Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің шарты мен негіздері

Азаматтық құқық бұзушылық құрамын азаматтық-құқықтық жауапкершілік қолдануға қажетті жағдайлардың жиынтығы құрайды. Жалпы ережеге сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің қажетті жағдайлары ретінде борышқордың кінәсі және құқыққа қарсы мінез танылады. Шығынды өтеу жауапкершілігіне тарту үшін шығынның бар болуы сонымен қатар борышқордың құқыққа қарсы мінезімен және келген шығынның арасында себепті байланыс болуы қажет. Шығынды өтеу негізінде азаматтық –құқық бұзушылықтың құрамы басқа элементтерін толығымен қамтиды. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жалпы негіздеріне жататындар:

  • тұлғаның құқыққа қайшы қылығы ( іс-әрекет не әрекетсіздік)
  • жәбірленген тұлғаның шеккен зияны немесе залалдың бар болуы;
  • құқық бұзушының құқыққа қайшы іс-әрекеті мен оның келтірген зиянының салдары арасындағы болатын себепті байланыс;
  • құқық бұзушының кінәсі.

Нақты тұлғаға азаматтық –құқықтық жауапкершіліктің жүктеу үшін жалпы ереже бойынша қажетті келтірілген негіздер жиынтығы –азаматтық –құқық бұзушылықтың құрамы болып табылады. Көрсетілген негіздердің біреуі болмай қалса, жауапкершілікке тарту мәселесі туындамайды. Бірақта-кейбір жағдайларда азаматтық құқықтағы құқық бұзушылық құрамының бар болуы мүліктік жауапкершілікке тарту үшін жалпы талаппен сенеспайды; мысалы: жоғары қаутілік көзін иеленуші заңды тұлға жәбірленушінің алдында кінәсіз жауап береді. (АК –тің 931 бабы). Енді азаматтық құқық бұзушылықтың құрамының әлгінде айтылған элементтерінің әрқайсысына тоқтала кетейік.

Құқыққа қарсы мінез.

Құқыққа қарсылық құқық бұзушының өзінің іс-әрекетінің құқыққа қарсы екендігін білген немесе білмегеніне қарамастан құқық нормасын бұзуы танылады. Басқа сөзбен айтсақ азаматтық айналымға сәйкес келмейтін мінез жатады.

Азаматтық заңдылық нормаларымен азаматтық айналымға қатысушыларға әртүрлі талаптар белгіленген. Азаматтық заңдылық негіздерде сәйкес тараптық құқыққақарсы мінез ретінде жеке тұлғаға немесе азаматтық мүлкіне немесе заңды тұлғаға келтіректін залал саналады. Сонымен қатар борышқордың міндеттемені орындауға байланысты талаптарға жауап бермеу құқыққа қарсы мінез болып табылады. Азаматтық заңдылыққа сәйкес міндеттемені орындауға байланысты тараптарға жауап бермеу құқыққа қарсы мінез болып табылады.

Азаматтық заңдылыққа сәйкес міндеттемені орындауға байланысты талаптар тек қана заңмен шектелмейді, сонымен бірге іскерлік айналымдағы бақа нормативтік актілерден немесе міндеттеменің пайда болуымен туындайтын негіздерде құрылады. Сондықтан борышқордың құқыққа қарсы мінезінің белгісі ретінде міндеттеменің құрылуындағы кейбір негіздер болуы мүмкін. Әкімшілік актідегі туындаған міндеттемедегі құқыққа қарсы мінез болып, осы әкімшілік актімен борышқордың іс-әрекетінің сәйкес келмеуі жатады. Егер міндеттеме шарттан туындас, онда борышқордың шарт талабын бұзуы құқыққа қарсы мінез болып табылады. Егер бір жақты мәмілеге байланысты міндеттеме болса, борышқордың құқыққа қарсы мінезі ретінде бір жақты мәміленің талабын бұзуы танылады.

Құқыққа қарсы мінез құқыққа қарсы іс-әрекет немесе құқыққа қарсы әрекетсіздік түрінде де болуы мүмікн. Егер заңмен немесе нормативті құқықты актімен тиым салынған немесе заңға немесе басқа құқықтық нормативтік акиіге шартқа бір жақты мәмле немесе міндеттеме талабының негізінде қайшы келетін борышқордың іс-әркекті құқыққа қарсы сипатқа ие болады. Сонымен азаматтық кодекстің 273 бабы осының дәлелі. Заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.

