Азаматтық құқық қатынастарының элементтері

Құқық қатынастарын сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субьектілері деп аталатын қатысушылар болып табылады. Азаматтық құқықтық қатынастарының субьектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік- аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.

Құқық қатынастарын қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның обьектісі деп аталады.

Сөйтіп, құқық қатынастарына төмендегідей элементтер тән болады: субьектілер (қатысушылар), мазмұны (құқықтар мен міндеттер) және обьектілер (құқықтар мен міндеттердің қатынасы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер).

  1. Осыған орай құқықтың жалпы теориясының бір мәселесіне тоқтала кеткеннің еш артықтығы жоқ. Әдетте “құқық” сөзі бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ шын мәнінде мүлдем бөлек екі мағына білдіретіндігін айтпасқа болмайды. Оның біріншісін “Азаматтық құқық” “құқық нормалары” дегенге қолданамыз. Бұл сөз тіркесіндегі “құқық” дегеніміз мемлекетке қалыптасқан құқықтық рәсімдер жүесі, жиынтығы. Қажет болған жағдайда оның жүзеге асырылуы мемлекетткүшіне сүйенеді. Осы мағынада қолданылатын “құқықтың обьективті мағынасындағықұқық” деп немесе “обьективті құқық” деп атайды.

Бұл күнделікті өмірде “менің меншік құқығым бар”, “сіз бұлай істеуге құқығыңыз жоқ”, “оның зейнетақы алуға құқығы бар” тәрізді сөздерді жиі айтамыз, ал бұл орайда кедесетін “құқық” сөзі заң дегенді емес, тұлғаның, нақті адамның белгілі бір мүддесін ғана білдіреді. Бұл жағдайларда “құқық” туралы субьективтік мағынада немесе басқаша айтқанда, құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктер болып есептелінеді. Құқық қатынастарының элементті ретінде атқанымыз,біз субьективік құқық туралы да айтамыз “құқтық” деген сөзге беретін екінші мағына .

Әрбір құқық қатынасында қатысушының бірінің субьективтіқұқығына екіншісінің заңдық міндеттілігі сәйкестендіріледі, яғни біреуінің екіншісі алдындаы міндеттілік аясы айқындалады. Мысалы, үйді сатып алу- сату шартына сәйкес сатушы мен сатып алушы үйді алуға құқылы да, сатушы оны беруге міндетті.

  1. Заңдылық фактісінің түсінігі. Азаматтық құқық нормалары өздігінен азаматттық құқық қатынастарын тудырмайды. Қандай да болсын нақтылы азаматтық құқық қатынастары белгілі бір жағдай болғанда ғана пайда болады. Мұның мазмұнының өзгеруі немесе оның қысқартылуы да белгілі бір жағдайға байланысты. Осындай құқық қатынастарының пайда болуына, өзгеруіне немесе оның қысқартылуына себепкер болатын жағдайларды заңдылық фактілер деп атайды. Мысалы, баланың тууы, мәміленің бүлінуі т.б. заңдылық фактілер болып табылады.

Азаматтық кодексте сатып алу- сату, жалдау, мұра қалдыру және тағысын тағылардың кезінде пайда болатын құқық қатынастарын тәртітейтін баптардың болуы сол жеке тұлғалардың арасында нақтылы құқық қатынастарын өздігінен тудыра алмайды. Белгілі бір азамат пен дүкен араларында сатып алу- сату туралы АК- баптарында көрсетілген қатынастар пайда болу үшін сол азамат дүкенге барып бір нәрсе сатып алуы керек, яғни дүкенмен сатып алу –сату мәмілелеріне кірісуі керек.

Заңдылық оқиғалар. Кейбір заңдылық фактілер осы фактілер нәтижесінде туатын құқық қатынастарына қатысушы тұлғалардың өздерінің қалауы және ниетінен тыс пайда болады. Мұндай заңдылық фактілерді оқиға деп атайды. (АК –тің 7 бабы, 8- тармағы). Адамның қлуі, белгілі бір мерзімнің өтіп кетуі фактілері — осылардың бәрі де оқиғалардың қатарына жатады.

Заңдылық әрекеттер. Заңдылық салдар, яғни белгілі бір құқық қатынастарын тудыратын тұлғалардың әрекеттері де заңдылық факті болып табылады ( АК- тің 7- бабы, 7 — тармақ). Мысалы, мәміле жасау, ерлі-зайыптылардың айырылысуы, біреуге әдейілеп зиян келтіру заң әрекеттері деп маңыз бермейді; біздің әркеттеріміздің көбі құқық үшін бейтарап әрекеттер, бұл әрекеттер заңдылық қатынастарды тудырмайды да, өзгертпейді де. Кісі біреумен әңгімелесіп отырғанда, кітап оқып отырғанда, жазатын мақласын ойланып отырғанда, кәдуілгі жағдайдағы оның қызметтері құқық шеңберінен тыс жатады.

Заңда, заңдылық салдары бар деп табылатын әрекеттердің мазмұны бірнеше түрде кездеседі және белгілі белсенді бір түрінде-істелген немесе айтылған сөз түрінде, сондай-ақ әрекеттен бой тартқан (өзін-өзі ұстап қалған) түрде- әрекетсіздік түрінде, үн қатпай қалғандық түрінде кездеседі:

Заңды және заңсыз әрекеттер (құқыққа сыйымды және құқыққа сыйымсыз әрекеттер). Көп жағдайларда құқықтар мен міндеттер құқық тәртібінде рұқсат етілген әрекеттердің нәтижесінде пайда болып өзгеріп немесе қысқарып отырады. Заңмен тыйым салынбаған әректтер заңды әрекеттер заңды әрекеттер болып табылады. Белгілі бір құқықтық нәтижелер тудыру ниетімен істелген, ерік берілген, заңды әрекеттерге мысал бола алатын,- басқаша айтқанда, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады (АК-тің 4-тарауы).

