Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив түріндегі, сондай-ақ, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық  активтердің және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған.Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Жинақтау функциясы қаржылық  активтердің және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Тұрақтандыру функциясы шикізат ресурстарына әлемдік бағаның конъюнктурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып  айқындалады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік  валюталармен жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен есептілігі ұлттық валютамен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

2.4  Бюджет тапшылығы (профициті)

Бюджет тапшылығы (профициті)) таза бюджеттік кредит беруді және қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегеріп тастағандағы операциялық сальдоға тең.

Теріс белгімен алынған шама –  бюджет тапшылығы, оң белгімен  алынған шама бюджет профициті болып табылады. Бюджет тапшылығының жол берілетін шекті мөлшері әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарымен белгіленеді.

Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)– қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды  қамтамасыз ету.Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджет қаражаты қалдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді.Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына сай келеді.

Бюджет профицитін пайдалану – қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицитін, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын жұмсау.Бюджет профицитін пайдалану көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді.Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді және бюджет профицитінің шамасына сай келеді.

 

3 — Тарау. Бюджет саясатының негізгі  перспективалары мен бағыттары

3.1   Онтүстік Қазақстан облыс бюджетінің

2006 жылғы орындалуы.

     Кірістер,  2005 жылы облыс бюджетіне 23,9 млрд.теңге кірістер түсіп, жоспар 102,4  % немесе 553,5 млн теңгеге артығымен орындалды. Бұл 2004 жыл көрсеткішімен  салыстырғанда 2,5 млрд.теңгеге көп. Оның ішінде салық түсімдер 22,7 млрд.тенгені немесе 95  % құрады (жоспар 102,2 4  % немесе 479,6 млн теңгеге артығымен орындалды). 2004 жылмен салыстырғанда 2,2 млрд теңгеге көп.

Бұл орайда үлес салмағын көп мөлшері әлеуметтік салықа 42,3 пайыз жеке табыс салығында 19,8 пайыз акцизде 23 пайыз болды.

2005 жылы бюджетке мүлік салығынан 1,5 млрд теңге, жер салығынан 507,0  млн теңге қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлемдерден 394 млн теңге және акцизден 5,2 млрд теңге түсті. Акциз жоспары 9,7 пайызға орындалмауы аталған салық сомасының нөлдік ставкасы бойынша өсіміне байланысты болды. Салық емес түсімдер 212,0 млн теңгені немесе түсімнің 0,8 пайызды құрады (жоспар 90,3 пайызға орындалды) 2004 жылмен салыстырғанда 29,6 млн теңгеге  аз. Бұл жөніндегі көрсеткіштің 2004 жылдан төмен болу себебі қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін айыппұлдардан алынатын түсімдердің «Бюджет кодексіне» сәйкес 2005 жылдан бастап республикалық бюджетке аударылуына байланысты  болды.

Негізгі капиталмен сатудан түсетін түсімдер 928,2 млн теңгені немесе кірістің 3,8 пайызы құрады (жоспар 111,6 пайызға немесе 96,6 млн теңгеге артығымен орындалды). 2004 жылмен салыстырғанда 279 млн теңгеге көп.

    Шығыстар, тұтастай облыс бюджеті бойынша 2005 жылы шығыстардың көлемі 70,1 млрд теңгені құрап жоспар 99,7 пайызға орындалды, бұл 2004 жылғы қол жеткен деңгейден 14,5 млрд теңгеге немесе 27 пайыз артық. 2006 жылы обылыс бюджетінің көлемі 81,2 млрд теңгені құрайды. 2005 жылғы облыс бюджеті шығыстарының жалпы көлемінің 74 пайызы немесе 52 млрд теңге әлеуметтік сала шығыстарды құрайды және 2004 жылмен салыстырғанда 10 млрд теңгеге көп, атап айытқанда; білім беру саласы (41 пайыз) денсеулық саласы 25 пайыз әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қамтамасыз ету саласы 4 пайыз мәдениет спорт туризм және ақпарат кеңестік 3 пайыз дамудың инвестициялық басым бағытында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы 13 пайыз.

Еңбекақы қоры,  2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыс бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік  мекемелерге   жарнамаларды қоса  есептегенде 27,6 млрд. теңге  мөлшеерінде еңбек   ақы төленді. Сонымен қатар  мемлекеттік  кәсіпорындардың  жалақысына  5,2 млрд .теңге  бөлінді. Оның ішінде: мемлекеттік мекемелердің,  мемлекеттік қызметкер емес  мемлекеттік мекеме  және  қазыналық кәсіпорындар  жұмысшылары  еңбекақысының  32 пайыз  артуына  байланысты 4,1  млрд. теңге  бөлінді, оның ішінде  аудандар мен  қалалар бюджетінен қаржыландырылатын  мемлекеттік мекемелер  мен кәсіпорындар  бойынша 2,6 млрд. теңге  және облыстық  бюджеттен  қаржыландырылатындар –1,5 млрд . теңге жұмсалды.

