Инновациялардың инвестициялық негізі

Инвестициялар және инновациялар түрлі экономикалық түсініктер болғанымен, олар өзара тығыз байланыста болады. Инвестициялар түсінігі инновациялар түсінігінен кең және оны қамтиды деп те айтуға болады.

Инвестициялық капиталдың инновациялық жағынан құндылығы жоқ жобалардың жүзеге асырылуында қолданылуы мемлекеттің технологиялық саласында артта қалып отыруына және әлемдік деңгейде бәсекеге түсе алмауына себепкер болады. Негізгі капиталға салынатын инвестициялар жаңа білімге материализацияланады. Олардың жоқтығы инвестицияларды экстенсивті салынымдар рангісіне келтіреді, яғни олар өзінің мәні бойынша тиімсіз болады. Глобализация мен ғылыми-техникалық дамудың өсуі нәтижесінде қалыптасқан халықаралық бәсекелестік жағдайында инвестициялардың құрылымында интенсивті қосылма байқалады, ол жоғарғы технологияларға жұмсалатын шығындарды қамтиды. Бұлар жаңа типті инвестицияларды құрайды.

Негізгі капиталға материализацияланған инновациялар материалдық негізді қалыптастырады, оның нәтижесінде инвестициялық объектілердің сапасы мен бәсекелік мүмкіндіктері арттады. Мемлекеттің және қоғамның дамуы үшін адам капиталына, білімге, денсаулық сақтау саласына және әлеуметтік сфераға салынатын инвестициялар өте маңызды болып келеді. Бұндай инвестициялардың 32%-ға өсуі, Қазақстан тәжірибесі көрсететіндей, ЖІӨ — ң (жалпы ішкі өнімнің) 10%-ға өсуін қамтамасыз етеді. Инвестициялардың осы нысаны, қоғамның және жеке тұлғаның мүдделеріне қызмет жасайтын, инновацияларды материализациялауға мүмкіндік береді. Инновациялар, бір жағынан, инвестициялардың сапасын қолдайды, ал басқа жағынан, инновациялардың жүзеге асуы үшін инвестициялар міндетті түрде қажет етіледі. Демек, инвестициялардың жоқтығы инновациялардың материализациясына үлкен әсер тигізеді.

Инвестициялардың инновациялармен бірігуін синтез ретінде анықтауға болады, оған негізгі де, пассивті де капитал қатысады. Инновациялар «инвестициялық объект» атты тұтас жүйенің маңызды элементі болатын технологиялық арақатынасты қалыптастырады. Олардың экономикалық маңыздылығы жалпы объект үшін бәсекелестіктің жоғарғы дәрежелі мүмкіндігін қамтамасыз етумен сипатталады. Алайда, инновациялардың өмір сүру циклі қысқа болады, шамамен 5-7 жыл, ал инвестициялар негізінен ұзақ мерзімдерге салынады, себебі объектілердің эксплуатациясы 20-50 жылға созылады. Демек, динамикалық хаос заңы орын алатын болады.

Негізгі капиталдың инновациялық элементтері өте тез моралды ескереді, өйткені әлемдегі ғылыми-техникалық прогресс үнемі дамып отырады. Кейбір жағдайларда біздің нарыққа әлі енбеген объект әлем нарықтарында тіпті бәсекеге де түсе алмайды. Бұндай объектілерді модернизацияға ұшырату қажет болады. Сонда, бұл объектіге салынған инвестициялар мәнсіз қалады.

