Гольф ойыны туралы мәлімет

Гольф ойынын доп таяқ (клюшка) және кішкентай доппен ойнайды. Ойынның мақсаты: белгіленген бір жерден (бастапқы орын) мейлінше аз соққымен (таяқтың допқа әр тиіп кеткені соққыға саналады) допты шұңқырға түсіру керек. Гольф алаңының көпшілігінде 18 шұңқыр болады. Әрбір шұңқыр шөбі қысқа қырқылған тегіс алаңқайдың ортасында орналасады. Бастапқы орын пен алаңқайдың арасындағы биік шөпте «кедергісіз жер» жолағы қырқылған. Доп жолындағы әр түрлі кедергілерді: ағаштар, бұталар, құм, орлар, суларды басып өтуі керек.

Гольфқа арналған «ит аяқ» деп аталатын жол. Алаңқайдағы шұңқырдың дәл орны алыстан көрінетіндей етіп, басында жалауы бар ала таяқшамен белгіленген.

Гольф жарыстарының негізгі екі түрі бар. Ірі чемпионаттардың көпшілігінде ұпайға ойнайды (stroke play): онда турнирде жасалған жалпы соққының санын қосып, соққыны ең аз жасаған ойыншы жеңімпаз атанады. Ал матчтық (match play) ойындарда қарсыластардың әр шұңқырға жасаған жеке соққылары есептеледі. Аз соққы жасаған ойыншы сол шұңқырды жеңген болып саналады, ал кім көп шұңқыр жеңіп алса, сол жеңімпаз болады.

Бастапқы орын мен шұңқырдың арасы әр түрлі болуы мүмкін. Көп жағдайда ол 100-ден 600 ярдқа дейінгі аралықта (90-нан 550 метрге дейін). Сондықтан әрбір шұң қырды алуға өзінің белгіленген ұпай саны болады. Ол – шұңқырды жеңіп алатын аса шебер ойыншының допты соғу санына сәйкес келеді. Шұңқырға дейінгі қашықтық қаншалықты алыс болса, оның «бағасы» да соғұрлым қымбат болады. Егер ойыншы шұңқырды белгіленгеннен де аз соққымен жеңіп алатын болса, онда оған қосымша ұпай есептеледі. Көп жағдайда гольфты форамен (әлсіз жаққа берілетін жеңілдік, льгота) жиі ойнайды. Бұл класы әр түрлі спортшылардың мүмкіндігін теңестіреді. Мысалы, жаңа келген ойыншы – ер адам фора ретінде допқа 24 қосымша соққы, ал әйел ойыншы 36 соққыға дейін жасауына болады. Артынан бұлардың саны ойыншының жиған жалпы ұпай санынан шегеріліп тасталады.

Гольф ойыншылары табанында шегелері бар туфли киеді. Бұл соққы жасау кезінде тайғанамау үшін керек. Ал қолғап (оңқай ойыншылар сол қолға киеді) доп таяқшаны ұстағанда тайып кетпеуі үшін маңызды.

Гольфқа арналған доп таяқшаның 14 түрлі түрі бар. Мысалы, «ағаш таяқшалардың» жалпақ төменгі бөлігі – басы. Оны алыс қашықтыққа ұрғанда пайдаланады. Басының көлеміне қарай «ағаш таяқшалар» әр түрлі нөмірленеді – 1-ден 7-ге дейін. №1 ең алыс қашықтыққа соққыға арналған. «Темір таяқшалар» болаттан жасалған. Олардың басы «ағаш таяқшаларға» қарағанда жіңішке, жақын қашықтыққа соққыға арналған. «Темір таяқшалардың» да бір-бірінен нөмірлеріне қарай айырмашылықтары бар. Доп таяқтың нөмірі үлкен болған сайын, басындағы соғу беті көбірек қисайған, мұндайда доптың ұшу траекториясы қысқа болады. №10 доп таяқша «құм сына» деп аталады. Оны допты құм кедергілерден өткізгенде пайдаланады. Төменгі бөлігі жалпақ доп таяқшаны паттер деп атайды. Оны допты жеңіл ұрып, шұңқырға түсіру үшін тек шұңқыры бар алаңшада пайдаланады.

Паттер Гольфтің добы каучуктен жасалады. Оның диаметрі 42,67 миллиметрден, ал салмағы – 54,93 грамнан аспауы керек. Ұшу траекториясының түзу болуын қамтамасыз ету үшін доптың бетіне батырып 400-ден астам кішкентай шұңқырлар жасалған.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.