Атқарушы билік органдарының құқықтық актілері

1.Басқару актілерінің түсінігі мен белгілері. 2.Басқару актілерінің түрлері. Құқықтық актілер – әкімшілік биліктің функциясы мен мақсаттарының іс жүзінде жүзеге асырылуының маңызды құралы және де атқарушылық биліктік қызметтің негізгі нысаны болып табылады. Олар атқарушы билік субъектілерінің күнделікті өмірде және еліміздің шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси салаларында тікелей басқару кезінде шығарылатын шешімдер.

Құқықтық актілер – мемлекеттік әкімшіліктің негізгі өнімі. Оларды басқа құқықтық актілерден – заңдар, сот актілері, прокурордың актілері, азаматтық және т.б. шарттардан өзгешелендіретін бірқатар белгілері бар:

1)Олар мемлекеттік әкімшілік билікті жүзеге асыруда қолданылады және атқарушылық-биліктік қызметтің құқықтық нысаны ретінде көрініс табады.

Мемлекеттік әкімшіліктің актілерін мыналар қабылдауға құқылы:

-атқарушы билік органдары;

-мемлекеттік кәсіпорын мен мекемелердің әкімшілігі;

-атқарушы билік органдары және әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелері;

-мемлекеттік ұйымдардың лауазымды тұлғалары;

-сот, прокуратура, адвокатура органдарының басшылары;

-Президент әкімшілігі мен аппаратының лауазымды тұлғалары.

2)Актілердің заңдарға негізделіп шығарылуы, яғни олар қолданыстағы заңдарға сәйкес шығарылуы тиіс. Сонымен қатар, бұл актілер жоғары тұрған органдардың актілеріне, соттардың шешімдері мен үкімдеріне, бекітілген шарттарға негізделуі қажет.

3)Актілердің ресми сипатта шығарылуы, яғни олар мемлекеттік аппараттың белгілі бір құрылымдық бірлігінің атынаншығарылады және мемлекеттің еркін білдіріп құқықтық салдар тудырады. Олар уәкілетті тұлғаның лауазымдық міндеттерін орындау барысында шығарылады.

4)Актілер оны шығарған органдардың биліктік өкілеттігіне сүйенеді және біржақты биліктік ерікбілдіру болып табылады.

5)Билік субъектілерінің шешімдері құқықтық акті болып табылады, егер олар тиісті нысанда толтырылған және бекітілген тәртіп бойынша қабылданған болса.

6)Мемлекеттік әкімшілік актілері мынадай заңды салдар тудырады:

-құқық нормаларын бекітеді, өзгертеді және тоқтатады;

-заңды фактілер ретінде қызмет етіп құқықтық қатынастарды қалыптастырады, өзгертеді және жояды.

Сонымен, мемлекеттік әкімшіліктің актілері дегеніміз біржақты биліктік ерікбілдіруші, заңды салдар тудыратын, мемлекеттік билік субъектілерінің атқарушылық-биліктік қызметі процесінде қабылдайтын заңға негізделген, ресми түрдегі заңды актілерінің айырықша түрі.

Мемлекеттік әкімшілік актілерінің алуан түрлі болуына байланысты оларды топтастыруда бірнеше критерийлерді қолдануға бола

 

№ 6Лекция             Басқару актілері.

2.Басқару актілерінің түрлері.

3.Басқару актілерінің заңды күшіне енуінің және тоқтатылуының тәртібі.

Заңды мазмұнына қарай актілердің бірнеше санаттарын атап өтсе болады:

-нормативтік актілер. Олар құқықтық нормаларды бекітеді, өзгертеді және жояды, нақты бір тұлғалар арасындағы қатынастарға бағытталмаған, жалпы ережеге бағынады, біренше рет қолдануға арналған болып келеді.

-жеке дара актілер – бұл нақты бір мәселелерге қатысты және нақты бір тұлғаларға бағытталған мемлекеттік билік субъектілерінің шешімдері.

-жалпы актілер жалпы қысқа мерзімді ұйғарымдар (демалыс күнін басқа күнге ауыстыру туралы акті) түрінде немесе жалпы талаптар (ресурстарды үнемдеу, көпбалалы жанұяларға жәрдемдесу жәнет.б.) түрінде көрініс табады.