Әрине, жиірек негізгі капиталдың моралды тозғаны туралы белгілі заңдылығына жазылу жүреді, ол әр түрлі бөліктердің өзгеше темппен тозуы кезінде болады. Активті элементтер – 5-7 жылдай, пассивтілері – ұзағырақ қызмет етеді. Сондықтан негізгі капиталдың жаңару темптері өндіріс структурасы тарабынан әр түрлі болып, хаос негізін құрайды. Негізгі капитал элементтерінің тәртібі бірінші рет инвестициялық проектте белгіленген, инновацияны қоса, бұзыла бастап, бүкіл жүйедегі секірулерге әкеледі. Оны тозған жабдықтарды ауыстырумен немесе модернизациямен қалпына келтіруге болады. Жаңа синтез жаңа инвестицияларды қажет етеді, басқаша жүйеде тәртіп мүмкін емес. Ескі жабдықты жаңаға ауыстыру (инновация)  бірнеше рет жүргізіледі, солай жүйе өзінің күрделі, сызықты емес тәртібін өзінің бәсекелестілігін көрсетеді. Инновациялық бөліктің  негізгі капиталдың басқа бөліктермен (пассивті элементтер) көлемдік қатынасы динамикада фракталды өлшемдермен дәлелденген. Олардың себебі негізгі қаржының амортизациясы жылдармен өзгеретін жаңа негізгі қорларды енгізу. Олар солай параметрлердің бірінші тағайындалған денгейден ауысуының фракталды үрдісін құрайды, сондықтан инвестициялық жобаларды, объектілерді және олардың құрылымдық синтезін сызықты емес жүйелер негізінде қарастыру қажет.

Әрбір инвестициялық жобаның параметрлері әр түрлі құрылады, стандарттар болмайды. Сондықтан инвестициялық жобалар индивидуалды, нақты және бірдей емес болып табылады. Типті жобалар объектілерге жалғанады. Инвестиция және инновация синтезінің күрделілігі уақыт өлшемдерінде. Сондықтан объектіңің бәсекелестік мүмкіндігі тұрақты болмай, уақыт өтісімен төмендейді. Біріншіден тағайындалған инвестиция көлемі мен инновациялық денгей арасындағы рационалды қатынас бұзылып, рационалдыдан алшақ жаңа қатынастар құрылады. Инвестициялардың көлемдік параметрі негізгі екі көрсеткіштен тұрады: көлем және инновациялық деңгей.

Ең тиімді инновациялар сызықты емес жүйенің ең жінішке жерінде енгізілген. Кейде шағым жаңалықтар шағарылатын өнімнің өсу темпіне және сапасына үлкен әсер етеді, ал жүйенің кең жерінде қолданған ірі инновациялар өте тиімді болмайды. Сондықтан, инновация және инвестиция тиімділігі тек қана жаңа шығарулар денгейіне  ғана байланысты емес, оларды қолданған ортаға да байланысты.

Инвестиция көлемі объектінің бағасы болып табылады, сондықтан оның бәсекелестік мүмкіндігі бағалық факторға байланысты. Инвестициялардың инновациялық деңгейі объектінің сапалық факторының бәсекелестік мүмкіндігіне сәйкес. Инвестиция көлемі мен инновациялық денгейдің рационалды бірлесуі инвестициялық объектінің бәсекелестік мүмкінділіктің жалпы көрсеткішін сипаттайды.

Енгізулердің еркешелігі олардың өңдірістер, кластерлер, тұтас халық шаруашылығының экономикасына ұзақ және терең әсері. Инвестициялы шығымдар әсерінен даму темпі мен пропорциясында, өңдірістің инновациялық деңгейінде? Территориялық құрылымда, жаңа өндіріс орналасуында, жаңа кадрлар құруда, инфраструктурада өзгерістерге әкеледі. Сонымен бірге бұл күнделікті айналымнан үлкен көлемде материалды, қаржыларды жөне адам ресурстарын шақырады, ұлттық немесе шетелдік мемлекеттік немесе меншік капитал иелерінің несиелік қаржыландыруға бағыттайды. Бірақ толық экономикалық қайта беріс бірнеше жыл кажет етеді. Сондықтан эффекті тек соңғы нэтижие  бойынша ғана бағаламай оны енгізу барысында дамудың белгілі деңгейлерінде бағалау қажет. Инвестициялық үрдіс эффектін аңықтайтын шамалар үздіктен алшақ. Олар әр уақытта және толық көлемде қолданыла алмайды.Бір жағынан олар қатан экономикалық шамаларға арналса, екінші жақтан экономика типіне сәйкес болуы қажет. Бұл жиі есепке алынбайды.

