Бюджет түсінігі, экономикалық мазмұны

Бюджетол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым-қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым-қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процесіңде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтаңдырылған ақша қаражаттар қорын калыптастыру мен пайдалануына бай-ланысты. Осындай барлық қаржылық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады.

Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет — ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы — қаржылық жоспар, материалдық негізі — орталықтандырылған қор, экономикалық негізі — жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі — заң.

Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орыңдауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгерпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым-қатынаста жатыр.

Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан, ол сол қаржының барлық негізгі, сапалы сипаттамаларына сай. Басқаша айтқанда, егерде «қаржы» жалпы ақша қарым-қатынас жүйесі болса, яғни мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру және пайдалану процесі, онда «бюджет» өз алдына ақша қарым-қатынас жүйесін құрады, яғни бюджеттік қорды қалыптастыру және пайдалану процесі. Бюджеттік қор көптеген қоғамдық қажеттілік шығындарды (әлеуметтік, қорғаныс, т.б.) қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалалар) беттерінде «бюджет» термині әр түрлі ұғымда пайдаланады, мысалы, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған қоса, әдебиетте мемлекеттік бюджетке тағы да келесідей анықтама берілген: бюджет — ол қаржылық жоспар; бюджет- ол басқарушылық жоспар; бюджет — ол заңнамалық құжат; бюджет — ол коммуникация құралы; бюджет — ол бюджеттік салық саясатты дәлелдейтін құжат деген. Бірақ, бюджеттік салық саясатының мазмұны өте кең, себебі оған мемлекеттік басқару органдарының негізгі функциялары, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен фискалдық саясаттың көрсеткіштері, бюджеттің көрсеткіштері тағы басқа көрсеткіштер мен ережелер кіреді. «Бюджет» деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады:

  • ол өз алдында жеке бір экономикалық категория;
  • ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырыл-ған қоры;
  • ол экономиканы реттеуге арналған қүрал (бюджеттік меха-низм арқылы);
  • ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
  • ол барлық бюджеттік қарым-қатынасқа қатысушылар мін-детті түрде орындайтын заң.

Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресур-старға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан туатын объек-тивтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын ортальщтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі қүралы, біріккен экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуте қажет болып табылады.

Сондықтан, Бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік берілген — ол «республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама-қарсы өтеу операцияларьш есептемегеңде сарап-тамалық ақпарат ретіңде пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосыңдысын құрайтын жалпы бюджет». Сонымен қатар, «мемлекетгік бюджет» термині — мемлекет қүрастыратьш және басқаратын орта-льщтандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланады.

Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым-қатынас-тағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын қүрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі ымыраға (компромисс) келеді, бюджеттік дотациялар мен трансфертер бөлу арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырьш іске асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретіңде қоғам-ның саясаттық және әлеуметтік дамуьш көрсетеді.

Қүндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет арнайы қоғамдық міндет атқарады, яғни ол жалпы мемлекеттік мүдделерді қаражаттандыруға қызмет етеді. Бюджет қаражаттары арқылы өндірістің дамуы мен үлғайтуыньщ шығыстары, ғылыми-техникалық пен қоғамдьщ өндірістің салалық және аумақтық құрылымын жетілдіру қаражаттандырылады, ұжымдық шығындар (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала) және басқа да шығындар қамтамассыз етіледі.

Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет келесі арнайы белгілермен сипатталады:

  1. Бөлулік қарым-қатьшастьщ айрықша экономикалық формасы, яғни мемлекет тарапыңда жалпы ішкі өнімнің бөлігін жинау және оны қоғамдық мүддені қамтамасыз етуге пайдалануға арналған;
  2. Ұлттық экономика салалары, аумақ, экономика секторлары қоғамдық іс-әрекет салалары арасында құндыльщты қайта бөлуге арналған;
  3. Қүндылық бөлудің ерекше бір кезеңін атқарады, яғни жалпы қаржылық қарым-қатынас тауарлық-ақша қарым-қатынаспен тығыз байланысты болса, бүл арада қүндылық бөлу тауарлы формадағы ішкі өнім қозғалысымен тікелей байла-ныста емес және одан белгілі мөлшерде бөлек атқарылады;
  4. Бюджеттік бөлу пропорциялары мен формалары әрбір тарихи кезеңде мемлекеттің әлеуметтік-экономикальщ да-муының сүраныстары мен міндеттемелері бойынша анықталады;

Бюджеттік бөлу аумағы қаржы жүйесінің басқа да тізбек-терімен өзара тығыз байланыста, бірақ олардың арасын-да бюджеттік бөлу бастапқы жағдайда, себебі ол экономиканың құндылық құрылымы мен экономикалық және әлеуметтік дамудьщ негізгі бағыттарын ақша қаражатта-рымен қамтамасыз етуге әсер етеді.

Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік бюджет басқа да бір эко-номикалық категория сияқты өндірістік қарым-қатынасқа негізде-леді және езіне сай материалды-қүндылық түрі бар, яғни бюджет-тік қарым-қатынас материалды түрде орталықтандырылған ақша қаражаттар қоры — бюджеттік қорда болады. Бүның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемле-кеттің жинап және пайдаланып жатқан ақша қаражаттары көлемі арқылы көрінеді. Бюджеттік қор (бюджет ресурстары) — ол мемле-кет тарапына, оның жалпымемлекеттік функцияларьщ орьшдауға арналған, қүндылық бөлу сатыларын өткен, объективтік экономи-калық формадағы қоғамдьгқ өнім мен үлттық табыс қозғалысының белгілі бір бөлігін қүрайды. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану — қүндылықты бөлу мен қайта бөлуге байланысты сол қүндылықтың қозғалыс процесін көрсетеді.

Бюджеттік іс-әрекет жүргізу мемлекеттің орталықтандырыл-ған ақша қаражаттары қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты және ерекше экономикалық, үйымдастырушьшық формаларды қолдану негізінде жүргізіледі. Экономикалық формалар түсінігі ретінде жалпы ішкі өнімді қүндылық бөлу процесінің бір жақтарын объективтік түрде көрсететін бюджеттің кіріс және шығыс категориялары айтылады. Бүл категориялар өз алды ар-найы қолданылады, яғни кіріс — мемлекетті бюджеттік ресурстар-мен (қажетті ақша қаражаттарымен) қамтамассыз етуге арналған, ал шығыс — жалпымемлекеттік функциялар орындауды қаражат-тандыруға бюджеттік ресурстарды бөлуге арналған.

Бюджет іс-әрекетінің үйымдастырушьшық формалары ретін-де кірістің түсуінің нақты түрлері, олардың көлемін анықтайтын әдістер, бюджет тапшылығы мен оның шығыстарының көлемін есептейтін тәсілдер пайдаланады. Негізінде, бүл мемлекеттің ар-найы заңнамалық актілер қабылдау арқылы реттейтін бюджеттік қарым-қатынастың белгілі формалары.

Алайда, мемлекеттік бюджет ішкі өнімді қүндылық бөлу мен қайта бөлу процесіндегі мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да қатысушылар арасында болатын ақша қарым-қатынасқа бай-ланысты экономикалық категория. Бүл қарым-қатынас мемлекет ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру және оны экономиканың дамуы мен қоғамдық мүдделерді қамтамассыз етуге пайдалану жоддары арқылы іске асырылады.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.