Еңбек ресурстары, еңбек өнімділігі

Еңбек ресурстары – бұл еңбекті жүзеге асыру үшін дене күші және рухани қабілеттерге ие болатын   халықтың бір бөлігі. Біздің елде еңбек заңына байланысты ерлер 16-63, жас аралығында, әйелдер – 16-58 жас аралығында еңбекке қабілетті, І,ІІ топтағы мүгедектерді қоспағандағы, адамдарды айтамыз. Шын мәнінде оған жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер мен жасөспірімдер (16 жасқа дейінгі) де кіреді.

Қазіргі адам өзінің көптеген қабілеттеріне ие бола отырып, еңбек үдерісінде олардың барлығын қолдана бермейді. Еңбек нарығы біріншіден еңбек күшіне сұранысымен, екіншіден адам қабілеттерінің бір бөлігін қолданумен, үшіншіден жұмыс күшін қолдану уақытымен, төртіншіден жаңа пайда болған құнды қайта бөлумен байланысты әлеуметтік-еңбектік қатынастарды көрсетеді. Тек осы жағдайда ғана еңбек нарығы, еңбек ресурстарының нарығы, еңбек қызметтерінің нарығы, жұмыскер күшінің нарығы  терминдерін синоним ретінде пайдалануға болатын, өзара тең ұғымдар ретінде пайдалануға болады.

Егер нақтырақ айтар болсақ, онда «еңбек нарығы» ұғымы жұмыс күшін пайдалану құқығын белгілі бір уақытқа жұмыс берушіге берумен, еңбекақы көлемін, жұмыс күнінің ұзақтығын, еңбек жағдайын, төленетін демалыс ұзақтығын, ауру немесе мүгедектік алу жағдайында өтелім көлемін анықтаумен, өндірісті белгілі бір уақытқа тоқтатумен байланысты әлеуметті-еңбектік қатынастарды көрсетеді.

Сонымен, еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін пайдалану мен жалға алу шарттары бойынша сатып алушы мен сатушы арасындағы әлеуметтік-еңбектік қатынастардың жиынтығы. Аталған жиынтықтың негізін білдіретін, орталық қатынас ретінде жұмыс күшінің өмірлік қаражаттарға айырбастау арқылы қатынас орнатылады. Бұл қатынастың іске асуы жұмыс күші ретіндегі  тауары мен өмірлік қаражаттарға сұраныс – ұсыныс тетігі негізінде жүзеге асады.  Бұл үдерісте мемлекет қатысады.  Ол еңбек ақысының ең аз мөлшерін және жұмыс күнінің ұзақтығын, жұмыссыздық бойынша жәрдемнің көлемін және басқа көрсеткіштерді тағайындайды. Жалпы алғанда әлеуметік-еңбектік қатынастардың жүзеге асуы мемлекеттік-нарықтық ретінде орын алады. Нәтижесінде еңбектенушілер, жұмыс берушілер мен мемлекет арасында қызығушылықтардың тепе-теңдігі орнайды.

Нарықтық қатынастар жүйесінде еңбек ресурстары маңызды орынға ие. Бұл нарықта мемлекеттік қоғамдық және жеке ұйымдардағы жұмыс берушілер мен еңбекке қабілетті тұрғындардың мүдделері түйіседі. Еңбек нарығының тетіктері арқылы тұрғындардың жұмысбастылық деңгейі және еңбек ақысы анықталады. Тұрғындардың жұмысбастылығы оның ұлғайымы өндірісінің қажетті жағдайын қалыптастырады.

Тұрғындардың өмір сүру деңгейі мамандарды іріктеу, дайындау және қайта дайындау, оларды жұмысқа орналастыру мен материалдық көмекке кететін қоғам шығындарының барлығы тұрғындардың жұмысбастылығымен тығыз байланысты. Сондықтан тұрғындардың жұмысбастылығы жұмыссыздық және оларды әлеуметтік қорғау, еңбек нарығын талдау кезінде негізгі мәселе болып табылады.