Эконометриялық тәсілдер мен модельдерге статистикалық операциялар жүргізіле алатын, негізгімен салыстырғанда басқарушы механизмінің бір бөлігін өлшей алатын белгілі индикаторды жатқыза аламыз. Бірақ, әртүрлі мемлекттерде қолданылатын әртүрлі экономикалық құрылымдар әртүрлі мақсаттарды көздейді. Солай экономикада жеке өндірушілерде және сатып алушыларда бағаға әсер ету мүмкіндігі болады; дефициттіде – жоғары сұранысқа негізделіп, бағаларды өңдіруші айтады; латенттіде – криминогенді сипат болады; жоспарлы – орталықтандырылған жоспарлау экономикасы болып табылады; жабық – тауарларды, қызметтерді импортқа жібермейді.

Қазақстан дүниежүзілік қоғамымен нарықтық экономикасылық қатынастары бар мемлекет болып есептеледі. Тәуелсіздіктің бірінші жылдары жоспарлы кеңестік шаруашылық жүргізуден мемлекеттік реттеумен аралас либералды формаға бағыт алды. Жеке меңшік өңдірістер пайда болды, шағын және орта бизнес дами бастады. Мұнын бәрі ұлттық буржуа классының пайда болуына әкелді. Экономикалық өсу көрсеткіштері таңғаландырады: он жыл бұрын ішкі жалпы өнім (ВВП) бір адамға 700$ болса, 2004 жылдың соңында  — 2700$ ал 2005 жылы 3000$ жетсе, 2006 жылы 5800$ (Чехия, Венгрия, Польша, Малайзия сияқты), 2015 жылы Қазақстандағы бір адамға шаққанда ішкі жалпы өнім 9000$ жетпек, сатып алушылық қабілеті бойынша мемлекет орташа дамыған мемлекет деңгейіне жетті.

Он жыл бұрын Қазақстан қазынасы бос еді, бүгін оның резерві 14 млрд. АҚШ долларынан артық; қазақстандықтардың қаржылық табысы 5 есе өсті, орташа жалақы 6 есе үлкейді, минималды жалақы 25 есе өсті.

Бірнеше ғасыр тарихында Еуразия материгінде ежелгі жерде тәуелсіз Қазақстан мемлекеті құрылды. Бірінші рет батыс демократия қағидаларымен, дүниежүзінің алдынғы қатарлы экономикаларының тәжирбиесін, азиялық көршілерді, республиканың полиэтникалық, көпконфессиялық ерекшеліктерін ескере құрылды. Батыс мемлекеттердің ұзақ нарықтық жағдайда әрекеттерінің жүйелі анализі жай ғана экономикалық емес, сызықтық емес қоғамдық қиыншылықтардың пайда болуын көрсетті. Мысалға, АҚШ обскурация фазасына, өмір үрдістерінің өшуіне, “бэйби бумерлердің” 60% зейнетке шыққанда орта және жоғарғы денгей басшыларының профессионалды даярлық деңгейі 58% төмендеді, біліктілік деңгейі 70%, денсаулық денгейі екі есе төмендеді, жас өспірімдер агрессивтілігі өсті.

Осындай жағдайды болдырмау жолында Қазақстан нарықтық шаруашылық принциптерін бұзбай социалды экономика моделіне бет бұрды, Жай әлеуметтік бағытталғаннан маңыздырақ функциясы қоғамның, ұйымның, жанұяның, жеке индивидтердің материялдық жан қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған,

Социалды-экономикалық негізі индикативті алаңда салынады, оның өзі мақсаттар, қағидалар, басымдылықтар, пропорциялар, құрылымдар, қойылған есептерге жету мерзімі және әдісі көрсетілген перспективалар жүйелі өндірісі, ғылыми негізделуі болып табылады. Осындай жоспарлар мобилизациялайтын жалпы ұлттық мүддеде социалды-эконмикалық концепция орындалуда экономика бөліктерін бағыттайтын, реттейтін мемлекеттік бағдарламалар болып табылады. Жоспардың схемасы:

  • жалпы мемлекеттік мақсаттар мен социалды-экономикалық приоритеттерді анықтау
  • құрылу мақсаттарын және аймақ, бөлік, кластер, бизнес басқа секторларында мүдделерді анықтау
  • даму сценарлиерін құру (финансты бағдарлау, эконометриялық модельдеужәне сызықтық емес әдістер негізінде)
  • интеграциялық болжамдарды экономикалық есептермен келістіру
  • жалпы және мақсатты бағдарлама іске асыру шарттарын құру
  • мониторинг процессі кезінде бағалау индикаторларын анықтау (құрылымнан ауытқұ себептерін социалдық анализі, индикативті жоспарлар іске асыру механизмдерін жүйелі стимулдарын осы негізде құру).