Азаматтық заңдылық негізіне сәйекс бір тараптың басқа бір тараптың есебінен мүлкін негізсіз сақтауға тікелей тиым салынады. Алайда осы ережеде негізсіз сақтау құқыққа қарсы болып табылады. Шартпен белгіленген сапаға сай келмейтін тауарды сатып алушыға берудегі сатушының әрекеті құқыққа қарсы саналады.

Егер тиісті жағдайларда тарапқа юридистикалық міндеттеме жүктеліп, бірақ ол орындалмаса, онда әрекетсіз құқыққа қарсы деп танылады.шартпен белгіленген тауарды мерзімінде жеткізбеген тасымалдаушының әрекетсіздігі құқыққа қарсы болып табылады. Міндеттеме тараптың қызметтік міндетінен де туындауы мүмкін. Мысалы, құтқару станциясының қызметкерлері суға батып бара жатқан адамды құтқару үшін барлық қажетті және мүмкін болатын шаралардың барлығымен қолдануы тиіс. Осы міндетті орындамау оның құқыққа қарсы мінезін көрсетеді. Жағады демалып жатқан азаматтардың әрекетсіздігі құқыққа қарсы сипат алмайды, оларға тек суға батушыны құтқару рухани міндеттеме жүктеледі. Белгілі бір міндеттемені орындаудағы іс әрекет заң шеңберімен шығуы мүмкін. Азаматтық кодекстің 188 бабымен үшінші бөлігінде былай делінген: “Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-келген әрекеттер жасауға соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне біріп, иелігінен шығарып, өзі меншік иесі болып қала отырыап, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған билік етуге құқылы”. Жоғалған мүлікті тауып алған тарап егесіне қайтару немесе жоғалтушы азаматқа қайтаруы тиіс.

Себепті байланыс.

Азаматтық кодекс талаптарында көзделгендей өтелуге тек қана борышқордың құқыққа қарсы мінезімен келтірілген шығындар жатады. Бұл борышқардың құқыққа қарсы мінезі және несие берушіге келтірілген шығынның арасындағы себепті байланысты көрсетеді. Көп жағдайларда міндеттеме бұзылған кездегі себепті байланыстың бар болуы немесе жоқ болуы қиындық туғызбайды. Ал кейбір жағдайларда себепті байланысты анықтау қиындықтар туғызуы мүмкін. Мысалы, шофер өз машинасын он үш жасар жасөспірімге дұрыс айдай білмегендігі себепті тиым салынған белгіге қарамастан өтіп кетіпті. Колхоздың төрағалық етуші қызмет бабын пайдаланып оқушыларды жүк машинасында өзінің ауласындағы жұмысқа жіберді. Жүргізуші жол ережесін бұзуы салдарынан бірнеше оқушы жарақат алды. Дәрігердің сілтеуімен медбике нәрестенің көзіне дәрі тамызғандықтан ол толығымен көру қабілетінен айырылды. Анықталғандай дәрігердің айтуымен медбике қателесіп кетіп басқа дәріні тамызған. Көрсетілген мысалдардан кімнің іс -әрекеті құқыққа қарсы нәтиже себеп болғандығын нақты анықтау қиын.

Осындай жағдайларда себепті байланыстың дамыған ғылыми теорияларын басшылыққа алуымыз керек. Теорияда және практикада себепті байланыс тікелей және жанама теориясын ұсынады. Бұл теория жалпы философиялық себепті оқытудағы екі негізгі жағдайда сүйенеді. Біріншіден , себептілік құбылыс арқылы обьективті байланысты көрсетеді және ол біздің санымыздан тыс өмір сүреді. Сонымен қатар құқық бұзушының зиянды нәтижені көре білуі себепті байланыс туралы сұрақты шешуге көмектеспейді. Шығынның болатынын алдын ала сезе білу субьективті сипатқа ие және себепті байланысты анықтамайды, ал тек қана құқық бұзушының кінәсі туралы сұрақты анықтауға көмектеседі. Екіншіден, себеп және салдар тек қана белгілі оқиғаларға қолдануда маңызы артады. Себеп және салдар ұқсас болғандықтан әрдайым орын ауыстырып отырады және біз оны материалдық өмірдің қарым қатынас тізбегімен байланыстырамыз. Жоғарыда көрсетілген мысалдар дәрігердің сілтемесінен іселген медбике әрекеті салдар туғызады және сонымен қатар нәресетенің көрі қабілетін жоғалтуға себеп болады. Егер қаралып жатқан іске тереңірек үңілсек, онда дәрігердің себепті әрекеті бөлім басқарушысының бұйрығынан туындайды. Сондықтан жауапкершілік туралы шешу кезінде болған оқиға жағдайларынан алысқа кету дұрыс емес. Тікелей себептің пайда болуымен шектелу қажет, яғни зиянның туындауына жақын қатынастар есепке алынады.