     Әлеуметтік сала, 2005 жылы халықты  әлеуметтік қорғау  шығыстары  2,4 млрд. теңге құрады. Бұл  қаржылардан түрлі әлеуметтік  қолдаулар  көрсететін,атап айтқанда 10 мекеме:  4 жүйке аурулары интернаты, қарттар мен мүгедектер  және  ардагерлер үйі , мүгедек  балаларға арналған  2 интернат, мүгедектер үшін кәсіби  мектеп және  2005 жыла ашылған “Мейір” ардагерлер  үйі  қаржыландырылды.

Халықты әлеуметтік  қолдауды қамтамасыз ету  үшін облыста бірқатар  бағдарламалар  бекітілді. Олар негізінен  кедейлік пен  жұмыссыздықты  төмендетуге, азаматтардың жекеленген санаттарын  әлеуметтік қорғауға  бағытталған. “Облыс халқын  әлеуметтік қорғау жөніндегі   2002-2005  жылдарға  арналған облыстың кешенді бағдарламасын” жүзеге асырудың басты мақсаты  халықтың  әлеуметтік  деңгейін  жақсарту  болып  табылады.

2005 жылы  бюджет есебінен 76 мыңнан аса  адамға  мемлекеттік  атаулы  жәрдемақы  төленіп,  580  млн. теңге жұмсалды. Ұлы Отан соғысының 3825 мүгедегі мен  қатысушыларына материалдық  көмек  көрсетілді. Соңғы 2002-2005  жылдар кезеңінде  денсаулық сақтау  департаментінің жолдамасымен  арнайы  орталықтарға, Сарыағаш, Манкент және Біркөлік  санаторилеріне немесе ғылыми –зерттеу  институттарына барып емдеу үшін Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен еңбек  мүгедектеріне  жеңілдікпен  қаржы төленді. 2005 жылы  бұл  шығыстарға  14,6 млн. теңге бөлінді.

Өткен 2005 жылы  облыс бюджеті  мен республикалық бюджет есебінен  Ұлы Отан  соғысының  мүгедектері мен қатысушыларына  150 млн. теңге  мөлшерінде  бір жолғы  материалдық  көмек көрсетілді. Сонымен қатар  мүгедектер  97 млн. теңге  сомасына әртүрлі деңгейде әлеуметтік  қолдаумен  қамтамасыз етілді және азаматтардың  жекеленген топтарына  мәслихаттардың шешімі  бойынша 22 млн. теңгеге  көмек көрсетілді.

Егер 2001 жылы облыс бойынша 500 мүгедек  орындық  орындық-арбамен  қамтамасыз ету қажет болса, 2004-2005 жылдары  бұл техникалық құралмен  954  мүгедек  қамтамасыз етілді, 2005 жылы  бұл мақсатқа 8,2 млн. теңге бөлінді. 2005 жылы 381 мүгедек  22,7 млн. теңге сомасына  сурдо және 1494  тифлотехникасымен  қамтамасыз етілді.

2005 жылы  облыстық бюджет есебінен  мүгедектерді  протезді-ортепедиялық  бұйымдармен  қамтамасыз ету  шығыстары 33,6  млн. теңгені  құрады, протезді- ортепедиялық  бұйыммен  1392 мың мүгедек  қамтамасыз етілді. Мүгедектерді  қайта  оңалтуға 2005 жылы 9,2  млн. теңге  көзделіп жаратылды.

2006 жылғы  бюджетке табысы аз отбасылардың  18 жасқа дейінгі  балаларына  мемлекеттік  жәрдемақылар  төлеуге 510 млн. теңге  қаралды. Сонымен қатар, 2006 жылы бюджетте: мұқтаж мүгедектердіә арнайы  гигиеналық құралдармен  қамтамасыз ету және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес  ымдау  тілі мамандарымен жеке көмекшілердің  қызметтер көрсетуіне –56343 мың теңге; қалалық  телекоммуникация  желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік жағынан  қорғалатын азаматтардың телефон үшін абоненттік  төлем тарифінің көтерілуін өтеуге –754 мың теңге көзделген.

      Денсаулық сақтау,  саласы бойынша   2005 жылғы шығыстар 17,7 млрд. теңге құрады. Соңғы үш жыл  көлемінде денсаулық сақтау шығыстарын Қазақстанның түрлі  өңірі бойынша  теңестіру саясатының жүргізілуіне  орай  1 тұрғынға  шаққандағы шығыстар 2000 жылдан бері 3,5 есеге көбейтіліп, 2005 жылы 8080 теңгені құрады.  Әр науқасқа  берілетін тамаққа  шығыстар 2005 жылы  орта есеппен 220 теңгені құрады және 2004  жылмен салыстырғанда  50,2% артты,   дәрі дәрмек шығыстары  тиісінше 676,1  теңгені құрады және 75,2 % артты. Тегін медициналық  көмектің  кепілдік берілген  көлемі бойынша облыста  232  мемлекеттік мекеме  мен 127 мемлекеттік  қазыналық коммуналдық кәсіпорны медициналық қызмет көрсетеді.