Қазақстанның кезекті даму этапы бос экономикаға  және бос ұлтқа қарай ілгері бағытталған. Проектілерге салынған капиталдардын реалды қайту эффекті инвестициялық үрдіс ағымы бағалана алады. Ұлттық және шетелдік сонымен бірге бюджеттік капиталды қолдану, проектілеу, бағдарлауды жетілдіру туралы нұсқалар комплексін құрып, нақты салулар эффективтілігін анықтайды, темптерін реттейдіинвестициялық дамудың негізгі параметрлерін бағалап анализдейтін теоретикалық жөне методологиялық концепциялар жүйесі бар зерттеулер актуалды болды.

Біріншіден – нағыз эффективтілік туралы. Оны анықтау үшін негізі ұлттық табыс немесе экономикалық эффекттін кез келген басқа түрінің өсуі бағаланатын капитал салынулармен ғана байланысты емес, инвестициялық жағдайға қатыспайтын факторлармен де байланысты экономико- математикалық модель ұсынылады.

Негізгі қорлар толық сипаты үшін капитал салынулар мөлшерімен басқа көрсеткіштермен қатар, осы жағдайда капиталдық салынулар техникалық негізгі категориясы кіреді, инвестициялық үрдісті тұжырымдайтын негізгі анықтамалар жүйесінде оның орны анықталып, капитал салынулар, өндіріс инновациялық деңгейі, инновациялық прогресс темпінің техникалық негізін бағалау және өлшеу әдістері ұсынылады.

Инвестициялық үрдіспен осы кезде болатын инновациялық прогрессті органикалық бірлікте қарастыру өндіріс капитал салунылардың жалпы қосындысын экстенсивті және интесивті бөліктерге бөлу негіз болып табылады.

Капитал салынулар құрамы әдетте әр түрлі болады, ол құрылыс, бұрғылау, проект-ізденіс жұмыс шығыыдарынан, құрал-жабдық алу және оның монтажы, өндіріс инвентарын сатып алудан құралады. Құрылатын объектілердің сапалық ерекшеліктеріне қарамастан, капитал салынулар ортақ белгілері бар негізінен экономикалық біркелкі категория болып табылады, олар өндірістің негізгі қорын құрып, шаруашылық дамудың темпі мен тиімділігіне ғана емес, өндірістің техникалық денгейіне де әсер етеді. Салынулардың соңғы сипаты еңбек процестерінің жетілдіру үрдісін сипаттайды. “Капиталдың салынуы” түсінігінің сапалық және мөлшерлік жақтары бар. Олардың мөлшерінің өлшемі ретінде бағалық сипатта капитал салынулар көлемі белгіленген. Осы көрсеткіш кеңінен статистикада, жоспарлауда, капиталды құрылыс жобаларында, капитал салынулар тиімділік теориясында қолданылады. Ол әр түрлі құрылыс монтажды жұмыстарды әр түрлі сапалы құрал-жабдықтармен қосуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге құрылыс-монтаж жұмыстар көлемін өлшеуде натуралды өлшемдер қолданылады, мысалы алынған топырақ куб метрде, салыну алаңы квадрат метрде шартты үйлер бірлігі. Капитал салынулар сапалы параметрлерін бағалау әлі толығымен зерттелмеген. Капитал салынулар көлемі және олардың структурасы ғана ерекше болады. Солай, тек капитал салынулардың жалпы және оның бөліктерінің көлемі ғана есептеледі. Капиталсалынулардың техникалық негізін сипаттайтын және инвестициялық процесстің ұлттық экономикада техникалық прогресс темптеріне әсерін сипаттайтын сапалық көрсеткіштер, орталықтандырылған жүйелі есептеуден тыс қалады. Статистика жаңадан енгізілген капиталды құрылыс объектілері туралы уздікті мәлемет береді, салынулардың техникалық негізі туралы жалпы мәліметтер жоқ, ал бұл еңбек құралдарының жетілдірудің маңызды көрсеткіші.

