БҰҰ-ның құрылымы

БҰҰ-ның қызметтері мен мазмұнына ұқсас ұйымдардың бірі Ұлттар Лигасы еді. Ол Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі, Версаль келісімі негізінде, 1919 жылы қалыптасты. Бұл ұйымның алдына қойған мақсаты — «халықтар арасындағы одақтастықты  қауіпсіздік пен достықты сақтау» болды [2. 198-202].

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін әлемдік қауымдастықтың алдында террорға қарсы жаңа әдістерді ойлап табу мәселесі қойыла бастады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі өмір сүрген Ұлттар Лигасы әрекетсізідігін көрсетіп, халықаралық тыныштық пен қауіпсіздікті қорғауға көмектесетін жаңа ұйымның қажеттігі мәлім болды. Осы тарихи жағдайларда Біріккен Ұлттар Ұйымы қалыптаса бастады.

Ұлттар Ұйымы деген сөз алғашында Біріккен Ұлттар Ұйымының Декларациясын жариялау барысында айтылды, оның авторы Д. Рузвельт еді. Бұл құжатқа 26 мемлекет біріктірілді. Кейініректе бұл атау «ұйым» атауына айналды.

БҰҰ-ның жарлығы жарлығы Думбартон-Окс конференциясында 1944 жылы талданды, 1945 жылы 26 маусымда Сан-Франциско конференциясында КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Қытай мемлекеттері-нің өкілдерінің қатысуымен қабылданды. Жарлық өз күшіне 1945 жылдың 24 қазанында күшіне енді. 1946 жылдан 2006 жылдар аралығында БҰҰ-на 141 мемлекет мүшелікке енді. Қазіргі таңда 192 мемлекет мүше елдер бар.

Қазіргі таңдағы саясаттанушылар мен саяси эксперттері БҰҰ-ның жұмысына «мардымсыз» деген баға беруде. Бұл мәселенің туындауына Югославиядағы және Ауғанстандағы саяси жағдай себеп болды. Шынында да, бұл соғыстарға БҰҰ ешқандай ықпал жасай алмады, соғысты тоқтатуға да шамасы келмеді. Осы саяси оқиғадан  кейін ұйымды қайта реформалау және жұмысқа қабілеттілігін қайта қалпына келтіру әрекеттері жасалынуда [3; 719-725].

Бірақ қазіргі кезде ұйымның ғаламдану кезіндегі ғаламдық мәселелерді шешуде, ХХІ ғасырдағы соғыс пен қауіпті болдырмауда әсер ете алу немесе ала алмауы бізге беймәлім.

Соңғы жылдарда БҰҰ-ның бірқатар мүшелерін Қауіпсіздік Кеңесі құрайтын 25 мүшеге дейін кеңейту арқылы ұлттар қауымдастығын реформалау туралы мәселе алаңдатуда. «Төрттік блок» — Германия, Үндістан, Бразилия мен Жапония Қауіпсіздік Кеңесіне және екі африкалық мемлекет (бірақ «Вето» құқынсыз) кіруі тиіс деп есептейді. Ал АҚШ пен бірқатар елдер Қауіпсіздік Кеңесінің қатарынан күрт ұлғаюынан қауіптеніп, БҰҰ-ның басты ұйымы пікірталас клубына айналып, қазіргіге қарағанда әсерлілігі аз болады деп ұйғарым жасайды.

2005 жылы қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ-ы Бас Ассамблеясының 60-мерекелік сессиясы болып өтті. Бұл тарихтағы аса ірі саммит болды, оған 100-ге жуық мемлекет пен үкімет басшылары қатысты. Үш күн бойы олар БҰҰ-ның сол кездегі Бас хатшысы Кофи Аннанның ХХІ ғасырдың шындығын есепке ала отырып (АҚШ үкіметінің сыртқы саясаттағы өзімшілдігін), ұйымға қайта реформа жасау жөніндегі бастамасын талқылады.

БҰҰ-да бақылаушы елдер мен ұйымдар: Ватикан, Палестина, Африка бірлігі ұйымы, Еуропалық одақ, Ислам конференциясы ұйымы мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті.

БҰҰ-ның есігі бейбіт сүйгіш барлық мемлекеттер үшін ашық. Елдерді Ұйымға мүшелікке «Қауіпсіздік кеңесінің» ұсынуы бойынша «Бас Ассамблея» қабылдайды.

БҰҰ-ның ғаламдық деңгейде ұстанған басты мақсаттары:

-дүниежүзілік тұрақтылықты, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

-мемлекеттер арасындағы жанжалдарды дипломатиялық тәсілдер арқылы шешуге жәрдемдесу;

-мемлекеттер арасында экономикалық, сауда-саттық, мәдени ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Швейцария БҰҰ-на 10 қыркүйек 2002 жылы толыққанды мүше ретінде қабылданып, оған дейін БҰҰ-да бақылаушы мәртебесіне ие еді. Швейцария үкіметінің барлық саяси мәселелерде «раласпау» саясатын қолданатыны баршамызға мәлім.

