Бейсбол ойыны

Ішкі алаң – қабырғалары 90 фут (27,45 м) болатын шаршы. Үй (бастапқы позиция) базасы бесбұрышты ашық түсті резеңке пластинкамен белгіленген, қалған үш база – ашық түсті жастықшалар төсемді. Шаршының ішкі жағында доп беретін шеңбер бар, онда питчер тұрады. Алаңда ойыншылар мынадай тәртіппен орналасады: 1 – (питчер); 2 – қабылдап алушы (кэтчер); 3 – бірінші базаның ойыншысы; 4 – екінші базаның ойыншысы; 5 – еркін қорғаушы (шортстоп); 6 – үшінші базаның ойыншысы; 7 – ішкі алаңның оң жақ ойыншысы; 8 – орталықтағы ойыншы; 9 – сол жақтағы ойыншы.

Ойыншылар шөп үстінде тайғанақтамау үшін бейсбол туфлилерінің табанына металл пластинкалар жапсырылады.

Бейсболды тоғыз адамнан тұратын екі команда ойнайды. Олардың әрқайсысы кезек-кезек бірде шабуылдаушы, бірде қорғанушы болады. Ең көп толық жүгіріс жасаған команда жеңімпаз болады. Команда шабуылдаушы болғанда алаңда оның бір ғана ойыншысы – соққыгер ғана болады. Оның мақсаты – допты ұрғыштың көмегімен тартып алып, базаға дейін жүгіріп жету керек. Қарсыластары соққыгерді барлық рұқсат етілген әдістерді пайдаланып, ойыннан шығаруға тырысады. Мысалы, ұшып келе жатқан допты қағып алу немесе базаға қарай соққыгер жетпей қарсыласының үш соққыгерін шығарып жібере алса, онда өздері шабуылдаушы болады.

Пластик дулыға ойыншының басын жылдам ұшып келе жатқан доптың соққысынан қорғайды. Кэтчер де дулыға киіп ойнайды, бірақ оған қоса бетперде, көкірекше, тізеқап пен балтырға қалқанша киеді. Допты қабылдап алатын оның арнайы қақпаны болады. Мұндай қақпанды бірінші базаның ойыншылары да пайдаланады.

Лақтыру, соққы жасау және жүгіру

Доп беруші (питчер) допты ұру зонасына – үй базасының үстіндегі соққыгер орналасқан бос жерге лақтырады. Егер соққыгерге допты тартып әкетудің сәті түссе, ол ұрғышты жерге тастай салып, бірінші базаға ұмтылады. Мұндай базалардың саны төртеу, олар ішкі алаң деп аталатын шаршының төрт бұрышына орналасқан. Егер соққыгер қарсыластарына өзін тоқтатуға мүмкіндік бермей, төрт базаны да жүгіре аралап өтіп, допты сәттілікпен тартып ала алса, онда оның командасына бір ұпай саналады. Соққыгер бірінші, екінші немесе үшінші базаға дейін жүгіріп жетуге кеткенде оның орнын өзінің командасындағы келесі ойыншы басады. Жүгіруші бірінші базаға зымырап бара жатқанда, осы базаның кез келген басқа ойыншысы екіншіге жетіп үлгеруі керек. Егер қорғаушы оны не осы базаны доппен «майламай» (доп тигізу) тұрып жүгіруші базадағы жастықшаға жанасып үлгерсе, қауіпсіз жерге жеткен болып саналады.

Бейсбол ойынының шеберлері тек ағаш ұрғыштарды пайдаланады. Доп тоздан (пробка) жасалады, іші матасқан резеңкеден ал сыртын жылқының немесе өгіздің терісімен қаптаған. Доптың салмағы – 5-тен 5,5 унцияға дейін (142-ден 156 г). Алаңдағы ойыншы қолғабы.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.