«Алаш» қозғалысына Әлихан Бөкейхановтың қосқан үлесі

Патшалық биліктің орнына келген Уақытша үкімет бүкіл империя көлемінде өрлеу алған ұлт-азаттық қозғалысты толық мойындамаса да, белгілі дәрежеде, онымен есептесуге мәжбүр болған еді. Жаңа үкіметтің қызметіндегі мұңдағы саяси бағыт қазақ облыстарын басқару ісінде де көрініс тапты. Ақпан революциясы жеңгеннен кейінгі уақытта жергілікті басқаруда, ел өмірін жаңа мазмұнда ұйымдастыруда азын-аулақ өзгерістер бола бастайды. Наурыз және сәуір айлары ішінде ескі әскери губернаторлық, уездік, болыстық және ауылнайлық басқару жүйелері жойылып, келмеске кетті. Олардың орнына Уақытша үкіметтің  облыстық және уездік комиссарлық басқару жүйесі, сонымен бірге облыстық, уездік, болыстық және ауылдық деңгейде азаматтық комитеттер және олардың атқару орындары    қалыптаса бастайды. Мамыр және маусым айларында бұларға қосымша облыстық азық-түлік комитеті, жер комитеті және басқа осы сияқты басқару орындары құрылады.

1917 жылы 16 наурызда батыс майдан штабы жанындағы земскі және калалық одақтардың бұратана бөлімін басқарып жүрген Ә. Бөкейханов күтпеген жерден Петроградқа шақырылып, 20 наурыз күні Торғай облыстық комиссары қызметіне тағайындалады. Дәл сол күні «Қазақ газетіне берген жеделхатында ол: «Торғай облысына комиссар болып бекітілдім», 23-не шығайын деп тұрмын. Жұртқа естіртіп тынышталуын тілеймін» деп жазды. Бірақ Ә. Бөкейханов 23 наурызда Орынборға аттанып кете алмайды. Өйткені, ол жаңа ашылғалы жатқан кадеттер партиясының съезге осы партияның орталық комитетінің мүшесі ретінде шақырылған еді. Ә. Бөкейханов съезге қатынасып, 26 наурыз күні сөз сөйлейді. Ол жөнінде М. Шоқаев былай деп жазды: «Мұжықтарға деп кескен, әлі мұжық орнамаған, оброчный статья деп алынған, ұзын срокты арендаға (жалдауға), мысалы, барон Медем, Варун Секрет секілділерге берілген жерлер қашан Учредительное собрание далаг облыстарының һәм Түркістанның жер мәселесін шешкенше, кешіктірмей бұрынғы иелеріне қайтарылуы керек деп Ғалихан кадет съезіне кеше доклад қылды. Ғалиханның докладын қабыл алып, тезірек орнына келтіру қамына кірісерге деп комиссияға тапсырды.

Сабыр етіп, шыдай тұрыңдар. Жаңа үкімет жай-жапсарларыңды біліп, көңілдеріңді тындырар. Мұстафа».

Бұл Ә. Бөкейхановтың жаңа қызметке бекітілгеннен кейін сөйлегсн алғашқы сөзі болатын. Ал оның ұсынысы бойынша, құрылған комиссия жұмысына біз алда өз ретіне карай тағы ораламыз. Сәуір айының басында Уакытша үкімет Түркістанды басқару үшін 9 адамнан тұрған Түркістан Комитетін құрады. Оның құрамына Ә. Бөкейханов та енген еді. Бірақ ол облыс комиссары қызметінен қолы босап, Түркістан комитеті ісіне араласа алған емес.

Ә. Бөкейханов Торғай облысының сол кездегі әкімшілік орталығы Орынбор каласына наурыздың соңғы күндері жетеді де, сәуірдің 2-нен бастап облыстық қазақ съезіне облыстық    комиссар дәрежесінде  қатынасады.

Егер ескі патшалық әкімшіліктік бөлу жағдайында Қазақстан жері алты облыстан тұрғандығын, соныц ішіндегі Торғай облысы құрамында Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай сияқты ірі уездердің болғандығын ескерсек, Уақытша үкіметтің облыстық комиссары қызметі деңгейін аңғару қиынға түспейді. Бұған қосымша, қазақ елі патшалық Ресей құрамына енгеннен бергі уакытта оның бірде-бір өкілінің империяныц әкімшілік жүйесиіде губерниялық, облыстық деңгейді қойғанда, тіптен уезд бастығы дәрежесінде қызмет жасамағандығы мәлім. Империялық басқару жүйесінде қазақтар болыстық басқарудан жоғарғы қызметті иемденуге тиісті емес еді. Бұл тұрғыдан Ә. Бөкейханов ескі патшалық биліктің орнына келген Уақытша үкімет жағдайында облыстық басшыларда келген бірінші казақ болатын.

Жоғарыда аталған жеделхатында үкімет төрағасы князь Львов, сондай-ақ облыстық комиссардың уездік комитеттермен біріге отырып, уездік комиссарларды таңдау және оны Ішкі істер министрлігіне бекітуге ұсыну, қажет болған жағдайда оған көмекшіліер тағайындау, уездік комиссарлар арқылы болыстық комитеттер жұмысын басқару және басқа құқықтары жөнінде айтқан болатын. Осы және басқа құжаттардан облыстың комис-сардыц басқа билік орындарымен қатынас тәртібін де байқауға болар еді. Мәселен, Облыстьиқ атқару комитеті комиссардың қызметін бақылай алғанымен, бірақ оның нұсқаулары мен шараларына араласу, немесе комиссарға кеңес бере алғанымен, бұйыруға құқы жоқ болатын.

Ә. Бөкейханов сәуірде облыстағы жағдаймен танысып, қызметіне кіріскенде, оның алдында қисапсыз көп шаруа тұрғандығы түсінікті, бірақ, дегенмен, солардың ішінен ол үшін ең маңызды мынадай екі бағыттағы жұмысты бөліп айтуға болар еді. Олар, біріншіден, барлық деңгейдегі үкіметтік басқару орындарының қалыптасу процесініц аяқталуын тездету және, екіншіден, жаңа мекемелердегі орындарға лайықты кадрларды тауып, солар арқылы облыста тұрақты мемлекеттік басқару жүйені қалыптастыру еді. Бұл мақсатқа жету жоолында 20—28 сәуір аралығында Орынборда өткен Торғай облыстық орыс және қазақ біріккен съезінің жағымды рөл атқарғандығын атап айтуға болады. Съезд басқару мекемелерін жасауда екі жұртқа бірдей қолайлы принциптерді бекітті, ең ауыр мәселе — жер туралы сәуір басындағы қаазақ съезі жасаған қаулыға тоқтайды. Ал ақпан төңкерісінен кейінгі уақытта, қалыптасқан жағдайға байланысты қазақ жерін жерсінбей кейін ішкі Ресейге көшпек ойы барларға байланысты «көшкен мұжыққа ерік, мұжық Торғай облысынан көшсе, қазынадан көмек ақша берілсін» деген мазмұндағы шешім қабылдайды.