Мәмілелер мен қатар, тікелей құқық және міндет тусын деген ниетпен істелмеген, бірақ құқық қатынастарының пайда болуына немесе оның қысқаруына негіз болып табылатын сан түрлі әрекеттер болады. Мұндай әрекеттерге мысал болатындар: некелесу, әдеби шығарма жазу, өнертабыс және т.с.с.

Кейбір әрекеттер құқық тәртібінде тыйым салынғандықтан ғана,, яғни заңсыз болғандықтан құқық қатынастарын тударыды. Мәселен, АК –тің 917-бабында былай делінген: басқа біреудің жеке басына не мүлкіне заңды тұлғаға зиян келтіруші сол зиянды толық өтеуге міндетті. Зиян келтіру (деликт) болып тадылатын болғандықтан, яғни зиян келтірушіні азаматтық жауапқа тарту салдарынан тударатын заңсыз әрекет болғандықтанзиянды өтеу міндеті зиян келтірушінің еркінен тыс ретте болады.

Зиян келтірушінің жауаптылық мөлшері.

“Жауапкершілік” термині әртүрлі аспектіде қолданылады. Жеке айтатын болсақ: әлеуметтік, рухани, экономикалық және юридистикалық жауапкершілікті кездестіруге болады.

“Әлеуметттік жауапкершілік” түсінігі жалпылама ұқсас. Онымен қоғамдағы болып жатқан жауапкершіліктің барлық түрі қамтылады. Осы тұрғыдан қарағанда рухани, экономикалық және юридистикалық жауапкершілік тек әлеуметтік жауапкершіліктің түрі ғана.

Алайда әлеуметтік жауапкершілік ерекше мағынаға ие болып, әлеуметтік психологиялық сипатта болады. Әдебиеттерде осы жауапкершілік түрін юридистикалық жауапкершілік түсігіне ұқсастыруға тырысады. В.А. Тархованың пікірі бойынша: “өзінің істеген әрекетіне жауап бере отырып міндеттеменің реттелу құқығы –юридистикалық жауапкершілік”, -дейді. Юридистикалық жауапкершіліктің осындай түсінігі жауапкершілік түсінігін шектен тыс үлкейтіп, оның тәрбиелік мағынасынан айырады.

Қоғамдық өмірде “рухани жауапкершілік” категориясы үлкен маңызға ие. Ол ұнамдылықты бұзу нормасымен байланысқан және қоғамға жат қылықты қоғамдық айыптау түріаен ерешеленеді.

Әдебиеттерде және заңдылықтарда “экономикалық жауапкершілік” түсінігі жиі кездеседі. Бұл ретте байқағанымыздай, “Экономикалық жауапкершілік” түсінігі екі түрлі мағынада қолданылады. Барлығынан бұрын ол “Мүліктік жауапкершілік” түсінігімен астасып жатады. Және бұнда ешқандай қорқыныш жоқ. Нарықтық экономикаға өтуімізге және әкімшілік халықтық әдістің экономикалық әдіске өту, осындай түсінікті құқыққа сыйымды етіп көрсетеді. Яғни нарықтық қатынастарды реттеуде жол ашады. Экономиканың ықпалымен эконмикалық әдістердің заңмен бекітілуі “экономикалық жауапкершілікті” құқық бұзушыға мүліктік ықпал ету шарасы ретінде экономикалық жауапкершілікті юридистикалық жауапкершіліктің бір түріне айналдырады.

Заң әдебиеттерінде “экоеомикалық жаупкершілік” түсінігіне юридистикалық жауапкершіліктің ерекше бір түрі ретінде қатыстыруға тырысады.

Бұл жағдайда әкімшілік –құқықтық шара туралы сөз болып, ал азаматтық құқықтың жауапкершілік түсінігі қарастырылмайды.

Алайда, нарықтық экономика жағдайында “экономикалық жауапкершілік” түсініг мағынасын жоғалтады.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік юридистикалық жауапкершілікті құрайтын, өзіне тиісті барлық белгісімен юридистикалық жауапкершіліктің бір түрін құрайды.

Юридистикалық жауапкершілік үшін оған негізгі төрт белгі тән: юридистикалық жауапкершілік құқық нормасын бұзушыға қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеуге ықпал ететін шаралардың тек бір түрі; екіншіден, ол құқықтың бұзылуына жол берген тарапқа ғана қолданылады;үшіншіден, құқық бұзушыға тек қана мемлекеттік немесе басқа құзіретті орган қолданады; төртіншіден,жауапкершілікті қолдану үшін юридистикалық жауапкершілік болып табылатын құқық бұзушыға қолданатын санкция заңымен блегіленуі керек.

Юридистикалық жауапкершлік құқық бұзушыға қолданатын мемлекеттік мәжбүрге ықпал ету шараларының ерекше бір түрі ретінде саналады. Сонымен қатар адамдардың іс-әрекетіне әсер ететін басқа да тәсілдермен ерекшеленеді. Мысалы, мемлекеттік мәжбүрлеуші шара ретіндегі реттеуші сипатқа ие болатын, бірақ юридистикалық жауапкершілік бола алмайтын оперативті ықпал ету шаралары болып табылады.