Еңбек нарығы — бұл жұмыс күшін адамның еңбек ету қабілеті тауар түрінде сатуға және сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары мамандықты талап ететін еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етеді. Осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады. Жұмыскерлерге және олардың еңбегіне, санасына деген талап күшейеді. Еңбек нарығына барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді ынталандыру керек. Ол жалқауларды, әлсіздерді және еңбек етуге қабілетсіздерді аямайды. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді. Оның жоғары қозғалысына себепші болады, іскерлік  пен белсенділікке ынталандырады.

Экономикада тұрақты түрде үнемі экономикалық өсім бола бермейді. Кейде экономикалық тұрақсыздық, яғни жұмыссыздық, инфляция, өндіріс деңгейінің төмендеуі, бағаның өсуі орын алады. Еңбек нарығында жұмыссыздық айқын білінеді.

Жұмыссыздық — қоғамдағы аса ауыр экономикалық және әлеуметтік қайшылық. Егер жұмыс күшінің ұсынысы сұраныстан көп болса, онда жұмыссыздық көбейеді деген ұғым бар. Жұмыссыздық нарықтық экономикаға тән құбылыс болып табылады. Бірақ оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір мөлшері болады. Егер жұмыссыздар сол мөлшерден асып немесе кеміп кетсе, онда нарықтық экономикаға зардабын тигізеді, ал кажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.

Нарық экономикасы сөзсіз жұмыссыздыққа алып келеді. Себебі нарық экономикасына жұмысқа қабілеті барлар қажет.

Халықты жұмыспен қамту өте өткір проблеманың бірі болып отыр. Оның түп негізі елімізде жаңа жұмыс орындарын кұрудың экономикалық және құқықтық тетіктері әлі толыққанды жазылып, жасалмағанында жатыр. Өйткені жұмыспен қамту туралы заң өкіметті қанағаттандырмайды. Сондықтан жаңа заң кабылдау күн тәртібіне қойылды.

Қазакстанда еңбек нарығы енді қалыптасып келеді, сондай-ақ онда көптеген компоненттер жоқ. Ол өзіне жұмыс күші қозғалысын бақылау қызметін жүктейді. Халықтың жұмыспен қамтуды өсірудің жаңа мүмкіндіктерін қарастыру қажет.

Дамыған елдерде соңғы 20-25 ж. ішінде жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай өсіп отыр (8-12%), бұл өз кезегінде біліктілігі жоқ жұмысшылардың жұмысқа орналасу мүмкіндігін  төмендетеді және біліктілігі жоқ мамандар арасындағы төлемақының көлемі төмендейді.

Қазақстанның экономикасын қайта құру кезінде бірнеше күрделі мәселелерді шешу керек екендігі байқалды. Ол негізінен халықтың төмен деңгейлі өмірі негізіндегі жоғары еңбек белсенділігімен және еңбек тиімділігімен, кадрлардың аумақтық, салалық икемділігінің жеткіліксіздігінен,  нарықтық экономикаға сай бола бермейтін мамандарды даярлау мен қайта даярлаудың төмендігімен, еңбек нарығы бойынша инфракұрылымның дамымағандығымен байланысты болып отыр.

Қазақстандағы еңбек нарығының басты мәселесінің бірі және әлеуметтік мәнге ие болатын мәселе жасырын жұмыссыздық немесе толық емес жұмысбастылық. Ол өндірістегі еңбек өнімділігінің төмендігіне, әр түрлі экономикалық және қаржылық жағдайлармен байланысты болып отыр. Еске түсіретін болсақ 1998 жылы Қазақстандағы жасырын жұмыссыздық деңгейі 3,2% болды. Мысалы. 1998 жылы мемлекетік жұмыспен қамту қызметіне 537,2 мың адам ғана тіркелген. Жұмысбасты азаматтар саны 105,3 мың адам (тіркелгендердің 19,6%-ғана), соның ішінде жастар (16-23 жастағы — 35,4%).