2003 жылдан 2005 жыл аралығында  медициналық  қызмет көрсету  шығыстары  едәір өсті. ҚР Үкіметі  белгілеген басым бағыттарға сәйкес жыл сайын  денсаулық сақтау   ұйымдары аурудың әр түрін емдеуге толық көлемде  қаржымен  қамтамасыз етілуде. 2003 жылдан 2005 жыл  аралығында қазіргі  заманның медициналық жабдықтар мен  снитарлық сатып алуға бюджеттен 1,6  млрд. теңге бөлінген. 2005 жылы 57 медициналық ұйымға 873 млн. теңгенің  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Балалар мен жүкті әйелдерді  дәрі-дәрмектермен қамтамасыз  етуде облыста нақтылы  шаралар жүзеге асырылып келеді. 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап 5 жасқа дейінгі  балалар үшін бюджеттен  56,4 млн. теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынды, құрамында темір-иоды бар препараттарды  сатып алуға 179,1 млн. теңге, вакциналар мен  басқа да имминобиологиялық препараттарды сатып  алуға 482 млн. теңге бөлінді.

Ал, 2006 жылы  республикалық бюджеттен  амбулаториялық емдеу деңгейінде 5 жасқа дейінгі балаларды дәрі- дәрмекпен  қамтамасыз етуге –98564 мың теңге; жүкті әйелдерді  құрамында темір және йоды  бар препараттармен қамтамасыз етуге –187999 мың теңге; созылмалы ауруларды амбулаториялық емдеу кезінде   диспансерлік  есепте  тұрған балалар  мен жасөспірімдерді дәрілік заттармен  қамтамасыз етуге-130648 мың теңге; амбулаторилық емдеу деңгейінде азаматтардың жекеленген санаттарын жеңілдікті жағдайларда дәрілік заттармен қамтамасыз етуге-353810 мың теңге; дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа иммунды биологиялық препараттарды  сатып алуға –478779 мың теңге; бастапқы медициналық- санитарлық көмектің  медициналық ұйымдарын штаттық нормативтерге сәйкес медицина  кадрларымен жасақтауға және жалпы практикалық дәрігерлік  жүйені дамытуға-232989 мың теңге; азаматтардың жекеленген санаттарын медициналық-профилактикалық тексеруді жүзеге асыруға- 716976 мың теңге; онкологиялық ұйымдарды сәулелі терапияның қазіргі заманғы  ақпараттармен  және рентген –диагностикалық жабдықтармен  жарақтандыруды қоса алғанда, жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға –1032883 мың теңге; жергілікті деңгейдегі  қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға-11380 мың теңге қарастырылып отыр.

Білім беру

Облыс аумағындағы  1019 жалпы білім беру  мектептері жұмыс істейді, оларда  532,8 мың оқушы  білім алады. Мектеп жасына дейінгі балаларға  арналған  117 білім ұйымдары жұмыс істейді. Кәсіптік мектеп саны 22 бірлікті құрайды.Облыста 15 колледж 6587  мың оқушы білім алады.

2005 жылы жергілікті атқарушы  органдарының  мемлекеттік тапсырысы  негізінде  орта арнаулы  оқу орындарында  оқып жатқан  студенттердің  степендия  мөлшерін  арттыруға  республикалық бюджеттен 81,8 млн теңге нысаналы трансферттер жұмсалса, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік  тапсырысы  негізінде  орта арнаулы  оқу орындарында  оқып жатқан  оқушылардың  жолақысына  өтемақы жасауға  бюджеттен 20,2 млн. теңге бөлінді.

Облыс бойынша  жалпы орта білім беру  мемлекеттік мекемелерін  лингафондық және мультимедиалық бөлмелермен жабдықтауға 920,9 млн. теңге, педагог қызметкерлердің кәсібін жетілдіру мен қайта даярлауға 45 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар  арнаулы білім  беру  ұйымдарын арнайы  техникалық  құралдармен  қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 68,9  млн. теңге ,  бастапқы-кәсіби білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 53,3 млн. теңге бағытталды. Мемлекеттік мекемелерді Интернетке қосуға және трафигіне ақы төлеуге шығыстар 60 млн теңгені құрады.

Жаңадан іске қосылатын білім беру обьектілерін  ұстауға бюджеттен 202,9 млн теңге мемлекеттік білім беру  ұйымдарының үлгі штаттарын ұстауға  қамтамасыз ету шығыстарына 518,8 млн. теңге бөлінді.