Жоғарыда көрсетілгендей юридистикалық жауапкершілікті азаматтық құқықта ерекшеліктері бар . Бұл қасиеттер қоғамдық қатынасты реттеуші азаматтық құқықтың пәні және әдісі ретінде, сонымен қатар жалпы құқық жүйесі ретінде азаматтық құқықтың қызметін атқарады.

Азаматтық құқықты реттейтін ерекше қатынастар секілді мүліктік сипатқа ие болып, мүліктік қатынастарды құрайды. Азаматтық құқық бойынша жауапкершілік құқық бұзушыға қолданылатын экономикалық ықпал ету қызметін орындай отырып, қоғамдық қатынастарды реттейтін экономикалық әдістерінің бірі болып табылады.

Бірақ азаматтық құқық жеке мүліктік емес қатынастарды, сонымен қатар тікелей мүліктік қатынастарды да реттейді. Осы уақытқа дейін жеке мүліктік емес қатынастарды бұзу мүліктік сипатта болады деген пікір қалыптасты. Яғни ол үшін жауапкершілік мүліктік сипатта болмауы тиіс. Алайда, өмірдің өзі көрсеткендей, көп жағдайларда азаматтардың немесе ұйымдардың жеке мүліктік емес құқықтарын бұзу, тиімсіз мүліктік сипаттағы жауапкершілікке әкеліп соқтыруы мүмкін.

Сонымен, азамат туралы жалған мәлімет жариялау, оған жұмысқа тұруға немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысуға қиындық тудыруы мүмкін. Сондықтан жаңа заңдылық бойынша жәбірленушіге жалған мәлімет жариялау арқылы келтірілген рухани залалды өтеу құқығына ие болды. Ал азаматтар үшін құқыққа қарсы іс-әрекет арқылы келтірілген физикалық кемсітушілікті өтетуге құқылы.

Азаматтық кодекстің 1-ші бабында былай деп көрсетілген:

  1. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзгеде мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлағалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық бөліністер болып табылады.
  2. Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені оларды бұзу құқық бұзушыға мүліктік сипаттағы жауапкершілікке әкеп соғады.

Ал заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекстің 44-бабында көрсетілгендей, меншік иесі қаржыландыратын мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардан басқа заңды тұлғалар өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.

Меншік иесі қаржыландыратын мекеме немесе қазыналық кәсіпорын өз міндеттемелері өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша тиісті мүлікті меншіктенуші жауапты болады.

Азаматтық құқық тауар иелерінен тәуелсіз және тең құқықты қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық қатынас міндеттеме бұзылған жағдайда екіншісіне жүктейтін тең құқылы талаптар арасында құрылады. Азаматтық талап жауапкершілікте болу фактісін көрсетеді.

Талапкердің пайдасына өндірілетін құқық бұзушыға жүктелетін мүліктік санкциялар қолданылады. Алайда кейбір жағдайларда құқық бұзушы зиян келтіріп қана қоймай арам ниетпен жасалса және қоғамдық, мемлекеттік қызығушылықты тудырса, онда заңда белгіленгендей белгілі мөлшерде немесе толық мөлшерде мемлекет кірісіне ұсталатын мүліктік санкциялар қолданылуы мүмкін.

Азаматтық құқықпен реттелетін тауар-ақша қатынастары эквиваленті өтелетін сипатта болады. Бұдан шығатын қорытынды, талапкерге зиян немесе шығынды эквиваленті түрде өтейді. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ерекшелігі оның конпенсациялық сипатта болуында. Оның мақсаты талапкердің мүліктік сферасын қайта қалпына келтіру.

Көрсетілген жағдай өз кезінде азаматтық құқықтың жауапкершіліктің шегін анықтайды. Талапкерге мүліктік сфераны қалпына келтіру тек қана оған келтірген зиянды немесе шығынды толығымен өтеген кезде пайда болады. Сондықтан азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ерекшеліктерінің бірі келтірілген зиян немесе шығын мөлшерімен жауапкершілік мөлшерінің сәйкес келуі.

Бұл жалпы ереженің кейбір қолданылмайтын кездері бар. Егерде жауапкершілік мөлшері заңмен шектелмеген болса, берілген жағдайды түсіндіре отырып, азаматтық құқық экономикалық қатынастарды реттеумен қоса тәрбиеленуші және контрагентке міндеттемені орындату үшін ықпал етуші сипатқа ие.

Азаматтық құқық қатынастағы тараптардың заң бойынша теңдігі азаматтық айналымдағы юридистикалық жауапкершілікті мойындау қажеттілігінен туындайды.

Бұрынғы азаматтық заңдылық бойынша бір-біріне теңдей жауапкершіліктер әрқашан қатал қолданыла бермеді. Бұл жерде негізгі қатысушы шаруашылық іс-әректтер жеңілдіктермен артықшылықтарды пайдалана білді. Осыған ұқсас жауапкершілік мөлшерінің шектелуі құрылыс,транспорт, кәсіпорындарда және тағы басқа ұйымдарда етек алды. Үкімет мүліктік жауапкершіліктен жыл сайын шарттағы міндеттемені бұзған кәсіпорындар және ұйымдарды және жеңіл өнеркәсіп саласын мәжбүрлеу шараларын босатып жіберіп отырды. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты осындай жағдайлар заңның кейбір тұстарының өзгертулеріне әкеп соқты.

Жоғарыдағы мысалден бір шешімге келетін болсақ, азаматтық құқықтық жауапкершілік мүліктік сипаттағы санкция қолдануымен байланысқан, бұзылған құқықтарды реттейтін және азаматтық айналымға қатысушылардың тең құқығын экономикалық тұрғыда әсер ететін мемлекеттік мәжбүрлеу түрлерінің бірі.

