Инновациялы инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау

XX ғасырдың соңғы жылдарында программалық өнімдер нарығында инновациялы инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалайтын бірқатар программалар пайда болды. Олардың барлығы ЮНИДО қалыптастырған әдістемелік қағидаларға негізделеді. Бұл қағидалар бірқатар елдердің көмегімен әрдайым жетілдіріледі. Программалардың барлығы белгілі мақсаттар мен шарттарға арналған. Сондықтан олар әмбебап түрде қолданылмайды.

Қазіргі таңда ТМД елдерінің арасында инновациялы инвестициялық жобаларды бағалайтын екі түрлі имитациялық жүйелер қолданыс тапты.

Бірінші түрдің программалық өнімдері бұрынғы қызметтің қаржылық нәтижелерін бағалауға және кәсіпорынның келешек мүмкіндіктерін болжауға арналады. Яғни бұл программалардың көмегімен кәсіпорынның шаруашылық қызметіне экономикалық диагностика жасалынып, қажетті рекомендациялар ұсынылады. Бұл топқа келесі программалық пакеттерді жатқызуға болады:

  • «Альт» фирмасының «Альт-Финансы» пакеті;
  • «Аналитик 4.0»;
  • «Интеллект-Сервис» фирмасының «Финансовый анализ 1.0» программасы;
  • «ОЛИМП: ФинЭксперт».

Программалардың екінші түрі инновациялы инвестициялық жобалардың салыстырмалы анализін жасауға және жоспарын құруға арналған. Олардың арқасында қаржыландырудың оптималды және тиімді нысаны таңдалынады. Бұл түрге келесі программаларды жатқызады:

  • «COMFAR» (COmputer Model for Feasibility Analysis and Reporting);
  • «PROPSPIN» (PROject Profile Screening and Preappraisal INformation system);
  • «Project Expert»;
  • «Альт-Инвест»;
  • «FOCCAL»;
  • «Инвестор 4.1»;
  • «ТЭО-ИНВЕСТ»;
  • «Инвест-Проект».

Жоғарыда келтірілген барлық программалық өнімдердің негізінде ЮНИДО құрастырған әдістемелік қағидалар жатыр, және олардың барлығы келесі критерийлер бойынша салыстырылады: функционалдық мүмкіндіктер, программалық реализациялаудың сапасы, қолданушы интерфейсінің қолайлылығы және пакеттің «жабық» немесе «ашық» болуының деңгейі.

Функционалдық мүмкіндіктер келесілерді қамтиды:

  • шынайы ақша ағынына негізделетін есептеудің қазіргі әдістемесін қолдану;
  • есептеудің көкжиегіне және қадамына шектеулерді минимизациялау;
  • өнімдер көлеміне шектеулерді минимизациялау;
  • жобаны бағалауда қолданылатын қаржылық экономикалық көрсеткіштерінің көп болуы;
  • жобаны жүзеге асыру сценарийлерінің әртүрлілігі;
  • инфляцияны есептеудің тәсілдері мен мүмкіндіктері;
  • белгісіздікті және тәуекелдерді есепке алудың тәсілдері мен мүмкіндіктері;
  • ЭЕМ жадысында есептеудің жарамды нұсқауларының келешек салыстырулар мен таңдамалар үшін сақталынуы.

Программалық реализациялаудың сапасы төмендегі шарттармен анықталады:

  • ЭЕМ – ң кең таралған түрлерінде пакеттің жүзеге асу мүмкіндігімен (қажетті операциялық ортаны қолдану шартымен);
  • жұмыстағы сенімділікпен;
  • шапшаң әрекеттілікпен (қажетті көлемде және қолайлы мерзімдерде түрлі есептеу үрдістерін жүргізу, оларды салыстыру және т.б. мүмкіндіктер);
  • рұқсатсыз қолдану мен көшіруден пакеттің қорғалғандығымен.

Қолданушы интерфейсі қолайлылығының сипаттамалары:

  • ақпаратты енгізудің еңбексыйымдылығын қарапайымдау және минимизациялау;
  • енгізу кезінде жіберілетін қателіктерден қорғану мүмкіндігі;
  • нәтижелердің көрнекі түрде берілуі;
  • графикалық ақпараттың жеткілікті болуы және т.б.