2006 жылы бюджеттен: жаңадан  іске қосылатын білім беру обьектілерін  ұстауға, орта білім берудің  мемлекеттік  мекемелерінің  үлгі штаттарын  ұстауды  қамтамасыз етуге, тамақтануды , тұруды және  балаларды тестілеу  пунктілеріне жеткізуді ұйымдастыруға, жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелерін Интернет желісіне  қосуға  және олардың трафигін төлеуге, жалпы орта білім берудің мемлекеттік  мекемелеріне  кітапханалық қорларын жаңарту үшін оқулық пен  оқу-әдістемелік кешенін сатып алуға және жеткізуге, жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелері үшін лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға, бастауыш кәсіптік білім беретін мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, облыстық(қалалық) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарында педагог қызметкерлерді қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға, облыстық (қалалық) педагог  кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының материалдық- техникалық базасын нығайтуға арнаулы (түзету) білім беру ұйымдарын арнайы техникалық және орнын толтырушы  құралдармен қамтамасыз етуге, сонымен қатар 2006 жылы  мектептерді  компьютерлендіру үшін облыстық бюджеттің «Орта  білім беру  жүйелерін ақпараттандыру» бағдарламасы  бойынша 142,4 млн. теңге қаржы көзделді.

   Құрылыс, 2005 жылы  48 білім беру обьектілерінің құрылысына  2181 млн. теңге, 16 денсаулық сақтау обьектілерінің  құрылысына 1249 млн.теңге, 34  сумен жабдықтау  обьектілерінің  құрылысына 814 млн.теңге  және  және 91  коммуналдық тұрғын-үй құрылыстарын  салуға  1379,9 млн.теңге жұмсалды. Сонымен қатар , 397 тұрғын-үй ипотекалық несие есебінен (5903,5 млн.теңге) салынды. оның ішінде:

   Тұрғын үй құрылысы соңғы екі жылда тұрғын  үй құрылысына  облыс   бюджетінен 9618 млн.теңге бағытталды, оның  ішінде  тұрғын –үй  құрылысын несиелеу  7554  млн.теңгені құрайды. Ал  2006  жылы  аталған мақсатқа 1,4 млрд.теңге көзделді.

2005 жылы облыс бюджетінен   тұрғын үй салу  құрылысы үшін 7283 млн.теңге бөлінді, оның  ішінде тұрғын  үй құрылысы  бағдарламасын  жүзеге асыру  шеңберінде  республикалық бюджеттен  мемлекеттік коммуналдық  тұрғын үй  қорының  құрылысына  391,3 млн.теңге бөлінді және  тұрғын үй құрылысын несиелеуді қаржыландыруға 5,9 млрд.теңге жұмсалды.Облыстық бюджеттен  салынып жатқан  тұрғын үй құрылыстарының инженерлік  коммуникациясына  988,6 млн.теңге бағытталды.

   Білім беру обьектілерінің    құрылысы 2005 жылы  облыс бюджетінен 2,0 млрд.теңге сомасында 48 білім беру обьектілерінің құрылыстары жүргізілді.2006 жылы 44  обьектіге 3,1 млрд. теңге  қаралды, оның ішінде республикалық бюджеттен 21 обьектіге 2,4 млрд.теңге және оюлыстық бюджет есебінен  23 обьектіге 673,1 млн.теңге көзделді, оның ішінде:

2005 жылы  республикалық бюджеттен  15 білім  беру обьектілерінің  құрылысына 1473 млн.теңге бөлінді (оның ішінде Шымкент қаласының «Нұсат» мөлтек   аудандағы орта мектеп  құрылысын салуға 125,5 млн.теңге, Мақтаарал  ауданының Жаңа ауыл ауылындағы  «Жаңа  құрылыс» елді мекендегі орта мектептің  құрылысына-100 млн.теңге және Кетебай  ауылындағы  орта мектептің құрылысына  -104,5 млн.теңге, Шардара ауданының Мелдеби  ауылындағы  орта мектептің құрылысына 160,7  млн.теңге,Сарыағаш ауданының  Абай  ауылындағы  орта мектептің құрылысына -28  млн.теңге, Қазығұрт ауданының  Айнатас ,Атбұлақ  ауылдарындағы  орта мектептердің  құрылыстарына  43 млн. теңге  және Қазығұрт  ауылындағы Қ.Сәтпаев  атындағы орта мектептің  құрылысына  80 млн.теңге ,Созақ ауданының  Шолаққарған  ауылындағы орта мектептің  құрылысына 152,9 млн.теңге ,Төлеби ауданының Тоғыс ауылындағы орта мекттептің  құрылысына -109,9 млн .теңге Түлкібас  ауданының  Ынтымақ ауылындағы  Оразбаев  атындағы  орта мектептің құрылысына -133  млн.теңге, Сайрам ауданының  Сайрам  ауылындағы Хасанов атындағы, Отырар  ауданының  Арыс ауылындағы Т.Ибрагимов  атындағы орта мектептің  құрылысына 100 млн. теңге)

2006 жылы білім беру обьектілерінің  құрылысына  республикалық бюджеттен 21  обьектіге 2417 млн.теңге  қаралды.