Съезд Торғай облыстық атқару комитетін сайлап, оның төрағалығына заңгер Ткаченконы, оған орынбасарлыққа С. Кәдірбаевты, мүшелікке басқалармен бірге А. Байтұрсыновты, М. Дулатовты және Н. Бегімбетовты бекітеді. Съезде облыс келемінде ескі болыстық, селолық және ауылдық әкімшілік мекемелерін жойып, оларды сол дәрежедегі атқару комитеттерімен ауыстыру туралы шешім қабылданады.

Ә. Бөкейхановтың тікелей басшылығымен өткен бұл съезде, сонымен бірге принциптік маңызы бар тағы да мынадай екі шешім қабылданған еді. Олар «атқаратын жұмысы жоқ болғандықтан Орал — Торғай переселен ау-данының меңгерушісі, оның көмекшілері және одан төменгі буындарын жою және қызметін уездік атқару комитеттеріне тапсырып шаруа бастықтары (крестьянкие началыники) мекемелерін тарату» жөнінде қабылданған қаулылар болатын. Бұл қаулылардың құндылығы соңда, облыстық съезд өтер алдында ғана облыстық комиссар атына орталық үкіметтен аталған мекемелерді қажеттілігіне сай қалдыра тұру жөнінде нұсқау келіп түскен еді.

Ә. Бөкейханов Ішкі істер министрі Леонтьевке берген № 351 жеделхатында съезд және өзінің шешімін «Шаруа бастықтары соғыс жылдары өздерінің тікелей міндеттерін тастап әскер үшін мал сатып алу ісімен айналысты. Жұрттың тіптен бұлардың лауазымының өзіне сенімсіздікпен қарайтындығын ескере отырып, Шаруа бастықтарын түгелдеп қызметтерінен босатуға рұқсат беруіңізіді өтінемін. Олардың атқаратын міңдеттері азық-түлік комитеттеріне, өзін-өзі басқару орындарына және соттарға жүктеліп, іске ешқандай да нұқсан келмейтін болады» деп негіздеді.

Ә. Бөкейхановтың қызметке кіріскеннен кейін уездік комиссарларды тағайыңдау іспен айналысқанын байқаймыз. Мәселен, ол 5 сәуірде ішкі істер министрі Щепкиннін Қостанай уездік комиссарын тездетіп бекіту туралы ұсынысына байланысты, бұл қызметке заңгер Ахмет Бірімжановтың тағайындалғанын хабарлайды. Нақ сол күні Петроградтан облыстық комиссардың Торғай уездік Комиссары етіп учитель Ғұмыр Алмасовты тағайындау туралы ұсынысының қабыл алынғандығы туралы хабар жетеді. Шамамен, осы мезгілде Ырғыз уездік комиссары болып Тобыл округтік сотының мүшесі Ғабдолла Теміров бекітіледі. Ал өзі негізгі қызметімен бір  мезгілде Ақтөбе уездік комиссары болып тағайындалады. Облыстық комиссар өзіне көмекке қазақ қызметкерлерін де тарта бастайды. Облыстық комиссар кеңсесіңде ерекше тапсырмалар чиновнигі қызметін Есен Тұрмұхамедов және Абдул-Хамид Жолдыбаев атқара бастайды. Шаімамен, осыидай қызметке Сағындық Досжанов та тартылған еді.

Ә. Бөкейханов комиссарлық қызмет атқара жүріп өзінің артынан ерген, әсіресе майдандағы бұратана бөлімінде бірге болған белсенді жастар алдындағы борышын ұмытқан емес. Мәселен, оның бұйрығы бойынша Киевтегі бұратана бөлімінің бұрынғы бастығы Мырзағазы Есболов Богуруслан уездік комиссарының   орынбасары, Минскіде бұратана бөлімінің бұрынғы хатшысы Елдес Омаров Торғай уезі 2 учаскесінің Шаруалар бастығы міндетін уақытша атқарушы болып бекітіледі.

Мемлекеттік баскарудағы осынадай өзгерістермен бір мезгілде ескі билік тұсында өз қызметінде түрлі заңсыздықтар мен зорлықтарға жол берген патша чиновниктерін қызметтен аластау, айыпқа тарту процесі де жүріп жатқандығын айтып өткен жөн. Ә. Бөкейханов ішкі істер министрі Леонтьевке жолдаған № 350 жеделхатында 1917 жылдың 4 мамырына дейінгі уақытта губернатор Эвероманның, вице губернатор Обуховтың, аға кеңесші Агаповтың, Шаруа бастықтары Витман, Куфтиннің, приставтар Сиротенко, Ткачснко, Полуднев, Тарасенко, Данковцев, Прокоповтың, тілмаш Тунгачиннің және басқа көптеген бұрынғы үкімет чиновниктерінің қызметтерінен босатылғандығын хабарлайды.

Комиссарлық қызметке кіріскеннен кейінгі уақытта Ә. Бөкейхановтың қатты алаңдатқан мәселе, қазақ жұрты арасындағы жергілікті басқару орындары — облыстық, болыстық және уездік комитеттерді құру ісі болды. Деректердіц көрсетуіне қарағанда, ауылдық жерлерде ескі феодалдық топтар жаңа құрылған жатқан азаматтық комитеттердің жұмысына түрлі кедергілер жасап, тіптен қайсібір бұрынғы болыс бастықтары үкімет орындарының кеңсе мен іс қағаздарын жаңа ұйымдасқан комитеттерге өткізу жөніндегі нұсқауларын орындаудан бас тартады. Мәселен, мұндай жайлар Ақтөбе уезінде Бөрілі, Тоқан, Қобды, Аралтөбе және басқа болыстарда болған еді.

Комиссар Ә. Бөкейхановтың осы кезде түрлі тақырыптарға жазған мақалаларында бұқара халықты ғана емес, ел ішіндегі атқа мінерлерді де имандылыққа, адамгершілікке, жоғары саналылыққа шақыру орын алды және оның бүл айқындамасы сол кездегі ағартушылық көзқарасынан туындап жатқаны анық, . «Қазақ-ау! Оян!—деп жазды ол.— Мұжық көші жүріп кеткенде жұртта қалып жүрме! Мұжық көрші отырып,    бостандық , құрдастық , туысқандық шарапатын пайдаланғанда  ілгері басқанда, мүйізге ұрған сиырдай шыр айналып, кейін қайтып, көрші жұртқа балаңды жалшы, малшы, құл қылып беріп, жұрағаттың обалына, Алаштың баласы қалып жүрме!» «Қазақ жұрты,— деп жазады ол тағы бір мақаласында,— адам болып, ғұмыр тұрмыста мұжық көршімен шаруа таластырып, тарқы жолына кірісетін болғанда комитетке жұрттың пайдасын қуған, жұрттың қамын ойлаған азаматты сайлаған оң».

