Аралас сабақ және оның бөлімдері

Оқушылардың білімі мен дағдыларын тексеру. Аралас сабақта оку процесінің барлық негізгі бөлімдері қамтылатын болғандықтан оны құрама деп те атайды. Мұндай сабақ алдынғы сабақтағы білім мен дағдылардың бүгінгі сабақ мазмұнымен байланыстарын тексеру және есепке алу; жаңа материалды игеруге өту; алдыңғы сабақта етілгенді қайталап, жаңа сабақты оқып-үйрену және бекіту сияқты бөлімдерді қамтиды.

Ұйымдастыру кезеңінің кейін білім мен дағдыларды тексеру жүзеге асырылады. Бұл оқушының сабақта оқытатын материалды игеру, үй тапсырмасын орындау әрекетін ұйымдастыратын мұғалімнің жұмысы. Ол ауызша, жазбаша және ауызша-жазбаша болады.

Білімді тексеру мынадай талаптардан тұрады: 1) сұрақты негіздеу (өткен білімдерсіз алға жылжу мүмкін емес); 2) барлық оқушыларды жұмысқа жұмылдыру; 3) оқушылардың ерекшеліктерін ескеріп, тексеруді жекелеп жүргізу; 4) тексеру мазмұнының жаңа сабақпен байланысы; 5) сабақ барысында тексеру кезеңін айқындау; 6) білімді бағалауды негіздеу (таным дамуының табысты болуы үшін не істеу керек).

Сұрақ жағдайында коп уақыт алатын тәсілдерден бас тарту керек. Мысалы, бір оқушыға көптеген сұрақ қойып, әңгімені сөзу, оқушының ұзақ-сонар әңгімесі, тақтаға ұзақ, көлемді мәтін, кесте тұсіру өзін ақтамайды.

Сабақ басындағы сұрақ оқушыларды жаңа материалды игеруге дайындап, алдынғы сабақ тақырыбындағы сұрақтар мен тапсырмалардың мазмұнын қамтуы тиіс. Сұрақ әлдебір мәселенің дамуы сияқты тақырытық сипатта болтаны жен. Мұғалім тексеру үшін мазмұны жағынан маңызды, игерілуі жағынан күрделі материалды тандайды. Негізгі сұраққа онымен іштей байланыстағы қосымша сұрақтарды тіркейді. Сұрақтың құрылымы қарапайым және дәл, балаларға тұсінікті болуы тиіс.

Тәжірибелі мұғалім сабағьш сыныпта мынадай сұрақ қоюдан бастайды; Қандай тақырыпты өттік? Алдынғы тақырыпта не туралы сөз болды? Материал мазмұнындағы ең бастысы не? Одан әрі мұғалім басқа сұрақтарға ауысады. Бірақ қай кезде де сұрақ қоюдың мақсаты тек қана білімді есепке алып, түзету емес, сонымен бірге оны дамыту, байыту және оқушылардың танымдық қабілетін дамыту екендігін естен шығармау керек. Оқушы жауабы мен тапсырманы орындауының сапасы мұғалімнің қоятын талабына байланысты. Мысалы, жауапты қысқа, толық, қисынды етіп беру; жазуды дәптерге ұқыпты, грамматикалық қателерсіз тұсіру; әңгімелеуді оқулықтағы құжаттарға, иллюстрацияларға сүйеніп баяндау.

Сұрақ кезінде окушылар сыныптастарының жауаптарына пікір айтады. Ауызша жауапқа пікір айтуға қойылатын талаптардың жаднамасы мынадай:

  1. Деректер, қорытындылар, оқиғаларды бөліктерге бөлудің дұрыстығы және толықтығы.
  2. Мазмұндаудың бірізділігі және дәлелділігі.
  3. Жаңа тарихи терминдерді қолдануы және тұсіндіруі.
  4. Карта, хронология, сандық мәліметтерді қолдануы.
  5. Жауаптағы сөз қолдану қателері (қайталау, ұзақтық, масыл сөздерді қолдану, тіл жұтандығы).
  6. Жауаптың дұрыс жақтарын бағалаудан бастап, кемшіліктерін тізумен аяқта.

Төменгі сынып оқушылары мұғалім әңгімесі мен оқулық мәтінін ұштастыруды қажет ететін күрделі сұрақтардың бәріне бірдей жауап бере алмауы мүмкін. Сондықтан оларды оқулық мазмұнына сай сұрақтарға жауап беруге үйрету керек. Ол үшін оқушыларға қайтарар жауабының жоспарын түзуге көмектесеміз. Ол көмек мынадай болады: Не туралы айтпақшысың? Әңгімені неден бастайсың? Одан әрі қандай деректі айтасың? Әнгіме немен аяқталды? Қандай қорытынды жасауға болады? Оны оқулықтан оқып бер.