Ал зиян келтіргені үшін жауаптылықтың жалпы негіздері Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 917-бабында көрсетілген, яғни:

  1. Азаматтар мен заңда тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес тгіліктері мен құқықтарына заңсыз іс-әрекеттер мен (әрекетсіздік пен) келтірілген (мүліктік және (немесе)мүліктік емес) зиянды, оны келтірген тұлға толық көлемінде өтеуге тиіс.

Заң актілерінде зиянды өтеу міндеті зиян келтіруші болып табылмайтын тұлғаға жүктелуі, сондай-ақ өтеудің неғұрлым жоғары мөлшері белгіленуі мүмкін.

  1. зиян келтурші, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, егер зиян өзінің кінәсімен келтірмегендігін дәлелдесе, оны өтеуден босатылады.
  2. Заңды іс-әрекеттерінң келтірілген зиян осы Кодексте және өзгеде заң актілерінде көзделген жағдыайларды өтелуге тиіс

Зиян келтірудің алдын алу мәселесі Қазақстан Республикасы Азаматтық

Кодексінің 918-бабында көрсетілген:

  1. Болашақта зиян келтіру қаупі мұндай қауіпті тудыратын іс-әректтерге тыйым салу туралы талап қоюға негіз болады.
  2. Егер келтірілген зиян оны келтіруді жалғастыратын немесе жаңаданзиян келтіру қаупін туғңызатын, кәсіпорынды, ғимаратты пайдаланудың не өзге де өндірістік қызметтің салдарынан болса, сот зиянды өтеуден басқа, жауапкерге тиісті қызметін тоқтатуды міндеттеуге құқылы.

Егер тиісті қызметтің тоқталуы қоғамдық мүдделерге қайшы келсе, сот оны тоқтату туралы талаптан бас тарта алады. Мұндай қызметті тоқтатудан бас тарту жәбірленушілерді осы қызметтен келтірілген зиянды өтеттіру құқығынана айырмайды. Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиян үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 923-бабында айтылған, яғни:

  1. Заңсыз соттау, заңсыз қылмыстық жауапқа тарту, бұлтартпау

шарасы ретінде заңсыз қамауға алу, үйде қамауда ұстау, еңбекпен түзеу түріндегі әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық емдеу мекемесіне немесе басқа емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру салдарынан азаматқа келтірілген зиянды анықтау, алдын-ала тергеу, прокуратура және сот органдары лауазымды адамдардың кінәсіне қарамастан, заң актілерінде белгіленген тәртіпте толық көлемде мемлекет өтейді.

  1. Анықтау, алдан ала тергеу прокуратура органдарының өзге де

заңсыз іс-әрекеттерініңсалдарынан азаматқы немесе заңды тұлғаға келтірілген зиян осы Кодекстің 922-бабында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша өтеледі.

  1. Судьялардың және басқа сот қызметкерлерінің заңсыз іс

әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) сот төрелігін жүзеге асыру кезінде келтірілген зиян, осы баптың 1- тармағындакөзделгеннен басқа ретте, осы Кодекс 922-бабының 3- тармағында белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша өтеледі.

Өзінің жауаптылығын сақтандырған тұлғаның зиянды өтеуі мәселесі

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекстің 924-бабында қарастырылғандай, ерікті немесе міндетті түрде сақтандыру тәртібімен өзінің жауатылығын сақтандырған заңды тұлға немесе азамат, келтірілген зиянда толық өтеу үшін сақтандыру сомасы жеткіліксіз болған жағдайда сақтандыру сомасы мен заладың мөлшерінің арасындағы айырманы өтейді.

14-жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірілген зиян үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 924-бабындабелгіленген негіздер мен тәртіп бойынша қарастырылады. Олар:

  1. Жасы 14 ке жетпеген кәмелетке толмағандар (жас

балалар)келтірген зиян үшін, егер зиян өздерінің кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, оның ата-анасы (асырап алушылары), қорғаншылар жауап береді.

  1. Егер қорғаншылыққа мұқтаж жас бала тиісті тәрбиелеу, емдеу

мекемесінде, халықты әлекуметтік қорғау мекемесінде немесе заңға орай өзінің қорғаншысы болып табылатын осы сияқты басқа мекемеде болса,егер зиян өзінің кінәсімен болмағанын дәлелдемесе, жас бала келтірген зиянды сол мекеме өтеуге міндетті.

  1. Егер жас бала оқу орнының, тәрбиелеу, емдеу немесе оны қадағалауды

жүзеге асыруға міндетті өзге мекеменің, сондай-ақ шарттың негізінде қадағалауды жүзеге асыруға міндеті адамның бақылауында болған уақытта зиян келтірсе, зиян олардың қадағалауды жүзеге асыраудағы кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, келтірілген зиян үшін осы мекемелер мен адамдар жауап береді.

  1. Ата-аналардың (асырап алушылардың), қорғаншылардың, оқу

орындарының, тәрбиелеу, емдеу және өзге де мекемелердің зиянды өтеу жөніндегі міндеті жас баланың кәмелетке толуымен немесе оның зиянды өтеу үшін жеткілікті мүлік алуымен тоқтатылмайды.