Бөкейханов коммисарлық қызметте тұрғанда қазақтың ескі, күні өткен әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен мүмкіндігі болғанша күрес жүргізгенін байқаймыз. Қазақ қоғамындағы сондай мәселелердің бірі әйел теңдігі болатын. Құжаттық материалдар комиссардың неке дауына жиі араласып, әйелдердің табиғи құқын, жеке бас тәуелсіздігін қорғайтың шараларды іске асырып отырғандығын көрсетеді

Бөкейхановтың комиссарлық қызметте жүргенде ден қонған істерінің бірі қазақ арасындағы ұрлыққа қарсы күрес еді. Ол «тіршілік-ғұмыр белгісі алыстартыс, арбау, әдіс. Кім шебер болса, жалықпай, талмай ізіденсе, бірігіп, тізе  қосып, әдіс қылса ғұмыр бәйгесі соныкі. Торғайдың ақ үрпек балапанынша ауызды ашып біреуге жалынып, жалпая берсе, мұнан түк өнбейді», сондықтан етектен алып, балтырдан тартқан ескі жаман әдеттерден арылып, келе жаткан жаңа дәуір, жаңа заманға лайық іс-әрекеттерге бой алдыруға шақырады. Сондай «тәмәм қазақ атына зор кемшілік, таңба, ұят» келтіретін әдеттердің бірі ұрлық екендігін, «кедей тамақ асыраймын деп, ақылсыз жас атымды шығарамын деп, надан ақсақал кек аламын деп ұрлық» жасайтындығын, бірақ «ұрлықтан атақ та, кәсіп те., кек те табылмайтындығын» айтып, «жұрт болып ау деп, бата қылып, әдіс қылса, ұрлық бұрынғы отқа табынған атамыздың діні- мықты емес, бірте-бірте жоғалады»—деп, бұл жаман әдетпен ел болып күрессе ғана нәтиже шығатынына көпті иландыруға тырысты. Бұл, әрине, ешқандай да сын көтермейтін, фактілік негізі жоқ, жалған пікір болатын. Соған байланысты оған елеп, көңіл аудармауға да болар еді, дегенмен, көңілдегі күдікті сейілту үшін төмендегі фактілерге тоқтала кетелік. Біріншіден, біз жоғарыда бүл мәселеге арналған тарауда 16 жылғы көтеріліс басталғаннан кейінгі уақытта Ә. Бөкейхановтың Мемлекеттік дума арқылы жүргізтен жұмысы туралы жаздық. Ақпан революциясы жеңіп, Уакытша үкімет билігі орнағаннан кейін бұл мәселе қайтадан көтеріліп, сол кездегі Министрлер Кеңесінің төрағасы және ішкі істер министрі Штюрмердің 25 маусым жарлығын Мемлекеттік Думаның қолдауын алмастан, өз еркімен күшіне енгізуі заңсыз деп табылып, арнайы құрылған комиссияның тексерілуіне беріледі. Мұндай хабарды жария еткен кадеттер партиясыньиң органы «Речь» газеті еді. Сөйтіп, жаңа билік тұсында 16 жылғы көтеріліс мәселесіне қайтадан қозғау салынады. Оған Ә. Бөкейхановтың үкімет ішіндегі кадеттердің өкілдері арқылы жүргізтен әрекеті себспші болғандығына біздің күмәніміз жоқ.

Қазақ демократиялық интеллигенциясы үшін әр уақытта ең негізгі мәселе— жер мәселесі болды. Патша үкіметі, оның мұрагері болган Уақытша үкімет, ең соңында Кеңес үкіметі мен қазақ демократиялық интеллигенциясы арасындағы кейде ашық, кейде астыртын жүріп отырған күрес, арбасулардың түп-тамыры, қайнар көзі осы жер мәселесі еді. XX ғасырдың алғашқы ширегінде бүл мәселенің қазақ елі үшін коғамдық маңызын ғылыми тұрғыдан өз дәрежесінде көтеріп және терең түсіндіріп берген қайраткер, ғалым, әрине, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов еді. Уақытша үкіметтің Торғай облыстық комиссары қызметінде жүргенде де, ол үшін жер мәселесі ең негізгі мәселе болып қала берді. Олай болса, Ә. Бөкейханов бұл кезеңде жер мәселесін қалай түсінді және оны шешудің қандай жолдарын ұсынды? Енді осы есауалға жауап іздеп көрелік.

Уақытша үкімет қайшылықты, әлжуаз билік екендігін, ал қайсыбір қоғамдық мәселелерді шешуге келгенде патша үкіметінің тікелей мұрагері болғандығын, әсіресе жер саясаты анық көрсетіп берді. Жеңіске дейін соғысу саясатын жүргізе отырып, ол екі бірдей оттың ортасында қалды. Бір жағынан, үкімет соғыс жағдайында әскерді және ішкі сұранысты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін шаруалардың талап-тілегімен аз да болса есептесуге мәжбүр болса, екінші жағынан, ол орыс буржуазиясы мен билеуші топтарының үкіметі бола отырып, жер мәселесін демократиялық негізде біржола шешуді Құрылтай жиналысына қалдырды. Министрлер Кеңесінің төрағасы князь Львов 1917 жылғы 15 сәуірде барлық облыстарға жіберген № 72228 жарлығында «шаруаларға өздеріне тиесілі жерге егін салуға кедергі жасалынбасын, жерге байланысты мәселелерді әркім өз бетінше шешпейтін болсын, елді азық-түлікпен қамтамасыз етуге қажет жағдай қалыптастырылсын деп көрсетіп, ал жерге байланысты дауларды шешіп отыру үшін болыстық және уездік комитеттер жанынан егіншілер мен жер иеленушіліерден кұралатын татуластыру комиссияларын құруды ұсынды. Бұған қосымша Егіншілік министрлігі «жері аз, яки жерсіз шаруалар жер жыртып, егін егу үшін бос жерлердің бәрін жерге мұқтаж шаруалар биылша пайдалансын» деген нұсқау береді. Бұл шаралар, біріншіден, шаруалардың белгілі бір бөлігінің таптық наразылығының бәсеңдеуіне ықпалын тигізсе, екіншіден, азық-түлік тапшылығын аз да болса шешуге жагдай туғызған еді.

Мұңдай шаралардың 16 жылғы көтерілістен кейін қазақ облыстарындағы ұлтаралық шиеленісті бәсеңдету мақсатында да қарастырылғандығын байқаймыз. Осы-жылдың 3 сәуірінде егіншілік министрінің орынбасары Волков Акмола, Семей, Орал, Торғай, Жетісу, Сырдария және Томск облыстық переселен мекемелеріне 1038-нөмірлі жеделхат жіберіп, онда жер мәселесін Құрылтай жиналысы шешкенге дейін қазақ пайдасында тұрған жерлерден екі жақ ынтымақтасып, ризашылықпен келіскен орындарда ғана болмаса, жер кесу тоқталады. Заманның осындай ауыр шағында қазақтың мал шаруасының кұтын шайқамас үшін бұрын алынған, бұл күнге дейін мұжық орнамаған һәм жазылмаған учаскелер қазақ ауылдық қоғамдарының, пайдалануына биылша тегін берілсін» деп көрсетілген еді.