2005 жылы облыстық бюджеттен  27 білім   обьектілерінің  құрылысына  690,2 млн.теңге  бағытталды.(оның ішінде Сарыағаш  ауданының  Самал ауылындағы  600 оқушы орынды мектептің  құрылысы ,Мақтаарал ауданының Сәтпаев  атындағы ауылдық округіндегі 504 оқушы- орындық мектептің  құрылысы  және Түркістан  қаласының «Ескі Ихан» ауылындағы 1056  оқушы- орындық  орта мектептің  құрылыстары бар).

2006 жылы  білім беру обьектілерінің  құрылысына облыстық бюджет есебінен  23 обьектіге 673 млн.теңге қаралды.

2005 жылы аудандар бюджеттерінің есебінен алты білім беру обьектісінің құрылысы (Байдібек аудандағы Қосбұлақ орта мектеп  құрылысы және  Қазығұрт ауданында және  Түркістан қаласындағы 3 мектеп құрылысы) жүргізілді.

      Денсаулық сақтау обьектілерінің құрылысы  2005 жылы облыс  бюджетінен 1,2 млрд.теңге  сомасында 16 денсаулық сақтау обьектілерінің құрылысы жүргізілді. 2006 жылы 18 обьектіге  2 млрд теңге  қаралды,оның ішінде  республикалық  бюджеттен  8 обьектіге  1,6 млрд.теңге  және облыстық бюджет есебінен  10 обьектіге  379 млн.теңге бағытталды.

2005 жылы денсаулық сақтаудың 6 обьектісінің  құрылысына  республикалық бюджеттен 1079 млн. теңге бөлінді (Сайрам ауданының Ақсу елді  мекеніндегі  туберкулезге қарсы ауруханасының  құрылысын салуға -200,9 млн.теңге, Арыс  қаласының   туберкулезге қарсы ауруханасының  құрылысына -100 млн.теңге, Сарыағаш  ауданының Абай ауылындағы  аудандық орталық  аурухананың құрылысына  -240 млн.теңге, Ордабас ауданының  Темірлан ауылындағы  аудандық  орталық  емхананың құрылысына -249 млн.теңге ,Отырар ауданының Шәуілдір елді  мекеніндегі  туберкулезге қарсы  ауруханасының  құрылысына 80 млн.теңге ,Шымкент қаласының  облыстық балалар  емханасының  құрылысына-209 млн.теңге).

Сонымен қатар  облыстық бюджеттен  денсаулық сақтаудың  10 обьектісінің құрылысына 169,5  млн.теңге бөлінді (айталық,Қазығұрт  ауданының  Рабат селосындағы,  Отырар  ауданының  Отырар ауылындағы және Түркістан  қаласының  Майдантал  ауылындағы   учаскелік  ауруханалар, Бәйдібек  ауданындағы  фельдшерлік –акушерлік пунктер,Отырар ауданындағы  ауылдық-дәрігерлік  амбулатория , Шымкент қаласындағы перинетальды орталығы).

      Сумен жабдықтау обьектілерінің құрылысы  2005 жылы  облыс бюджетінен  814 млн. теңге  сомасында  34 сумен жабдықтау обьектілерінің  құрылыстары жүргізілді.Ал 2006 жылғы  бюджетте 26 обьектіге  1430 млн.теңге қаралды.Сумен жабдықтау  жүйесін дамыту  үшін  республикалық бюджеттен  12 обьектіге  529  млн.теңге бөлінді,оның ішінде 8 обьекті  Отырар  ауданында (Шәуілдір, Арыс,  Шойманов, Темір, Қоғам, Көкмардан, Әметбек  елді мекендердің  сумен жабдықтау обьектілерінің құрылысына  226 млн .теңге),Сарыағаш ауданының  Абай ауылындағы  сумен жабдықтау обьектісіне-124 млн.теңге , Сайрам ауданының Жібек жолы  ауылына -47,5  млн.теңге және Түркістан  қаласына -100 млн теңге бөлінді.

Сумен жабдықтау  жүйесін дамыту үшін облыстық  бюджеттен 16 обьектіге  273 млн теңге бөлінді (мәселен,Шардара ауданындағы су тетіктерін  жаңарту, Отырар ауданының Көксарай  ауылындағы су жүйелері,Созақ ауданының  Созақ  және  Сызған ауылындағы  су жүйелері).

    Жол құрылысы автожол құрылысын салу үшін бюджеттен  102,6 млн. теңге бөлінді (Бәйдібек ауданына-8 млн. теңге, Түлкібасқа -6,6 млн.теңге, Сайрам  ауданына -19,9 млн.теңге және Арыс  қаласына -58 млн.теңге, Шымкент қаласына -10 млн. теңге ).

    Басқа да құрылыс обьектілері сонымен қатар  2005 жылы  барлығы 52 түрлі  мәндегі ,оның ішінде  12 обьектінің   құрылыстарына   облыстық  бюджет   есебінен  347 млн.теңге  және 20 обьектінің құрылысына 72,9 млн.теңге бөлінді.