Егер ата-аналары (асырап алушылары), қорғаншылары қайтыс болса немесе олардың сондай-ақ осы баптың 3-тармағында аталған басқа да азаматтардың жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу үшін жеткілікті қаражат болмаса, ал толық әрекет қабілеттілігі болған зиян келтірушінің өзінде мұндай қаражат болса, сот жәбірленуші мен зиян келтірушінің өзінде мұндай қаражат болса, сондай-ақ басқа да мән жайларды ескере отырып, зиянды зиян келтірушінің өзінің мүлкі есебінен толық немесе ішінара өтеу туралы шешім қабылдауға құқылы.

Қазақстан Респіубликасы Азаматтық Кодекстің 926-бабында он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік мәселесі анықталған:

  1. он төрт жастан ое сегіз жасқа дейінгі кәмелетке томағандар өздері

келтірген зиян үшін жалпы негіздер бойынша дербес жауап береді.

  1. он төрт жастан он сегіз жасқа дейін кәмелетке толмағандардың зиянды

өтеу жеткілікті мүлкі немесе өзге кіріс көздері балмаған жағдайда, егер олар зиянның өз кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетпей тұрған бөлігін ата-аналары (асырап алушылары) немесе қамқоршылары өтеуге тиіс.

Егер он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі қамқоршылыққа мұқтаж кәмелетке толмаған адам тиісті тәрбиелеу, емдеу мекемесінде немесе заңға орай оның қамқоршысы болып табылатын сол сияқты басқа да мекемеде болса, зиян өздерінің кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетіспей тұрған бөлігін сол мекемелер өтеуге міндетті.

  1. Ата –аналардың (асырап алушылардың), қамқоршының және тиісті

мекеменің зиянды өтеу жөніндегі міндеті зиян келтірушінің кәмелетке толуы бойынша немесе онда кәмелетке толғанға дейінгі зиянды өтеуге жеткілікті мүлік немесе кіріс көздері пайда болса не ол кәмелетке толғанға дейін әрекет қабілеттілігіне ие болса тоқтатылады (осы Кодекстің 17-бабының 2- тармағы).

Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардың кәмелетке толмағандар

келтірген зиян үшін жауапкершілігі Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекстің 927- бабында көрсетілгендей ата-ана құқықтарынан айырылған ата-анаға, егер баланың зиян келтіруге әкеп соқтарған мінез құлқы ата-ананың баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс жүзеге асырмауының салдары болып табылады деп анықталса, сот ата-ана құқықтарынан айырылғаннан кейін үш жыл бойы оның кәмелетке толмаған балалары келтірген зиян үшін жауаптылқ жүктеуі мүмкін.

Өкіметке қабілетсіз деп танылған азамат келтірілген зиян үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Кодексінің 928-бабы қарастырады:

  1. Әрекетке қабілетсіз деп танылаған азамат келтірген зиянды (осы

Кодекстің 26 — бабы), егер олар зиян өздерінің кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, оның қорғаншысы немесе оны қадағалауды жүзеге асырауға міндетті ұйым өтейді.

  1. Қорғаншының немесе ұйымның әрекетке қабілетсіз деп

танылғаназамат келтірген зиянды өтеу жөніндегі міндетті оның әрекетке қабілеттілігі қалпына келген жағдайда да тоқтатылмайды.

  1. Егер қорғаншы қайтыс болса не оның зиянды өтеу үшін жеткілікті

қаражаты болмаса, ал зиян келтірушінің өзінде мұндай қаражат болса, сот жәбірленуші мен зиян келтірушінің мүліктік жадайын, сондай-ақ басқа да мән жайларды, атап айтқанда, зиян келтірушінің әрекетке қабілеттілігінің қалпына келтірілуін ескере отырып, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды сол зиян келтірушіні мүлкі есебінен толық немесе ішінара өтеу туралы шешім қабылдауға құқылы.

Әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған азамат келтірген зиян үшін жауапкершілік тәртібі Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекстің 929-бабында көрсетілгендей, әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылағн азаматтың спиртті ішімдіктерді немесе есірткі заттарды жөнсіз пайдалануы салдарынан келтірілген зиянды (осы Кодекстің 27-бабы) зиян келтірушінің өзі жалпы негіздерде өтейді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кокекстің 930-бабында қарастырылғандай, өз іс-әрекетінің мәнін түсінуге қабілетсіз азамат келтірілген зиян үшін жауапкершілік мәселесі мына тәртіп бойынша анықталады:

  1. Өз іс-әрекетінің мәнін түсіне алмаған немесе өзіне-өзі ие бола

алмайтын жағдайда зиян келтірген әрекетке қабілетті азамат, сондай-ақ 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері келтірген зиян үшін жауап бермейді.

Егер жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына зиян келтірсе, сот

жәбірленуші мен зиян келтірушінің мүліктік жағдайын, сондай-ақ басқа да мән жайларды ескере отырып, зиянды өтеу жөніндегі міндетті зиян келтірушіге толық немесе ішінара жүктей алады.

  1. Егер спиртті ішімдіктерді, есірткі заттарды пайдаланып немесе өзге

әдіспен өзін осындай жағдайға келтірсе, зиян келтіруші жауаптылықтан босатылмайды.

  1. Егер зиянды жүйке ауруы және ақыл-ойының кемістігі салдарынан өз

іс-әрекетінің мәнін түсіне алмайтын немесе өзіне-өзі ие бола алмайтын адам келтірсе, сот зиянды өтеу міндетін осы адаммен тұратын еңбекке қабілеттілерге; зиян келтірушінің осындай жағдайын білген, бірақ оны әрекетке қабілетсіз деп тану және оған қорғаншылық жасау туралы мәселе қоймаған жұбайына, ата-анасына, кәмелетке толған балаларына жүктеуі мүмкін.