Капиталсалынулар техникалық негізі ретінде әрекетке еңетін еңбек құралдарының  жиынтығы алынады, өндіріс-техникалық бірлікте алынған, технологиялық жүйеде. Мұнда техниканың, автономды машиналар мен механизмдердің сапалық көрсеткіштері қарастырылмайды, бұл жағдайда олл еңбек  құралдарын бағалау ғана болушы еді. Капитал салынулар техникалық деңгейі, өндіріс техникалық деңгейі сияқты, өнім сапсына қарағанда кеңдеу, жалпылау ұғым. Қарастырылатын категория экономикалық зерттеуге салынбайды, инженерлі саламен зерттелу қажет деп ұйғаруға да болады. Бірақ ондай ой техниканың экономикадан алшақтғаның көрсетуші еді, өндірістің сыбайлас мәселелерін комплексті шешу қажеттілігін жоқтауға әкелуші еді.

Капиталды салынулар техникалық негізі деген категорияның экономикалық аспекті оның прогрессивтілігін бағалауға, техниканы еңбек өнімділігін жоғарлататын фактор ретінде қарастыруға бағытталған. Экономисті жеке техникалық параметрлер, техникалық заңдылықтар емес, еңбек құралдарының бірлік инноационды жүйесі ретінді алынған бүкіл инновациялық негіз қызықтырады. Капиталсалынудың техникалық негізінің экономикалық зерттеуінінің ерекшелігі — әрқилы бағалаудың синтезіннің жалпылама сипаттамасын алу.

Капитал салыну көлемімен еңбек құралдарын жетілдіру өзара тығыз байланысты және тәуелді. Ол екеуі бір-бірін толықтыра отырып, инвестициялық процестің екі жағы болып табылады. Осы екі ұғымды біртұтас қарастыру негізгі фондтардың ұлғайған өңдірісте сандық және сапалық өзгерістерін қатар бағалауға мүмкіндік береді. Ал осы екі ұғымды жеке қарастырудың мүмкіндіктері шектеулі. Себебі капитал салыну көлемінің көрсеткішінде еңбек құралдарында көрсетілген техникалық прогресс, тек жанама ғана көрініс береді.

Жоғарғы техникалық негізде орындалатын кеш капитал салынуы сол көлемдегі ерте капитал салынумен тенбе – тен емес: ол екеуінің технологиялық құрылысы мен прогрессивті еңбек құралдарындағы бөліктері негізгі фондтар көлемінде әр түрлі.

Капитал салыну көлемдерінде баға мен есептегенде техникалық жетілдіру факторлары көрініс табатын сияқты, ал бұл зерттеушіні  еңбек құралдарының сапалық құрамын қосымша ескеру қажеттілігінен арылтады. Бұл мәселе егер құралө жабдықтар мен машиналардың бағалық деңгейі олармен сәйкес болған жағдайда ғана. Бірақ іс жүзінде олай емес. Техника сапасы мен оның бағасының өзгергенінде де ол екеуінің арасында тура пропорционалды байланыс тумайды: не еңбек құралдарының жетілдіру дәрежесі озады, немесе бағасы өседі. Демек, қарастырылған көрсеткіштер жекеше алғанда методологиялық тұрғыдан бір бірін алмастыра алмайды, бір біріне сай емес және инвестициялық процессті  жан жақты бағалау үшін жеткіліксіз.

Капитал салу ұғымының екі жақты талдауының әсіресе маңыздылығы сонда, егер еңбек құралдарының салмағы техникалық, сапалық өнеркәсіп деңгейінен қалып отыруы байқалған жағдайда.