«Жабық» пакет деп, формулаларын және алгоритмдерін өзгерту мүмкіндігі жоқ пакеттерді айтады. Сонымен қатар белгілі бір программалық тілде жазылған және арнайы ортасыз жұмыс істейтін пакеттер «жабық» юолып табылады, ал сәйкес ортада құрастырылған электрондық кестелердің негізінде жұмыс жасайтын пакеттер «ашық» болады. Бұндай өнімдерде формулаларды модификациялауға мүмкіндік бар.

Программалық өнімнің «жабықтығы» оның артықшылығы да, кемшілігі де болып саналады. Бұл инвестор мен реципиент алдында тұратын мақсаттарға байланысты болып келеді.

Квалификациясы жоғары қолданушылар жүйенің «ашықтығын» қолдана отырып, жобаны жүзеге асырудың күрделі және әртүрлі сценарийлерін құрады. Алайда пакеттің осындай мүмкіндіктері кейбір жағдайларда қауіпті нәтижелерге ұшыратады. Себебі бұл жағдайда, яғни пакет «ашық» болғанда, қатаң бақылау жүргізілмейді. Сонымен қатар алгоритді бақылау мүмкіндігі болмаған жағдайда да бірқатар қателіктер туындай алады.

Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда қолданылатын кейбір программалық пакеттерге тоқталайық.

COMFAR 2.1

2.1 нұсқаулы COMFAR пакеті «жабық» программалардың қатарына жатқызылады. Программаның жұмысына араласу мүмкіндігі жоқ, соның арқасында нәтижелердің сенімділігі жоғары болады. Алайда бұл жүйеде енгізу мен шығарудың арасында автоматизацияланған бақылау өтпейді.

COMFAR және PROPSPIN жүйелері халықаралық сертификацияны өткен программалық өнімдер.

Коммерциялық тиімділік шынайы ақша ағынын имитациялаудың негізінде бағаланады. Есептеу екі валютамен жүргізілуі мүмкін – ұлттық және шетелдік. Тек тұрақты (уақыт бойынша) инфляция есепке алынуы мүмкін. Шығындар мен табыстар баптарына еқандай шектеулер салынбайды.

COMFAR жүйесінің маңызды артықщылығы – берілетін графикалық ақпараттың үлкен көлемі. Бұның арқасында бірқатар бастапқы деректерді (реализацияның көлемі, өндірістік және инвестициялық шығындар, несиелік мөлшерлемелер) өзгерткенде есептеудің нәтижелерін көрнекі түрде көрсетуге болады.

Коммерциялық тиімділікті бағалау бөлімінен басқа жүйенің құрамына экономикалық тиімділікті бағалау бөлімі де кіреді.

Жалпы алғанда, пакет үш блоктан тұрады (деректерді енгізу, есептеу, деректерді шығару). Осының арқасында бұрын саналынған нұсқаулардың шығарма деректеріне тікелей рұқсат қамтамасыз етіледі.

Жүйенің кемшіліктеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

  • программаның функционалды шарттарының өзгеруін бақылау мүмкіндігінің жоқтығы;
  • салықтық блоктың қазақстандық заңдылыққа сәйкес келмеуі; COMFAR пакетімен тек табыстан алынатын салықтарды есептеуге болады. Ал барлық басқа салықтарды есептеу үшін арнайы тәсілдерді қолдануға тура келеді, бұндай қадам жүйенің жұмысын қиындатады және нәтижелердің сенімділік деңгейі кемиді;
  • есептеудің жылдық қадамы (құрылыс кезеңінде есептеу қадамы жарты жылға қысқартылуы мүмкін) – қадамда азайту қажеттілігі туындаған кезде арнайы тәсілдерді қолдау қажеттілігі бар болады;
  • бастапқы деректердің қатаң тізімі (олардың санына кейбір шектеулер енгізілген) – егер жоба бойынша бірнеше құрал-сайман қажет етілсе, онда онда осы құралдарды сипаттайтын деректерді агрегациялауға тура келеді. Бұның өзі амортизациялық есептеулердің нақты болмауына себепкер болады. Өйткені агрегацияланған құралдар бойынша саналған амортизация жүйеден тыс есептелінеді. Сонымен бірге капиталға айналмайтын шығындарды енгізуде де бірқатар қиындықтар туындайды;
  • инфляцияны есепке алудың қиындығы – COMFAR пакетінде ұлттық және шетелдік валюта коэффициенттерінің ағымдағы өзгерісі тұрақты инфляция үшін де қарастырылмаған. Яғни инфляция деңгейіне қарамастан доллар курсының тұрақты мәні сақталады;
  • инфляцияның түрлі деңгейінде есептелінген интегралдық көрсеткіштердің салыстыруға келмейтіндігі – есептемелі бағаларға келтіру мүмкіндігі жоқ;
  • қазіргі уақытта кеңінен қолданылатын көптерезелі интерфейстің жоқтығы; енгізу кезінде кестеі толығымен көрінбейді, ал шығаруда жолдардың атаулары және нөмірлері қайталабайды, сонымен бірге бос блоктардың саны өте көп болып келеді.