Тараптың құқыққа қарсы мінезі зиянның себебі болып тек қана ол осы зиянмен тікелей байланысқан болса ғана пайда болады. Тараптың құқыққа қарсы мінезі мен зиянының арасындағы жанама себепті байланыс болып, ол нақты оқиғаның шегінен ауытқып және юридистикалық себеп байланыстың маңызына ие бола алмайды. Сонымен қатар іс-әрекеттің жасалуына басқа факторлардың әсері тиюі мүмкін.

Алайда бұл факторлардың қайсысы болсын юридистикалық жауапкершілік мағынасына ие бола алмайды және сондықтан тараптың құқыққа қарсы мінезінің және зиянының арасындағы байланыс жанама болып табылмайды. Ал басқалары -юридистикалық жауапкершілікке әсер етеді сондықтан тараптың құқыққа қарсы мінезімен және болған нәтиженің арасындағы байланысты көрсетеді. Жасөспірімдердің келтірген зияны үшін оларды ата –аналары жауап береді, себебі заң оларға юридистикалық маңыз бермейді және әрекет қабілеттсіз деп таниды. Ал ата-аналар құқыққа сыйымсыз мінезі үшін жауап береді. (тиісті қадағалау жасамағаны немесе тәрбиелемегені) және болған зиянның арасында юридистикалық жауапкершілікке тартуға жеткілікті тікелей себепті байланыс пайда болады. Керісінше балық аулаумен шұғылданатын колхоз мүшесінің броконьерлерге ауды сатуды және броконьерлер заңсыз балық аулау арқылы балық ресурстарына зиян келтірсе, броконьерлердің құқыққа қарсы іс-әрекетін көрсетеді және бұл жерде тек қана жанама себепті байланыс бар.

Сондықтан тараптың құқыққа қарсы мінезімен және зиян арасында азаматтық-құқықтық жауапкершілік маңызы бар жағдайлар болмаса тікелей себепті байланыс орын алады. Егер құқыққа қарсы мінез және зиян арасында жауапкершілік туралы сұрақты шешуде азаматтық заңды маңызы жағдайлар болса, онда жанама себепті байланысты көрсетеді. Жоғарыдағы мысоаға сәйкес жасөспірімнің әрекет қабілеттігінің жоқ болуымен байланысты 13 жасар жасөспірімді азаматтық құқықтық жауапкершілікке тартудың маңызы жоқ. Сондықтан бұл мысалдар шофердің құқыққа қарсы мінезі мен жол ережесінің бұзылуы тікелей себепті байланысты көрсетеді. Күнделікті өмірде бірнеше тараптық іс-әрекеті (әректсіздігі) зиянның пайда болуы жиі кездеседі. Бұндай жағдайларда тікелей нәтижемен байланысқан барлық құқыққа қарсы әрекеттері егер оларға құқыққа қарсы әрекеттері құқыққа қарсы нәтижеден көрініс тапқан болса оларджы жеке ерекшеліктеріне байланысты себеп ретінде қарастыру керек. Тікелей және себепті байланысты шектеу қажеттігі тек қана теориялық шарттардан шығып қана қоймай, сонымен бірге тәжірбиенің өзімен тұжырымдалады. Бұл теория тәжірбиеде оңай қолданылады. Ол сот тәжірбиесімен кездейсоқ туындаған жоқ.

Әдебиеттерде сонымен қатар себепті байланысты басқа да теориялары кеңінен таралады. Қажетті шартта теориясына қатысты құқыққа қарсы нәтиженің себебі ретінде нәтиже болмауы мүмкін кез-келген жағдайлар болуы мүмкін. Бұл теорияның өкілдері субьективті белгілердің көмегімен себеп салдар байланысының тізбегін шектеуге тырысады. Қарастырып жатқан теорияның себебінің байланысындағы юридистикалық маңызы кінәға құқыққа қарсылыққа тәуелді. Егер қылмыстық құқықта қылмыстық жауапкершілікке тарту өзінің тәжірбиесінде бұл теория көпшілігінде теоретикалық маңызға ие.