   Шағын кәсіпкерлік 2005 жылы шағын кәсіпкерлікті дамыту  бағдарламасына  бюджеттен  30 млн.теңге бөлінді. «Индустриалдық-инновациялық даму  стратегиясын  іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша  жылдық жоспардың  100%  қаржы рұқсаттары  беріліп,103 млн.теңге бөлінді. Бұл  бағдарлама  бойынша қаржы жыл ішінде Ленгір қаласында  цемент ,әк, және тағы басқа құрылыс материалдарының  өндірісі үшін террикондарды пайдалану бойынша  көмір үйінді қалдықтарын  қайта өңдеу және игеру, сонымен  қатар инновациялық жобаларды, техникалық және  экономикалық негіздеме  дайындауды ұйымдастыру  іс-шараларына жұмсалды.

    Қызметін біржолғы талондармен жүзеге асыратын жеке тұлғалардың 2006 жылдың 1 қаңтарына дейінгі жағдайы бойынша жеке  табыс салығының орындалуы  2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша  облыста  27331 сауда орны бар  154 базар  тіркелген, оның ішінде  Шымкент қаласы бойынша  15250 сауда  орындық 58 базар  тіркелген.2004 жылы облыста 28093  сауда орны бар 166 базар тіркелген, оның ішінде   Шымкент қаласы  бойынша  15185  сауда орындық 60 базар тіркелген.  Облыс бойынша базарлар саны 12 бірліккке қысқарып, сауда орындарының саны 766-ге азайған. Оның ішінде Отырар ауданы бойынша 1-базар, Төлебиде-2, Сарыағашта-5, Түлкібаста -3,  Түркістан қаласында-1, Шымкентте-2  базар қысқарды  және  Қазығұртта  1 базар, Арыста 1 базар жаңадан құрылды.

Қызметін біржолғы талондармен жүзеге  асыратын жеке тұлғалардың жеке табыс салығы  жөніндегі бекітілген  жылдық жоспар 353451 мың  теңгені құрайды немесе  бұл  арғы  жылмен  салыстырғанда  128,4% көп.

2006 жылдың 1 қаңтары бойынша  біржолғы талондар бойынша  нақтыланған жоспар  285072  мың теңгені құрайды немесе  бұл арғы жылмен салыстырғанда 103,5%  көп  және  68379 мың  теңгеге азайған,  оның ішінде:

-Ордабасы  ауданында 570,0 мың теңге,

-Қазығұрт ауданында 713,0 мың теңге,

-Төлеби ауданында 580,0 мың теңге,

-Сайрам ауданында 1020,0 мың теңге,

-Сарыағаш ауданында 4400,0 мың теңге,

-Созақ ауданында 105,0 мың теңге,

-Түлкібас ауданында 500,0 мың теңге,

-Шардара ауданында 217,0 мың теңге,

-Кентау қаласында 1774,0 мың теңге,

-Түркістан қаласында 6500,0 мың теңге,

-Шымкент қаласында- 20000,0 мың теңге.

2005 жылы қызметін біржолғы талондармен  жүзеге асыратын  жеке тұлғалардың  жеке табыс  салығынан  288388  мың  теңге түсті,  ал  2004 жылы бұл түсім 275355 мың  теңгені құраған болатын немесе бұл жөніндегі  жоспар 104,7% орындалды,  яғни  түсім  13033 мың  теңгеге  артты.

Жеке табыс  жөніндегі   түсім 2005 жылы  облыс бойынша  101,2%  орындалды, сондай-ақ  облыстың барлық  аудандары мен қалалары  жоспарды  100% және одан  да  жоғары  орындап  шықты.

Өткен жылдың  осы кезеңімен  салыстырғанда  түсімдер облыс бойынша 104,7% көбейді. Тек  қана бұл жөніндегі түсімдер  Кентау қаласы бойынша  1067 мың теңгеге  төмендеді (өткен жылғы  жоспардың орындалуы  79,6% құрады) және Шымкент қаласы бойынша  4443 мың теңге төмендеді (өткен жылғы жоспардың орындалуы 99,7% құрады).

Сауда орындарының  саны өткен жылдың осы  кезеңімен  салыстырғанда 7620 бірлікке , оның ішінде Отырар ауданы  бойынша -126 орынға,Сайрам  ауданы бойынша 1538 орынға,  Созақта -227 ,  Шардарада-79, Кентау қаласында-79 орынға  азайған. Сондай-ақ базарлар санының  да азайғаны байқалады, дегенмен сауда орындары  Қазығұрт  ауданында 326 орынға, Түлкібаста 166,Түркістан қаласында 302 орынға және Шымкент қаласында  65 орынға көбейген.

Біржолғы талондар жөніндегі бақылаушылар  саны  аудандар мен қалалар  бойынша  36 бірлікке  азайды, тиісінше  әр бақылаушының жыл ішіндегі  салық жүктемесі  457,1 мың теңгеге  көбейтілді. Әр бақылаушының  салық жүктемесі  2004  жылы  1504,7 мың теңге болса, бұл  2005 жылы   1961,8  мың теңгеге жетті.