Біздің жорамалымызша, үкімет тарапынан қабылданған мұндай шешімді белгілі дәрежеде, Ә. Бөкейхановтың тура осы мәселелерді қойып кадеттер партиясы съезінде сөйлеуі және оның ұсынысы бойынша бұл мәсе-лені билік орындарына жеткізетін арнайы құрылған комиссиясының  жұмыс нәтижесі есебінде қарауға болады  бірак бұл үкімет нұсқауының іске асуы, әрине, ете киын еді. Оның себептсріне біз    төменде арнайы тоқталмақпыз.

Осымен бір мезгілде Егіншілік министрлігі жанынан жер мәселесін Құрылтай жиналысына дайындайтьш ар-найы комиссия күрылып, оныц жүмысын баскару IV Мемлекеттік дума мүшесі, «Русские ведомости» газетінің редакторы, профессор А. С. Постниковқа жүктеледі. өз ретінде  А.С.Постниковтың комиссиясы бұл мәселені түбегейлі шешу үшін империя көлемінде жер комитеттері жүйесіи құру туралы ереже жобасын ұсынып, оны мамыр айынын басында Уақытша үкімет бекітеді. Бұл ереже бойынша жергілікті (облыстық, уездік және болыстық)  және бас  (Петроградта)  жер комитеттері құрылып, оларға негізінен екі міндет жүктелетін болды. Олардың бірі жер мәселесін Құрылтай жиналысына дайындау үшін империяның барлық аудандарынан қажет материал жинау болса, екіншісі, бұл мәселені Құрылтай жиналысы біржола шешкенге дейін ел ішінде күнделікті туып отырған дау-жанжалды асқындырмай, шешіп отыру еді.

Сөйтіп, мамыр айында бүкіл империя көлеміндегідей, казақ облыстарында да жер комитеттерің сайлау науқаны басталып кетті. Бұл шын мәнінде аса маңызды саяси шара болатын. Өйткені Уақытша үкімет    Құрылтай жиналысына ұсынбақ болған жер реформасына байланысты кұжаттың мазмұны жергілікті жерлердегі комитеттердің бұл мәселеге байланысты өз мүдделерін    қоя білуі мен оны еткізе алуына көп тәуелді еді. Қазақ демократиялық интеллигенциясы Уақытша үкіметтің жер комитеттерін құру туралы шарасын осы тұрғыдан    қабылдады. «Қазақ» газеті сәуір айынан бастап Уақытша үкіметтің жер комитеттері туралы ережесін, оларды құру жолдары мен тәртібін түсіндіруді көздегеи түрлі материалдар жариялай бастайды. Ал оның 1917 жылғы 24 маусымдағы санында  1 шілдсден бастап бүкіл қазақ облыстарында жүретін ауыл шаруашылығы есебіне байланысты бір топ қазақ зиялыларыныц «Қазақ халқына (Есеп алу тақырыпты) атты үндеуі  жарияланады. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Жәнібеков, С.Кәдірбаев, Е.Омаров,         Е.Тұрадұхамедов және Н.Бегімбетов қол қойған бұл үндеу ең алдымен халыкқа жүргелі тұрған санақтың мән-жайын түсіндіруді көздеді. «Бұрын өкімет есеп аларда, қазақ сенбейтін еді» деп, көрсетілді үндеуде.—«Жеріміз  мол, егінді көп саламыз десек, жерден айрыламыз ғой» деп қорқатын еді.  «Малымызды көп көрсетсек, алым-шығын көп түседі» деп жасыратын еді.  Адам есебін алатын болса «неге адам есебін алады, бізден солдат алғалы жүрмесін» деп    сезіктенетін еді. Қысқасы, қазақ ескі өкіметтің расына да, өтірігіне де бірдей сенбейтш еді. Онысының қисыны да бар еді»,— деген ойды білдіріп, одан ары заманның өзгергенің, ендігі жағдайда санақка бұрынғы көзқараспен қарауға болмайтыңдығын айтып, оның нақты және дәлелді себептерін келтіреді.

Мұндай сипаттағы саясатты жүргізудегі мақсат патша үкіметінің Қазақстан сияқты шет аймақтардағы отарлау саясатында қол жеткен жетістіктерді біржола бекіте түсу, ол арқылы империялық үстемдіктің жаңа түрін қамтамасыз ету еді. Осы мүддені көздеген орталық Переселен басқармасы 1917 жылы 29 наурызда №1-і жарлық түріндегі катынас хатпен өзінің облыстық мекемелеріне жаңа қалыптасқан жағдайға байланысты тез арада қоныс аударушылаір үшін дайындалған учаскелердің көлемі мен құрамын анықтауға бағытталған шараларды іске асыруды тапсырады. Осы нұсқауды орындау мақсатында өткізілген Жетісу облыстық переселен мекемелері кызметкерлерінің жиналысында мынадай шешімдер кабылданады:

«I. Әлі де пайдаланылмай жатқан жер қорларын түгел есепке алып, бұрынғы дайындаған учаскелерді қайта қарау үшін барлық шағын аудандарда  арнайы комиссия құрылсын…

  1. Жер қорын нақты пайдалану үшін бұратаналарды да, ескі орыс тұрғындарын да және жаңа қоңыстанушыларды да жаппай жерге орналастыру қажет».

Көріп отырғанымыздай, бұл құжаттан жер мәселесінде патша үкіметі ұсталған негізгі екі бағыт өз жалғасын тапқан. Олар, біріншіден, сол бұрынғыдай қоныс аударушыларды орналастаратын жер қорларын дайындау, екіншіден, сол қорларды молырақ жасау үшін қазақтарды жаппай жерге орналастыру. Бұл арада ескі және жаңа биліктер арасындағы сабақтастықтың болғаны дәлелдеуге мұқтаж емес.

  1. Сәуір айында Петроградтағы Переселен басқармасы өзінің жергілікті мемемслеріне жеделхат жолдап, онда бұрынғы патшалық билік тұсынан бері қызмет жасап келе жатқан қызметксрлеріне сол бұрынғыдай өз міндеттерін атқара беруді өтінеді. Ал олардың арасында патшалық биліктің отарлау саясатына үлкен құлшыныста.

Сонымен, қорыта айтқанда, Уақытша үкімет және оның жергілікті мекемелері жер мәселесін Құрылтай хиналысына іқалдырғанымеи, шын мәнінде ашықтан ашық отарлау саясатын ұстанды, ал Орталық Переселен басқармасы бастаған ескі патша чиновниктері бұрынғы билік тұсында істеп  үлгірмеген істерін  Құрылтайға дейін орындап алуға тырысты.