Осы жерде айта кететін жайт инвестициялық үрдісті бағалауда капиталдың сандық және сапалық қатынасын бағалауда шетелдік әдибиетте басқа көзқарас байқалады, оның мазмұны еңбек құралдарының техникалық жетілдіруіне абсолюттік роль беріледі, ал капитал көлемін ескермейді. Техникалық прогресстің оған жұмсалған капиталдан бөлек қарастырылуы идеясын жақтаушының бірі Ж. Фурастия. Ол әдеттегідей өндірістің үш факторлы жүйесін (табиғи ресурстар, капитал және еңбек) басқаша қарастыруды, яғни капиталды техникалық прогресспен алмастыруды ұсынды. Бірақ капитал бағасы көптеген факторлардың қызметі болып табылады, ол тек техникалық прогреске байланысты ғана емес, демек капитал бағасы тек техникалық денгеймен ғана анықталмайды, сонымен қатар капиталдың өсуі әр кезде техникалық прогресске жеткізбейді (мысалы капитал көлемінің экстенсивті өсуі бұдан бұрын көрсеткеніміздей өндірістін бұрын құрылған техникалық базасын өзгертпейді. Техникалық және инновациялық прогрессті капитал салынуға тәуелсіз деп қарастыруға болмайды, себебі кез келген зат бағасы ол заттың өзінсіз қарастырудың мәнісі жоқ.

Техникалық прогресстің оның иесті және материалдық-қаржылық факторы, яғни капитал салынудан жеке қарастыру бізде де өкінішке орай кездеседі. Жоспарлау және инвестициялық процеспен техникалық прогрессті есепке алу бізде көбінесе жеке жүргізледі, ал олардың арасында қортындылай келгенде сәйкестік туады. Себебі біздің оймызша инновациялық прогресстің синтездік өлшемі бойынша ғылыми негізделген тәсіл жоқ. Жаңа енгізілген еңбек құралдарын көлемі мен техникалық параметрлерін комплексті жоспарлау мүмкін болды.

Статистикалық жауапта инвестиция және инновация процесстері бір бірінен жасанды шекараланбай, ұйласып сабақтасу керек, өйткені реалды жағдайда олар органикалық бірлікте болады. Мұнда екілік методологиялық тәсіл болу мүмкін. Динамиканы бағалу кезінде негізгі фондтар І өндіруінің комбинациялық индексін қолдануға болады, ол капиталсалынулар көлемінің индексін немесе негізгі фодтарды I техникалық негіз жоғарылау индексіне көбейткенге тең :

І = І  * І

Комбинацияланған индекстің ерекшелігі ол капиталды құрылыста бір уақытта мөлшерлі жяне сапалы өзгерістерді есептеп, өндіру процесінің масштабын және инновациялық жетілгенің дәл анықтауға мүмкіндік береді. Ол бойынша дәлірек еңбек құралдар массасының индексі немесе техникалық денгей индексі бағалауға болады. Экономикалық потенциал еңбек өндірістік күшін бағалауға болады.

Өндіріс процесінің мөлшерлік және сапалық ситездеу проблемасын шешудің екінші тәсілі оны кеңістікте әр түрлі капитал салынуларды өз ара салыстыру үшін қолдану мүмкіндігімен ерекшеленеді. Техниканың капитал сиымдылығы капитал салыну көлемінің немесе негзгі фондтардың К техникалық деңгейге сәйкес еңбек құралдарының Т қатынасына тен:

К= К/Т

мұндағы  К – техниканың капитал сыймдылығы, теңге.  Техниканың капитал көлемділігі көрсеткішінің экономикалық негізі формулада көрсетілгендей, ол еңбек бір құралынының немесе құралдар жүйесінің өндірудің жеке бағасын көрсетеді. Осы көрсеткіш тек капитал салынулардың көлемін ғана ескермей, сонымен бірпе осы салынулар нәтижиесінде жасалған техника үздіктілігін бағалайды. Солай еңбек құралдарының жай массасының ұлғайғаны ғана анықталмай (капиталсалыну көлемі арқылы), олардың бағасының өсуі техника жетістігінін бірлігіне сәйкес анықталады,  Қолданылатын еңбек құралдарының мөлшері көп немесе аз бола алады және олар төмен немесе жоғары техникалық деңгейде бола алады. Техниканың капитал сыймдылық деңгейі масса әрекеті нәтижиесі болғандықтан еңбек құралдарының бағасы және жетістігі оның қозғалысы еңбек құралдарының өнімділік динамикасын анықтайды. Бағалық мөлшер мен еңбек құралдары сапасының арасындағы қатынас оптималды болады, осы кезде техника капитал көлемі экономикалық негізделген деңгейге дейін түседі. Техникалық жетістік көрсеткішінің негізгі фондтар массасының өсуімен салыстырғанда озып өсу рационалдылығы туралы айтамыз.