-аралас актілерде бірмезгілде құқық нормалары мен құқыққолдану шешімдері және де жалпы талаптар да көрініс табады.

Нысанына байланысты басқару актілері жазбаша, ауызша және конклюдентті болып бөлінеді. Жазбаша актілер қызмет бабындағы актілердің бір түрі ретінде көрініс табады. Ауызша актілер тікелей өндірістік қызметті, қоғамдық қауіасіздікті қамтамасыз етуді басқару кезінде қолданылады. Конклюденттік актілер жол полициясы қызметшісінің іс-қимылынан, белгілерден, дыбыстардан сырттай көрініс табады.

Функцоналдық рөліне қарай актілер жоспарлық, қаржы мәселесіне байланысты, әдістемелік сипатта, мамандар ісі бойынша және т.б. жалпы әкімшілік қызметке байланысты бөлінеді.

Заңды күшіне ену мерзіміне қарай актілер а) бірден күшіне енетін, ә) сол актіде көрсетілген мерзімнен бастап енетін б) басқа актіде көрсетілген мерзімнен енетін в) мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап немесе ресми жарияланған күннен бастап енетін болып бөлінеді.

Құқықтық актілердің жасалынуы, ұсынылуы және талқылануы көптеген құқықтық нормалармен реттеледі. Сондықтанда, басқару актілерін қабылдау кезінде заңи-техникалық ережелерді сақтаумен қатар құқықтың жүйелік болуын қамтамасыз ету маңызды болып табылады.

Басқару актілерін қабылдау процесі келесідей сатылардан тұрады:

1) актіні шығару қажеттігін анықтау;

2) актінің жобасын дайындау;

3) актіні қарау және қабылдау;

4) қабылданған актіні жариялау.

Актіні қабылдау қажеттігін анықтау мынадай жағдайда кездеседі:

-егер ол жоғары тұрған құқықтық актімен көрсетіліп кетсе;

-егер жаңа актіні қабылдауға нақты қажеттіліктер туындаса.

Сонан соң оның жобасы жасалынып, қаржылық-экономикалық негіздеу жүргізіледі.

Басқару актісінің өзіне тән реквизиттері бар:

-актінің атауы мен нысаны;

-қабылданған күні мен орны;

-қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы;

-заңды күшіне ену уақыты, ал қажет болған жағдайда актінің әрекет ету мерзімі. Басқару актілері көбіне қол қойылған кезден бастап күшіне енеді. Мысалы, Президенттің жарлығы немесе үкіметтің қаулысы заңды күшіне жарияланған соң 10 күн өткеннен кейін енеді. Алайда, актінің заңды күшіне енуінің басқа да жолдар кездеседі (актіде тікелей күшіне ену күні көрсетілуі немесе оны мемлекеттік органның өзі шешуі мүмкін).

Басқару актісін түгелдей немесе бір бөлігін өзгертуге немесе тоқтатуға болады. Актіге өзгертуді сол актіні қабылдаған орган немесе тұлғаның шешімі қажет.

Актінің әрекететуінің тоқтатылуы заңды және нақты түрде болуы мүмкін. Егер актінің мерзімі өтіп жаңадан акті қабылдауға қажеттілік болмаса, ол нақтылы түрде жойылған болып есептеледі.

Актінің күші заңды түрде тікелей және жанама түрде тоқтатылады. Тікелейде, біріншіден – басқару актісі соттың шешімімен заңсыз деп танылады немесе тоқтатылады. Ал екіншіден – жаңа актінің қабылдануымен ескі акті күшін жояды. Жанама тоқтатылу құқықтық техниканың деңгейі төмен екендігінің белгісі.

 

№ 8Лекция  Әкімшілік іс жүргізу

  1. Әкімшілік іс жүргізудің түсінігі мен қағидалары.
  2. Әкімшілік іс жүргізудің субъектілері.
  3. Әкімшілік өндіріс және оның сатылары.