Республикадағы соңғы жылдардағы еңбек нарығындағы күрделі мәселе ресми емес жұмысбастылық, яғни заңды түрде ресімделмеген қатынастар болып отыр. Ресми емес жұмысбастылық әлеуметтік амортизатор рөлін атқарып, халықтың өмір сүру деңгейін  төмен көрсетуге себеп болып отыр. Сонымен қатар ол әлеуметтік және құқықтық қорғау шеңберін кеңейтіп, қылмысты құбылыстардың орын алуына жағдай жасап отыр. Осыған байланысты қарсылық және құқықтық саясат көптеген кәсіпорындардың екі жақты бухгалтерия жүргізуіне институттық орта құрумен жағдай күрделене түсу нәтижесінде жалпы еңбек қатынастарының жүйесі еңбек туралы заңға бағынбайтындай және өзіндік жеке мөлшерлермен реттеліп, ол көп жагдайда қылымысты жағдайлармен сипатталады. Бұл жұмыстың жағдайын айтарлықтай нашарлатып отыр және еңбек нарығын қылмысты топтардың басқаруына  жол ашып отыр. Бұл жағдай көптеген өндірістердің уақытша тоқтап, ондағы жұмыскерлердің мәжбүрлі түрде демалысқа шығуымен және еңбекпен қамтамасыз етілмегендіктен елден мәжбүрлі миграциясын тудырып отыр. Осылайша, жұмыс күшін біртіндеп босату, артық жұмыс орындарын сақтау, оның екінші реті, бейресми түрлерін азайту. Қазақстандағы еңбек нарығының қалыптасу моделін сипаттайды. Ол экономика және қоғамның  реакциясы ретінде және өтпелі кезеңде әлеуметтік және экономикалық тиімділік арасындағы байланысты тұрақтандыруға, экономиканың қайта құрылуы мен адам әлеуетін сақтаудың қажеттілігін қамтамасыз ететін институттардың жоқтығымен сипатталады.

Жұмыспен қамтамасыз ету адам әлеуетін сақтау мен дамытудың негізгі факторлары болып табылады. Сондықтан, мемлекеттік жұмыспен қамту саласындағы саясатын өңдеу мен жүзеге асыру өте күрделі мәселе, әсіресе өтпелі кезең тұсында. Осыған орай, жалпы ұлттық көлемінде бос жұмыс орындарының  және ақпараттылық жүйе; жұмыс күшін қайта даярлау; сонымен бірге жаңа жұмыс орындарын құру қызметіне салықтың төмен көрсету талап етіледі. Еңбек рыногының қажеттілігіне сай кәсіпорындық құрылымдардағы басқару және қаржыландыру жүйесін жақсарту болып табылады.

Егер жұмысты жоғалту өндірістің циклдық төмендеуінің нәтижесінде орын алған болса, онда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы тиімді деп саналар еді. Бірақ жеткілікті жұмыс орынның болмауы жүйелі трансформациямен байланысты болса, оған жаңа тиімді шаралар қолдану керек болады.

Тұрғындар жұмысбастылығы дегеніміз — азаматтардың ҚР конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі — деп, ҚР жұмыспен қамту туралы заңында атап көрсетілген.

Жұмысбастылық саясатының сұрақтарын анықтап алу үшін жұмысбастылықтың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдағы мәнін анықтап алу керек.

Экономикалық тұрғыдан  жұмысбастылық — тұрғындардың қоғамдық өнімді немесе ұлттық табысты өндірудегі қызметі, ал қоғамдық өндірісте жұмыс істеуге жарамды немесе ынталы адамдарға жұмыс тауып беру жаппай жұмысбастылыққа алып келеді.

Әлеуметтік тұрғыдан, жұмысбастылықтың мынадай түрлері бар: жалпы білім беретін және арнайы оқу орындарында оқу, әскер қатарындағы қызметі, үй шаруашылығы, балаларды тәрбиелеу , қарттар мен ауруларды бағып — күту, қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысу.

Қоғамның дамуы тұрғысынан алғанда қоғамдық өндірістегі жұмысбастылық негізгі болып табылады. Ол қоғамның экономикалық әлеуетімен қатар, тұтастай тұрғындардың өмір сүру сапасы мен деңгейін және жеке азаматтардың жақсы тұрмысын сипаттайды .

Еңбек нарығындағы бұл түсініктердің қандай мәні бар?

