«Файл» түсінігі. Файл дегеніміз не

Қазіргі барлық дискілік операциялық жүйелер дисктерде мәліметтерді сақтауға арналған файлдық жүйелерді құруды қамтамасыз етеді. Файлдық жүйені ұйымдастыру принципі – кестелік. Файл – бұл дискте сақталатын және аты бар ақпарат жиынтығы. Файлдарды жиі екі категорияға бөледі: текстік және екілік.

Текстік адамның оқуына арналған. Олар символдар жолынан тұрады. Текстік файлдарда құжат текстері, программалау тілдерінде программа тексті және т.б. сақталады.

Текстік емес файлдар екілік деп аталады. Олар компьютерге ғана түсінікті, қандайда бір нақты программамен оқуға ыңғайлы түрде болады. Экранға қараған кезде бізге түсініксіз – кодтар шығады.

Әрбір программа (компьютерді қосқан кезде жүктелетін операциялық жүйеден басқа) осы программаны жүктейтін файлдың өз құрамында болады. Яғни орындаушы файл – оны орындауға жіберетін программаның басты файлы. Орындаушы файлдар әдетте com немесе .exe атты кеңейтілімі болады.

  1. Файл аты

Операциялық жүйелер мен басқа программалар файлдармен қатынаста болу үшін олардың белгілеулері болуы керек. Осы белгілеулерді файл атауы деп атаймыз.

Файл аты екі бөліктен тұрады: атауынан және кеңейтілімінен (яғни файл типінен).  Кеңейтілім атаудан нүкте арқылы ерекшеленеді.

Файл атауында 1-ден 8-ге дейін (MS DOS және Windows 3.1 операциялық жүйелері үшін)  символдар болуы мүмкін. Файл атауы ақпараттандырылған болуы және сақталған ақпараттың мазмұнын көрсетуі керек.

Арифметикалық операцияларды, пробелды, қатынасты, пунктуацияны (* ? : ; < > + / \) қолдануға болмайды.

Файлдың кеңейтілімі  файл атының  элементі болып табылмауы да мүмкін. Тек кеңейтілім бойынша  операциялық жүйе файлдың типі мен программаны анықтап, оның көмегімен осы файлды өңдеуге болады.

Дербес компьютерде жұмыс істеу кезінде бірнеше стандартты кеңейтілімдер қойылған:

  • ARJ – архивтік файл;
  • ВАК – файл көшірмесі;
  • BAS –Бейсик тіліндегі программа;
  • ВАТ – пакеттік командалық файл, орындаушы файл;
  • СОМ – командалық жүйелік файл, орындаушы файл;
  • DOC – текстік құжаттың файлы, мысалы Microsoft Word;
  • EXE – орындаушы файл;
  • HLP – анықтамалық ақпаратқа арналған файл;
  • PAS –Паскаль тіліндегі программа;
  • RAR – архивтік файл;
  • SYS – операциялық жүйенің мүмкіндігін кеңейтетін файл, мысалы драйверлер;
  • TMP – уақытша файл;
  • ТXT – текстік файл;
  • ZIP – архивтікй файл және т.б..

Файлдардың дұрыс атауларының мысалдары:

  • exe
  • COM
  • TXT
  • doc
  • мой документ.doc (Windows 95 және одан жоғары жүйелерге арналған)

Дұрыс емес атаулардың мысалы:

  • text – кеңейтілім атауында 3 символдан жоғары
  • 15.txt – екі нүкте қолдануға болмайды

Файлдар тобын белгілеу үшін шаблондар пайдалануға болады. Шаблон немесе нұсқа деп ауқымды символдар (шаблон символдары) пайдаланылатын файл атауы немесе кеңейтілімі аталады. Ауқымды симолдары * (жұлдызша) немесе ? (сұрақ белгісі) болып табылады.

Файл атауында (кеңейтілімінде) жұлдызша оның орнында атаудың (кеңейтілімнің) осы позициядан бастап соңына дейін кез келген белгілер тұруы мүмкін. Мысалы,

  • *.xls – барлық файлдар xls кеңейтілімімен (table.xls, document.xls)
  • forma.* –барлық файлдар forma атауымен (forma.doc, forma.txt)
  • d*.exe – барлық файлдар exe кеңейтілімімен, олардың атауы d (dexe, doc.exe) басталады.