Әкімшілік іс жүргізу дегеніміз ерекше әкімшілік процессуалдық тәртіпте жүргізілетін, істі заңға сәйкес толық, жан-жақты шешу мақсатындағы әкімшілік-құқық бұзушылық бойынша істерді қарауға уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың және де оған қатысушы органдар мен лауазымды тұлғалардың құқықтық қатынас нысанындағы заңға сәйкес қызметі.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізу әкімшілік іс жүргізу құрылымында ең маңызды элемент болып табылады. Оны әкімшілік құқық нормаларымен реттелгенәкімшілік жаза қолдану және сондай қоғамдық қатынастарға байланысты уәкілетті субъектілердің қызметі ретінде түсінуге болады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізудің міндеттері әрбір істің мән-жайын дер кезінде, жан-жақты, толық және объективтік анықтау, оны ӘҚБК-ке сәйкес шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады.

Әкімшілік іс жүргізу барысында мемлекеттік басқарудың жалпы қағидалары сақталынуы қажет. Әкімшілік іс жүргізудің мәні мен мазмұнын толық және объективтік тұрғыда көрсететін қағидаларға мыналар жатады:

-заңдылық – істің ҚР Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүргізілуі;

-объективтік – істің барлық мән-жайларын толық және жан-жақты зерттеу керек екндігін білдіреді;

-жариялылық – істің ашық түрде жүргізілуі. Кейбір істер заңмен көрсетілген жағдайда жабық түрде қаралуы мүмкін;

-істі мемлекеттік тілде жүргізу қағидасы;

-істі дереу және тиімді түрде жүргізу қағидасы;

-істің ақысыз түрде жүргізілу қағидасы.

Әкімшілік іс жүргізудің өз ерекшеліктері бар:

1)ол әкімшілік билік субъектілерінің белгілі бір мақсатқа бағытталған биліктік қызметі;

2)ол мемлекеттік әкімшіліктің өзіне жүктелген істерді заңға сәйкес шешуге бағытталған биліктік қызметі;

3)әкімшілік қызметтің нәтижесі болып мемлекеттік әкімшіліктің актісі табылады;

4)мемлекеттік әкімшіліктің биліктік қызметі әкімшілік іс жүргізу нормаларымен толық, нақты, дәйекті түрде реттелген;

5) жүргізілу сипатына қарай анағұрлым қарапайым және жедел.

Әкімшілік іс жүргізудің субъектілері болып заңға сәйкес әкімшілік іс жүргізудің қатысушылары болып табылатын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар, мемлекеттік емес ұйымдар мен жеке тұлғалар табылады. Іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері әр қашанда заңмен қорғалып кепіл етіледі. Қатысушылардың әрекеттері өз мезгілімен құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырудағы дәйекті түрдегі бірқатар процессуалдық әрекеттерден тұрады. Іс жүргізу сатылары бірін-бірі жалғастыру арқылы жүзеге асырылады.

Әкімшілік іс жүргізудің сатылары деп өзіне тән мақсаттары бар іс жүргізудің салыстырмалы түрдегі дербес бөлігін айтамыз. Іс жүргізу сатылары өзінің қатысушыларымен ерекшеленеді және де әр сатыда әртүрлі процессуалдық әрекеттер жасалынады. әр саты бойынша шығарылған шешімдер мен жасалынған қорытындылар арнайы процессуалдық құжаттарда толтырылады.

Әкімшілік іс жүргізу өндірісі төрт сатыдан тұрады:

-әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тергеу;

-істі қарау;

-істі қайта қарау;

-қаулыны орындау.

Бірінші сатыда құқық бұзушылық жасаудың фактілері мен жағдайлары, теріс қылық жасаған адам туралы мәліметтер анықталады және де хаттама толтырылады. Екінші сатыда істі қарауға уәкілетті орган істі қарап шығып қаулы шығарады. Үшінші саты міндетті болып табылмайды. Мұнда қабылданған шешімге қатысты прокурордың наразылығы немесе адамның шағымы болмаса бұл саты мүлден болмайды. Бұл сатыда шығарылған қаулының күші жойылады, өзгертіледі немесе сол бойында қалады. Төртінші сатыда іс бойынша шығарылған қаулы орындалады. Қаулыны қайта қарау іс жүргізудің орындау сатысында да жүзеге асырылуы мүмкін.

Әкімшілік тергеу іс жүргізу өндірісінің ең алғашқы сатысы болып табылады. Бұл жерде әкімшілік құқық бұзушылықтың мән-жайлары анықтау және саралау үшін бірқатар кешенді кешенді түрде процессуалдық әрекеттер жүзеге асырылады. Осы сатыда істі дер кезінде және объективті түрде шешу үшін алғышарттар пайда болады.