Біріншіден, олар ұлттық табысты құруға қатысатын қоғамдық еңбек әлеуетін неғұрлым дәл анықтауға мүмкіндік береді;

Екіншіден, олар еңбек әлеуетінің көлемін және оның елдің және оның аймақтардағы қолданылуын неғұрлым дәл болжауға мүмкіндік береді;

  1. Еңбек өнімділігі мәні және өлшеу әдістері. Еңбек өнімділігі – бұл өндіріс нәтижесінің оған сәйкес адам еңбегінің шығынына қатынасы арқылы өрнектелетін еңбек үдерісінің тиімділігінің көрсеткіші.

Еңбек өнімділігінің келесідей түрлерін ажыратуға болады.

 Дербес еңбек өнімділігі бұл жеке нақты жұмыскердің немесе кәсіпорынның өндірістік бөлімінің өнімділігі; жергілікті еңбек өнімділігі – аймақтағы немесе саладағы еңбек өнімділігі;   қоғамдық еңбек өнімділігі – бұл халық шаруашылығы бойынша, толығымен ел экономикасының еңбек өнімділігі. Қоғамдық өнімділіктің динамикасы мен жағдайын бақылау экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды функциясы болып табылады. Бірақ, нақты кәсіпорында, салада немесе елде, сол уақыт аралығында өнім мен қызмет көлемінің өзгеруі еңбек өнімділігінің өсуінен ғана емес, сонымен бірге қарқынды еңбекке байланысты өзгерістің нәтижесі болуы мүмкін. Еңбек қарқындылығы мен  қауырттылығы — бұл уақыт бірлігінде жұмыскерлер жұмсайтын адам ағзасындағы  энергияның шамасы. Еңбек өнімділігін өлшеу, көбінесе, тауарлар өндірісі нәтижесінің еңбек бірлігіне (өнімділік) қатынасы арқылы немесе кері шама — еңбек шығынының (еңбек сыйымдылығы) тауарлар өндірісі нәтижесіне қатынасымен жүзеге асырылады.

Еңбекке ақы төлеудiң негiзгi ұстанымдары мен түрлерi. Агробизнес тиiмділiгi көбiнесе ауылшаруашылық кәсiпорындарында еңбекке ақы төлеудiң дұрыс ұйымдас­тырылуына тәуелдi.

Ауыл шаруашылық және агроөнеркәсiп кәсiпорындарында еңбекке ақы төлеудi ұйымдастыру кезiнде еңбекке ақы төлеудiң негізгi ұстанымдарын ескеру қажет:

  • Тауарлар мен қызметтер өндiруге ciңipгeн еңбектiң саны мен сапасы бойынша ақы төлеу. Бұл ұстаным жоғары сапа кезiнде саны (ұзақтығы, қарқындылығы мен күрделiлiгi) бойынша бiрдей еңбек үшiн қызметкердiң жынысына, жасына және қай ұлтқа жататынына қарамастан бiрдей ақы төлеу жүргiзілетiнiн бiлдiредi.
  • Еңбекке ақы төлеудiң өcyi мен еңбек өнiмдiлiгiнің өcyi арасындағы дұрыс  ара қатынас. Еңбек өнiмдiлігiнiң өcyi еңбекке ақы төлеудiң өсуiнен асып түсуге тиiс, тек сондай жағдайда ғана өндiрiс тиiмділігiн арттыру қамтамасыз етiледi.
  • Еңбекке ақы төлеу кепілдiгi және кызметкерлердiң матери­алдық ынталылығы. Жұмысшылар мен қызметшiлер тиiстi дәрежедегі кызметкерлердің белгіленген тарифтiк ақылары және кызмет жалақылары бойынша, сондай-ақ кызметкердi жалдау шартына сайкес кепілдi еңбек ақы алады. Әрбiр кызметкердiң еңбек ақысы жұмыстың ақырғы нәтижелерiмен, оған жеке еңбек ciңipyiмeн анықталады және еңбек ақының ең жоғары мөлшерi шектелмейдi.
  • Ақы төлеу жүйесiнiң қарапайымдылығы мен айқын­дылығы. Еңбекке ақы төлеудiң колданылатын жүйелерi әpбip қызметкерге әбден түсiнiктi болуға тиiс, сонымен еңбекке дегeн материалдық ынталандырулар күшейтіледi.

Жоғарыда қарастырылған ұстанымдар eңбeктi нормалау, тарифтiк жүйе, еңбек ақы түрлерi мен жүйелepi арқылы ic жүзінде өзiнiң нақты көpiнiciн табады.

