Қазіргі кезде Мәдениет, Ғылым және Білім жүйелерінің реформалаудың барысы

Білім саласын реформалаудың басты міндеті – мемлекеттік білім беружүйесін әлемдік үздік деңгейге көтеру. Жеке тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін оның мүмкіндіктерін ескере отырып қанағаттандыруды қалыптастыру, адам білім үшін емес білім адам үшін деген оқу-тәрбие процесінізгілендіру ізгілікпринциптерінің қайта түлеуі арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Сонда ғана білімнің беделін арттыруға, білім беру сапасының мемлекет пен қоғам өміріндегі басым мәртебесін нақты арттыру назарда болды. 2004 жылы наурызда Қазақстанда білім беруді жақсартудың 2010 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды, реформа бойынша мектептер 12 жылдық білім беруге көшіріледі, ол 6 жастан басталады. Бастауыш мектептерде шет тілі мен информатика негіздері енгізіледі, жалпы әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, математикалық, техникалық және басқада бейімдер бойынша оқыту көзделіп отыр. Мектептердің 70% 20058 жылы Интернетке қосылды. Кәсіптік білім беруде жүзеге асырылады. Жоғары оқу орындарында, олардыңфилиалдарын сапаға баса назар аударылды, 3 сатылыққа көшірілді: бакалавриат, магистатура,философия докторантурасы. Білім саласының инфрақұрылымын жақсарту, жаңа заманның ұстаздарын даярлау қажеттілігі ескеріліп,5 мың орын грант берілетін болды. Мұндай шараны жүзеге асыруда 2003-2004 оқу жылында Қазақстанда ашылған 6 мемлекеттік педагогикалық институттардың алатын орны зор.Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға, оларды қайтадан даярлауға басты назар аударылады. Білім сапасы Батыстағы университеттерден кем соқпайтын элиталық жоғары оқу орындары пайда болады. Жалпы алғанда білім беруді дамытудың ұлттық мемлекеттік Бағдарламасы 2 түрлі маңызды просецтіжандандыруға бағытталған: ұлттық білім беруді жаңа арнаға салып, жаңа әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу. Болон процесінеқосылуынан туындап отырғандығымен ғана байлана\ысты емес,сапа мен бәскелестік мүмкіндігін көтеру мақсатындағы білім парадигмаларының алмасуы. Бүгінде АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде кредиттік оқыту жүйесі қолданылады. Ол үшін оқу-әдістемелік база қажет – электронды оқу материалдары мен оқу құралдары жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру ісіне елдің барлық халқының қатысы бар.

  1. Ғылым саласын реформалау академиялық құрылымның әлемдегі тәжиірбесіне сүйеніп жүргізілуде. Жалпы дүние жүзіндегі 86 елдегі ғылым академияларының 18-і ғана мемлекеттік мекеме (негізінен ТМД елдерінде) болып саналады. Қазақстанның Ұлтты қҒылым Академиясы ТМД елдерінің арасында өркениетті елдер тәжиірбесінде сыннан өткен осы жолға бірінші болып түсіп отыр. Батыс елдері Ғылым Академиясының моделі алынғанымен, жаңа талаптарға сәйкестендірілмеген. 2003 жылы бір топ танымал академиктер отандық ғылымның бүгінгі және ертеңгі тағдырына қатты алаңдаушылық білдіріп, өз ұсыныстарын жариялады.Онда «Ғылым Академиясына» қоғамдық бірлестік мәртебесін беру айтылған. Бұл бастама мақұлданып, жарлық шықты. Академия ғылымның елге тиімді әрі маңызды салаларын анықтау, ғылым – техникалық саясатты мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігі мен технологиялық даму процестерін ескере отырып жүргізілуге үлес қосу,дүниежүзілік дәне отандық ғылыми жетістіктерді талдап, үкіметке практикалық ұсыныстар беру мәселелерін қамтитын, Батыс Еуропада, АҚШ-та кеңінен таралып, жыл сайын шығарылатын «Ұлттық ғылыми –техникалық баяндама» дайындайтын болады.

3. Елдің әлеуметтік секторын реформалау барысында кез келген ұлтты ұлт етіп тұратын ең басты мәселе – оның мәдениеті мен төлтумалығы. Қазақстан аумағында 25 мың жылжымайтын тарихи, археологиялық, архитектура және монументальді, өнер, 2 млн.56 мыңнан аса мәдени құндылықтар  мемлекеттік мұражайларда, кітапханалардың сирек қолжазба бөлімдерінде сақталуда. ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында Қазақстанда 18,5 мың тарих, археологиялық, архитектура және өнер ескерткіштері есепке алынып, 13,5 мыңына паспорт жасалынған, 8 мыңнан көбі мемлекеттің қорғауында , олардың 205-і республикалық мәні барлар. 2000 жылы Жамбыл облысындағы ескерткіштердің жинағы (свод) басылып шықты. 1999жыл Атырау обылысындағы Аралтөбе қорғанында алтын киімі бар сармат жауынгері табылды.Сол жылы Шығыс ҚазақстандағыБерелі қорғанында мәңгі мұздақ жерде сақ жауынгерінің мініп жүрген аты және алтынмен апталғанат тұрманы табылды. 2003 жылы Зайсан көлі маңында сақ жауынгерінің киімі, б.з.б. Ү-ІҮ ғ.ғ. жататын, жануарлар бейнеленген алтынмен апталған бұйымдар табылды.2004 жыл «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Ол қазақ халқының тарихи жадын, мәдениеті мен руханиятын жалпы ұлттық ауқымда қажет тұтар ұстанымдарды тазартуда негізгі факторға айналуына, ұлттық және мемлекеттік сананы қалыптастыруда, қоғамның одан әрі ықпалдастыққа түсуіне және өзіндік теңестіруінің құрамдас тетіктері болуына бағытталған. Бағдарламада шет елдер басылымдарында жарық көрген (Ресей, Өзбекстан, Египет,Сирия) көрнекті ғалымдар -Әл-Фараби,Жүсіп Баласағұн, М.Х.Дулати,Қадырғали Жалаири, «Оғыз-нама», «Кодекс-Куманикус», «Қорқыт Дедемнің», басқада тарихи маңызды мұраларды тауып, елге жеткізу көзделіп отыр.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.