Айналасындағыларға жоғары қауіп туғызатын қызмет (жоғары қауіптілік көздері) арқылы келтірілген зиян үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 931- бабында толық көрсетілген:

  1. Қызметі айналасындағылар үшін жоғары қауіптілікпен байланысты заңды тұлғалар мен азматтар (көлік ұйымдары, өнеркәсіп орындары, құрылыстар, көлік құралдарының иелері және т.б.), егер зиян дүлей күштердің немесе жәбірленушінің теріс пиғылының салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, жоғары қауіптілік көздерікелтірген зиянды өтеуге міндетті.

Зиянды өтеу міндеті меншік құқығымен, шаруашылық жүргізу құқығымен немесе жедел басқару құқығымен немесе кез келген басқа да заңды негізбен (мүліктік жлдау шарты, көлік құралын басқару құқығына берілген сенімхат, көздері беру туралы құзіретті органның өкімі арқылы және т.б.) жоғары қауіптілік көзін иеленуші заңды тұлғаға немесе азаматқа жүктеледі.

  1. Жоғары қауіптілік көздерінің иелері қауіптілік көздерінің өзара іс-қимылының (көлік құралдарының соқтығысуы және т.б.) салдарынан келтірілген тұлғаларға келтірілген зиян үшін осы баптың 1- тармағында көзделген негіздер бойынша ортақ жауапты болады.

Жоғарыда қауіптілік көздерінің өзара іс-қимылы салдарынан олардың иелеріне келтірілген зиян жалпы негіздерде өтеледі. Бұл орайда:

  • бір тараптың кінәсінен келтірілген зиянды осы тарап толық көлемінде өтейді;
  • екі немесе бірнеше тараптың кінәсінен келтірілген зиян олардың әрқайсысының кінәсінің дәрежесіне сай өтеледі.

Тарптардың әрқайсысының кінәсінің дәрежесін белгілеу мүмкін болмаған кезде жауаптылық олардың арасында тең бөлінеді.

Зиян келтіруде тараптардың кінәсі болмаған кезде олардың бірде-біреуінің зиянды өтеуге талап етуге құқығы жоқ. Тараптардың әрқайсысы мұндай жағдайда өзі шеккен шығындар тәуекелін көтереді.

  1. Жоғары қауіптілік көзінің иесі, егер қауіптілік көзі басқа тұлағалардың заңға қарсы әрекеттері салдарынан иеленушінің иелегенен шыққанын дәлелдесе, осы көз келтірген зиян үшін жауап бермейді. Мұндай жағдайларда жоғары қауіптілік көзі келтірілген зиян үшін ондай көзді заңға қайшы иеленушілер жауап береді. Жоғары қауіптілік көзін оның иелігінен заңға қайшы алуда иеленушінің кінәсі болған жағдайда жауаптылық иеленушіге де, жоғары қауіптілік көзін иеленген тұлғалар да жүктелуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 932 — бабында бірлесіп келтірілген зиян үшін жауапкершілік анықталған:

Бірлесіп зиян келтірген тұлғалар жәбірленушінің алдында ортақтасып жауап береді.

Сот жәбірленушінің арызы бойынша және оның мүдделері үшін бірлесіп зиян келтірген тұлғаларға үлестік жауаптылық жүктеуге құқылы.

  1. Заттар – азаматтық құқық қатынастарынаң обьектілері. Азаматтық құқық қатынастарының обьектілері деп заттарды (мүлік және мүліктік құқық), жұмыс пен қызметті, ақпаратты, материалдық деп есептелмейтін игіліктер (мәселен атау) мен интелектуалды меншікті, яғни әдеби шығарма, өнертабыс және тағы басқаларын айтамыз. Дәл осы обьектілерде құқық қатынастарына қатысушылардың мүдделері тоғысады және де бұл обьектілердің құқық қатынастарындағы тағдыры шешіледі. әдетте, азаматтық құқық обьектілерінің шеңбері айнымалы келеді. Мысалы, күні кешеге дейін ақпарат оның аясына кірмеді. Жалпы алғанда, азаматтық құқық қатынастарынаң обьектілерінің негізгі бөлігін заттар құрайды. Зат деп материалдық әлемнің кез келген обьектісін айтамыз. Заттардың заңдық тағдырына оның сапасы мен құқылық мәртебесі елеулі орын алады. Сондықтан да азаматтық құқықтарда заттарды саралаудың (классификациялау) алуан түрі кездеседі.

Заттар азаматтық айналымдағы қатынасына орай шектеулі айналым қабілеттігіне байланысты азаматтық азаматтық айналымнан шығарылмаған және азаматтық айналымнан шығарылған деп бөлінеді. Азаматтық айналымнан шығарылмаған заттарды олардың иелері өзгеге еркін түрде бере алады, сөйтіп, ол ешқашан шектеусіз қолдан қолға өте береді. Былайша айтқанда, мұндай заттар азаматтық айналымға емін еркін қатысады. Айналым қабілеттілігі шектелген заттар азаматтық айналымға қатысушылардыңбелгіл бір бөлігіне қатысты, немесе айналымы ерекше тәртіппен жүзеге асады. Осы обьектілердің шеңбері заңмен айқындалады. Оған у, қару-жарақ, оқ-дәрі, қымбат бағалы металдар мен тастар, мәдени және тарихи ескерткіштер, тағы басқалар жатады.