Басқа теорияларда кінәсі және себепті байланыс жабық сипатта болады. Мүмкіндік және шындық теориясына қатысты, бір фактілер құқыққа қарсы нәтижеге мүмкіндік туғызса, ал екіншілері -осы мүмкіндіктерді шындыққа айналдырады. Мүмкіндікті шындыққа айналдырушы фактілер, әрқашан да құқыққа қарсы нәтижемен себепті байланыста болады. Құқыққа қарсы нәтижеге мүмкіндік туғызушы фактілер көрсетілген нәтижеге қарағанда юридистикалық маңызы болуы немесе болмауы мүмкін. Егер тараптың іс-әрекетінен нақты мүмкіндіктің себепті байланысы болса, онда жауапкершілікке тартуға жеткілікті. Ал егер тараптың іс-әрекетінде құқыққа қарсы нәтиженің абстрактілі маңызы болса, онда себепті байланыстың юридистикалық маңызының аз болуына байланысты жауапкершілікке тартуға болмайды.

Нақты мұмкіндік ретінде жағдайлардың обьективті қайталануын шындыққа айналдырушы мүмкіндік танылады. Абстрактілі мүмкіндікте берілген жағдайлар обьективті қайталанбайды. Егер обьективті қайталанатын жағдайларда сәйкес мүмкіндік шындыққа айналса, онда осындай мүмкіндік туғызушы құқыққа қарсы нәтижені көре білуі тиіс. және керісінше егер мүмкіндік обьективті жағдайларынан қайталанбауынан шындыққа айналса, онда осындай жағдайлардың обьективті қайталанбайтындығ себепті мүмкіндік туғызушы құқыққа қарсы нәтижені көре алмайды. Бұл сондықтан теорияның себепті байланысының юридистикалық маңызды кінә секілді жауапкершіліктің субьективті жағдайларына тәуелді.

Осындай кемшілік себепті байланыстың қажетті және кездейсоқтық теорияларында бар. Бұл теорияның авторларының пікірінше жауапкершілік болуы үшін құқыққа қарсы мінез және нәтиже арасында қажетті себепті байланыс болуы тиіс. кездейсоқ себепті байланыс нәтиженің туындауымен байланысты жауапкершілікке тартуға негіз бола алмайды. Осы теориядан себепті байланыстың юридистикалық маңызы құқыққа қарсы нәтижемен кінәсі үшін жауапкершілік шектелгендігін байқауға болады. Егер тараптың әрекеті және пайда болған нәтиже арасында қажетті себепті байланыс болса , онда осы нәтижені алдан ала көруге болады және білуі тиіс. егер тараптың әрекеті және құқыққа сыйымсыз нәтиже арасында кездейсоқтық сипат алса онда осындай нәтижені көре білуі мүмкін емес. Сондықтан көре білуге қол жетпейтін құқыққа қарсы нәтижемен қарастырып отырған теориядағы себепті юайланыстың юридистикалық маңызы бар.

Кінә. Азаматтық құқықтық жауапкершілік шаралары тек қана талапкердің мүліктік қанағаттандыруына бағытталып қоймай, сонымен бірге азаматтық құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік белгілі бір превентивтік қызметін атқарады. Сондықтан азаматтық айналымның қатысушылары жауапкершілікке тартылмас үшін өзінің іс-әрекетімен басқа тараптың заңмен қорғалатын құқығын бұзбауға тырысады. Алайда жауапкершілікке тартудың артылуы қатардағы азаматтық айналымға қатысушыладың инициативасын төмендетеді. Осындай жағдайлардан арылу үшін азаматтық айналымға қатысушыларға өздерінің іс-әрекетінің нәтижесін алдын ала көре алмауына байланысты жауапкершілікке тартылмайды. Осындай сенімділік егер азматтық құқықтық жауапкершілік кінәлі құқық бұзушылық үшін қолданған кезде пайда болады. Азаматтық кодекстің 359-бабының 1-ші бөлігі осыны көрсетеді: “борышқор кінәлі болған кезде егер заңдарда немесе шарттарда өзгеше көзделмесе, міндеттемені орындамаған және тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауап береді. Егер борышқор мігдеттемені тиісті дәрежеде орындпу үшін өзіне байланысьы шаралардың барлығын қолданғанын дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады.” Сондықтан жалпы ережеге сәйкес азаматтық құқықта жауапкершілік кінәсіне баылансыта құрылады.