Әңгіме оқушының ауызекі сөзін дамытып, білімді ауызша мазмұндау тәсілдерін қолдану дағдысын қалыптастырады (конспектілеу немесе тұсіндірме мазмұндау, жалпы әңгіме және т.б.). Төменгі және орта буын сыныптарда тізбектей әңгімеленеді де оқушылар тарихи себепшарттардың байланысын жақсы аңғара алады және өткен оқиғаға деген өзінің катынасы қалыптасады. Олар тарихи материалдарды талдау, жинақтау, өзі ұсынған тұжырымды дәлелдеу арқылы тарихи жүйеде ойлауға үйренеді. Оқушылар өз жауабын оқулық мазмұнымен салыстыру арқылы жіберген қателіктерін аңғарады.

Сұрақ көлемі шағын жазбаша және жазбаша-кескіндемелік тапсырмаларды орындауды да қамтиды. Орта буын сыныптарда мынадай тапсырмалар қамтылуы мүмкін; маңызды оқиғалардың күнтізбесін жасау, параграф мәтініне сұрақтар ойластыру; терминдер және ұғымдарды анықтамасымен көшіріп жазу; жоспар түзу; еңбек құралы мен қару-жарақтың суретін салу; кесте толтыру; тарихи тұлғаның портреттік бейнесін жасау; нысанды картадан көрсету.

Жоғары сыныптарда тапсырмалар күрделене тұседі. Оқушылар қисындық сұлбаны құрастырып, күрделі жоспар түзеді; ұғымдарға жазбаша анықтама береді; партия, қөзғалыс, тарихи тұлғаларға сипаттама береді; түрлі кестелер толтырады. Сұрау кезінде жаңаны игеру, деректі тұсіндіру, оқиғаны мазмұндауда теориялық білім тұрақты түрде қолданылуы тиіс. Бұл білімдер одан әрі нақтыланып және байи тұседі.

Оқушылардың тарихқа қызығушылығын дамытуға олардың алған білімдерін бағалаудың маңызы зор. Ол үшін түрлі тәсілдер бар. Мысалы, жауап берер алдыңда материалды оқулық бойынша қайталау; көрсетілген жұмыс тәсілі, үлгісі бойынша тапсырманы жазбаша орындау; сыныпта үйде дайындалған жоспар бойынша әңгімелесу.

Жаңа материалды оқуға өту кезеңі дидакгикалық тұрғыдан алғанда өте маңызды. Мұғалім жаңаны оқуға окушылардың зейінін аударады, белгісізді тануға деген қажетті психологиялық көңіл күй қалыптастырады. Мұғалім бұл кезенде сабақ тақырыбын хабарлап, оның алдынғы сабақпен байланысып атап көрсетіп, қажет болған жағдайда негізгі ұғымдар мен тұсініктерді қайталайды. Сосын барып, жаңа материалды оқып үйренудің міндеттерін белгілеп, танымдық сұрақтар мен тапсырмалар қояды. Олардың арасында өзекті мәселелік сипаттағы тапсырмалар болуы мүмкін.

Жаңа материалды оқып үйрену. Сабақтың негізгі бөлігін мұғалімнің әңгімесі құрайды. Егер мұғалім әңгімесіне басты орын берілсе, басқа жұмыстың бәрі де соған бағындырылады. Әңгіме оқушылардың жастық, психологиялық ерекшеліктерін ескеріп құрылады. Төменгі сынып оқушылары бір нәрсеге зейінін ұзақ бағыттай алмайтындықтан, олардың зейінін бағыттап отыру үшін әрекет түрін ауыстырып отыруға тура келеді.

Осы жағдайларды ескере келе жаңаны оқып үйренудің мазмұны тек материалды мұғалімнің баяндауы емес, сонымен бірге окушылардың белсенді әрекетінен де құралатындығын аңғарамыз. Олар безендіру мен оқу картиналарын талдау, оқытудың техникалық құралдарын қолдану, оқулықты оқу және ондағы оқу карганасы, құжаттарды талдау арқылы білім алады.

Жаңаны ауызша тұсіндіргенде немесе оқулықтан оқығанда оқушылар көп аспеістілі мазмұннан бұрын бір желілі материалды жақсы игеретіндігі белгілі. Мұғалім оқулыктың мазмұнына түзету жасай оқытып, барынша маңызды, күрделі бөлігін басты деректер, жарқын да бейнеледі мәселелермен толықтырып тұсіндіреді. Оқулық мазмұнын игеруге жеңіл тұстарын мұғалім оқушылардың үйде өз беттерінше оқуына қалдырады. Басты назар курделі теориялық матсриажа, базалық білімге аударылады.

