Ауыл шаруашылығының негізгі және айналым капиталы

Негізгі қордың түсінігі, құрамы мен құрылымы. Өндіріс құралдары еңбек заттары (шикізат, материал, сатып алынатын жартылай фабрикаттар) мен еңбек құралдарына (станоктар, машиналар, жабдықтар) бөлінеді. Кез келген затты еңбек құралдары құрамына енгізу  оның өндіріс процесіндегі атқаратын ролі арқылы анықталады.

Негізгі қорлар ұзақ мерзім ішінде әрекет ететін материалды-заттық  құндылықтар жиынтығы ретінде көрініс табады (ғимараттар, құрылыстар, күш-беріліс жабдықтар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдар саймандар, өндірістік және шаруашылық керек-жарақ, өнімді және жүк малы және т.б.).

Ақша бағасымен көрсетілген негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Құралдар бірнеше өндірістік цикл  барысында пайдаланылады, олар біртіндеп тозады да қасиеті мен нысанын жоғалтады, ал кейін өз бағасын жаңадан жасалған өнімге көшіреді.

Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар (машиналар, жабдықтар, көлік құралдар, ғимараттар, құрылыстар) көлемі мен техникалық деңгейіне байланысты кәсіпорынның техникалық жабдықтауына әсер ететін өндірістік қорлар болып табылады. Өндірістік емес негізгі құралдар – тұтынушылық маңызы бар құралдар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық қажеттілігін ұзақ қамтамасыздандыруға  бағытталған (ғимараттар, құрылыстар, тұрмыстық-коммуналды құрал сайман, денсаулық қорғау  және т.б.).

Иелік жасау бойынша негізгі құралдар жекеменшік және жалға алынған болып бөлінеді.

Жекеменшік – ол субъектіге қатысты және оның балансында көрініс тапқан негізгі құралдар.

Жалға алынған–жалға алу келісімі бойынша және онда көрсетілген мерзімге басқа субъектіден алынған негізгі құралдар.

Пайдалану ретіне байланысты негізгі құралдар әрекет ететін, іс-әрекетсіз (консервіленген) және қордағы құралдар болып бөлінеді.

Әрекет ететіндерге пайдаланудағы құралдар жатады.

Іс-әрекетсіз – ол консервацияланғанына немесе басқа да себептерге байланысты уақытша пайдаланылмайтын негізгі құралдар.

Қордағы негізгі құралдарға әрекет ететіндерді ауыстыруға бағытталған жоспарлық тәртіпте жасаушы қорды құрайтын объектілер жатады.

Әрбір субъектіде мақсатты бағытына және орындалатын қызметіне қарай негізгі құралдар келесі түрлерге (топтарға) бөлінеді:

Жер – меншік  құқығы негізінде немесе ұдайы жерді пайдалану құқығы негізінде субъектімен алынған жердің мөлшері мен құны. Меншік құқығы немесе ұдайы жерді пайдалану құқығы «жер учаскесіне меншік құқығы, ұдайы жерді пайдалану құқығы Актісімен» расталуы керек.

Ғимараттар – еңбек етуге, тұруға, тұрғындарға әлеуметтік-мәдени қызмет етуге жағдай жасау мен материалдық құндылықтарды сақтауға  бағытталған сәулет-құрылыс субъектілердің қызметі;

Құрылыстар – еңбек заттарын өзгертумен байланыспаған кез келген қызметті орындау арқылы өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері;

Күш беріліс жабдықтары – электр, жылу немесе механикалық энергияны беретін жабдықтар (электр – тасымалдау желілері, трансмиссиялар, құбырөткізгіш);

Машиналар мен жабдықтар – қуат машиналары мен жабдықтар, жұмыс машиналары мен жабдықтар, өлшейтін және реттейтін аспаптар, жабдықтар мен лабораторлы жабдықтар, санау техникасы, басқа да машиналар мен жабдықтар;

Көлік құралдары – адам мен жүк тасмалдауға арналған көлік құралдары (автокөлік, теміржол және су көліктерінің жылжымалы құрамы, жүктасымалдаушы көлік);

Құрал – механикаландырылған және механикаландырылмаған қол еңбек саймандары немесе өңдеу (жерді, жемді, өсімдіктерді) үшін машиналарға бекітілген саймандар;

Өндірістік құрал-саймандар мен тетіктер – өндірістік операциияларды жеңілдету мен орындалуы, сұйық, сусымалы  және басқа да материалды, өндірістік маңызы бар заттарды сақтау үшін қызмет ететін өндірістік маңызы бар құрамдар;

Жұмыс және өнім малы – жұмысқа күш-көлік есебінде пайдаланатын мал-аттар, өгіздер, түйелер, өнім мал–сиырлар, бұқалар, айғырлар және асыл тұқымды  биелер, атандар мен інгендер, бұғы, маралдар мен аталық (мүйізді), аталық қабандар мен ұрғашы шошқа, қозы, қой мен қошқарлар.

