дақылдарының 20%-ы ысырап болып жатады.

Ауылшаруашылық – интенсификациялауға, сондай-ақ жерді мелиорациялау – суару, құрғату, әктеу, гипстеу ықпал етеді. Мұндай іс-шаралар ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін 1,4-1,8 есе көтеруге және өндіріс тиімділігін арттыруға айтарлықтай ықпал  етеді.

Мал шаруашылығының тиімділігін арттырудың міндетті шарты – тұқымдастыру (племенная) жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру.

Жоғарғы сортты мал отарларын қалыптастырып, оларды толыққанды азықтандырып, жақсы күткен жағдайда бірлік шығынға өнім шығымын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Экономикалық дағдарыс  жағдайында АӨК-дегі экономикалық механизмді жетілдіру, өндірісті ұйымдастырудың  прогрестін формасына өту, еңбектің  жоғарғы өнімділігін ынталандырудың үлкен мәні бар. Ауылшаруашылық интенсификациялау мамандандырылған кәсіпорындарда сәтті жүзеге асады, себебі оларда ғылыми — техникалық серпілістің жетістіктерін өңдеуге жағымды жағдай жасалған.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.