Қазақстан Республикасының бюджет заңдары

Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді.Қазақстан Республикасы бюджет заңдары қолданылуы  Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден тиісті қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актілері, осы актілердің қайтарымды негізде ақша бөлу туралы ережелерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жояды. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар, тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске асыру туралы актілері тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.Заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына қайшы келетін ережелер көзделсе, онда Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ережелері қолданылады.

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларының орындалуы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, Заң шығарушы билік, басқару аппаратын ұстауды және басқа да шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмсалуды қамтамасыз ететін бюджеттік тармақтарының желісі құралады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды процесінде заңмен отыратын  белгілі қаржылық өзара –қатынастар пайда болады. Осы элеметтердің барлығы-бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың  қағидаттарры, оның буындарының өзара  қатынастары мен байланыстарының  ұйымдық нысандары бюджет құқықтарының жиынтығы-бюджет құрылысын қарайды. Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік бірлігіне, экономиканың даму денгейіне байланысты өзгешеліктерімен ерекшеледі.  Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқытық нормаларға негізделген  түрлі деңгейлерді бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді,  өйткені олардың аумақтық құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады.

Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық – мемлекеттік құрылымымен  анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Федеративті мемлекеттерде бюджет үш буынан тұрады; мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет орталық мемлекеттің бюджеті, федерация мүшелерінің (АҚШ-та штаттардың , ГФР да жерлердің (ландраттардың) Канада провинциялардың Ресейде федерация субьектілердің бюджеттері);

Жергілікті бюджеттер:

Унитарлық (бірліктер) мемлекеттерде екі буынды жүйесі қолданылады; орталық бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшалануы мен дербестігін түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ  әдеттегідей, әлеуметтік –экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төмендегі бюджеттерге қатысы бойынша белгілі бір реттеуші роль  орталық бюджетке сақталады.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюжет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан-федералдық есем, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға тиісті құқытық  нормаларға негізделген әр түрлі деңгейлерді бюджетті қамтиды. Қазақстанда жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджеттер дербес жұмыс істейді. 1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас республикаларының мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кіреді, онда ел аумағының барлық бюжеттері, соның ішінде ауылдық  және поселкалық бюджеттерде қамтылып көрсетіледі. Ол одақтық бюджеттен 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрады. Одақты бюджетке 1970-1990 жылы мелекеттік бюжет ресурыстарының жалпы ауқымының 52-50 пайыз тийді, оның 35 пайызы республикалардың республикалық бюджеттерінің және  15 пайыз жергілікті қарамағында болады. (Қосымша 2)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің басты республикалық бюджетте  шоғырланған. Республикалық бюджет-бұл түсімдер  мен бюджет тапшылығын қаржыландыру (профециті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын және өзіне Қазақстан Республикасының Конситетуциясы мен заңнамалық актілерге жүктелген міндеттерді жүзеге асыру Үкімет анықтайтын республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған Қазақстан Республикасының заңмен бекітілген орталықтандылырған ақша қоры.

Жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері) –облыстық бюджттер, қалаларрдың (аудандық маңызы бар қалалардан басқасы), аудандардың (қаладағы аудандардың қоспағанда) бюджеттері. Қаржы жылына арналған республикалық бюжет Қазақстан Республикасының заңмен, жергілікті бюджеттер маслихаттардың шешімдерімен бекітіледі. Бюджет жүйесінің жұмыс істеу бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді.

1.3   Бюджеттің құрылымы

Бюджеттің түсімдері мен шығыстары

Кірістер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар бюджеттің түсімдері болып табылады.Шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу бюджеттің шығыстары болып табылады.

Бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

1) кірістер:

салықтық түсімдер;

салықтық емес түсімдер;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;

ресми трансферттер түсімдері;

2) шығындар;

3) операциялық сальдо;

4) таза бюджеттік кредит беру:

бюджеттік кредиттер;

бюджеттік кредиттерді өтеу;

5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:

қаржы активтерін сатып алу;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;

6) бюджет тапшылығы (профициті);

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):

қарыздар түсімі;

қарыздарды өтеу;

бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.

Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы баптың 1-тармағында көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.

Бюджет кірістері Салық және басқа да міндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатуға байланысты емес, осы Кодекске және  Қазақстан Республикасының басқа да  заң актілеріне сәйкес бюджетке есептелуге тиісті ақша бюджет кірістері болып табылады.

Салықтық түсімдер – Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.

Салықтық емес түсімдер – Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген, негізгі капиталды, гранттарды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтындардан басқа, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде белгіленген бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ, ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша.

Мынадай ақшалар негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады:

1) мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;

2) мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудан түсетін ақша;

3) мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды т±раќты немесе уаќытша жер пайдалануға беруден не Ќазаќстан Республикасыныњ зањдарында немесе халыќаралыќ шарттарда кµзделген жаѓдайларда жер учаскелерін µзге ќ±ќыќтыќ нысандарда өткізуден түсетін ақша;

4) мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақша.

Ресми трансферттер түсімдері – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке түсетін трансферттер түсімдері. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту осы Кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады. Нысаналы ресми трансферттерді қоспағанда, кірістердің нысаналы мақсаты болмайды.

 

Бюджет шығындары қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаты бюджет шығындары болып табылады.Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:

1) мемлекеттік   мекемелердің   қызметін    қамтамасыз    ететін шыѓындар;

2) тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шыѓындар;

3) мемлекеттік тапсырысќа арналѓан шыѓындар – мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;

4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер – қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының зањ актілеріне сєйкес жеке тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар;

5) заңды тұлғаларға субсидиялар –мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңды тұлғаларды өтеусіз және қайтарылмайтын негізде қаржыландыру;

6) ресми трансферттер – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына трансферттер төлеу;

7) мемлекеттіњ міндеттемелерін орындауѓа арналѓан шыѓындардыњ µзге де т‰рлері.

Заңды тұлғаларға субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын әлеуметтік-экономикалық дамыту міндеттерін іске асырудың басқа, неғұрлым тиімді тәсілі болмаған реттерде ғана Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда берілуі мүмкін. Заңды тұлғаларға субсидия берудің басым бағыттары орта мерзімді фискалдық саясатпен айқындалады. Ресми трансферттердің жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты да болуы мүмкін. Нысаналы сипаты бар ресми трансферттер нысаналы трансферттер болып табылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті  атқарушы органдардың резервтері. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде оларды болжауға болмағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында құрылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың резерві:

1) төтенше резервті;

2) шұғыл шығындарға арналған резервті:

3) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кассалық алшақтығын жабуға  арналған резервті қамтиды.

Төтенше резерв Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында ғана пайдаланылады.

Шұғыл шығындарға арналған резерв Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайларды жою, соттардың шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау мақсатында ғана пайдаланылады.

Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің кассалық алшақтығын жабуға арналған резерв оларда кассалық алшақтық пайда болған жағдайда облыс бюджетіне, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне кредит беру үшін  тиісті ќаржы жылына арналѓан республикалық бюджетте көзделеді.

Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кассалық алшақтығын жабуға арналған резерв оларда кассалық алшақтық пайда болған жағдайда аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне кредит беру үшін облыстық бюджетте көзделеді.

Кассалық алшақтықты жабуға қарыз беру қаржы жылы шегінде алты айға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады және республикалық немесе жергілікті бюджетті нақтылауды талап етпейді.Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің және жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы көлемі тиісті бюджет түсімдері көлемінің екі процентінен аспауға тиіс.Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген көлемдер шегінде  тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылы аяќталѓаннан кейін күшін жоятын шешімдері бойынша жүзеге асырылады.Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемінде пайдаланылған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган қажет болған кезде Қазақстан Республикасының Парламентіне немесе тиісті мәслихатқа тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толыќтырулар енгізу арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган резервтерінің мөлшерін ұлғайту туралы ұсыныстар енгізеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаѓан немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, бюджет бағдарламасының әкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін ағымдағы қаржы жылының соңына дейін тиісті бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Операциялық сальдо бюджет кірістері мен шығындары арасындағы айырма ретінде айқындалады. Бюджет шығындарының бюджет кірістерінен асып түскен сомасы теріс операциялық сальдо болып табылады.Бюджет кірістерінің бюджет шығындарынан асып түскен сомасы оң операциялық сальдо болып табылады.Бюджет шығындарында бюджеттік даму бағдарламалары болған жағдайда теріс операциялық сальдоға жол беріледі.

Ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың жалпы көлемі бюджет кірістерінің көлемінен асып түспеуге тиіс. Теріс операциялық сальдоның жол берілетін шекті мөлшері орта мерзімді фискалдық саясатпен айқындалады.

Таза бюджеттік кредит беру  бюджеттік кредиттердің және бюджеттік  кредиттерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Қаржы активтерімен жасалатын операциялар:

1) қаржы активтерін сатып алуды;

2) мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді қамтиды.

Қаржы активтерін сатып алу –  заңды тұлғалардың,  соныњ ішінде халықаралық ұйымдардыњ қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алу операцияларымен байланысты бюджет шығыстары. Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – мемлекеттік меншіктегі заңды тұлғалардың, соныњ ішінде халықаралық ұйымдардыњ, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлесін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі µзге де мемлекеттік мүлікті сату жөніндегі операцияларға байланысты бюджетке түсетін түсімдер. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо  қаржы активтерін сатып алу мен  мемлекеттің  қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Қаржы активтерін сатып алу және мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының заң актілеріне және әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

1.4 Бюджет жүйесінің принцптері

Бюджет жүйесі мынадай принциптерге негізделеді: 1) бірлік принципі – Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік заңдарының қолданылуын, соның ішінде бірыңғай бюджеттік сыныптауды, бюджет процесін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдерін пайдалануды қамтамасыз ету;

2) толықтық принципі – Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан  шегінуге жол бермеу;

3) реалистік принципі – бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің орта мерзімді фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген (түзетілген) өлшемдері мен бағыттарына сәйкес келуі;

4) транспаренттілік принципі – мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты міндетті түрде жариялау; бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржы бақылауын жүргізу;

5) дәйектілік принципі –  бюджеттік қатынастар аясында бұрын қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының сақтауы;

6) тиімділік және нәтижелілік принципі –  бюджеттерді бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгілі бір  нәтижелерге қол жеткізу  қажеттілігін негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге  қол жеткізу  үшін қажетті оңтайлы көлемін пайдалана отырып  әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттың бекітілген көлемін пайдалана отырып ең үздік нәтижені қамтамасыз ету;

7) басымдық принципі – бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;

8) жауапкершілік принципі – бюджет процесіне қатысушыларды Қазақстан Республикасының бюджеттік заңдарын бұзғаны үшін жауапқа тарту;

9) бюджеттердің дербестік принципі – түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты түрде бөлініп тұруын орнықтыру және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің осы Кодекске сәйкес бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді, осы Кодекстің 40-бабының 6-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жергілікті бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмейтіндігі, тиісті өтемсіз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмейтіндігі.

1.5 Қазақстан Республикасы Парламентінің республикалық бюджет жобасының қарау және бекіту процесі

Республикалық бюджет жобасын Қазақстан  Республикасының Парламентінде қарау

  1. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының жалпы отырыстарында талқылау Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген адамның (адамдардың) Қазақстан Республикасының орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары, орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша баяндамаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары уәкілеттік берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса баяндамаларын қамтиды.
  2. Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары жалпы отырыстарда алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының сөздерін тыңдауға құқылы.
  3. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында кемінде екі оқылымда қаралады.

Талқылау Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген адамның (адамдардың) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары, орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы жөніндегі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының ақша-кредит саясаты жөніндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары уәкілеттік берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса баяндамаларын қамтиды.

Бірінші оқылымда республикалық бюджет кірістерінің, шығындарының, операциялық сальдосының, таза кредит беруінің, қаржы активтерімен жүргізілетін операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профициттің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитті пайдаланудың) жалпы көлемдері бекітіледі.

Келесі оқылымдарда тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы баптары бойынша бекітіледі.