Жоғарыда ұсынылған себептердің кесірінен COMFAR программасы инвестициялардың рентабелділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің (табыстың ішкі нормасы, капиталсалымдарының өтелімділік мерзімі, капитиалсалымдарының келтірілген құны) адекватты сәйкес бағалануын қамтамасыз ете алмайды. COMFAR ТМД елдерінде кең қолданыс тапқан жоқ.

PROPSPIN программалық пакеті

PROPSPIN пакеті MS DOS ортасына арналған 2.01 нұсқаулы «Lotus 1-2-3» электронды кестелер негізінде құрылған, осы себептен ол «жабық» өнімдерге жатқызылмайды. Бұл құрал инвестицияық жобаның қаржылық профилін құрастыруға, таңдалған параметрлерді өзгертудің нәтижелерін зерттеуге және жобаның түрлі болжамдарына негізделген екі немесе бірнеше сценарийді құруға арналған.

PROPSPIN пакетінің айрықша ерекшелігі – интеграциялылық, яғни тұтынушы экранда енгізілген деректерді де, қаржылық салдарларды да бір уақытта көре алады. PROPSPIN беретін есеп, барлық ұсынылған шектеулерді есепке алып отыратын, жобаның қаржылық профилінің аяқталған нұсқасын қамтиды.

Алайда бұл құрал жобаның толық қаржылық анализін өткізуге мүмкіндік бермейді, тек оның түрлі нұсқауларын тезарада алып қарастыруға жағдай жасайды. Ал осы нұсқаулардың арқасында қажетті балама таңдалынады.

Пакеттің кемшілігі – инфляция факторының есепке алынбайтындығы, сонымен бірге нарықтық факторлардың шығарылатын өнімнің бағасына, көлеміне және пайдаланылатын ресурстарға әсерінің сипатталмайтындығы.

«Альт-Инвест» пакеті

Бұл программалық өнім «Альт» атты зерттеуші–консультациялық фирмасымен құрастырылған. «Альт-Инвест» пакеті «Microsoft Excel» ортасында құрылған бір-бірімен өзара байланысты электрондық кестелердің кешені болып табылады. Реализацияың бұндай тәсілі экспертке берілген бастапқы деректерден нәтижелердің қалай қалыптасатындығын түсінуге көмектеседі. Оның арқасында әдістеменің және есептеуіш нысандардың логикасы анық болады.

«Альт-Инвест» — бұл зерттелінетін кәсіпорындағы заңдылықтар мен байланыстарды айқындауға арналған «ойлар жүйесі». Барлық программалық өнімдер сияқты, «Альт-Инвест», негізінде, нақты кәсіпорындар мен жобалары бар эксперттердің консультациялық жұмысының нәтижесі. Жүйе жобалардың іске асу үрдісі кезінде бірнеше рет тексеруден өтті.

Пакет «парасатты жеткіліктілік» деп аталынатын қағида бойынша құрылған, яғни оның құрамына алынатын нәтижелердің мазмұнды интерпретациясын бере алатын көрсеткіштер ғана кіреді. Қолданушы керек кезінде өзіндік көрсеткіштерді және нысандарды енгізе алады.

«Альт-Инвест» өнімінің қолданылу аумағы – саласы, мерзімдері, инвестициялардың көлемі және қаржыландыру схемасы бойынша әртүрлі болып келетін инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігінің және қаржылық мүмкіндіктерінің анализі.

«Альт-Инвест» программалық пакеттің көмегімен ТЭН (технико-экономикалық негіздеу) мен бизнес-жоспардың қаржылық бөлімдері құрастырылады. Сонымен қатар оның көмегімен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың баламалық нұсқаулары жасалынып, инвестициялардың қаржыландыру сызбалары (схемалары) және басқа да шарттары оңтайландырылады. Ол модернизациялаудың, техникалық қайта жабдықтаудың, өнімдердің жаңа түрлерін шығарудың, құрылыс сферасындағы инвестицияландырудың және жаңа технологияларды енгізудің жобаларын негіздеуде қолданылады.

