Блокнот және калькулятор программалары

Пән аты:   Информатика

Сынып:  5

Сабақтың  тақырыбы:  Блокнот және калькулятор программалары.

Сабақтың мақсаты:  Стандартты программалармен таныстыруды жалғастыру.

Білімділік:  Блокнот программасының қызметі мен мүмкіндігін; Калькулятор программасының қызметі мен мүмкіндігін.

Тәрбиелік:  Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті  құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, электронды оқулық.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
  3. Білімді өзектендіру

Сұрақтар:

  1. Стандартты программа құрамына қандай программа кіреді?
  2. Қосымша сандық пернетақтаны қалай қосады?
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Блокнот-бұл өте шағын мәтіндік редактор, оның жұмысы үшін жатқан аз көлемі қажет. Блокнот жұмыс уақытында белгі құруға, кейін оны басқа қолданбаға кірістіріп қоюға болатын мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған. Оны іске қосу үшін мына әрекеттерді орындаймыз. Пуск-Все программы – Стандартные — Блокнот. Блокнот қолданбасының терезесі.

Мұнда ақпараттарды тек алмасу буферінің көмегімен ғана көшіруге және жылжытуға болады, ол үшін Правка-Вставить, Вырезать және Вставить командаларын орындаймыз.

Файл-Макет страницы командасының көмегімен қағаздың пішімін, өріс мөлшерін және мәтіннің бағдарын (Альбомдық немесе Кітаптық) таңдауға болады.

Формат-Шрифт командасы арқылы мәтінді пішімдеу әрекеттерін орындай аламыз.

Файл – Сохранить как командасы  арқылы құжаттарды сақтаймыз. Файлдар кеңейтілуі *txt болады.

Файл – Открыть командасы арқылы сақталған құжаттарды ашамыз.

Калькуляторды пайдалана отырып, есептеулерді жылдам орындауға және есептеу нәтижелерін басқа бағдарламаларға беруге болады. Сонымен қатар калькулятор қолданбасы компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс істеуін: бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударуды, логикалық арифметика принциптерін, есептеу дәлдігін және т.б. тереңірек игеруге мүмкіндік береді. Жүйеде қалькулятор екі түрлі болады: Қарапайым және инженерлік.

Калькуляторды іске қосу: Пуск – Программы – Стандартные – Калькулятор. Калькулятордың түрін ауыстыру үшін: Вид менюін пайдаланамыз.

Калькулятордағы цифрлық ақпараттарды басқа бағдарламаларға көшіру үшін: Правка – Копировать немесе Вырезать және Вставить командаларын пайдаланымыз.

Сабақты  бекіту  сұрақтары:

  • Блокнот қолданбасын атқаратын қызметі қандай?
  • Блокнот қолданбасын қалай іске қосамыз?
  • Блокнот қолданбасында қаріп пішінін, өлшемін, түрін, элпетін қалай өзгертеміз?
  • Блокнот қолданбасында құжаттарды сақтау, ашу, әрекеттері қалай орындалады?
  • Калькулятор қолданбасының атқаратын қызметі қандай?
  • Калькулятордың қандай түрлері бар?

 

Таңдалған деңгейлік тапсырма бойынша компьютерде тәжірибелік жұмысты орындау.

  1. Сабақты қорытындылау

Тәжірибелік жұмысты тексеріп, бағалау.

  1. Үй тапсырмасы

Үйге тапсырма:  § 27 Windows –тың  блокнот және калькулятор  қолданбаларымен танысу. Оқулық сұрақтарына жауап беру.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.