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті бекіту

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті бекіту  Қазақстан Республикасы Парламенті  палаталарының бірлескен отырысында  заң  қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

1.6  Мәслихаттың жергілікті бюджет жобасын

қарау және бекіту процесі

Жергілікті бюджет жобасын мәслихаттың тұрақты  комиссияларында  қарау.Жергілікті бюджет жобасы тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында  қаралады. Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссиялары комиссия мүшелерінің арасынан жұмыс топтарын құрады. Жұмыс топтарына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тартылуы мүмкін.

Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарының пікірлерін ескере отырып,  тиісті негіздемелермен және  есептермен қоса жергілікті бюджет жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жасайды және оларды  тиісті мәслихат белгілеген бас тұрақты комиссияға жібереді.

Бас тұрақты комиссия тұрақты комиссиялардан түскен ұсыныстардың жинақтамасын жасап, оны мәслихаттың сессиясына шығарады. Бұл ретте жинақтамаға тиісті негіздемелері мен есептері бар ұсыныстар ғана енгізіледі.

Тиісті мәслихаттың сессиясында жергілікті бюджеттің жобасын   талқылау тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің немесе жергілікті атқарушы орган  уәкілеттік берген адамның (адамдардың) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы,  орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасы бойынша баяндамаларын, сондай-ақ мәслихат уәкілеттік берген адамдардың жергілікті бюджеттің жобасы бойынша қорытындысымен қоса баяндамаларын қамтиды.

Мәслихат сессияда  алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының сөздерін тыңдауға құқылы.

Бюджеттердің атқарылуы мен нақтылауы бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады. Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады.Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттің атқарылуы кассалық негізде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді.Жергілікті атқарушы органдар жергілікті  бюджеттердің атқарылуын  қамтамасыз етеді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Кодекске сәйкес жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Бюджеттің атқарылу прициптері бюджет қаражатын нысаналы пайдалану приципі — бюджеттік бағдарламалардың паспорттарымен, мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерімен, нормативтік құқықтық актілермен айқындалып, бюджеттік бағдарламалар соларға сәйкес жүзеге асырылатын іс-шараларға бюджет қаражатын пайдалану. Уақтылылық принципі – бюджет түсімдерін есепке алу және бюджет қаражатын белгіленген мерзімдерде пайдалану.Бюджеттің бірқалыпты атқарылу приципі – қаржы жылының аяғына қарай  төлемдер көлемінің жинақталып қалуына жол бермеу мақсатында бюджет қаражатын қаржы жылы ішінде бірқалыпты бөлу.

Кассаның бірыңғайлық принципі – түсімдердің барлығын бірыңғай қазынашылық шотқа есепке алу және көзделген шығыстардың барлығын бірыңғай қазынашылық шоттан ұлттық валютамен жүзеге асыру. Бюджет жүйесінің барлық деңгейдегі бюджеттері кассаның бірыңғайлығы приципі негізінде атқарылады.

Бірыңғай қазынашылық шот бірыңғай қазынашылық шот – аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу  үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылатын шот. Бірыңғай қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы  қаражат қалдықтарын, мемлекеттік мекемелер шоттарын және басқа да шоттарды қамтиды. Қолма-қол ақшаны бақылау шоты бюджеттің тиісті деңгейінен түскен түсімдер мен төленген төлемдер бойынша операцияларды есепке алуға арналған. Мемлекеттік мекеменің шоттары бюджеттік шығыстар мен Қазақстан Республикасының заң актілерінде рұқсат етілген өзге де қаражатты есепке алуға арналған. Шетел валютасымен түсетін түсімдер бойынша бюджеттік операцияларды жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде шетел валюталарының түрлері бойынша банк шотын ашады.

 

2- тарау  Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесінің мінездемесі

2.1   Біріңғай бюджеттік сыныптама

Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджет түсімдері мен шығыстарын сыныптама объектілеріне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджет жүйесінің барлық деңгейдегі бюджеттері көрсеткіштерінің салыстырымдылығын қамтамасыз етеді.Бюджет процесі бірыңғай бюджеттік сыныптама негізінде жүзеге асырылады.Бірыңғай бюджеттік сыныптама  бюджеттердің барлық деңгейлері үшін бірыңғай және  міндетті болып табылады.Бірыңғай бюджеттік сыныптама Қазақстан Республикасы заң актілерінің, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының негізінде әзірленеді.

Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың құрамы  бюджет түсімдерінің сыныптамасын, бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын, бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтиды.

Бюджет түсімдерінің сыныптамасы  барлық деңгейдегі бюджеттер түсімдерінің белгілі бір сипаттамалар бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына негізделген топтамасы бюджет түсімдерінің сыныптамасы болып табылады. Бюджет түсімдері  сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, ішкі сыныптан және  ерекшеліктен тұрады. Санаттар түсімдерді экономикалық белгілер бойынша топтастыру болып табылады. Сыныптар мен ішкі сыныптар түсімдерді олардың көздері мен түрлері бойынша топтастырады.  Ерекшелік бюджетке төленетін төлем немесе түсім түрін айқындайды.

 Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы мемлекет функцияларының орындалуын, республикада мемлекеттік саясатты іске асыруды бейнелейтін функционалдық және ведомстволық белгілер бойынша бюджеттік қаражаттардың жұмсалу бағыттарын айқындайтын барлық деңгейлердегі бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден:

функционалдық топтардан;

функционалдық ішкі топтардан;

бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінен;

бюджеттік бағдарламалардан және ішкі бағдарламалардан тұрады.

  1. Функционалдық топ – бюджет шығыстарын салалық белгілер мен функционалдық бағыт бойынша біріктіру.

Функционалдық ішкі топ бюджет қаражатының функционалдық топ ішінде жұмсалу бағытын нақтылайды.Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін, функционалдық топтар мен бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомстволық сыныптамасы  қалыптастырылуы мүмкін. Бюджеттік  бағдарламалар әкімшісінің анықтамасы бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге және  іске асыруға жауапты мемлекеттік орган. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі оған жүктелген функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес айқындалады. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет шегінде дербес пайдаланады, олардың тиімді, нәтижелі және нысаналы пайдаланылуына жауапты болады.  Мемлекеттік органдардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бола алмайды.

Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері   жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгілік құрылымы негізге алына отырып айқындалады. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдігі уәкілеттік берген атқарушы органдар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдері мен  мәслихаттарының аппараттары облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылады.

Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі уәкілеттік берген атқарушы органдар, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі мен мәслихатының аппараттары аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.

Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің аппараттары осы әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылады.

2.2 Бюджеттің түсімдері мен шығыстарына әсер ететін  нормативтік құқықтық актілер

Республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін Қазақстан Республикасы заңдары жобаларының  ережелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы болған жағдайда ғана енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып жасалады. Республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары жобаларының ережелерін Республикалық бюджет комиссиясының міндетті түрде қарауына жатады.Осы баптың 1-тармағында көрсетілген актілер жобаларының ережелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің (Республикалық бюджет комиссиясының) қорытындысы ағымдағы жылдың бірінші жартысында берілген жағдайда қолданысқа  келесі қаржы жылынан ерте  енгізіле алмайды. Қорытынды ағымдағы жылдың екінші жартысында берілген жағдайда аталған ережелер қолданысқа жоспарланып отырған жылдан кейінгі қаржы жылынан ерте енгізіле алмайды.

Жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін жергілікті өкілді органдар шешімдерінің жобалары  әкімдіктің оң қорытындысы болған жағдайда ғана мәслихаттардың қарауына енгізілуі мүмкін. Әкімдіктің қорытындысы тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып жасалады.

Жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін жергілікті атқарушы органдар актілері жобаларының ережелерін тиісті бюджет комиссиясының міндетті түрде қарауына жатады.

Осы баптың 3-тармағында көрсетілген ережелер әкімдіктің (тиісті бюджет комиссиясының) оң қорытындысы болған жағдайда қолданысқа  келесі қаржы жылынан ерте енгізіле алмайды.Осы баптың 2 және 4-тармақтарында көрсетілген ережелер тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарға және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттар шешімдеріне, сондай-ақ оларды іске асыру туралы нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.