Бәйдібек ауданында  әр бақылаушының  салық жүктемесі 2004 жылы 345,0 мың теңге,  ал 2005 жылы  ол 1363,0 мың теңге болса  (Ескерту-1-базар), Отырар ауданында  әр бақылаушының салық   жүктемесі 2004 жылы 530,7 мың теңге,  2005 жылы 2062,0 мың теңге болды (Ескерту-3 базар және олар түрлі жерде шашыраңқы орналасқан), т.т. Бақылаушыларды қысқарту негізінен  облыстың аудандары есебінен жүргізілген. Облыстың аудандары бойынша  1 базарға  бір бақылаушыдан  келетін болса, көп жерде 2-3 базарға (Отырар-Қазығұрт ,Төлеби, Созақ, Шардара) 1  бақылаушыдан келеді. Әрине, мұндай жағдайда  түсімді  жинау  оңайға  соқпайды.

     Коммуналдық меншік 2006 жылдың 1 қантарына облыстың  коммуналдық меншігінде  535 мемлекеттік   коммуналдық кәсіпорындар бар, соның ішінде  шаруашылық жүргізу  құқықындағылар  саны 64 және 456 қазыналық кәсіпорны ,, акционерлік қоғам және мемлекеттік қатысу үлесі бар 47  жауапкершілігі  шектеулі   серіктестіктер  бар.

«Қазақстан Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан  Республикасының  Заңына өзгерістер  енгізілуіне  байланысты аудан және қаланың коммуналдық меншігіне 101 мемлекеттік мекемелер мен 186 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар , соның  ішінде 30 шаруашылық жүргізу  құқықындағы  және 156 қазыналық кәсіпорындар берілді.

2005 жылы 90 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар таратылды және заңды тұлғалар тізімінен алынды, соның ішінде 63-і денсаулық сақтау жүйесіндегі  кәсіпорындар.

Таратылу  жағдайындағы  шаруашылық  жүргізу  құқықындағы 7 кәсіпорын «Гүлдер»  МКК-не қосу  жолымен және 6 қазыналық  кәсіпорындар  «Қалалық демалыс айдағы»   МКҚК-не  қосу  жолымен   қайта  ұйымдастырылды.

Жұмыс тобы облыс әкімдігімен  бірлесе отырып, бәсекелестік ортаға  кәсіпорындар санын анықтады, олардың құрамына  шаруашылық   жүргізу құқықындағы 20 кәсіпорын  және жедел басқару құқықындағы 19 кәсіпорын енді.

Облыс, аудан, қала  әкімдіктері  оларды жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер   етіп қайта  құру жұмыстарын жүргізуде.

2006 жылдың  1 қаңтарына 2 кәсіпорын  жауапкершілігі шектеулі серіктестік  болып,  қайта  құрылды,  11 кәсіпорын   бойынша  оларды  қайта құру  туралы  қаулының жобасы дайындалуда,  2 кәсіпорын  таратылуда, «Оңтүстік Қазақстан облысының  кинобейне орталығы»   МКҚК және «Оңтүстік Қазақстан облысының жаңа  технологиялар  өңірлік орталығы» МҚҚК басшылары   қайта ұйымдастыруды жүргізу бойынша жарғылық капиталын   анықтау  үшін  бухгалтерлік  құжаттарды  ұсыну  уақытын созып отыр.

Қаржы  департаменті  аудан мен қала  әкімдіктерімен  бірлесе отырып  коммуналдық меншік  обьектілерінің тиімді   пайдалануына және  мақсаттылығына  бақылау жүргізіп келеді. Коммуналдық меншікті  тиімді пайдалану  және Қазақстан Президентінің «Кіші кәсіпкерлікті дамыту және қолдауды күшейту шаралары туралы» Жарлығына сәйкес  бос тұрған,  пайдаланылмайтын ғимараттар мен жайлар кіші  кәсіпкерлік субьектілерінің меншігіне  сенімгерлік   басқаруға  өндірістік қызметті 6 ай ішінде ұйымдастыру  шартымен берілген. Артық мүліктер  жалға беріліп, пайдаланылмайтын, тозығы  жеткендер  аукциондық сауда саттықта сатылады.

2005 жылы 10 обьект  кіші   кәсіпкерлік субьектілеріне  қайтарымсыз негізде берілген.Олар  бұл бос тұрған жайларға 59,6 млн.теңге  сомасында  инвестиция құйып, 119 жұмыс орнын құрған. Мысалы, Жетісай қаласының мәдениет және демалыс  орны мүлкінің базасында  кіші  кәсіпкерлік субьектілері саябақты  көгалдандырып, балалар автодромын, карусельдер, әкімшілік  ғимарат  және кафе салған. 15 жұмыс орны құрылып,  22 млн.теңге құйылған.

Шымкент қаласының  Уәлиханов  көшесіндегі   орналасқан тұрғын емес жайды сенімгерлік  басқаруға алған субьек кондитерлік  цех ашқан.  Олар 2,9 млн.теңге құйып,  23   жұмыс  орнын  ашқан.