Құқыққа қарсы мінез және себепті байланысқа қарағанда азаматтық құқықтық жауапкершіліктің субьективті шарты болып табылады. Осы тараптың құқыққа қарсы мінезіндегі психикалық қатынасын анықтайды. Кінәнің осы түсінігі теңдей заңды тұлғаларға және азаматтарға қолданылады. Заңды тұлғалардың кінәсінің көрінбеуі мүмкін, өткені оның қызметін міндеттемеге байланысты қызметкерлері атқарады. Мысалы, жұмыс күшінің немесе құралдың жетіспеуіне орай өнімді жеткізуде мерзімді өткізіп алса, осы кемшіліктерді жоюға тиісті шаралар қолданбағаны үшін шаралар комерциялық ұйымның жетекшісі кінялі болып есептеледі. Заңды тұлғаның кінәсі оның қызметкерінің кінәлі іс-әркетінен көрініс табуы мүмкін. Мысалы, қызметкердің өнімді дайындаудағы кемшіліктер.

Сонымен қатар әдебиеттерде берілген сұраққа басқа да тұжырымдар айтылады. Заңды тұлғаның кінәсі оның жеке қызметкерлерінің кінәсімен емес,сонымен бірге бүкіл ұжымның бүтіндей кінәсін көрсетеді.

Кінә қасақаналық және абайсыздық түрімен ажыратылады. Өз кезегінде абасыздық ауыр және жеңіл түрінде кездеседі. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің субьективтік шарты ретінде кінә адамның санасында болатын психикалық процестермен байланысқан. Алайда қоғамның өзіндік дамуына орай жауапкершілік туралы сұрақты шешу кезінде құқық бұзылғандвғы адамның санасында болатын психикалық процестерді зерттей аламыз. Осы ішкі процестер тек қана адамның мінезіндегі сыртқы көріністерін талқылай аламыз.

Егер тарап өзінің іс- әрекеті арқылы құық бұзушылыққа саналы түрде жол берсе, онда кінәнің қасақаналық түрі орын алады. Азаматтық айналымдағы пайда болатын кәдімгі құбылыстар ретінде азаматтық құқықта кінәнің қасақаналық түрі жиі кездеседі. Сонымен қатар әдеттегі жағдайларды басқа тараптардың заңмен қорғалатын құқықтарын қасақана бұзады. Мысалы, тәжірбиеде жеткізіп беруші сатып алушының өнімі ұстағаны үшін тиісі дареске өнімді жіберуді тоқтатады. Себебі міндеттеменің қасақана бузушылық сферасын шектейді. Кінәнің абайсыздақ түрімен жасалған азаматтақ құықық бұзушылық жиі кездеседі. Бұндай жағдайларда адамның іс-әрекетінде көрінеу істердің элементтері болмайды. Ол саналы құқық бұзушылыққа бағытталмаған, алайда адманың іс-әректінде мұқияттылық және байқаушылық болмайды. Қажетті байқаушылықтың және мұхияттылықтың болмауы абайзысдықтың екі түріне де тән. Кінәнің екі фрмасының арасында белгілі ерекшеліктер болады. Осы ерекшеліктер заңдылықта және жоғарғы сот органдарының түсігіктерінде де жауабын таппайды. Сот тәжірибесі белгілегендей адамның денсаулығына келтірілген залал үшін абайсыздықтың қайсы түрі болмасын нақтылы жағдайларды анықтауды қажет етеді.

Осы екеуін ажырату үшін одан да тереңірек бағдарлау қажет. Бұл бағдарлар ғылым дауымен жетілген. Абайсыздықтың менмендік түрінде тараптың іс-әрекетіне байқаушылық және мұқияттылық болмайды, алайда құқық бұзушылықтан арылуға жеткіліксіз. Мысалы, азамат светофор жасыл жанған кезде өтсе, онда абайсыздақтың қарапайым түрі, ал трамвай жолында ұйықтап жатқан азамат мұқияттылық және байқаушылық элементтері болғанымен, абайсыздықтың менмендік түріне жол береді.