Көпжылдық көшеттер – жасына қарамастан жасанды көпжылдық көшеттер: жемісті және жидекті, жүзім егістері, көп жылдық гүл көшеттері, раушан плантациялары, көк қоршаулары, егіс сақтаушы көшеттер;

Жерлерді жақсарту үшін іргелі шығындар (құрылыссыз) – ауыл шаруашылығын пайдалану үшін жерлердің үстіңгі қабатын жақсартуға бағытталған шаралары, бұйымдық емес шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, айдалған жерлер, жерлерді тамырлардан тазартып дайындау, жерлерді тастардан тазарту);

Басқа да негізгі қорлар – кітапханалық қорлар,спорт бұйымдары, жалға алынған негізгі құралдарға іргелі шығындар;

Өндірістік процеске қатысу деңгейі бойынша негізгі қорларды екі топқа бөлуге болады:

Өндіріс процесіне тікелей қатысатын өндірістік негізгі қорлар. Олар өз кезінде ауылшаруашылық маңызы бар негізгі өндірістік қорлар мен ауылшаруашылық емес болып табылады;

Өндіріске жанама қатысы бар өндірістік  негізгі қорлар қосалқы қызмет атқарады – өндірісті ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасау (кәсіпорын балансындағы қоғамдық тамақтану объектілері, емдеу мекемелер, тұрғынүй қоры, дем алу үйлері мен базалары, көмекші шаруашылық және т.б.).

2.Физикалық (табиғи) және моральдық тозу, негізгі қорлардың амортизациясы,оны есептеу әдістемесі. Негізгі қорларды пайдалану процесінде қорларды ауыстыру қажеттілігі туатын жағдай сөзсіз  болады. Экономика ескі, толығымен пайдаланған немесе өндіріс талаптарына сай келмейтін қорларды ауыстыру процесі қорды ұдайы өндіру процесі деп аталады.

Амортизациялық қор негізгі өндірістік қорларды толығымен қалпына келтіру үшін, жылдам амортизация мен оның белсенді бөлігін қоса, амортизациялық қаржы бөлулерден құрылады.

Негізгі қорларды толықтамасының қаржылық қайнар көзі амортизациялық қор, кәсіпорынның кірістері, сыртқы инвестициялар мен несиелер.

Негізгі қордың тозуы мен оның құнын оның көмегімен жасалған жаңадан өндірілген өнімге көшіру. Негізгі қордың (НҚ) амортизациясы деп аталады.

НҚ тозуы екі түрлі болады:

Физикалық(табиғи) тозу, яғни  НҚ тікелей тозуы, алғашқы техникалық сипаттамасынан айырылуы, тұтынушылық қасиетінен айырылуы;

Моральдық тозу, яғни тұтынушылық құнынан және НҚ құнынан  айырылуы.

Тәжірибеде амортизацияны есептеудің келесі әдістері кең қолданылады:

Бұл жылдық амортизацияны анықтау ыңғай НҚ біркелкі  тозуын жорамалдайды. Жыл сайын (жылғы) амортизация (Аг) негізгі қорлар бірлігі келесі формула бойынша анықталады:

Аг=(Спл)/Тс,

Мұнда:

Сп – НҚ алғашқы бағасы, мың теңге

Сл – НҚ тарату құны, мың теңге

Тс  – НҚ қызмет мерзімі, жыл.

3.Айналым құралдарының мәні мен классификациясы. Кәсіпорындардың өндірістік және коммерциялық  қызметінің үздіксіздігі салдарынан айналымдағы өндірістік қорларға инвестицияларды тартуды керек етеді. Негізгі қорларға қарағанда олар бір ғана өндірістік цикілге қатысады да, алғашқы нысанын жоғалтып, өз құнын толығымен өндірілген өнімге көшіреді. Инвестициялар — бұл капиталды ұзақ мерзiмдi қаржыландыру түрiнде жұмсалатын шығын жиынтығы. Инвестициялық қызметтiң мақсаты — кәсiпкерлiк табыс немесе соның белгiлi бip пайызын алып отыру.

Инвестиция 2-ге бөлiнедi:

  • қаржылық инвестиция
  • шынайы инвестиция.

Қаржылық инвестиция — акцияларға, облигацияларға және басқа бағалы қағаздарға қаржы салу. Қаржыландыру шынайы капиталдың өсуiне жартылай бағытталған. Қаржы­лық инвестиция құрылымында жеке меншiк инвестициялар басым болады.

Шынайы инвестиция — материалды өндiрiстiк қордың өсуiн және негiзгi капиталды қаржы­ландыру. Heгiзгi капиталды қаржыландыратын шынайы инвестициялар салалық және технологиялық құрылыспен сипатталады. Олардың пропорциясы жинақтау тиiмділігін анықтайды.