2005 жылы отыз бір обьектіге тексеру жұмыстары жүргізілді.обьектілерде кафе жұмыс істейді, шаштаразы, столярлық цех, автожөндеу цехтары ұйымдастырылған,  ксерокөшірме  және  компьютерлік  қызмет   көрсетіледі.

Тоқсан сайын   тұрғын емес мемлекеттік  жайларды мүліктік жалға беру бойынша  мониторнг жүргізіледі.

2005 жылы жалға беруден  бюджетке түскен  түсім сомасы 31534 мың теңгені құрады. Жалға  беруден  түсім жоспары 110,9 % орындалған. Өткен жылдың есепті  кезеңіне сай жалға беруден түскен сома 2077 мың теңгеге төмендеген, бұл  облыс әкімдігінің 2004 жылғы 14 мамырдағы № 246 қаулысына сәйкес  білім беру обьектілері бойынша жалға беру ставкасының төмендеуі есебінен болып отыр.

Жоғарыда көрсетілген қаулының ендірілуіне сай білім беру обьектілері бойынша  жалға беру төлемінің  түсімі бір жылға 5570,4 мың теңгеге төмендеу мүмкін екендігін көрсетеді.

2005 жылдың ішінде 87 коммуналдық меншік обьектілері ішінен аукцион мен тендерде 71-і 12638 мың теңгеге сатылған,олардың ішінде 66-сы көлік бірлігі және «Шымкент-Мега  орталығы» бір акционерлік қоғамның мемлекеттік пакеті және Медтехсервис  шаруашылықтың мемлекеттік үлесі 4016 мың теңгеге сатылды. Обьектілерді  жекешелендіруден бюджетке 15780 мың теңге түсім түсті.

Сатуға бос тұрған обьектілер қойылуда.  Мысалы, Ордабасы ауданының жазғы  мейрамханасы, Арыс қаласы әкімшілігінің  бұрынғы  асхана ғимараты, Жібек- жолы   көшесіндегі  фонтандар.

Шаруашылық жүргізу құқықындағы мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін есепті кезеңнің қорытындысы бойынша  тиісті бюджетке толық  әрі уақтылы  аударылуына бақылау жүргізілуде.

2004 жылды оңтайлы қаржылық нәтижемен 23 кәсіпорын аяқтаған, таза табыс сомасы 38,9 млн.теңгені құрап,  2003 жылмен салыстырғанда 22,1 мың теңгеге көбейгенін көрсетеді, олар жергілікті бюджетке аударылуға  жататын таза  табыс сомасының бір бөлігін 19451,7 мың теңге көлемінде аударған, бұл 2003 жылдың  қорытындысымен салыстырғанда 11201,7 мың теңгеге көп. Бюджетке  таза табыс сомасының  бір  бөлігі 11311 мың теңге сомасында түскен.

«Оңтүстік  су шаруашылығы» МКК  республикалық бюджеттен 23,5 млн.теңгені түгел  алмауына  байланысты таза табыс  сомасының бір бөлігін, яғни  7054 мың  теңгені  бюджетке аудармаған.

Департамент  құрған комиссия мүшелері акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі  шектеулі  серіктестіктер басшыларының 2004  жылдың  жұмыс қорытындыларын  тыңдады.

2004 жылдың  жұмыс қорытындысы  бойынша 1 акционерлік қоғам мен мемлекеттік қатысу  үлесі бар 4 ЖШС қаржылық жылды 17 658 мың теңге көлемінде табыспен аяқтаған, олар 8829 мың теңге сомасында дивиденттер  есептеп,   бюджетке  9327 мың  теңге  аударған.

Бүгінгі күні жылжымайтын мүлік  орталығында коммуналдық меншік обьектілерінің  тіркелу жұмыстары жалпы  алғанда аяқталған.

Оңтүстік Қазақстан   облысы әкімдігінің мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорындары  мен  мемлекеттік  есебінде  тұрған  тіркелмеген 27 жылжмайтын обьектілері қалған, олардың мемлекеттік басқару органдары төмендегілер:

Облыс  табиғи  ресурстар  және  табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, облыс  білім  беру департаменті,  облыс  денсаулық  сақтау  департаменті,  облыс мәдениет басқармасы, облыс жұмыспен  қамтуды үйлестіру және әлеуметтік   бағдарламалар департаменті, облыс ішкі саясат департаменті, облыс мұрағаттар және құжатттама  басқармасы.

Департаменттер мен  басқармалар мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелердің жылжымайтын мүлік обьектілерін тіркеу бойынша  жұмыстар  жүргізілуде.  2005 жылы  31 обьект  тіркелген.

ОҚО ішкі істер департаменті  оларға сенімгерлік  басқаруға берілген коммуналдывқ   меншік   обьектілерін тіркеу жұмыстарын  жүргізілуде. Олардың  саны-63,  бүгінгі   күні   тіркелмегені-2.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.