Ақпан революциясынан кейін көктем шыға жер мәселесін шешуде қайсыбір облыстарда қазақтардың белсенді әрекетке көшкендігі байқалады. Мәселен, Қостанай уезіне қарайтын болыстық  қазақ комитеттері мамыр айыңда Лагонский, Кошкаров және Пуставалов деген жергілікті переселен мекемелерінің кызметкерлерінің іс-қағаздарын, кұжаттарын және ақшаларын тартып алып, өздерін жұмысқа жібермей қояды. Болған оқиға туралы хабар алған Ішкі істер министрлігі тез арада облыстық комиссар Бөкейхановқа жеделхат жолдап, мұндай «бұзақылықты енді қайтып болдырмауға және заң жолынан ауа жайылдырмауға» бағытталған нақты шаралар қолдануды талап етеді.

Ә. Бөкейханов 1917 жылғы көктемде Торғай облысында болған жер дауларына жиі араласып, қазақтарға басу айтып, тек заңдық негізде ғана әрекет жасауды қатаң түрде талап етеді. Жер мәселесін тек заңдық негізде ғана шешуді жақтаған олардың айқындамасын тағы мынадай фактіден байқауға болады. Акпан революциясынан кейінгі аралықта Орынбор каласыңда татар тілінде шығатын «Уақыт» газеті арқылы казақ жерінде тұратын Қалимолла
Ғабдуллин және «Ирсиз» деген жамылғы есімді татар
жұртының өкілдері кезінде переселендерге өткен казақ
жерін бізге алып бермейді, деп Бөкейханов пен Байтұрсыновқа өкпе айтып, бұлар Ильминский мен Победоносцевтар саясатымен жазылған Дала Ережесін қуаттайды, деген пікір тастайды.

Шілде айынан бастап Ә. Бөкейхановтың жер және басқа қоғамдық мәселелерге байланысты көзқарасы принциптік өзгерістерге ұшырайды. Оған себепші    болған, біріншіден, Уакытша үкіметтің жалпы империя көлеміндегі саяси процестерді игеру қабілетінің күн өткен сайын төмендеуі болса, екіншіден, өзі құрамына енген кадеттер партиясы меи мақсат-мүддесі айқындала түскен ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі принциптік мәселелерде өзара жігінің алшақтай түсуі еді. Егер империя көлемінде мемлекеттік тәртіптің анархиялық көріністерге орын бере бастауы ұлттық мемлекеттік дербестік туралы мәселені неғұрлым батылырақ қоюға итермелесе, ұлттык, бостандық үшін күрес қарқынының өсуі көптеген мәселелерді, соның ішінде, ең алдымен, жер туралы мәселені ашық, ұлттық мүдде түрғысынан дербес көтеруді талап етті, бұдан былайғы оқиғалар ағымы ресейлік саяси ұйымның жетегінде жүруді көтермеді.

Ә. Бөкейхановтың бұл кезеңдегі жер мәселесіне байланысты көзқарасы, белгілі дәрежеде, шілдедегі бірінші жалпыказақ съезінің шешімдерінде, соңдай-ақ одан кейінгі уақыттағы жазған материалдарында, әсіресе «Жалпы Сібір съезі» атты мақаласында айқын көрінді. Шілдедегі жалпықазақ съезінде ол кадет партиясы кұрамынан шығуының басты себебі есебінде жер мәселесін келтіріп «Кадет» партиясы жер адамға меншікті болып берілсе де жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып жалаңаш шыға келеді» деп түсіндіріп, қазақтарда мүліктенген жердің болмауын, жердің ауылға, болысқа берілуін жақтады.

8—15 қазан аралығында Том қаласында өткен Сібір автономистерінің съезіне қатынасқан Ә. Бөкейханов бастаған қазақ делегациясы өздерінің жерге байланысты бағдарламасын мейлінше дәл және толығырақ мәлімдейді. Ал ол бағдарламаның негізгі тұжырымдары «Алаш» партиясының бағдарламасына енеді. Ә.Бөкейханов жалпы Сібір съезі туралы «Қазақ» газетіне жазған мақаласында осы жер мәселесіне тағы да тоқталады. Бұл арада оның мынадай негізгі жақтарын бөліп айтуға болар еді.

  1. Бас Переселен мекемесінің есебі бойынша, қазақ жері 240 миллион десятина. Егер бұл рас болса әрбір қазаққа 44 десятинадан келмек. Бір үйде орта есеппен 5 адам болса, үй басна 220 десятинадан тимек. «Ақтөбе, Көкшетау, Өскеменде, Алматыда үй басы 200 десятина түгіл, мұның оннан бірі жоқ қазақ аз емес».

Жаңа билік орнап, бостандық, теңдік, туысқандық келгені рас болса қазақ мұндай зорлыққа көне алмайды. Еңді мұнан былай өзіміз жер еншімізді алып орныққанша жерімізге қоныс аударушылар көшіп келуін тоқтатсын.

Құрылтай жиналысы жер  мәселесінс байланысты заң қабылдаған соң, қазақ өз    жерінде алдымен   енші алатын болсын. Адам басына,    жеке үй басына    тиетін жер сыбаға шаруаға, жердің топырағына, жергілікті табиғатына байлаулы болсын. Жер сыбағасын жергілікті жер комитеттері анықтайтын болсын.

Қазаққа жер сыбағасы өздсрінің тілегіне сай ауылға, ұлысқа, руға деп бөлінсін. Жерді бірігіп алған ру, ауыл, болыс өз ішінде өздері тәртіп орнатып, әділдікпен пайдалансын.

Қазақтарға жер сыбағасы тұрған жерінен, атамекенінен берілсін. Ертіс бойындағы он шақырымдағы (десятиверстная)  қазақ сол жерден үлес алсын. «Атты қазақ бермеймін дер, біз Ертістен кетпейміз, жер    алмай қоймаймыз. Жерді жолмен, законмен аламыз.  Қазақ сыбаға жерін алған соң, қалған жер мемлекет қазынасына аталып», земство билігіне өтсін.

Уақытша үкімет комиссары Ә. Бөкейхановтың 1917 жылдың соңына қарай жер туралы жасаған негізгі тұжырымдары, міне, осылар болатын. Сондай-ақ бұл жасалған бағдарламалық қорытындыларды жалғыз Бөкейхановқа таңсық қателесер едік. Өйткені олар қазан революциясына дейін патшалық билікпен күресіп келген қазақ демократиялық интеллигенциясының азапты ізденістен кейін жасаған ортақ тоқтамы болатын.

Ә. Бөкейханов 1917 жылы 15 желтоқ санда, яғни оны Алашорда үкіметінің төрағасы етіп сайлаған екінші жалпықазақ съезі аяқталған күннің ертеңіне комиссарлық қызметтен отставкаға кететіндігін мәлімдеді. Бұл, әрине, оның саяси кайраткерлік жолындағы тағы бір кезеңінің аяқталуы ғана емес, сонымен бірге осы уакытқа дейін өзі алдына мақсат етіп  қойған мүдделер үшін күрестің жаңа жағдайда, келесі жаңа кезеңінің басталуы еді.

