Х-ХІ ғғ Экономиканың, сауданың дамуы

Х-ХІғғ Батыс пен Шығысты байланыстыратын Жібек Жолы бұрынғысынша белсенді жұмыс істей береді. Қаз-ң оңт-де Испиджаб, Кедер, Отырар және Жаркент, Оңт.Батыста Тараз бен Баласағұн, Солт.Шығыс Жетісуда Талғар мен Қаялық ең ірі сауда орталықтары юолды. Испиджабта жабық базар және мата базары болған. Испиджаб көпестері Бағдадқа дейін товар апарып, онда Мервтен, Балхыдан, Бұхара мен Хорезмнен барған көпестермен бірге Харб ибн Абдаллах әл-Балхи рабадында тұрған. Тараз транзиттік ірі сауда орталығы болып қала берді, ол жөнінде деректемелерде мұсылмандардың түріктермен сауда жасайтын орны және көпестер қаласы деп жазылады. Жетісудан Тараз арқылы Таластың жоғарғы ағысында өндірілген күміс тасылған. Күміс өндіретін орталықтар Шелже, Текабкет пен Көл қалалары болған. Іле аңғарында Талғар мен Қаялық сауда орталықтары болды. Қалалар мен өлке арасындағы сауда кең дамиды. Қалаға өлкеден ауыл шаруашылығы өнімі негізінен астық, жеміс, ет  әкелінген. Егінші халық қала қолөнершілерінен қажетті бұйымдар- керамика, шыны, зергерлік бұйымдар, әшекей заттар алып тұрды. Жәрмеңке сипатында болған сауда көшпелі дүниемен шектес Сауран, Жанкент, Дех-Нуджикент қалаларында мейлінше қызу жүргізілген. Сауран оғыздардың сауда орталығы болды. Ибн Хаукаль оғыздар Сауранға сауда жасау үшін келген деп атап өтеді. Оғыздар Балаж және Берукет қалаларында да сауда жасаған. Жазиралар мен қалалардың халқы жылқы, мал, жүн, иленбеген тері, киіз, текемет, сүт өнімдерін, құлдар алып отырды. Кейбір қалалар тікелей көшпелілермен алынатын не әкнлінген шикізаттан жасалатын товарларды сыртқа шығаруға маманданды. Көшпелілер саудасының маңызды тағы бір бөлігі құлдар екені айтылады. Дала тайпалары қалаға металл жеткізіп отырған. Осы өндіретін орталықтардың бірі орталық Қаз-н болған. Әл-Идриси кимектердің темір, күміс және алтын өндіргенін айтады. Көшпелілер өз товарларына қалалық орталықтардан киім-кешек, маталар, астық, қала қолөнерлерінің бұйымдарын, сәндік заттар айырбастап алған. Х-ХІғғ. Басындағы кезеңге товар-ақша қатынастарының өсуі тән, ол товар айырбасын ығстырып шығарды. Қаз-ң ірі қалаларында теңге сарайлары болған. Испиджапта теңгелер соғылған, бұл іс бірсыпыра үзіліспен ХІғ. Іж. Дейін созылған. Отырарда теңгелер соғу жалғастырылды. ХІғ. 20ж-да Мауараннахрда дирхемнің сапасы күрт нашарлады. Оның құрамындағы күміс 20 пайызға дейін құлдырады. ХІғ. Аяғына қарай күміс дағдарысы бүкіл мұсылман Шығысын, соның ішінде зерттеліп отырған аймақтың қалаларын қамтыды. Жалпы Х-ХІ ғғ. Экономика өте қарқынды түрде дамыды.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.