Файл атауында (кеңейтілімінде) сұрақ белгісі берілген позицияда кез келген символ тұруы мүмкін дегенді білдіреді. Файл атауында (кеңейтілімінде) бірнеше сұрақ белгілері тұруы мүмкін.

Мысалы,

  • prog?.txt –prog сөзінен және бесінші позицияда кез келген символдан (progA.txt, progtxt) басталатын текстік файл.

3. Каталогтар

Файл атаулары каталогтарда (немесе директорияларда) дисктерде тіркеледі. Windows-та каталогтарды бума деп атайды.

Каталог – бұл файл аттары, файл өлшемі туралы мәліметтер, олардың соңғы жаңартылуы, файл атрибуттары (құрамы) және т.б. сақталатын дискідегі арнайы орын.

Егер каталогта файл атауы сақталса, онда бұл файл берілген каталогта орналасқан. Әрбір дискте бірнеше каталог болуы мүмкін.

Барлық каталогтар  арнайы түрдегі файлдар болып табылады. Әрбір каталогтың өз аты бар және ол басқа каталогта тіркелуі мүмкін. Егер X каталог  Y каталогта  тіркелген болса, онда X — подкаталог (немесе бағыныңқы каталог), ал Y – надкаталог немесе Х үшін аналық каталог.

Әрбір дискте бір басты немесе түпкі каталог болады. Мұнда файлдар мен подкаталогтар тіркеледі.

Түпкі каталогтан бастап, ағаш бұтағы тәріздес қажет файлға немесе подкаталогқа дейін түсуге болады.

Әрбір каталог келесілерден тұрады:

  • тек файлдардан
  • тек подкаталогтар
  • файлдар мен подкаталогтар
  • бос

Түпкі каталогтың аты  пайдаланатын дискілік құрылғының атауымен бірдей болуы керек. Егер қатты диск бірнеше бөлімшелерге C:, D:, …  бөлінген болса, онда оның әрбіреуінде бір-бірімен байланыспаған өз файлдық құрылымы құрылады.

4. Файл спецификациясы

Жол – бұл «\» символмен бөлінген каталог атауы немесе «..» символының жиынтығы.  Бұл жол дискінің ағымды каталогынан немесе түпкі каталогынан керек файл сақталған каталогқа маршрут береді. Егер жол «\» символынан басталса, онда маршрут дискінің түпкі каталогынан басталады, әйтпесе ағымды каталогтан.

Файлдың толық атауы мына түрде беріледі ([ ] жақшалармен қажет емес элементтер белгіленеді):

[дисковод:] [жол\]файл-атауы

яғни файл сақталған каталогқа жол және «\» символымен бөлінген файл аттарынан тұрады.

 

Файлдардың толық аттарына мысал:

С:\DOS\RAB\PROG1.exe — prog1.exe файлы қатты дискіде (C: бөлігі) DOS каталогына кіретін RAB подкаталогында жазылған
D:\DOKUMENT\tablica.txt — tablica.txt файлы қатты дискіде  (D: бөлігі) DOKUMENT каталогында сақталған
A:\file1.txt — file1.txt файлы осы уақытта сәйкес құрылғыда орналасқан  дискеттің түпкі каталогында
5. Файл атрибуттары

Атрибуттар – файл құрамын анықтайтын қосымша параметрлер. Операциялық жүйе оларды бақылауға және өзгертуге мүмкіндік береді.

Негізгі атрибуттар төртеу:

  • тек оқуға арналған – R (Read only)
    • Тек қана оқуға арналған атрибут файлмен жұмыс істеу мүмкіндігін шектейді. Мұнда файлды жаңарту немесе жою кезінде жүйелік әдістермен қате іс-әрекет жасалғаны туралы шығады. Файл атрибуты кездейсоқ өзгертулер немесе жоюдан файлды қорғау үшін орнатылған.
    • жасырын – Н (Hidden)
    • Жасырын атрибуты фалдық операциялар жүргізу кезінде экранға берілген файлды көрсетпеу керектігі туралы операциялық жүйеге сигнал береді. Бұл шара файлдың кездейсоқ бүлінуіне қарсы іс-әрекет.
    • жүйелік – S (System)
    • Жүйелік атрибутымен операциялық жүйенің жұмысында маңызды функциялары бар файлдар белгіленеді. Оның ерекшелігі, операциялық жүйе мүмкіндіктерімен оны өзгертуге болмайды. Жүйелік атрибуты қойылған көптеген файлдарда Жасырын атрибуты қойылған файлдар да бар.
    • архивтік – A (Archive)
    • Архивтік атрибуттар резервті көшіру программаларының жұмысы үшін пайдаланылған. Файлды өзгертетін кез келген программа осы атрибутты автоматты түрде қою керек, ал резервті көшіру әдісі оны қабылдамайды деп есептелінген. Демек, келесі резервті көшіруге атрибуты орнатылған файлдар ғана жатты

Осы атрибуттардың әрқайсысы орнатылуы немесе орнатылмауы мүмкін.

Файлдарды архивтеуден басқа келесі іс-әрекеттерді жүргізуге болады:

  • құру
  • жою
  • атын өзгерту
  • бір каталогтан екінші каталогқа көшіру
  • файл атымен дискіден және ондағы символдар жолынан табу (Norton Utilities-тен filefind программасы)
  • егер файл байқаусыздан жойылса (Norton Utilities-тен unerase программасы), онда кейбір жағдайдарда қалпына келтіруге болады

Бұл әрекеттерді жеке файлдармен және файл топтарымен орындауға болады.

Файлдар мен каталогтарды (бумаларды) көшіру, тасымалдау және жою

Графиктік емесе операциялық жүйелерде файлдарды көшіру және тасымалдау операциялары командалық жол өрісінде нақты команданы енгізумен орындалады. Осы кезде команда аты, каталогқа кіру жолы көрсетіледі.

Графиктік операциялық жүйелерде осы командаларды орындауға мүмкіндік беретін позиция құрылғысымен жұмыс істеу әдістері бар.

Мәліметтерді жоюдың екі режимі бар: жою,  қалпына келтірмейтіндей жою.

Файлдарды жою уақытша болып табылады. Windows 9S және Windows 98 операциялық жүйелерінде Қоржын деп аталатын арнайы бума көмегімен ұйымдастырылған. Файлдар мен бумаларды жою кезінде олар Қоржынға тасымалданады. Бұл операция операциялық жүйенің файлдық құрылымы деңгейінде жүреді. Қатты дискінің файлдық жүйесі деңгейінде файлдар қай жерде жазылса, сол секторларды қалады.

Қалпына келтірмейтіндей жою оларды MS-DOS операциялық жүйесіндежою кезінде немесе Windows 95/98 операциялық жүйелерінде Қоржынды тазалау кезінде жүреді. Бұл жағдайда операциялық жүйенің файлдық құрылымынан файл түгелдей жойылады, бірақ дискінің файлдық жүйе деңгейінде тек біршама өзгерістер ғана болады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Файл дегеніміз не?
  2. Файл аты қалай пайда болады?
  3. «Орындаушы файл» дегеніміз не?
  4. Файл атының кеңейтілімі қандай қызмет атқарады?
  5. Файлдың ұзын аты қысқасынан немен ерекшеленеді?
  6. Ұзын файл атын жазу кезінде қандай символдарды пайдалануға болмайды екенін атаңыздар?
  7. Файлдар типі.
  8. Каталог дегеніміз не?
  9. Файлдық құрылым түсінігіне не кіреді?
  10. Түпкі каталог дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер :

негізгі Әдебиеттер

Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002

Исаев С.Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000

Информатика. Учебник под ред. проф. Н.В. Макаровой, 1997

Фигурнов В.Э. IВМ-РС для пользователей. М.: Финансы и статистика, 1997

Қосымша Әдебиеттер

Тусупова С. А., Основы профессиональной работы на ПК под управлением MS

WINDOWS 9x: Учебный курс-Алматы, 2001

Информатика Физика Математика журналы: Алматы, 1998-2004

Экономическая информатика /под ред. Проф. В.В. Евдокимова -СПб,1997

Балапанов  30 сабақ информатика. Алматы, 1998.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.