«Альт-Инвест» пакеті орнатылған жерлердің бәрінде оның қолданушылары – жобалардың анализімен және инвестициялық шешімдерді қабылдауға қажетті ақпаратты дайындаумен айналысатын мамандар болып келеді.

Осы программада пайдаланылатын есептеу әдістемесі халықаралық ұйымдардың рекомендацияларына сәйкес етіп жасалынған. Оның арқасында қалыптастырған материалдар түрлі мекемелерде (мысалы, US AID, Eximbank және т.б.) табысты қолданылды. «Альт-Инвест» пакеті — қазіргі уақытта кеңінен пайдаланылатын программалық өнімдердің бірі болып табылады.

«Инвестор 4.1» пакеті

«Инвестор 4.1» жүйесі (ИНЭК фирмасының өнімі) MS DOS операциялық ортасында жүзеге асырылған «жабық» программалық пакет.

«Инвестор 4.1» пакеті инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын дайындауға және шетелдік қаржы институттарының талаптарына сәйкес түрлі есептерді жүргізуге арналады.

Осы кешеннің негізіне ұсынылатын программалар сыныбының көбінде қолданылатын, дисконттау тәсілдерін пайдаланатын ақша ағымдарының имитациялық моделі салынған.

Кешеннің маңызды ерекшелігі кәсіпорынның шаруашылық қызметінің немесе инвестициялық жобаның өндірісітік жоспарының детальды экономикалық талдалынуы болып табылады. Кәсіпорынның экономикалық қызметінің анализі негізіне салынған көпфакторлы модель (Вирджина орталығы, АҚШ) өткен және келешек периодтардағы инвестициялаудың диагностикасын қатар жүргізуге мүмкіндік береді. Кешенде қолданылатын талдаудың модельдері (индексті, факторлы, графикалық және т.б.) құрылыс және эксплуатация шығындарының қалыптасу нысанын толығымен елестетуге жағдай жасайды.

Талдау екі режимде (қолмен және автоматты түрде) жүргізіледі, бұл анализге қойылатын талаптарға байланысты болады. Автоматтандырылған анализ кезінде берілген алгоритм бойынша инвестициялық жобаның барлық аспектілері бойынша толық қаржылық-экономикалық зерттеу жүргізіледі, бұл зерттеу қаржыландырудың шарттарынан басталып, жобаның коммерциялық тұрақтылығының жалпы бағалануымен аяқталады. Талдау бизнес-жоспардың қаржылық бөлімін түгелдей де, жеке нақтыланған түрде де қамтып отырады. Ол графикалық түрде жүргізіледі және мәтіндік түсініктемелермен толықтырылады, соның көмегімен жобаның бастапқы күйін безендіруге болады. Анализдің негізінде құрастырушылар үшін жобаның бірнеше альтернативалы (баламалы) нұсқауын жасауға мүмкіндік бар болады, мысалы, қаржыландырудың түрлі қайнар көзімен немесе инвестициялық шығындардың түрлі құрылымымен және т.с.с.

Болжаулы стандартты нысандағы баланстың есептелуі және құрастырылуы арнайы алгоритм бойынша өткізіледі, бұл алгоритм инвестициялық жобаның жүзеге асуы кезіндегі қаржылық қызметтің дәлді жоспарлануына және қаржылық нәтижелердің қалыптасу ерекшеліктерінің есепке алынуына әсер етеді. Оның көмегімен тура және жанама тәсілдермен ақша ағымдары түзетіліп қалыптастырылады. Нәтижесінде фирманың қызметкерлері жасаған әдістеме бойынша 80-нен астам абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер есептелініп, автоматты түрде аналитикалық «нетто» балансы, GAAP  (Generally Accepted Accounting Principles, FASB, USA) стандарттарына сәйкес келетін есептер мен баланстар құрастырылады. Олардың барлығы ағылшын және орыс тілінде ұсынылады. Қабылданған әдістемелерге сай келетін инвестициялық жобаның қаржылық бағалануының жалпыланған көрсеткіштері де қатар есептелінеді. Осылайша шетелдік инвестолар жоба туралы барлық қаржылық ақпаратты халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және оларға ыңғайлы түрде ала алады.