Аймақтық үкіметаралық ұйым болса, белгілі бір географиялық аймақ шеңберінде орналасқан немесе белгілі бір критерийлерге сай келетін мемлекеттерді ғана біріктіретін халықаралық бірлестік. Бұл категорияға мысал ретінде «Африка бірлігі ұйымын» (АБҰ) т.б. жатқызуға болады. АБҰ-на тек қана Африка аймағында орналасқан елдер мүше бола алады. Африка құрылығынан тысқары орналасқан елдер болса бақылаушы мәртебесінде  ұйым жиындарына қатысады.

ХХІ ғасырда бұдан да басқа талаптарды туғызатын әр елдің заңды мүддесімен есептесіп, өзара пайдалы ынтымақтастыққа қол жеткізу ешқандай озбырлықсыз қатынастарды қалыптастыру-адамзаттың алдындағы басты мақсат. Оны қамтамасыз етуде Біріккен Ұлттар Ұйымының алатын орны ерекше. 50 жылдан астам уақытта ол шамасы келгенше халықаралық  бейбітшілікті сақтауға, езілген халықтардың бостандыққа жетуіне көмектескені белгілі. Жедел және тоқтаусыз өзгеріп отырған әлем халықтарының тілек-талабына сай БҰҰ-ның да жаңартылуы қажет. Көптеген елдер мен оның қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейтуді, әсіресе тең құқылы мемлекеттер санын көбейту арқылы, оның Германия, Жапонияны, Үндістанды, Бразилияны, Нигерияны енгізу туралы ұсыныстар жасауда. Дегенімен БҰҰ-мен санаспай, түйінді мәселелерді шағын топпен қара күшке сүйене отырып шешпек болған қимылдар да орын алуда [4; 298-301].

БҰҰ –ның қызметі. Бүгінгі таңда дүние жүзінің 190-нан астам мемлекеттері БҰҰ-ның мүшесі болып табылады.

Соңғы жылдарда БҰҰ-ның бірқатар мүшелерін Қауіпсіздік Кеңесі құратын 25 мүшеге дейін кеңейту арқылы ұлттар қауымдастығын реформала туралы мәселе алаңдатады. «Төрттік блок»-Германия, Үндістан, Бразилия мен Жапония Қауіпсіздік Кеңесіне және екі африкалық мемлекет (бірақ «Вето» құқынсыз) кіруі тиіс деп есептейді. Ал АҚШ пен бірқатар елдер Қауіпсіздік Кеңесінің қатарынан күрт ұлғаюынан қауіптеніп, БҰҰ-ның басты ұйымы пікірталас клубына айналып, қазіргіге қарағанда әсерлілігі аз болады деп ұйғарым жасайды. 2005 жылы қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ-ы Бас Ассамблеясының 60-мерекелік сессиясы болып өтті. Бұл тарихтағы аса ірі саммит болды, оған 100-ге жуық мемлекет пен үкімет басшылары қатысты. Үш күн бойы олар БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннанның ХХІ ғасырдың шындығын есепке ала отырып, ұйымға қайта реформа жасау жөніндегі бастамасын талқылады.

Алайда,  1991 жылы биполярлық (екі полюсті) жүйенің күйреуінен кейін «Еуропа қаіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы» (ЕҚЫҰ) мен «Солтүстік Атлант келісім шарты ұйымы (НАТО) сияқты бірлестіктер аймақтықтан ғаламдыққа айналды. 1991 жылына дейін екі ұйым да коммунистік идеологияға (КСРО) және «Варшава пактіне» қарсы  бағытталған еді. Варшава пакті мен КСРО-ның ыдырауына байланысты ЕҚЫҰ және НАТО дүниежүзіндегі мемлекеттердің өзара ынтымақтастығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз ету бағытында ғаламдық үкіметаралық бірлестік ретінде қайта құрылды. Қазіргі таңда бұл ұйымдардың ғаламдық бағыт ұстануында дүниежүзіндегі мемлекеттердің бір-біріне саяси, экономикалық тәуелділігі маңызды рөл атқарғандығын ескерген жөн.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алғаннан кейін халықаралық қатынастар жүйесіндегі дербес әрі тәуелсіз мемлекет ретінде көптеген ғаламдық және аймақтық ұйымдарға мүше болды. Осындай ұйымдарға мүше болу арқылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қзаақстанның тәуелсіз мемлекет екендігін саяси-дипломатиялық тұрғыдан танытып, ел экономикасын әлемдік экономикамен интеграциялауды көздеді. Қазақстанның тікелей ашық теңізге шығар жолының болмауы, мұнай және басқа да қазба байлықтар мен өнеркәсіп өнімдерін шет елге тасымалдау кері әсерін тигізіп отыр. Осыған қарамастан Қазақстан ТМД елдері ішінде экономикалық дамуы тұрғысынан ең алдыңғы қатарды.

