Бірлескен кәсiпорындардың мәнi мен маңызы

Бірлескен және шетелдiк кәсiпорындарды құру кәсiпкерлiктiң перспективалы формаларының бiрi және шетелдiк инвестицияны Қазақстан Республикасының экономикасына тартуға бейiмделген. Бірлескен кәсiпорын деп қазақстандық заңды тұлғалармен қатар шетелдiк фирмалар, компаниялар, ұйымдар қатысатын бiрлестiктер мен ұйымдарды, кәсiпорындарды атайды. Шетелдiк кәсiпорындар деп  толығымен шетелдiк инвесторларға қарайтын кәсiпорындар, мекемелер және басқа да ұйымдастыру құрылымдарын айтады.

Бірлескен кәсiпкерлiк – әр түрлi елдердiң өнiмдерi мен қызметтерiн өндiретiн өнеркәсiптiк қарым-қатынастың ерекше формасы. Бірлескен кәсiпкерлiктi құруды жүзеге асыру қарым-қатынастағы заңды тұлға болып табылатын партнерлардың өзара iс әрекетi деңгейiнде сол елдiң заңы бойынша  iске асырылады. Бірлескен кәсiпорының қабылдаған елдiң заңдарына сәйкес заңды тұлға статусы болады.

Бірлескен кәсiпорындардың қатысушыларының қарым-қатынасының приниципиалды ерекшелiктерi:

  • өзара қатынастағы партнерлардың меншiктерiн бiрiктiру және осы негiзде біріккен кәсiпорындарға қарасты негiзгi қорларды және айналым құралдарын құру;
  • кәсiпорындардың даму процесiн, өндiрiсiн және өндiрген өнiмдерi мен қызмет көрсетуiн бiрлесiп басқару;
  • кәсiпорындардың өндiрiстiк және коммерциялық тәуекелiн бiрiгiп көтеру;
  • қабылдаған елдiң нормативтiк актiлерiнiң шарттарына сәйкес бірлескен кәсiпорындар партнерларының арасында пайданы бөлу (кәсiпорынның өзiндiк қаржыларын қалыптастырудағы серіктестердің қатысуына пропорционалды бөлу);

Тек өндiрiс саласында ғана емес, өндiрiстi ғылыми-техникалық дайындауда,  біріккен кәсiпорындардың белгiлерiне ынтымақтастықтың ұзақтығы, сол сияқты өнiм өткiзуде партнерлардың өзара iс-әрекетi жатады.

Бірлескен кәсiпорындың негiзiне жергiлiктi және шетелдiк серіктестердің бiрiн-бiрi толықтырушы элементтерiнiң типтiк комбинацияларын бөлiп көрсетуге болады:

  • ғылыми-техникалық шешiм плюс оны өндiрiстiк iске асыратын құрал-жабдықтар (өнеркәсiптiк технология);
  • қабылдаған елдiң табиғи ресурстарын қолдануға құқығы плюс оны тиiмдi қайта өңдеу технологиясы;
  • өндiрiс алаңы, еңбек күшi, қабылдаған партнердың инфрақұрылымы плюс өнiм шығару үшiн жинақтау бұйымдары мен жинаудың инвестицияланатын технологиясы;
  • қайталама ресурстар плюс оларды коммерциялық қайта өңдеу үшiн құрал-жабдықпен қамтамасыз ету;
  • маркетингтiк талдаудың қорытындысы, жергiлiктi рынокты игеру элементтерi (жарнама, сауда желiсi, сауда белгiсi, т.б.) плюс өндiрiстi ұйымдастыру үшiн ресурстар, технология және қаржыландыру.

Бірлескен кәсiпорынның аталған ерекшелiктерi жергiлiктi және шетелдiк серіктестердің  құрған кәсiпорындарының табысты қызмет атқарудағы өзара қызығушылығын тудырады. Инвестицияның өндірістік игерілу тәуекелін, негізінен қабылдаушы жақ өз мойнына алады.

Барлық бірлескен кәсіпорынның әріптестерінің шығындарының тиімді болуы, олардың іс-жүзінде кәсіпорынды қалыптастыру мен оның қызметін басқаруға қатысуына байланысты болады. Кәсіпкерлік тәуекелін  әріптестер өзара бөлісіп алады. Сонымен қатар өндірістік процесстерді басқару мен  өнімді өткізу, инвесторға да және қабылдаушы жақтың бірлескен кәсіпорынға қатысушысына да бірдей артықшылық береді. Инвестор осыны ескере отырып, оқыстан пайда болған ауыспалы технологияларды пайдалану арқылы өндірілген өнімді өздері меңгеріп отырған рыноктан қақпайлап отырады.

Бірлескен кәсіпорындағы жергілікті және шетелдік әріптестердің түпкі мүдделері әртүрлі болуы мүмкін, әсіресе, егерде бірлескен кәсіпорын әртүрлі әлеуметтік құрылымдағы елдердің экономикалық қатынастары шеңберінде құрылатын болса. Қаржы бөлуші кәсіпкер үшін шетелдің бірлескен кәсіпорынына қатысу, капиталды сыртқа шығару мен өз еліне қарағанда капиталын мол табыс түсетін басқа елде пайдалануға тырысуының жемісі болып табылады.

Инвестордың негізгі мүддесі болып, қабылдаушы елдің жаңа рыноктарын игере отырып, салынған капиталының есебінен қосымша көп мөлшерде табыс табу, шикізатқа кететін және жалдамалы еңбектің төлемақы шығындарын төмендету болып табылады.

Ал, жергілікті әріптестің мақсаты мен мүдделері, тәртіпке сай, қабылдаушы елдің толығымен шаруашылық және әлеуметтік мүдделерімен тығыз байланыста болады.

Сондай-ақ, бірлескен кәсіпкерлік бірлесіп әрекет етуші әріптестердің қарама-қарсы мүдделерін де өзара тиімді етіп қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Өте атап өтетін жай, бұл бірлескен кәсіпкерлік ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетке және мәдениетке өзара ендіру құралы, сонымен қатар, мемлекетаралық саяси қатынастарды жақсарту факторларының бірі болып табылады.

Қабылдаған елдiң территориясында сол елдiң заңдарымен анықталған заңды тұлға формасында бірлескен кәсiпорын құрылады және қызмет атқарады. Халықаралық тәжiрибеде  бірлескен кәсiпорынды (қоғамды) ұйымдастырудың ерекшелiгiн және кәсiпорынның мiндеттерi бойынша қатысушылардың жауапкершiк дәрежесiн анықтайтын бірлескен кәсiпкерлiктiң әртүрлi заңды формалары бар. Оның ең көп тараған түрлерiне акционерлiк компаниялар, толық жауапкершiлiгi бар қоғамдар, жауапкершiлiгi шектелген қоғамдар жатады.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.