Жалпы ережеге сәйкес азаматтық заңдылыққа кінә жауапкершілікті шарасы ретінде емес, шарты болып саналады. Егер кінә болған жағдайда құқық бұзушы азамат кінәнің формасына қарамастан келтірілген зиянды толық көлемде өтейді. Алайда заңмен немесе шартпен кінә формасы көзделсе, онда азаматтық жауапкершілік мөлшерінде әсер етуі мүмкін. Бұл жалпы ережеден ауытқиды., бірақ қылмыстық құқықтағыдай кінәні төрт түрге бөлу қажеттігі жоқ. Көп ретте жоғарыда көрсетілгендей кінәнің үш мүшелігі кінәнің жауапкершілік мөлшерінде әсер ететін болса жеткілікті. Азаматтық құқықта ралас кінә кездеседі. Аралас кінә төмендегі белгілермен сипатталады:

А) зиян тек қана несие берушінің мүліктік сферасыеда жинақталады.

В) зиян бүтіндей бірлікті құрап, борышқордың кінйлі әрекетін және несие берушінің кінәлі әрекетін анықтауға мүмкіндік болмайды.

Аралас інде борышқордың зиянды әрекеті қанша ал несие берушінің кінәсінің қанша екендігі анықтау мүмкін болмаған кезде, осылардың арасындағы зиянды анықтау кезінде тек бір белгі ретінде осылардың арасындағы зиянды анықтау кезінде тек бір белгі ретінде борышқордың және несие берушінің кінәсімен дәрежесін (формасын) анықтау қолданады. Бұл кезде міндеттеме қайсы тараптың кінә дәрежесі көбірек болса, зиянның көп бөлігі соның есебінен өтеледі.

Аралас кінәні бірлесіп келтірілген зияннан ажырата білуіміз қажет. Бірлесіп келтірілген зиян төмендегі белгілермен сипатталады.

а) зиян несие берушінің мүліктік сферасына пайда болады.

Б) зиян екі немесе одан да көп тараптардың құқыққа қарсы әректімен келтіріледі

В) тараптардың қайсысының әрекетіне зиян келтіру мөлшерін анықтау болмайды.

Г) бірлесіп зиян келтірушілер несие берушінің алдында солидарлы жауапкершілікте болады.

Кінәнің болмауынан міндеттемені бұзған тарап дәлелдейді.

Қылмыстық құқыққа қарағнада азаматтық құқықта құқық дәлелдегенше кінәлі деп танылады. Міндеттеменің орындалуы үшін тарап барлық тиісті шаралырды қолданса, онда тарап кінәсіз деп танылады. Егер азаматтық айналымға қатысушылардың біреуі құқыққа қарсы әрекетімен азаматтық айналымды бұзатын болса, әрекет салдарынан зиянның болғанын зиян келген тарап қана біледі.

Сондықтан осы тарапқа зиянның болуы және құқыққа қарсы әрекетімен құқық бұзушының арасындағы себепті байланысты дәлелдеу фактілері жүктеледі.

Алайда талапкер құқық бұзушының міндеттемені орындауды қандай шаралар қолданғанын және оның санасында қандай психикалық процестер қалыптасқаны, құқық бұзушының байқаушылық дәрежесі қандай боландығын біле алмайды сол уақытта құқық бұзушыға осының барлығы белгілі болады. Талапкерге қарағнада өзінің дәлелдемелерін келтіре отырып, құқық бұзушы кінәсіздігін дәлелдей алады. Сондықтан азаматтық құқықта құқық бұзушы өзінің кінәсіздігін дәлелдей алады. Сондықтан азаматтық құқықта құқық бұзушы өзінің кінәсіздігін дәлелдегенше кінәлі болып есептеледі. Сонымен қатар азаматтық заң бекіткендей құқық бұзушының кінәлік презімпйиясы туралы сотқа талапкерде өзінің дәлелдемелерін келтіре алады.

Азаматтық айналымдағы қатардағы субьектілермен бірге өзінің кәсіпкерлік қызметін тәуекелге бел буып жүргізетін тауар-ақша қатынасындағы кәсіпкерлер де қатыса алады.

Осыған байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы азаматтық құқықтық жауапкершілік тәекел кезінде құрылады. Азаматтық кодекстің 359-бабының 2 бөлігі және 360 бабында былай делінген: “кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған адам, егер бой бермейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезіндегі төтенше және тойтаруға болмайтын мән жайдың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б.) салдарынан тиісті дәрежеде орындауға мүмкіндік болмағанын дәлелдей алмаса, мүліктік жауаптылықта болады.” Ондай мән жайларға атап айтқанда, міндеттемені орындау үшін қажетті тауарлардың жұмыстардың немесе қызмет көрсетудің рынокта болмауы жатпайды.

