Х-ХІғғ. Қолөнер мен сәулеттің дамуы

Қалалар санының артуы, олардың аумағының кеңеюі, қала халқының өсуі  қөлөнердің одан әрі дамуына игі әсерін тигізді. Қолөнер өнімін тұтынушылар құрамы өзгереді, егер бұрын, 7-8ғғ олар бай көпестер мен диқандар болса, енді қатардағы тұрғындарда өнімді негізгі тұтынушыларға айналады. Х-ХІғғ керамика жапсырма және қалыпта жасалған топтарының өзгеруімен сипатталады. Жапсырып жасалған керамика үлгілері – қазандар, дастарқандар, қақпақтар болып келеді. Қазақстан қалаларынан көп табылған шыны бұйымдары Хғ жатады. Шыны ыдыстардың дені үрлеу әдісімен, енді біразы қалыпқа құю арқылы жасалған. Ұсталық кәсіп темір бұйымдар жасаумен байланысты, қала ұсталары әдетте жеке махаллаларға орналасқан. Тұрмыстық құрал-саймандардан қайшылар, шегелер, шынжырлар, қармақтар, қазандар жасалған. Мыс бұйымдарын жасау барлық қалаларда таралған, оның үстіне полиметал мен мыс қала орталықтарына жақын Қаратауда, Қырғыз, Іле, Талас Алатауларында өндірілген.Металдан жасалған көркемдік бұйымдар қатарында құмыралар өте назар аударарлық. Құйрықтөбе қала жұртының ХІғ қабатынан табылған екі қола құмыра мыс өңдеушілердің жергілікті өніміне жатқызылды. Жетісудан бүйірі алмұрт бітімдес құмыра табылды. Оның жоғарғы жағы қасқырдың басы түрінде орындалған. Қоладан, күміс пен алтыннан білезіктер, шолпылар, сырғалар, қапсырмалар жасалған. Талас аңғарының таулы бөлігінде Орт.ғас-ғы Шелше аймағында күміс пен алтын кеніші болған. Шымкент көмбесінен және Шу аңғарынан табылған, Х-ХІғғ жататын ширатпалы бұратылған күміс білезіктер назар аудартылады. Әшекейлердің ең көп тобы-Шыны мен түрлі түсті тастардан – жұзақтан, хрустальдан, көктастан, яшмадан, інжу маржандардан жасалған моншақтар. Қоғамдық және діни үйлердің сәулеті ислам ережелеріне және Мұсылман Шығысы елдері сәулет өнерінің жалпы бағытына сәйкес дамиды. Олардың сәулеттік ұйытқысы жинақы. Талас аңғарының діни құрылыстары арасында Жамбыл қаласының батыс жағында 18 шақырым жердегі Бабаджа-қатын және Айша-бибі кесенелері ерекше назар аударарлық. Бабаджа-қатын кесенесі күйдірілген кірпіштен шаршылап салынған порталдары бар әсем күмбезді ғимарат. Орта ғасырдағы іргелі құрылыстар туралы сәулеттік архиология қосымша мәліметтер береді. Қазақстанның Оңт-гі мен Жетісудағы қазба жұмыстары барысында мешіттермен моншалар ашылды. Кедер деп саналатын Құйрықтөбе қаласының жұртынан ең ертедегі мешіттің орны қазылды. Ол Шахристанның орталығында орналасқан. Мешіттің қабырғалары күйдірілген және шикі кірпіштен араластырып қаланған. Құрықтөбе мен өрнек мешіттері діңгекті немесе бағанды құрылыстың үлгісіне жатады. Таразда екі монша қазылды. Монша ыстық өткізетін каналдар жүйесімен жылытылған. Ішкі көрінісінің қалдықтары: сәкілер, орындықтар, астаулар, науалар, кертпелер, палихромдық әшекейлер-Тараз моншасының іші бай безендірілгенін дәлелдейді. Ол ХІ ғ салынған деп саналады.

2. 43-қазақстан тарихы 1822-1824жж.патшаның»Сібір және Орынбор қырғыздары туралы жарғысы мен ережелері «.Хандық биліктің жойылуы.1822ж орыстын белгілі қайраткері М.М.Сперанскийдің басшылығы мен «Сібір қырғыздары» туралы жарғы,1824ж «Орынбор қырғыздары жөніндегі жарғы» -деген құжат негізінде патша үкметі қазақ жерін басқару тәртібі жөнінең заң шығарды. «Жарғы бойынша қазақ даласы сыртқы және ішкі округтерге,тиісінше-округтер болыстар мен ауылдарға бөлінді.Патша әкімшілігі  Жарғыға сүйене отырып,жаңа басқару аппаратын құрды.Сөйтіп хан өкметі таратылды.Округтер Омбы обылыстық басқармасына бағынды,округтерді приказдар басқарды.Оның төрағасы аға сұлтан болды да оған тағайындалатын ресейлік екі заседатель мен сайланып қойылатын қазақ енді.Аға сұлтанды тек сұлтандар ғана сайлайтын,ол Ресей қызметінің майоры шенінде болды және жергілікті басқарманы басқаруға қойылатын шенеунік саналды.Болыстарды болыстық сұлтандар басқарды,оларды қайта сайлау тек Омбы обл-қ басқармасының келісімімен ғана жүргізілетін еді.Ауыл старшындарын қарапайым қазақтар әрбір уш жылда бір сайлады,оларды округтік приказ бекітетін.1824ж «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» қабылданып,Кіші жүзде хандық билік жойылды.Патша өкметі жергілікті жерде өз саясатын жүргізуде сұлтандарды тірек етті.Алайда ХІХғ.ІІжар.-ақ сұлтандардың қазақтар арасындағы эканамикалық және саяси ықпалы құлдырай бастайды.Батырлар қазақ жүздерінің шекаралық аудандарында  ғана сақтады;бұл жерлерде руаралық барымта хиуалық,қоқандық,бұқаралық феодалдармен қақтығыстар тоқталмаған болатын.Патшаның 1822ж-1824жж.реформалары,басқарудың жаңа жүиесі-өлкеде отарлау режимін түпкілікті орнықтырды.нәтижесінде қазақ елі өзінің еркіндігі мен тәуелсіздігінен айырылды.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.