Бекіту деп сабақта өтілген материалды екініпі қайтара жаңғыртып, ой елегінен өткізуді айтамыз. Бейту мақсаты — сабақта өтілген материалды есте сақтап, жаңа мен бұрынғы білімді байланыстырын, оқушылардың зейінін ұштап, сонымен бірге жана білімдерді игеруін тексеру.

Сабақтағы бастапқ.ы бекітудің орны оқып-үйренетін материалдың сипатына байланысқа. Мысалы, жарқын, көтеріңкі сезімдегі мазмұнды бекіту тәсілін қолдану үшін үзуге болмайды. Бірақ материал дербес, қисындық жағынан тұтас бөліктерге бөлініп, үлкен теориялық жүк арқалап тұрса, кезендер бойынша бекіту қажет.

Базалық білімді бекіту мұғалім тұсіңдіруінен соң бірден басталады. Бұл кезде өзінің дерексіздігімен тез ұмытылатын түйінді оқиғалар; тарихи оқиғалардың сабақтастығы; олардың мазмұны, географиялық атаулар, даталар мен есімдер қайталанады. Әңгімелесудің сұрақтары қысқа, нақты жауап беруді талап ететіндей әрі шағын бояуы тиіс. Жоғары сыныптарда мұндай сипаттағы бекітуді мұғалім немесе оқушы жасайтын қорытынды тұжырым немесе мұғалімнің түйінді сөзі алмастырады.

Ағымдағы қайталау. Тұсіндіру барысыңда мұғалім ағымдағы қайталау жұргізеді. Ол бұрынғы откен материалды жаңғырту, жаңа мен ескі арасында тығыз байланыс орнату, тақырып бойынша немесе курс бойынша алтан білімдерді жүйелеп, жинактау.

Демек, ағымдағы қайталауда еткен материалды жаңғырту жеткшксіз. Бұл қайталаудың міндеті бұрын оқып үйренген материалды ұмытпай, білімді тиянақтап, өткен материалдарды жүйелеу және тереңдету. Жақсы игеріліп, бір рет дұрыс жаңғыртылған нәрсенің өзі қайталаусыз есте сақталмайтындығын үнемі назарда ұстау керек.

Стандартталған тесттердің тапсырмалары ағымдағы қайталау тәсіліне негізделеді. Бұндай тапсырмаларда себеп-салдарлы байланыстар тізбегіндегі негізгі буынды табу сияқты сұрақтар болады. Мысалы:

  1. ҮІ-Х ғ.ғ. Қазақстанда түрік жазуымен қатар а) Араб, в) Соғды, с) Грек, д) Парсы, е) Қытай … жазуы қолданылды.
  2. Бос орындарды толтыр

Дешті қыпшақ жері Алтай тауының … жағына орналасты. Ғұндар бұл даланы … ғасырларда мекендеді. Олар … жасалған мекен жайларда өмір сүрді.

Үй тапсырмасы — аралас сабақтың маңызды бөлімдерінің бірі. Ол сабақ мақсатына жауап беретін, нақты қолдан келетін, оңай және оқушылардың жаңа дағдыларын ескеретіндей болуы тиіс. Сонымен бірге оқушыларға жаңа және ескі сабақтарда нені қайталау керектігі ескертіліп отырылады.

Мұғалім үйге тапсырманы сабақтың басыңда немесе соңыңда береді. Параграфты атай отырып, не нәрсеге назар аудару, не нәрсені есте сақтау, қандай безендірулерді жауап беруде қолдануға болады, параграф соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды кім және қалай орындайтындығын тұсіндіреді.

Осылайша үй тапсырмасы бүкіл сыныпқа берілген тапсырма ғана емес, ол сонымен бірге әр оқушыға лайықтап қосымша берілген тапсырма болып шығады. Ол тапсырмалардың арасында салыстырмалы кесте құрастыру, сұлба, диаграмма, сезтізбек түзу, ғылыми-көпшілік жене көркем әдебиет негізінде хабарлама дайындап, андатпа жазуды атауға болады. Ұзақ мерзімге сөзылатын практикалық тапсырмалар да берілуі мүмкін. Мысалы, макет немесе үлгі жасау, ескерткіштің, кеме нобайын жасау, мұрағаттық және статистикалық мәліметтер жинау сияқты. Бұндай тапсырмалар бағаланып, оқушылардың тарихи танымдағы табыстары атап өтілуі керек.

Мұғалім осындай әдістемелік жүйе бойынша үй тапсырмасын береді. Онда сабақ мазмұны тапсырма көлемінің оқушы мүмкіндігіне сай келуі, оқушылардың және тұтас сыныптың танымдық мүмкіндігіне байланысты нақты міндет белгілеп, нұсқау берілуі керек. Келесі сабақта үй тапсырмасы оқушылардың басым болігінен сүралуы керек. Үй тапсырмасын үнемі орындамаушылық білім сапасының төмендігін немесе оның мүлдем болмауын танытады.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.