Егер міндеттемеде кәсіпкердің тапсырысы бойынша әлде бір жұмысты орындау көзделсе, жұмыстың нәтижесін пайдаланудың мүмкін еместігі немеес оны пайдаланудың тиімсіз болу тәукелі кәсіпкерге жүктеледі.

Кәсіпкерге міндеттемені орындамағаны немесе тиісті дәрежеде өзінің кәсіпкерлік қызметін орындамағаны үшін көтеріңкі көтеріңкі жауапкершілікте болады. Ол тіпті міндеттемені кәсіпкерлік қызметін орындамағаны немесе тиісіт дәрежеде кездейсоқ орындалмағаны үшін жауапкершілікте болады.

Алайда, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес міндеттеме кәсіпкер қатысы оның жауапкершілігі тәуекел ету барысында емес, кінәсіне қарай болады. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы кәсіпкердің жауапкершілігі шексіз емес. Егер міндеттемені орындауда бой бермейтін күштің әсерінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мүмкін болмағандығын дәлелдей алса, кәсіпкер жауапкершіліктен босатылады.

Бұл ережеде диспозитивті сипатта екендігін естен шығармау керек. Осы сұрақтың басқа шешімі заңда немесе шартта көзделуі мүмкін. Азаматтық заңдылық негіздеріне сәйкес келтірілген зиян үшін жауапкершілік егер оның кінәсінен болмағандығын дәлелдей алса, залады өтеуден босатылады. Тасымалдау шартын бекіту кезінде тараптар егер кінәсі бомаған жағдайда жауапкершіліктен босатуды белгілеуі мүмкін.

Көтеріңкі қауіппен байланысқан (транспорт ұйымдары, өндірістік кәсіпорындар, құрылыстар, автотранспорт құралдарының иелері және т.б.) азаматтар және заңды тұлғалар, егер бой бермейтін күштің немесе талапкердің қасақана әрекетінен зиянның келгендігін дәлелдей алмаса, көтеріңкі қауіптің қайнар көзімен келген зиян үшін жауап береді. Көтеріңкі қауіптің қайнар көзі ретінде көрсетілген обьектімен толық адам басқара алмайтын, өзінің зиянды қасиеттерімен ерекшеленетін материалдық обьектілер танылады. Мысалы, автомобильді қас қағым сәтте тоқтату мүмкін емес, өйткені қоршаған ортаға көтеріңкі қауіп туғызады. Көтеріңкі қауіптің қайнар көздерінің иелері көтеріңкі жауапкершілікті қолдану (кінәсіне қарамастан) оларды көтеріңкі қауіп қайнар көздеріне әрдайым мұқият бақылап отыруға ықпал етеді.

Сақтау қызметімен байланысты ұйым мүліктің зақымдану немесе кемшілігі бой бермейтін күштің әсерінен болса, жауапкершіліктен босатылады.

Алайда азаматтық заңдылықпен бекітілгендей кінәсіне тәуелсіз жауапкершілікті белгілеу шексіз емес. Кейбір жағдайларда егер талапкердің қасақана әрекетінің салдарынан болғандығын дәлелдей алса, жауапкершілікке тартылмайды. Көп ретте бой бермейтін әрекеті орын алса, жауапкершілік қолданылмайды.

Ережеден тыс СССР-дің әуе кодексінің 101 бабына сәйкес самолетті қондыру, ұшыру кезінде жолаушыға келтірілген зиян үшін бой бермейтін күшке қарамастан әуе транспорт кәсіпорны жауапкершілікке тартылады. Осыған байланысты оқиға және бой бермейтін күшті ажыратып алуымыз керек.

Оқиға бұл алдын ала ешкім көруі мүмкін емес жағдай. Егер оқиға орын алса, онда кінәнің де болуы мүмкін емес. Алдын ала көріп білуге мүмкін болмағандықтан, оқиға субьективті қарсы тұра алмаушылығымен сипатталады. Сонымен қатар тарап бола алатын оқиға туралы білсе, онда оның алдын алуға мүмкіндік болар еді. Мысалы, сауды ұйымы халықтың әкелінген тауарға сұранысының төмендейтінін білген болса, онда өзінің сауда айналымын тоқтатпас ішін басқа тауар әкелетін еді.