Істі қозғаудың негізі болып тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері бар әрекеті немесе әрекетсіздігі табылады.

Іс қозғау туралы ӘҚБК-тің 634-бабында қарастырылып өткен.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға:

1)уәкілетті лауазымды тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық фактісін тікелей анықтауы;

2)құқыққорғау органынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан түскен материалдар;

3)жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлімдемелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар себеп болады.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасалған немесе прокурор әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы шығарған сәттен бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған болып саналады. Тергеу барысында іс мән-жайларын анықтау үшін әр түрлі тергеу әрекеттері мен тәсілдері қолданады. Соның ішінде, іске маңызды айғақтар беретін тұлғалардан сұрау жүргізу көптеп кездеседі.

Іс жүргізудің тергеу сатысын қорытындылайтын процессуалдық құжат болып хаттама табылады. Хаттамада тергеуге қатысты барлық мән-жайлар көрініс табады. Бұл сатының ең соңғы кезеңі, егер іс бойынша хаттама толтырған тұлғаның қаулы шығаруға құқығы болмаса істі тиісті жерге жолдаумен аяқталады.

Әкімішілік іс жүргізу өндірісінде қарау сатысы ең басты орынды иеленеді. Осы сатыда құзіретті орган құқық бұзушыға қатысты акт шығарып, ресми түрде оның әрекетіне баға беріп, жаза тағайындайды. Істі қарау үшін процессуалдық негіз болып лауазымды тұлғаның тиісті нысанда толтырылған хаттамасы табылады. Қарауға негіз болып прокурордың әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау қаулысы табылады.

ӘҚБК-тің 634-бабында әкімшлік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға әзірлеу тәртібі бекітілген.

Заң бойынша істі қарау мерзмі 15 күн. Кейбір құқық бұзушылықтар қысқа мерзімде қаралуы тиіс. Мысалы, кішігірім ұрлық, бұзақылық бойынша істер 1 тәулік ішінде қаралып, қаулы шығарылады. Ал егер іс бойынша материалдар жеткіліксіз болып, істің мән-жайлары толық зерттелмеген болмаса, ерекше жағдайда істі қарау бір айға дейін созылуы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарап, судья, орган, лауазымды тұлға мына қаулылардың бірін шығарады:

1)әкімшілік жаза тағайындау туралы;

2)іс жүргізуді қысқарту туралы;

3)істі басқа уәкілетті органға беру туралы;

4)айыппұл салу жөніндегі қаулыны мәжбүрлеп орындату туралы.

Іс жүргізу заңы бойынша егер шығаралған шешімге қатысты іске мүдделі тұлғалардың біреуі немесе прокурор шағым немесе наразылық берсе ол істі қайта қарау сатысында қарауға болады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша орган (лауазымды тұлға) шығарған қаулыға жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды тұлғаға) немесе сол жердің аудандық сотына шағым беріліп, наразылық келтірілуі мүмкін. Аудандық және оған теңестірілген сот судьяларының әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым беріәлуі мүмкін.

Әкімшілік іс бойынша қаулыға шағым іс бойынша қаулы шығарған судьяға, органға (лауазымды тұлғаға) жіберіледі, олар шағым, наразылық түскен күннен бастап үш күн мерзім ішінде оларды істің бүкіл материалдарымен тиісті сотқа, жоғары тұрған органға (лауазымды тұлғаға) жібіруге міндетті. Іс бойынша берілген шағым немесе наразылық келіп түскеннен соң он күн ішінде қаралуы тиіс. Әкімшілік қамауға алу туралы қаулыға берілген шағым, наразылық, егер жауапқа тартылған адам әкімшілік қамауға алуды өтеп жатса, бір тәулік ішінде қаралуға тиіс. Қаулыны қайта қараудың тәртібі іс жүргізу заңдарына сәйкес жалпы ереже бойынша жүзеге асырылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы, егер оған шағым берілмесе немесе наразылық келтірілмесе, шағым беру үшін белгіленген мерзім біткеннен кейін заңды күшіне енеді. Заңды күшіне енген қаулы міндетті түрде орындалуға жатады. Арнаулы құқығынан айыру және қамауға алу түрінде жаза қолдану туралы қаулылар олар шығарылған сәттен бастап орындалуға жатады.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.