Техниканың капитал сиымдылығының өзгеруі техниканың өз ерекшеліктерімен анықталады. Әртүрлі еңбек құралдарына әртүрлі капитал сиымдылығы сәйкес келеді. Сонымен бірге бір техника түрі әртүрлі көлемде капитал салуды жұмсай алады.

Экономикалық әдебиетте капитал сиымдылығы көрсеткішінің басқа модификациясы жиі кездеседі, ол техника бағасының өңдірілетін өнім мөлшеріне қатынасымен есептелінетін. Осы әдіс теориялық және практикалық жағынан бағалы, бірақ оны абсолюттеу керек емес. Өнім шығаруды жоғарлатпайтын, басқа экономикалық эффект алу көздейтін (өнім сапасын жоғарлату, бағасын төмендету) техниканы бағалағанда капитал көлемі көрсеткіші бойынша бағалау әдісі қолданыла алады. Керісінше жағдайда техниканың прогрессі байқаусызда қалады.

Кез келген еңбек құралдары қандай да бір техникалық деңгейге сай ма дегендей сұрақ туады. Еңбек құралдарына жататындары құрылыстар мен құрылымдар. Олар пассивті бөлімге жатады. Жұмыс машиналары мен механизмдері – аралық құрылымдар, олар негізгі қордың белсенді бөлігіне жатады. Еңбек құралдарының әр түрі бір-біріне ұқсас емес, әсіресе өзінің қолданылу қажеттілігі бойынша. Егер бірінші топ өндіріс үрдісінің жүруіне жағдай ғана тудыратын болса, екінші топ еңбек құралдарын тікелей өзгертетін агенттер болып саналады.

Өңдірістің техникалық деңгейін қамтамасыз ететін құрал – еңбек құралдары, бұл жерде негізгі қордың тек белсенді бөлігі ғана техникалық прогресстің материалды тасымалдаушысы болып табылады. Сондықтан техниканың капитал сиымдылығын анықтағанда капитал сиымдылығының айырмасы болса, бұндай жағдайда, құрылыстық салымы жағынан негізгі қордың пассивті бөлігін шегеру қажет. Капитал сиымдылығының осындай тазартылған көрсеткіші инновациялық прогресстің бағытын бағалау және қосымша өңдіру үрдісін талдау үшін жалпы капитал сиымдылығына қарағанда қажеттірек. Капитал салымдары өңдірістің техникалық деңгейін көтерудегі заттық және қаржылық фактор болып есептеледі.

Өңдірістің техникалық деңгейі сол өндірістегі қолданылатын еңбек құралдарының деңгейіне сәйкес. Капитал салымының өндірістік-техникалық деңгейіне тигізетін сандық ықпалын қалай анықтауға болады? Оған жауапты өңдірістің техникалық денгейі мен капитал салымының жетілу сатысы арасындағы байланысты талдау арқылы табуға болады. Бұл тұрғыда екі мүмкін болатын көріністі ажырата білу керек: әлде ол жаңа салынып жатқан өнеркәсіп орны немесе ескі өнеркәсіп орнының қайта құрылуы. Бірінші көріністе өндірістің техникалық деңгейі деген ұғым капитал салымынын техникалық негізі деген ұғыммен тепе-тең келеді. Сондықтан қандай категорияны қолданса да бәрі бір.

Ал екінші көріністе олар бір-біріне сәйкес емес, бұл жағдайда өңдірістің техникалық деңгейі капитал салымының техникалық деңгейіне өз әсерін тигізеді (өндірісті кеңейту мен реконструкция жасаудағы капитал салымын жоспарлау осы ескі өңдірістің техникалық және технологиялық жағдайына негізделеді), осыдан соң кері әсер байқалады: жаңа капитал салынымдары өңдіріс деңгейінің жаңа инновациялақ өсуіне әкеледі.

 

Добавить комментарий

Your email address will not be published.