1917 жылдың сәуір айының басында Уақытша үкімет Түркістан өлкесін басқаруды 9 адамнан тұрған Түркістан комитетіне тапсырады. Оның алғашқы кұрамы мынадай кісілерден тұрған еді: Н.Н.Щепкин, Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, С.Максұдов, В.С.Елпатьевский, А.Л.Липовский, П.Б.Преображенский, О.А.Шкапский және Ғ.Дәулетшин.

Ә. Бөкейханов «Қазақ» газетіне жазған хабарында бұл Комитетке Түркістан өлкесінде «бостандық, құрдастық, туыскандық шырағында» кандай өзгерістер жасаймын десе де ерік деп көрсетіп, Түркістанның жағдайын Англияның отар елдеріне теңеп, «Учредительное собраниеден кейін Түркістан өз тізгіні өзінде колония болады» деген үмітін айтады. Ал бұл комитеттің таяу арадағы ең негізгі міндеттерінің бірі:  Қытай ауған қырғыздарды кайтарып, бұрынғы өз ата қонысына орналастыру екенін білдіріп, «қырғыз қарындасын кір жуып, кіндік кескен жеріне қайтқаны жақсы болар еді» деген тілегін де жасырмайды.

Ә. Бөкейханов осы шағын мақаласында Комитет мүшелеріне қысқаша сипаттама беріп, оларды  Түркістан өлкесін білетін адамдар ретінде таныстырады. М. Шоқаев 1917 жылға арналған естеліктерінде керісгаше жалғыз социалист-революционер О.А.Шкапскийден басқа комитет мүшелерінің арасында Түркістан өлкесін білетін адам жоқ еді деген ойды айтады. Біздің пікірімізше,  Ә.Бөкейхановтың комитет құрылған бетте жазған мақаласында жалпы Комитетке, оның мүшелеріне артқан үміті тым көтеріңкі болса,  ал         М. Шоқай С.Мақсұдов пен  М.Тынышбаев сияқты оның мүшелері қызметін бағалауда бір жақтылыққа ұрынған еді., әрине, кездейсоқ еместін.

 

2.2. Мұхаметжан Тынышбаевтың Уақытша үкіметтегі орны

 

М. Тынышбаев Жетісу елкесінде 1916 жылы болған қайғылы оқиғаларға катысты өз көзқарасын комиссарлық қызметке тағайындалғанға шейін-ақ білдірген болатын. Ол жөнінде «Қазақ» газеті: «Мұхамеджан Тынышбаев — II Государственный Дума ағзасы, инженер. Саясат ісіне жетік, халыққа таза жолмен  қашаннан қызмет етіп жүрген алдыңғы қатар зиялы азамат. 25 маусым жарлығы такырыпты Жетісуда бүліншілік болғаннан бері Мұхамеджан көзге көрінерлік көп пайда келтіріп жүр» деп көрсетіп, бұл ретте оның Түркістан губернаторы Куропаткиннің қабылдауында болғанда (1916 жылы 10 тамызда) көтерілістің негізгі шығу себебі ретінде жер мәселесін айтқанын жоғары бағалайды.

М.Тынышбаевтың Түркістан губернаторы алдына жер мәселесін көлденең тартқанына толық сенуге болады. Өйткені ол бұл мәселені ешқандай да каймықпастан 1917 жылы ақпанда 16 жылғы көтеріліске байланысты болған сот тергеуіне жазба түрде берген жауабында да көтереді. Ресей империясының Қазақстан сияқты өз отарларындағы зорлықшыл саясатын әшкерелейтін құжат есебінде еш уақытта маңызын жоғалтпайтын бұл жауабында ол «Түркістаңдағы орыс жұртының 99 проценті Жетісу жеріндегі толқулардың себебін көп ойланып жатпай-ақ жеңіл-желпі «түрік немесе герман үгітінен көреді», ал шын мәнінде қазақтар меи қырғыздар үшін атамекен жерінен айрылу мен патша чиновниктерінің түрлі зорлығынан үлкен көтеріліскс шакырған үгітші жоқ еді деген ойды айтқан болатын. Міне, осы айтылғандар, белгілі дәрежеде, Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті құрамына  М.Тынышбаев сияқты жергілікті күрделі жағдайдың білгірін енгізуге мәжбүр болғанын көрсетсе керек.

Ескі территориялық-әкімшілік жүйесіндегідей, Уақытша үкімет тұсында да Сырдария және Жетісу облыстары Түркістаи губерниясы құрамында қала берді. Бұдан бұрынғы тарауларда керсетілгендей, бұл кезде Жетісу облысы құрамына Лепсі, Қапал, Жаркент және Верный уездерімен қатар       Пішпек және Пржевальск уездері, яғни солтүстік және солтүстік-шығыс қырғыз жерлері де енген еді.

Шкапский мен Тынышбаев бұл мәселелерді орталық билік алдына қоя отырып, оларды шешуге Уақытша үкіметтің, орыс демократиялық интеллигенциясының көмектесетіндігіне шын көңілден сеңді. Мәселен, Шкапский мамыр айы бойы барлық уездер мен болыстарда, Қытайға қарасты Шығыс Түркістаннан қайта оралған босқындар арасында болып Верныйға келген бетте Петроградқа 11 адреске, атап айтқаңда, Министрлер Кабинетінің төрағасына азық-түлік, егіншілік, юстиция, оқу-ағарту министрліктеріне, Түркістан Комитетшің төрағасы Щепкинге, Мемлекеттік Думаның мұсылман фракциясына, «Дело народа», «Единство», «Речь» және «День» газеттерінің редакцияларына жеделхат жолдап, онда ел ішіндегі жағдайдың қайғылы сипатынан хабар беріп, «Бірінші маусымда уездік комитеттің, комиссняның басқа мүшелерімен бірге Жырғалаң және Түп өзендерінің жоғарғы сағасына келіп жеткен Қытайдан оралған қырғыздардың үш қосында болып қайттым. Олардың ауыр тұрмысы адамды есеңгіретіп тастағандай. Адамдардың үстіне киген киімдері алба-жұлба, әбден тозған, балалар өте аз, барларының көпшілігі тамақтың жетіспеуінен рахит ауруына шалдыққан. Бой жеткен кыздар мен жас келіншектер жоқтың қасы, олар қытайлық  Түркістанда нанға сатылған. Киіз үй дегеніміз  таяққа кыстырылған ескі киіздің қиындылары, мал басы өте аз, оны да Қытай жерінде тонап алған. Таудағы керемет жайлаулар өмірсіз. Ең жаманы сол қырғыздар аштықтан қырыла бастады. Қарқараға бара жатқан жолда көмусіз қалған жиырма адам тәнін кездестірдік, олардың арасында бірнешеуі балалардікі. Орыстардың қырғыздарға қатынасы адамгершілікке жатпайды. Олардан шыққан қарақшылар қарғадай тап беріп, қырғыздардың Қытай, Түркістаннан аман алып келе жатқан малдарын тартып алуда. Мен келер қарсаңда  түпкі демалысқа келген солдаттардан құрылған бандылар шабуыл жасап, жұмыс істету үшін малымен үш отбасын ала кеткен. Жолда оларға малдарын сойғызып, астырып, тамақ ішіп болған соң ақшаларын алып, өздерін атып кеткен. Аман қалған бір әйел маған келіп, болған істі түсіндіріп, шалажансар жас сәбилердің өлген ата-аналарының үстімен қалай еңбектеп жүргенін көзімен көргенін айтты. Қарақшыларды іздеу басталды. Бұл жалқы көрініс емес».