Инвестицияның технологиялық құрылымы шығынның негiзгi капиталдың белсендi элементiне және пассивтi элементiнің ара қатынасымен анықталады. Инвестицияның тиiмділігi әдетте белсендi элементтердiң үлесi өскенде жоғарылайды. Шынайы инвестицияның басым үлесiн босататын жеке инвестициялар құрайды. Мемлекет инвестициялық процеске мемлекеттiк секторға тiкелей және жанама түрде, несие, субсидиялар түрiнде капитал салу арқылы экономикалық бақылау саясатын жүзеге асырады.

Шынайы инвестицияны сипаттау үшiн жинақтаудың көлемi және нормасы деген түсiнiк қолданылады.

Көлем — бұл капиталды қаржыландыруға кеткен құн, aл инвестиция нормасы дегенiмiз — инвестиция көлемi мен ЖIӨ құнының ара қатынасымен анықталады. Қаржылық ресурстар кәсiпкерлiктiң ағымдағы шығынын және инвестициясын қаржыландыру үшiн пайдаланады. Инвестициялар ұзақ мерзiмде қаржыландыру түрiндегi қаржылық ресурстар болып табылады.

4.Инвестициялардың түрлері. Инвестицияны инвесторлар, кәсiпкер, саудагер сияқты болып бөлiнетiн институционалды және меншіктi салымшылар жүргiзедi. Олар бip-бipiнeн коммерциялық қауiп дәрежесiне байланысты ажыратылады.

Инвестор капиталды қаржыландыруға делдал адам ретiнде бөгде капиталды салады. Кәсiпкер өзiнiң капиталын салады. Саудагер алдын-ала қаyiптi ескередi, ал ойыншылар барлық қауiпке барады. Кез-­келген инвестиция белгілi қауiп көрсетедi.

Қауiп дәрежесiне байланысты инвестициялар: қатерлi, тiкелей, портфельдi және аннуитеттi болады.

Қатерлi инвестициялар (немесе венчурлы капитал) – жаңа өндipic орнын қаржыландыру. Қатерлi инвестициялар қayiптiлiгi жоғары инвестициялар болып табылады. Жаңадан құрылған кiшігipiм кәсiпорындар өзiнiң меншiктi қаржысынан қаржы­ланады. Erep де осындай кәсіпорынның өркендеуiне мүмкiндiк  туса, оған қосымша қаражат қажеттiлiгi пайда болады. Банк несиелepi жеткiлiксiз болса немесе оларды алу мүмкiндiгi болмаса, венчурлы капиталды қолдануға болады. Венчурлы капитал жаңа акцияларды шығару түрiндегi инвестициялар. Венчурлы капиталдың иегерлерi инвестицияларды өндiрiстiң жаңа салаларына жасайды. Әдетте бұл салалар үлкен қауiппен байла­нысты болады да, банктер несие беруден алшақтайды. Олардың банктерден айырмашылығы несие бергенде немесе жай және арнайы акцияларды сатып алғанда ешқандай қамтамасыз етудi талап етпейдi. Венчурлы капиталдың иегерлерi үлкен қауiпке көп табыс табу үмiтiмен барады.

Тiкелей инвестициялар табыс алу және өнеркәсiптi басқаруға қатысу мақсатымен өнеркәсiптiң бастапқы капиталын қаржыландыру болып табылады.

Портфельдi инвестиция — нақты инвестициялық мақсатқа жету үшiн қолданылатын бағалы қағаздар және басқа актив­тер жиынтығы. Инвестордың негiзгi мақсаты: салымның қауіпсiздiгi, табыстылығы, есiмділiгi. Бiрде-бip бағалы қағазда бұл қасиеттер жоқ. Сондықтан инвестициялық, мақсаттар арасында таңдау өтiмділiгi жасалады. Егер бағалы қағаздар сенiмдi болса, табыс төмен болады. Eгep капиталдың өсу келешегi айқындалса, сұраныс көп болады. Бұл қағаздың бағасын жоғарылатады және табысты төмендетедi. Инвестициялық мақсаттарды компромиске келтiру диверсификациясы арқылы жүргiзiледi. Диверсифи­кация күрделi шығын қаупiн төмендету әдici. Потфельдiң жалпы құнынан 10%-ке белгiлi қағаз түрiн шектеу қабылданған, портфель кеңейген сайын бұл 5%-ке төмендеуi мүмкiн.

Аннуитет — бeлгiлi уақыт аралығында салушыға белгiлi табыс әкелетiн инвестиция. Мұндай инвестицияға зейнеттiк және сақтандыру қорларына салынатын кәдiмгi салымдар жатады.

Материалды тасымалдаушысы ақша болып табылатын қаржы ресурстары уақытша бағалы болады. Инвестициялық қызметке не банк депозитiне салынбаған ақша құндылығын тез жоғалтады. Ақша табыс әкелу үшiн керек. Ақшаның капитал ретiнде айналымы және сол арқылы табыс алу қосымша табыс әкелуi мүмкiн.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.