Сонымен, азаматтық заң кейбір заттарды азаматтық айналымнан шығарып тастайды. Өткені, оны өзі мемлекеттің немесе басқа тұлғалардың өзгеге беруге болмайтын жеке дара меншігі болып табылады. Қазіргі кезде оған мысал ретінде орман, су және басқа бірқатар обьектілерді жатқызуға болады.

Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп жіктейді. Бөлінетін заттар бөлінген күннің өзінде тұтынушылық қасиетінен, бастапқы сапасынан айырылмайды. Мысалы, бір бөлке нанды алайықшы, оны қанша жерден бөлсеңіз де нан күйінде қалады емес пе. Ал бөлінбейтін заттарды бөлсеңіз пайдаға аспай қалады. Егер отырғышты арамен екіге жарып кесіп тастаңызшы, онда ол тұтыну қасиетінен айырылып қалады ғой. Саралаудың мұндай заттық мәні мүлікті бөлу кезінде айқын көрінеді.

Заттар құқық қатынастарында жекеше белгіленген және тектес қасиеттеріне қасиеттеріне қарай белгіленген заттар деп бөлінеді. Заттар жеке белгілеріне қарап, немесе бүтін бір тобына, басқаларына тектесуіне қарап бөлінеді. Бірінші жағдайда жекеше белгіленген заттар деп, екінші жағдайда тектес қасиеттеріне қарай белгіленген заттар дпе атайды. Жекеше белгіленген тек басқасына емес, тек сол заттың өзіне ғана тән. Мысалы, оған суретшінің суреттегі қолтаңбасы немесе көйлектің өзіндік үлгісі жатады. Зат сол жекеше күйінде ғана бір құқық қатынасында тектес қасиеттерімен анықталады, ал басқа ретте даралық сипатқа ие. Айталық, тігін фабрикасы дүкенге 48 пішімді, 3-тұрақылы (рост) 100 көйлек әкеліп сатуға шарт жасасты делік. Бұл құжат бойынша аталған тауар тектес белгілермен анықталады. Ал сатып алушы әлгі жүз көйлектің өзгесін бере алмайды.

Заттар қозғалмалы және қозғалмайтын болып екіге бөлінеді. Оның қозғалмайтынына жермен тығыз байланысы бар жер учаскелері, учаске қойнауы, көпжылдық өсімдіктер, ғимарат және құралыстар жатады, олар тұтастығы мен пайдаға асуына орай жерге елеулі залал келтірмей бөліне алмайды. Сондай-ақ азаматтық кодекс қозғалмайтын заттар қатарына әуе және теңіз кемелері мен ғарыш обьектілерін де жатқызады. Себебі, олар халықаралық дәстүр мен халықаралық төрелік жасау арқылы қолданылады. Осындай аса қымбат саналатын обьектілерді пайдалану белгілі бір мемлекет құзырынан шығып та кетеді. Әрине, мұндай обьектілердің қозғалмайтын мүлік жөніндегі жалпы ережемен сыласпайтындығын да мойындауға тура келеді.

Қозғалмайтын мүлікке берілетін құқық мемлекеттік тіркеуден міндетті түрде өтуі тиіс. Дәл сол сияқты мемлекеттік тіркеуге қозғалмайтын мүлікке жасалған келісім де жатады. Алайда біз бұл арады ереже талаптарынан шығып кететін жәйттерді де кездестіреміз. Мәселен, автокәсіпорын қазғалатын мүлік болып есептелгенмен тіркеуге жатқызылады.

Кәсіпкерлікке пайдаланылатын кәсіпорын мүліктік кешен ретінде мүліктің (заттың) ерекше түрі болып табылады. Ал кәсіпорын негізінен алғанда қозғалмайтын мүлікке жатады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынға оның қызметіне керекті мүліктің барлық түрі енеді. Ол тек қажетті обьектілерді ғана қамтып қана қоймай, жер учаскесі, ғимарат, құрылыстар тәрізді қозғалмайтын болып көрінетіндерді өзіне қаратып алды, тіпті жеке дара күйінде қозғалмалы мүлік болып табылатын керек жарақ, құрал-жабдық, шикізат, өнім, тіпті талап ету құқы да, қарыз, атауы, туралы және фирмалық белгілер, бәрі-бәрі одан іргесін аулақ сала алмайды. Демек, егер кәсіпорын сатылатын болса, онда оның иесі сатып алушыға өзінің қарамағындағы барлық мүлікті беруге тиіс. Тек сатып алушымен келісім арқылы мүліктің бір бөлігін (мысалы, шикізат немесе кейбір құрал жабдықтар) жекелей түрде сатуына болады.

Қосалқы зат және басты зат. Дербес пайдалануға келмейтін, тек басқа затпен (басты) ғана бірге пайдалануға болатын заттар қосалқы заттар деп аталады. Жалпы ережеге сәйкес қосалқа зат басқа заттың заңдық тағдырына әсер етеді. Енді басты зат пен қосалқы заттарға мысалдар келтірейік: құлып пен кілт, есік пен құлып, үй мен есік. Егер сіз үйді сатып алу сату жөнінде шарт жасассаңыз, онда оған үйді есігімен, құлпымен, сондай-ақ кілтімен сатылады деп жатудың қажеті жоқ. Өйткені, ол басты зат пен қосалқы зат ережелеріне бағынады. Сатушы есіктің құлпын алып қойса, онда сатып алушы оны орнына қоюды талап етуге құқылы. Кей жағдайда сатушы мен сатып алушы арасында жасалған келісім шарт бойынша қосалқы затты басты заттан бөлуге мәмлеге келе алады.