Егер оқиға субьективті алдын-ала алмаушылық тән болса, бой бермейтін күшке обьективтік алдын алмаушылық тән. Оны көріп білу ғана емес, сонымен бірге оның алдын алуға мүмкіндік болса, да оған тараптың іс-әрекеті жеткліксіз. Мысалы, кеме жүк таымалдау міндеттемесіне сәйкес жүк иесі тиісті күнде жеткізе алатындығы білсе де, сол күні теңізде дауыл болуына байланысты жеткізе алмауы.

Бой бермейтін күші ретінде табиғат құьылыстарын жатқызамыз (жер сілкінісі су тасқыны, дауыл т.б.) сонымен қатар қоғамдық құбылыста (әскери әрекет, көтеріліс, міндеттемеде көзделген іс-әрекетке тиым салушы құзіретті билік органдарының бұйрығы және т.б.) Алайда міндеттемені орындауда бой бермейтін күш ретінде саналмайды. Жыл мезгілдерінің ауысуына жоя алмаушылық тән, алайда ол төтеншелік белгісі жоқ әдеттегі құбылыс. Сондықтан берілген берілген жағдай бой бермейтін күшінде саналмайды. Бой бермейтін күш ретінде кісі өлімін қарастыруға болмайды, өйткені оның төтенше қасиеті жоқ.

Бой бермейтін күшке берілген мысалдағыдай төтеншелік және жоя алмаушылық қасиеті тән. Ал басқа жағдайларда міндеттемені орындау кезінде тарапқа бой бермейтін күш әсер етуі мүмкін, ал кейбірінде міндеттемені орындауға кедергі болатын әдеттегі құбылыс ретінде қарастырылады. Дауыл туралы хабарлаған кезде кеме теңізге шығып кеткен болса және жақын жердегі портқа келе алмаса, онда дауыл бой бермейтін күш ретінде қарастырмайды.

Ғылыми техникалық прогрестің дамуымен байланысты бой бермейтін күш түсінігі пікірлер көбеюде. Бұрынғы бой бермейтін күш ғылым және техника жетістіктеріне байланысты төтеншелік белгісі болып немесе жоя алмаушылық белгісінің бірі ретінде саналып, бой бермеітін күш маңызын жоғалтып отыр. Қазір техника жетістіктеріне байланысты азаматтық қатынасқа қатысушылар оны бой бермейтін күшке жатқызбайды.

Зиян. Зиян-заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса оны залал деп атайды. Заладың ақшалай баламасы шығын делінеді.

Азаматтық кодекстің 9- бабында құқығы бұзылған адам, егер заң мен шартта аз мөлшердегі шығын қаралмаса, өзіне келген залалдың толық қалпына келтіруді талап ете алатындығы бекітілген. Залалдың орнын толтыру жөніндегі норма императивті тұрғыда келеді, ол барлық азаматтық құқықтық қатынастарға жүреді және жақтардың шартында шығынды келтіру қаралды ма, жоқ па, оған қарамай әрекет ете береді.

Мемлекеттік өкімет билігі органының, өзге де мемлекеттік органының заңдарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымда адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтірілген залады Қазақстан Республикасы немесе тиісінше әкімшілік аумақтық бөлініс өтеуге тиіс.

Залалдар мынандай екі түрге бөлінеді:

  • құқығы бұзылған тұлға жасаған немесе жасауға тиісті шығындар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан);
  • сол тұлғаның құқығы бұзалмаған болса, дағдылы айналым жағдайнда болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айырлып қалған пайда)

Мысалы, тасымалдау шарты бойынша мүлік бүлінсе немесе зақымданса, онда тасымалдаушы тек қана нақты нысан мөлшерінде шығынын төлейді. Ал айырылып қалған пайдаға, мәселен, азаматқа жарақат немесе денсаулығына өзгеде зақым келтірілген кезде жәбірленуші жоғалтқан немесе анық иелене алатын табыс, сондай ақ денсаулыққа зақым келтруден туындайтын шығындар (емделуге, қосымша тамақтануға т.б) жатады.

Егер құқықты бұзған тұлға кейін кіріс түсіретін болса, онда құқығы бұзылған тұлға өзге де айрылып қалған пайдасымен қоса түсуге тиісті кірістен кем емес мөлшерде орын алған залалды қалпына келтіруді талап ете алады.

Мүліктік емес зиянға тұлғаның дене кемтарлығы мен психикалық ауруына байланысты моральдық адамгершілік зардап, іскерлік беделге келетін залал, біреудің атын пайдаланып оған залал және т.б жатады.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.