Бұл мақсат еліміздің аймақтық және ғаламдық экономикалық жүйенің дамуын көздейтін ұйымдарға мүше болу арқылы жүзеге асты. Қысқасы, Қазақстанның мүше болған аймақтық және ғаламдық деңгейдегі ұйымдар, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде экономикалық тұрғыдан дамуына өз үлесін қосуда.

Біріккен Ұлттар Ұйымы дүниежүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіріп отырған халықаралық ұйым. БҰҰ 26 маусым 1945 жылы 50 мемлекет тарапынан қол қойылған Сан-Франциско конференциясы шешімімен құрылған.

Біріккен Ұлттар Ұйымына 191 мемлекет мүше: АҚШ; Жапония, Ресей, Франция, ҚХР,  Австралия, Австрия, Әзірбайжан, Албания, Алжир, Ангола, Андорра, Антигуа және Барбуда, Аргентина, Армения, Ағаныстан, Багам аралдары, Бангладеш, Барбадос, Бахрейн, Белиз, Белорусь, Бельгия, Бенин, Болгария, Боливия, Босния және Герцеговина, Ботсвана, Бразилия, Бруней-Даруссалим, Буркина-Фасо, Бурунди, Бутан, Вантуату, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Венгрия, Венесуэла, Вьетнам, Габон,Гаити, Гайана, Гамбия, Гана, Гватемала, Гвинея, Гвинея-Бисау,Германия, Гондурас, Гренада, Грекия, Грузия, Дания, Джибути, Доминика, Доминикан Республикасы, Египет, Заир, Замбия, Зимбаве, Үндістан, Индонезия, Иордания, Ирак, Иран, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Йемен, Кабо-Верде, Қазақстан, Камбоджа,Камерун, Комор аралдары, Конго, Конго Демократиялық Республикасы, Корея Халық Демократиялық Республикасы, Коста-Рика, Кот-д Ивуар, Куба, Кувейт, Лаос Халық Демократиялық Республикасы, Латвия, Лесото, Либерия, Ливан,  Ливия Араб Джамахириясы, Литва, Македония, Малави, Малайзия, Мали, Мальдивия аралдары, Мальта, Марокко, Маршал аралдары, Мексика, Микронезия Құрама Штататтары, Мозамбик, Молдова Ресйпубликасы, Монако, Монғолия, Мьянма, Номибия, Непал, Науру, Нигер, Нигерия, Нидерланды, Никарагуа, Жаңа Зеландия, Норвегия, Біріккен Араб Әмірлігі, Оман, Пәкістан, Палау, Панама, Папуа- Жаңа Гвинея, Парагвай, Перу, Польша, Португалия, Корея Республикасы, Руана, Румыния, Сальвадор, Самос, Сан-Марино, Сан-Томе, Суринам, Сьерра-Леоне, Сербия және Черногория, Тәжікстан, Таиланд, Тимор Лешти, Танзания Біріккен Республикасы, Того, Тонга, Тринидад және Тобаго, Тували, Тунис, Түркменстан, Туркия, Уганда, Өзбекстан, Украина, Уругвай, Фиджи, Филиппин, Финляндия, Хорватия, Орталық Африка Республикасы, Чад, Чехия Республикасы, Чили, Швейция, Швейцария, Шри-Ланка, Эквадор, Экваториалды Гвинея, Эритрея, Эстония, Эфиопия, Югославия, Оңтсүтік Африка Республикасы, Ямайка [5; 21].

БҰҰ-да бақылаушы елдер мен ұйымдар: Ватикан, Палестина, Африка бірлігі ұйымы, Еуропалық одақ, Ислам конференциясы ұйымы мен Халықаралық қызыл крест комитеті.

БҰҰ-ның есігі бейбіт сүйгіш барлық мемлекеттер үшін ашық. Ұйымға мүшелікке елдерді «Қауіпсіздік кеңесінің» ұсынуы бойынша «Бас Ассамблея» қабылдайды.

БҰҰ-ның ғаламдық деңгейде ұстанған басты мақсаттары:

-дүниежүзілік тұрақтылықты, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

-мемлекеттер арасындағы жанжалдарды дипломатиялық тәсілдер арқылы шешуге жәрдемдесу;

-мемлекеттер арасында экономикалық, сауда-саттық, мәдени т.б. ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Швейцария БҰҰ-на 10 қыркүйек 2002 жылы толыққанды мүше ретінде қабылданып, оған дейін БҰҰ-да бақылаушы статусына ие еді.