Жергілікті жағдайды жақсы білетін О.А.Шкапскийдің  пікірінше, Жетісу өлкесінің өркениет жолына түсе алмай келе жатуының бірден-бір себебі «идеялык қызметкерлердің өлке үшін жаны ауыратын басшылардың тапшылығынан еді. «Бай, сұлу өлке ондаған жылдар бойы идеялық басшыларсыз өмір сүрді, енді оған көнуге болмайды. Жолдас халықшылдарды, социал-демократтарды, меньшевиктерді және басқа партия өкілдерін мұнда келіп  кызмет жасауға қалдырамын! Большевиктерді шақырмай, демагогтар мұнда да жеткілікті, олардың санын көбейтудің  қажеті  жоқ» деп жазды О.Шкапский. Мұндай үндеуін ол сондай-ақ  ресейлік мұсылман қоғамдарына да арнады.

М. Тынышбаев пен О.Шкапский мамыр айында облыстағы елді мекендерді аралау кезінде дағдарысты жағдайды жөндеуге бағытталған алғашқы шараларды іске асырғанын байқаймыз. Мәселен, олар тоқтаған жерлерінде ұйымдастырылған митингілерде сөйлеп, Уақытша үкімет атынан 16 жылғы көтеріліс сарбаздарына амнистия жариялайды, халықты 1917 жылғы салықтан босатады, барлық азаматтардың кұқықтык теңдігін мәлімдейді, қырғыз халқы арасындағы манаптық лауазымды жояды.

Өздерінің  бұл шараларына байланысты О.Шкапский: «Алым-салықты жинау әрқашанда халықты тонаумен қатар жүреді. Шығын деп аталатын кез келген жинаулар, солардың ішінде салық та халыққа ауыр жүк болып батып, оның үлкен бөлігі манаптардың тамағына түседі. Алым-салық жинауды тоқтату онсыз да қытайлықтар мен орыстардың тонауына ұшыраған халықты одан бетер талаудан сақтау әрекеті болатын. Дегенмен, манаптық үстемдікпен күресу үшін бірлі-жарым шаралар аз, демократиялық өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға, ағартушылық ісін дамытуға бағытталған мақсатты жұмыстар атқару керек»,— деп жазды.

Түркістан Комитеті мүшесінің манаптардың әлеуметтік рөліне қарсы айтылған бұл пікірін жай мәлімдеме емес, нақты әрекеттің көрінісі есебінде  қабылдауға  болады. Өйткені, 1917 жылғы 31 мамырда Петроградта жүрген Демкинге берген жеделхатында ол: «Бүгін Қарқарадағы қырғыздарға жүріп барамын, онда қырғыздарды манаптардан бөліп, әлеуметтік реформа бастамақ ойым бар. Феодалдық құрылысты қирататын мезгіл жетті» деп көрсеткен еді. Шкапскийдің бұл жолғы Қарқараға аттанған сапары немен аяқталғанын айту қиын, өйткені ол жөнінде құжаттар жоқ. Бірақ басқа деректерден осы жазда Прежевалскіде тоғыз бірдей манап абақтыға жабылғанын байқаймыз. Оларды тұтқынға алуға негіз болған Пржевалск уездік шаруалар кеңесінің қаулысы еді.   М.Тынышбаев Шкапский мен облыстық комиссар Шебалинге жолдаған жеделхатында бұл шараны асыра сілтеушіліктің көрінісі есебінде бағалап, істі тезірек қарап, манаптарды абақтыдан босатуды өтінеді.

Шілде айына қарай облысты басқару мекемелерінде де біраз өзгерістер болады. Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі О.Шкапскийдің 1917 жылғы 19 шілдедегі № 17 қаулысы бойынша облыстық комиссар болып П.И.Шебалин, Облыстық атқару комнтетінің төрағасы болып Д.Д.Новак, облыстық комиссардың орынбасарлары болып И. Жайнақов пен Н.Д.Мелешко бекітіледі. Бұл мезгілге дейін уездік комиссарлар болып Әбдікәрім Сыдықов, Алматыда Ибраим Жайнақов, Лепсіде уездік комиссардың орынбасары болып Отыншы Әлжанов, Жаркентте осындай кызметке Тубек Есенғұлов тағайындалған болатын. Сондай-ақ Нарындағы комиссарлық қызметке ішкі Ресейде кызметте жүрген штаб-капитаны Нияз Бекімов шақырылады. Нақ осы мезгілде Тынышбаев пен Шкапскийдің өтініші бойынша босқын қырғыз және қазақтармен жұмысы қанағатсыздандырарлық деп бағаланып, Ресейдің Құлжа қаласындағы консулы Бродянский қызметінен босатылады.

Өздерінің әкімшілік кызметке адамдар іріктеу принципі жөнінде             О.Шкапский 28 шілдедегі қаулысында: «Жетісу облысындағы әкімшілік қызметтерге адамдар тағайындауда біз Тынышбаев екеуіміз әруақытта халықтың пікірін есепке алып, белгілі бір қызметтерге халықтың өзі сайлаған адамдарды ғана бекіттік»   деп    көрсетті.

Шілде айына қарай облыстағы жағдай мүлдем шиеленісіп кеткен еді.  Ол ең алдымен переселендердің Қытайдан оралған босқындарға жасаған зорлығының өрши түсуінен және орыс селоларының аш қазақ және қырғыз ауылдарына, босқындарға астық сатудан үзілді-кесілді бас тартуынан анық байкалды. Осыған байланысты Уақытша үкімет комиссарлары Тынышбаев пен Шкапский мынадай шараларға көшкен еді. Біріншіден, олар, Ресей Сыртқы істер министрлігі арқылы Қытай аумағындағы босқындарды кейін кайтаруды кідірте тұруды және Құлжадағы кытайлық билік орындарынан босқндарды тонауды тоқтатуды талап етуді сұрайды, екіншіден, Қытай жерінен оралған босқын қырғыздарды біржола қырып алудан сақтау үшін, оларды кабылдауға тілек білдірген қазақ жеріне (Қызылберік болысы, Лепсі және Қапал уездері уақытша орналастыруға көшеді, үшіншіден, тез арада астық монополиясын енгізе отырып, босқындар көбірек шоғырланған жерлерден аштарды тамақтаңдыратын асханалар ұйымдастыруға уезд басшыларына нұсқау береді.