Жаңа азаматтық кодекс азаматтық құқық обьектілерінің тізіміне жануарларды да қосады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, оған мүлік жөніндегі жалпы ереже қолданылады. Құқықты жүзеге асыру кезінде жануарлармен ізгілік принциптеріне қайшы келетін қатал да аямаушылық әрекеттердің орын алуына жол бермейді. Мұндай тұжырымдама қосымша түсіндірме жасауды қажетсінеді. Біріншіден, бұл арада әңгіме жан-жануарлардың бәріне қатысты ма, әлде тек үй жануарлары туралы ғана ма? Қоян мен қасқырды орман мүлкіне жатқыза аламыз ба? Солай болған күнде меншік иесі мұндай мүліктерді басқара алмайды емес пе.

Сондай-ақ жануарға “қатал қарау-аямаушылық” дегенге орай оған әдейі зардап шектіру шегі қалай айқындалады, бұл да оңай сауал емес. Өйткені, ғылыми тәжірібиеге байланысты жануарлады азаптауға, тіпті өлтіруге тура келеді, онда қалай болады? Бұл сауалдарға жауапты тек соттың белгілі бір жағдайларға байланысты шығарған шешім ғана жауап бере алады.

Затқа ақша, валюталық құндылықтар, сондай-ақ құнды қағаздар жатады. Әдетте ақша тектес белгілермен анықталған зат болып табылады. Тек оның көрініске қойылғандары ғана оған кірмейді. Қазақстанның барлық аумағында теңге заңды төлем құралы болып есептеледі. Ол банкнотта көрсетілген бірлікте-100 теңге, 500 теңге және т.с.с. бағаланады. Шетелдік валютамен есеп айырысу тек заңда көзделген ретте жүзеге асады.

Валюта құндылығына қымбат бағалы металдар, шетелдік, банктік кірістер, акциялар, шетелдік облигациялар жатады. Олармен келісім жасау 1996 жылы 24 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңымен жүзеге асады. Бірақ валюталық құндылыққа меншік құқығы басқа мүліктер тәрізді жалпы негізде қорғалады.

Құнды қағаздар да зат делінеді. Құнды қағаз дегеніміз- белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, қайсібір мүліктік құқықты орнататын, оны куәландыратын, өзін көрсеткендей ғана құқықты іске асыратын құжат болып табылады. Демек құнды қағаз жоғалса, онымен жасалған мүліктік құқық та қоса жойылады. Құнды қағаз осы ерекшеліктерімен қарыз алғанда берілетін қолхат ретінде әрекетке түседі. Оның соңғысы мүліктік талапты куәландыруға қызмет етсе, ал оны жоғалту ондай талапты қоюда басқа куәларды алға тартуға кедергі жасамайды. Құнды қағаз өзінде көрсетілгендей, мүліктік құқықты анықтайтын бірден бір құжат болып есептеледі.

Ол белгіленген және міндетті өлшемдерді (реквизиттерді) сақтай отырып жасалады. Мәселен, жалпы ережеге сәйкес коносамент жарамды болу үшін оның белгіленген өлшемі болуы шарт. Онда коносаменттің атауы, белгілі бір соманы төлеуге деген ұсыныс, оны кімнің төлейтіндігі, атауы, төлемді төлеу мерзімі мен орны, кімге немесе тапсырыс бойынша кімнің төлем жасайтындығы, коносаменттің жасалған уақыты мен орнын көрсету, коносаментті берушінің қолы тәрізді талаптар қамтылады. Осылардың біреуі болмаған жағдайда коносамент жарамсыз болып танылады.

Құнды қағаздарды бір тұлғадан екіншісіне беруге болады. Бұл орайда құнды қағазда қамтылған құқықтардың бәрі соның қарауына өтеді.

Қазіргі кезде құнды қағаздың негізгі түрлері деп кеңінен қолданылып жүрген облигацияны, акцияны жинақ және депозитивті сертификаттарды айтамыз.

Құнды қағаз ретінде облигация оны шығарушы (көбіне көп мемлекет)мен сатып алушының иесі белгілі бір тәртіппен есептелген оның номиналды бағасы мен пайзының сомасын ала алады (мысалы, ұтыс жолымен). Акция оны иеленушінің (акционердің) акционерлік қоғам түсірген пайданың бөлігін девидент ретінде алу құқығын бекітеді, сондай-ақ оған бұл қоғамның басқару ісіне қатысу құқығы беріледі, ал акционерлік қоғам таратылған кезде оның пайдасының бір бөлігін меншіктену құқығына ие болады. Банктың жинақ және депозитивтик сертфикаты банкке ақша салушының белгілі бір мерзім өткен соң оны пайызбен алуына құқық береді.

Құнды қағаздар мынандай үш түрге бөлінеді: атаулы, ордерлік және ұсынбалы. Оның атаулысы белгілі бір адамға беріледі әрі ондағы құқықты тек өзі ғана жүзеге асырады. Оған мәселен жинақ және депозитивті сертификаттар жатады. Ордерлік түрі де белгілі бір тұлғаға беріледі, бірақ ол бұл қағазды басқа біреуге бергенде бергені туралы оған жазады (индосамент). Ал ол өз кезгінде бұл қағазды үшінші біреуге бере алады, т.с.с. Ұсынбалы түрі оны көрсетушіге беріледі, яғни оны көрсеткен адам ондағы құқыққа ие болады. Оған облигация және акция жатқызылады.

Құнды қағаздар шығару (эмиссия) тәртібі мен оны ұйымдастырып шығарушылардың (эмитент) жауапкершілігі заңмен реттеледі.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.