«Инвестор 4.1» пакеті түрлі қаржылық институттарға арналған инвестициялық бағдарламаларды нысандайды. Бұл режим инвестициялық жобалар туралы барлық ақпараттарды магниттік сақтағыштарда алуды көздейді. Ол үшін кешеннің құрамына арнаулы программа енгізілген. Программа көшіруден сақталынбаған, кешеннің «ашық» бөлігі болып есептелінеді және ол жұмыс орындарының санына ешқандай шектеу қоймайды. Оның көмегімен кешеннің аналитикалық блогында инвестициялық жобалар туралы түрлі ақпаратты қамтитын (соның ішінде ақпараттық меморандум, қаржылық ақпарат, экономикалық ақпарат және т.б.) өзіндік деректер банкісі қалыптасады.

«Инвестор» пакетінің ерекшелігі оның әмбебаптылығы болып табылады. Ол жұмыс істейтін немесе салынып жатқан кәсіпорындарға және құрылыстарға жұмсалатын инвестициялыарды бағалауда қолданыс тапты. Сонымен бірге бұл программалық өнім экономиканың кез келген саласының спецификасын, яғни өзіндік ерекшеліктерін ескеріп отыруға мүмкіндік береді. «Инвестор» инвестициялық жобаны есептеуді және жоспарлауды жүзеге асыратын мамандарға да (экономистер, инженерлер), инвестициялық бағдарламаларды қалыптастыратындарға (коммерциялық банктердің басқарушылары, инвестициялық және лизингтік компаниялар және басқа да қаржы институттары) да арналады.

Өз кезегінде инвестициялық анализ төмендегілерді қамтиды:

  • түрлі дисконттау мөлшерлеіндегі тиімділік көрсеткіштерін есептеу (NPV, IRR, PI, PB);
  • сезімталдылық анализі;
  • жоба нұсқауларының интеграциясы;
  • жобаның автоматты экспресс-анализі.

Экономикалық талдауға кіретіндер:

  • қызмет ету көресеткіштерінің анализі;
  • индексті анализ;
  • ресурстарды қолданудың тиімділігін анықтайтын талдау;
  • қаржылық беріктілік қорын есептеу (шығынсыздық нүктесі);
  • коммерциялық тәуекелді бағалау;
  • операциялық және қаржылық қызметтің автомматы анализі.

Қаржылық талдау қамтиды:

  • 80 көрсеткіш бойынша бастапқы және болжаулы қаржылық құжаттардың анализі;
  • инвестициялық жобаның жалпыланған қаржылық бағалау көрсеткіштерінің есебі;
  • қаржылық көрсеткіштер бойынша жобалардың рейтингі;
  • кәсіпорынның несиелік мүмкіндігінің сыныбын анықтау;
  • коммерциялық бағалау алдындағы жобалардың экспертті бағалануы;
  • инвестициялық жоба нұсқауларын салыстырмалы бағалау және ең рентабельдісін таңдау.

Кешенмен жұмыс істеудің нәтижесі кез келген отандық немесе шетелдік инвестордың талаптарын қанағаттандыратын инвестициялық жобаның бизнес-жоспары  немесе инвестициялық бағдарламасы болып табылады.

Пайдаланушылардың барлық категориялары жобаның барлық кезеңдерінде шешімдерді қабылдау немесе инвестициялық бағдарламаны қалыптастыру үшін кешеннің деректер базасын қолдана алады.

«Инвестор» пакетінің, басқа программалық өнімдерден оны өзгеше ететін, басты ерекшеліктері:

  • кез келген квалификациялы пайдаланушы үшін жұмыс істеудің жеңілділігі және түсініктілігі;
  • спецификалық құрылым, пакеттін екі бөлімге бөлінуі – «Баламалы (альтернативті) жобалар» (реципиенттің есебі және анализі) және «Тәуелсіз жобалар» (инвестордың анализі);
  • электронды бухгалтерлік жүйелермен сәйкес;
  • инвесторға реципиенттің қаржылық қалпы туралы деректерді беру мүмкіндігі;
  • болжаулы қаржылық құжаттарды қалыптастыру;
  • аналогтары жоқ аналитикалық бөлім;
  • экономикалық және қаржылық көрсеткіштерін, инвестициялық экспертизаның нәтижелерін ескере отырып, инвестициялық жобалардың салыстырмалы анализін жасау мүмкіндігі;
  • пайдаланушыға инвестициялық жоспарлау және талдау аспектілері бойынша жүйелік көмекті беру және соның негізінде пакетті оқыту үрдісінде қолданудың мүмкіндігі;
  • компьютерлік қамтамасыздандыруға қойылатын талаптардың қарапайым болуы.

 

Добавить комментарий

Your email address will not be published.