Икемділік ұғымы. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі

Экономикалық субъектілердің бағаның және табыстың өзгеруіне деген мүмкін реакцияларын зерттеуде икемділік теориясы маңызды рөл атқарады.

Икемділік – бір айнымалы өлшемнің өзгеруіне байланысты екінші бір айнымалы өлшемнің өзгеріске ұшырау реакциясының дәрежесі. Икемділіктің сандық мәнін есептеу үшін икемділіктің коэффициенті қолданылады. Икемділік коэффициенті бір айнымалының 1 пайызға өзгеруі нәтижесінде екінші бір айнымалының соған байланысты қанша пайызға өзгеретінін көрсететін сандық көрсеткіш болып табылады. Икемділіктің мәні нөлден шексіздікке дейін өзгеріп отырады. Икемділік сұранысқа да, ұсынысқа да әсер етеді. Сұраныс икемділігінің үш түрі болады:

  1. Cұраныстың баға бойынша икемділігі – тауар бағасының бір пайызға өзгергендегі сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеру реакциясының сезімталдылығын сипаттайтын көрсеткіштік коэффициент. Тәжірибелік мәні жағынан, икемділіктің абсолюттік шамалары емес салыстырмалы шамалары ғана маңызды болып табылады. Бұл айтпаса да түсінікті. Мысалы, біз «сникерстің» бағасы 10 теңгеге өсті десек, онда оның өзгеруін байқамау мүмкін емес, өйткені ол тауар үшін бағаның осылай өсуі өте маңызды болып табылады, сондықтан ол сұраныс көлемін айтарлықтай өзгертеді. Ал

«Вольво» автокөлігіне баға 10 теңгеге өсті десек, онда оның өзгеруі тұтынушының сұраныс көлеміне мүлдем әсер етпейді. Сондықтанд бағаның және сұраныс көлемінің өзгеруі салыстырмалы шамада мынадай формуламен беріледі:

  • DР% – тауар бағасының салыстырмалы өзгеруі.Икемді сұраныс – бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс көлемінің көбірек өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ден жоғары болады, Е D>1 (бұл сұраныс көлемінің бағаға қарағанда тез өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді).
  • Икемсіз сұраныс — бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс көлемінің азырақ өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің
  • Абсолютті (өте) икемсіз сұраныс – бағаның өзгеруі сұраныс көлемін мүлдем өзгерпейтінін немесе салыстырмалы өте аз өзгертетінін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні нөлге тең болады, E D = Өте икемді және өте икемсіз сұраныстың түрлерін икемділіктің ең шеткі немесе сирек кездесетін жағдайлары деп атайды.
  1. Сұраныстың қиылысқан (тоғыспалы) икемділігі – бір тауардың бағасының (Х) пайыздық өзгеруіне байланысты сол тауарды алмастыратын  немесе толықтыратын  екінші  бір тауарға

(Y) деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеру дәрежесін көрсететін коэффициент. Бұл икемділіктің коэффициенті мына формуламен беріледі:

Егер қиылысқан икемділіктің мәні (ED x,y >0) 0-ден үлкен немесе оң сан болса, онда бұл қарастырылып отырған X және Y тауарлары – бірін-бірі алмастырушы (субститут) тауарлар болып саналады (егерде, кофенің бағасы өсетін болса, онда оны алмастыратын шайға деген сұраныс артады). Егер қиылысқан икемділіктің мәні (ED    <0) 0-ден кіші немесе теріс сан болса, онда бұл қарастырылып отырған X және Y тауарлары – бірін-бірі толықтырушы (комплемент) тауарлар болып саналады (егер фотопленкаға баға өссе, онда оны толықтыратын фотоаппаратқа сұраныс көлемі төмендейді). Ал егер     қиылысқан

икемділіктің мәні (ED =0) 0-ге тең болса, онда бұл    қарастырылып x,y отырған X және Y тауарлары өзара тәуелсіз тауарлар деп саналады, яғни бұл екі тауардың  арасында ешқандай байланыс жоқ деген сөз (мысалы, қаламға деген бағаның өсуі сүтке деген сұранысты өзгертпейді).

  1. Сұраныстың табыс бойынша икемділігі – тұтынушы табысының пайыздық өзгеруіне байланысты тауарға деген сұра- ныс көлемінің пайыздық өзгеруін сипаттайтын сұраныстың сезімталдық дәрежесінің көрсеткіштік коэффициенті. Бұл икемділік- тің коэффициенті мына формуламен беріледі: мұндағы, ED – сұраныстың қиылысқан икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; DQ% – тауарға деген сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; DI% – тұтынушы табысының салыстырмалы өзгеруі. Әрине, бұл жерде табыс деңгейі сұранысқа әсер ететін маңызды факторлардың бірі болғандықтан, оның өзгеруінен тауарлардың әр типіне деген сұраныс әртүрлі жағдайда өзгеріп отырады. Егер табыстың пайыздық өзгеруі сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруіне қарағанда кем  болса, онда сұраныс табыс бойынша икемді ұсынысқа әсер ететін басты фактор баға болғандықтан, бұл жерде ұсыныстың бағалық икемділігі деген түрі қарастырылады. Ұсыныстың баға бойынша икемділігі – тауар бағасының бір пайызға өзгеруіне байланысты ұсыныс көлемінің салыстырмалы түр- де қанша пайызға өзгеретінін және соған орай сезімталдық реакция- сын көрсететін сандық коэффициент. Ұсыныстың бағаға икемділігінің көрсеткіштік мәні мына формуламен беріледі:

Ұсыныстың баға бойынша икемділігінің де сұраныстікіндей негізгі 5 түрі бар:мұндағы, ES   – ұсыныстың бағалық икемділігінің мәнін   көрсететін коэффициент; DQ% –  ұсыныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі;

  • абсолютті (өте) икемсіз ұсыныс – бағаның өзгеруі ұсыныс көлемін мүлдем өзгерпейтінін немесе салыстырмалы өте аз өзгертетінін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні нөлге тең болады, EPS = 0.бірлік икемді ұсыныс – бағаның да, ұсыныс көлемінің де бір пропорцияда немесе бірдей пайызға өзгеретінін көрсететін жағдай (бұл бағаның қанша пайызға өзгерсе, ұсыныс көлемінің де сонша пайызға өзгеретіндігін білдіреді), бұл икемділіктің коэффициенті 1- ге тең (ES =1); икемді ұсыныс – бағаның өзгеруіне қарағанда ұсыныс көлемінің көбірек өзгеруін көрсететін жағдай (бұл ұсыныс көлемінің бағаға қарағанда тез өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді), бұл икемділіктің коэффициенті бірден жоғары (ES >1);
  • икемсіз ұсыныс – бағаның өзгеруіне қарағанда ұсыныс көлемінің азырақ өзгеруін көрсететін жағдай (бұл ұсыныс көлемінің бағаға қарағанда баяу өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді), бұл икемділіктің коэффициенті бірден төмен (ES <1);
  • абсолютті (өте) икемді ұсыныс – бағаның өте аз немесе мүлдем өзгермеуіне байланысты ұсыныс көлемінің шексіз өзгеруін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні шексіздікке ұмтылады, E S = ∞;

Добавить комментарий

Your email address will not be published.