Жұмсалған еңбек санын есептеу мен еңбектi қоғамдық бағалау нормалаудың көмегiмен қамтамасыз етiледi.

Еңбектiң сапа жағы еңбекке ақы төлеуде тарифтiк жүйе арқылы көрiнiс бередi, ол жүйе еңбектiң қызметкерден белгiлi бip білiктілiк талап ететiн күрделiлiгiн, қоғамға маңыздылығын, еңбектiң ауырлығын және басқа белгiлерiн ескередi.

Тарифтiк-жүйе   тарифтiк баға беру анықтамаларын, тарифтiк кестелердi (сеткаларды) және тарифтiк ақыларды (ставкаларды) қамтиды.

Тарифтiк — баға беру анықтамасы ауыл шаруашылығында орындалатын жұмыстар тiзiмі және олардың баға беру сипат­тамалары (жер жырту, eгic, топырақ қопсыту) бар нормативтiк құжат болып табылады.

Жұмыстың әpбip түрi оның күрделiлiгiне, көп еңбек ciңipi­луiне, қызметкердiң бiлiктілiгiне және басқа жағдайларға қарай тарифтiк кестенiң тиiстi бағалану дәрежесiне жатқызылады. Тарифтiк кесте — тарифтiк коэффициенттердiң бiрнеше дәрежелерiнен тұратын көрсеткiштер (шкала),  әртүрлi бағалану дәрежесiндегi бiрiншi, екiншi, үшiншi дәрежелi инженер қызметкерлердiң тарифтiк ақыларының 1 дәреженiң ақысына қатысты ара қатысы бойынша анықталады.

Тарифтiк ақы (ставка) — өнiмдiлiк нормасын орындағаны үшiн немесе жұмыс күнi үшiн еңбекке ақы төлеу мөлшерi. Халық шаруашылығында белгіленген, еңбек ақының ең аз мөлшерi негiзiнде есептелiнген 1 дәреженiң ақысы бастапқы (мөлшерi жөнiнен ең аз) ақы болып табылады.

Мәселен, тракторшы-машинешілердiң тарифтiк ақылары үш аймақтық топ бойынша ауыл шаруашылық өндipici жағдай­ларына қарай белгіленедi.

Тарифтiк ақылардың бipiншi тобы өндiрiс жағдайлары өте жақсы шаруашылықтарда қолданылады.

Екiншi тобы — жағдайлары орташа аудандар мен облыста­рдың көпшiлiгiнде қолданылады.

Үшiншi тобы — жағдайлары онша мәз емес шаруашылық­тарда қолданылады.

Еңбектi нормалау мен тарифтiк жүйе еңбектiң сапасы мен санын және сол үшiн ақы төлеу шараларын анықтауда маңызды рөл атқарады.

Әртүрлi кәсiптер мен мамандық қызметкерлерiнiң табысын есептеп шығару mәpmiбi ақы төлеу түрiмен және жүйесiмен айқындалады.

Еңбек шығындарын есептеу тәсiлiне қарай еңбек ақы төлеу түрлерi келiсiмдi және мерзiмдi болып бөлiнедi.

Keлiciмдi ақы төлеу кезiнде табыс қызметкер өндiрген өнiмнiң санымен немесе орындалған жұмыс көлемiмен анықталады.

Мерзімдi ақы төлеу кезiнде қызметкердiң табысы өндiрілген өнiм санына немесе орындалған жұмыс көлемiне қатыссыз қызметкер жұмыс iстеген уақыт мөлшерiмен айқындалады.  Ақы төлеудің бұл түрi өнiмділiк нормаларын белгiлеу мүмкiн емес немесе ретi жоқ жағдайларда қолданылады. Мысалы, басқарушы қызметкерлердiң еңбек ақысы.

Келiсiмдi және мерзiмдi ақы төлеудiң бiрнеше жүйелерi бар: қарапайым кесiмдi ақы төлеу мен қарапайым мерзiмдi ақы төлеу, кесiмдi-сыйлық ақы төлеу, мерзiмдi-сыйлық ақы төлеу, келiсiмдi (аккордтық) ақы төлеу және келiсiмдi-сыйлық ақы төлеу.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.