БҰҰ-ның штаб пәтері АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан.

БҰҰ-ның құрылымы.

  1. Бас Ассамблея ұйымға мүше мемлекет өкілдерінің барлығы қатысады. Ассамблея ұйымның жарғысы шегінде кез келген мәселені талқылап шешім қабылдайды, бүкіл ұйымның бюджетін бекітеді, қауіпсіздік кеңесінің жыл сайынғы баяндамаларын талқылап мүше мемлекеттерге ұсыныс әзірлейді. Бас Ассамблеяда талқыланған шешімдер мәжіліске қатысқан елдердің 2/3 басым көпшілігі дауысымен қабылданады. Бас Ассамблеяның төрағасы болып 13 маусым 2005 жылы өткен 16 сессиясында Ян Элиассан (Швеция) бір ауыздан сайланды.

БҰҰ-ның Бас Ассамблея шеңберінде қызмет атқаратын басты комитеттері:

  • Қарусыздану және халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне байланысты комитеті;
  • Экономика және қаржы мәселесіне байланысты комитеті;
  • Әлеуметтік, гуманитарлық және мәдениет мәселелеріне байланысты комитеті;
  • Отаршылықты жою мәселелеріне байла-нысты комитеті;
  • Әкімшілік және бюджет мәселелеріне қатысты комитеті;
  • Құқық мәселелеріне қатысты комитеті.
  1. Қауіпсіздік кеңесі: бұл органға БҰҰ жарғысының 24 бабына сәйкес дүниежүзілік қауіпсіздік пен бейбітшілікті қорғау жауапкершілігі жүктелген. Бұған қоса халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке кез келген қауіп қатер төнген жағдайда, оны қалпына келтіру үшін «Бас Ассамлеяға» ұсыныс жасайды. БҰҰ-на мүше 15 мемлекет өкілдерінен тұратын кеңесте 5 тұрақты өкілі бар. Олар АҚШ, Ресей, ҚХР, Ұлыбритания, Франция. Тұрақты емес қалған 10 мүше ел «Бас Ассамблея» тарапынан екі жылға ағылшын алфавиттік тізіміне қарай сайланады. Алайда, тұрақты мүшелердің бірі дауыс бермесе (вето) шешім қабылданбайды.

Биполярлық (екі полюсті) жүйе терминологиясы халықаралық қатынастар лексиконында 1945-1991 жылдары аралығында НАТО мен Варшава пактіне мүше елдері арасындағы суық соғысты (қырғи-қабақ соғыс) қамтитын дәуірге қолданылады. КСРО ыдырап, «Варшава пакті» өз күшін жоюына байланысты халықаралық деңгейде 1991 жылдан бері АҚШ-тың бастамасымен көп полярлы (көп полюсті) ғаламдық тәртіп орнатылды.

Кеңестің басты комитетері:

  • әскери штабтық комитеті;
  • жаңа мүшелер қабылдау жөнінде комитеті;
  • сарапшылар комитеті;
  • Намибия жөнінде арнайы комитеті.

Көптеген саясаттанушылар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі органының әлемдік үкімет деңгейде екендігін айтуда. Олардың пікірінше халықаралық деңгейдегі көптеген мәселелер осы кеңесте талқыланады /8/.

Биполярлық (екі полюсті) жүйенің күйреуінен кейін дүниежүзілік геосаяси ахуалдың өзгеруіне байланысты, экономикалық тұрғыдан қуатты Германия және Жапония мемлекеттері кеңесті кеңейтіп, тұрақты мүше елдер қатарына қосылуды тілге тиек етуде.

Қазіргі таңда БҰҰ-на жарна төлеуден АҚШ-тан кейін Жапония екінші (19 пайыз), ал Германия үшінші (8,7 пайыз) орынға иеленіп отыр.

Айта кететін жәйт, Қауіпсіздік кеңесі органы жаңадан реформалау арқылы кеңейтілетін болса, онда өз аймаөтарында белгілі мөлшерде ықпалдыққа ие Үндістан, Иран, Пәкістан, Туркия және Индонезия т.б. сияқты елдер де тұрақты мүшелікке ұмтылмайтынына кім кепіл. Ал егер олар тұрақты мүшелікке барлық күшімен ұмтылатын болса, онсыз да күрт өзгеріп бара жатқан халықаралық қатынастарды ұшырқтандыратындығы сөзсіз.

3.Бас хатшы және хатшылық.: ұйымының атқарушы  органы міндетін жүзеге асырып, оған қауіпсіздік кеңесінің  ұсынысы бойынша «Бас Ассамблея»  тарапынан бес жыл мерзімге тағайындалатын «Бас хатшы»басшылық етеді.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.