Міне, осы тұста М. Тынышбаевтың жергілікті жағдаймен жете таныс саяси қайраткер екендігі айқын байқалады. Оның дағдарысқа қарсы күресі мынадай екі бағытта жүреді. Біріншіден, ол Жетісудағы жағдайға қазақ қоғамының, жалпы ресейлік мұсылман қауымының назарын аударуға тырысады және екіншіден жағдайды шұғыл өзгерту үшін Түркістан комитеті тарапынан қажет қолдау таба алмаған соң, орталық билікпен келіссөздер жүргізу үшін Петроградқа аттанады. Енді қысқаша өз ретімен М. Тынышбаевтың осы екі бағыттағы қызметіне тоқталайық.

М. Тынышбаев Уақытша үкіметтің комиссары қызметінде жүріп Жетісу трагедиясының ауқымын, оның бүкілхалықтық мәнін көрсететін мақалалар мен түрлі хабарларды «Қазақ» газетінде үзбей жариялап тұрады. Бұл материалдардың кезінде қырғыз және қазақ босқындары мәселесіне барлық қазақ қоғамының, әсіресе ұлттық интеллигенцияның назарын аударуда атқарған рөлі аса үлкен еді. «Қазақ» газеті 1917 жылғы 24 маусымдағы санында «Мұхамеджан Тынышбайұлының жинаған мағлұматынша, Қытай жеріне (Құлжа һәм Қашқар өлкелеріне) босқын қырғыз, қазақтың саны 164 мың адам екен. Сонан үстіміздегі шілденің біріне шейін қырылғаны 83 мың, жеріне қайтқаны 69 мың, Қытай жерінде қалғаны 12 мың.

Біз бұрын қырғынға ұшыраған жалғыз қырғыз деп жүруші едік, Мұхамеджанның айтуынша, Жаркент уезіндегі албандардың (Ұлы жүз) босқыны, қырғыны қырғыздардан кем емес екен.

Алаштың азаматы! Тағы да құлақтарыңа саламыз: қырғыз-қазақ бауырларыңды ұмытпа!» деп жазған болатын.

М. Тынышбаевтың бұл жолғы босқындар жөніндегі есебі толық емес-тін. «Қазақтың» кейінгі сандарында ол Жетісудағы ағайынды қырғыз бен қазақ елдерінің басына түскен босқыншылықтың шын ауқымын көрсететін деректік материалдар жариялайды. Мәселен, ол «Қазақтың» осы жылғы 254-санында Жетісу облысындағы қазақ және қырғыз уездеріндегі болыстардан Қытай асқан отбасы және адамдардын, санын кесте түрінде беріп, «Жоғарғы 44 болыс елде барлығы 47 мың 759 түтін бар, сонан қашқаны 40 мың 250 түтін, қырылғаны 95 мың 200 жан болады. Бұл есепке қарағанда, бұл елдердің босқындарынан жартыға таяу адамы қырылған».

М. Тынышбаев, А. Найманқожаұлы жәнс С. Ювашевтың қазақ және қырғыз босқындары жөнінде «Қазақ» газетіне жариялаған материалдары, түрлі адрестерге жолдаған жеделхаттары барлық қазақ облыстарында, әсіресе оқушы, дін қауымы, интеллигенция арасында босқын қырғыздарға жәрдем жинау козғалысының басталуына түрткі болады. Мамыр айының соңына карай Құлжадағы жәрдем комитеті атына Алматы қазақ комитетінен 10 мың сом, «Уақыт» газеті басқармасынан 598 сом 22 тиын, Ырғыз уездік қазақ комитетінен 251 сом 65 тиын, Павлодар мұсылмандары комитетінен 275 сом, Ақтөбе мұсылмандары бюросынан 300 сом, Семей мұсылмандары комитетінен 1000 сом, Түркістандағы Нәсіровтен 100 сом, Омбы имамы Понамаревтан 117 сом Троицкідегі Яушевтен 835 сом, Құлжа мұсылмандарынан 1240 сом, барлығы 14716 сом каржы жиналады.

Босқыншылыққа ұшыраған қырғыз жұртына көмек ұйымдастыру барысында қазақ және қырғыз халықтарының өзара туыстық қатынасы жаңа қырынан көрінеді. Қиын-қыстау кезеңде ағайын екі елдің өзара жәрдем ісіне ұлттық зиялылар белсенді түрде араласа бастайды. «Қазақ» газеті 1917 жылғы 11 маусымдағы санында кырғыз елінің басына түскен ауыртпалыққа байланысты бір топ қазақ зиялыларының қазақ еліне үндеуін жариялайды. Үндеуде: «Бір жағынан қарыз ақша беріліп, бір жағынан жәрдем жиналса, қазіргідей қымбатшылық заманда кырғыз сияқты ішерге тамағы жоқ, киерге киімі жоқ, паналарға үйі жоқ жұрдай болып сорлаған жұрттың мұқтаждығын өтерлік қаржы сонда ғана құралмақшы.

Аңсап өлейін деп жатқан адамның аузына су тамызғандай аз-көп демей әркім әліне қарай жәрдем ету әуелі адамшылық, екінші ағайыншылық жүзінен кімге болса борыш» деген сөздер бар еді.

Бұл мезгілде босқын қырғыздарға көмек ұйымдастыру ісіне байланысты Түркістан Комитеті мүшелері арасында да өзара пікіралысу болғандығы байқалады. Мәселен, О.Шкапский 12 маусымда Жаркенттен Орынбордағы Ә.Бөкейхановқа жеделхат жолдап, онда босқын қырғыздарға жәрдем ұйымдастыруға қатысты жасап жатқан істерін баяндап, соңында «Миллиондап жәрдем керек, «Қазақ» газеті жиһат ете көрсін» деген тілек айтады. Ә. Бөкейханов өз ретінде М.Тынышбаевқа жеделхат жолдап, үкіметтен жәрдем ақша сұрауға кеңес береді. Жауап жеделхатында Тынышбаев та: «Қырғыздардың халі нашар, сорлыларға басы аман алаштың азаматы қараса көрсін» деген өтінішін білдіреді.

Ташкент, әрине, Тынышбаев пен Шкапскийдің өтініштерін қабылдамай тастайды. Бірақ Түркомитет түрлі күштердің талап етуі нәтижесінде тамыз, қыркүйек айларында бірнеше шараны іске асырады. Олардың арасында Жетісу облысында әскери жағдай жарияланып, астық монополиясының енгізілуі, Пржевальск уезіне Қарақшылық істерді тексеру үшін тергеу бригадасының жіберілуі бар еді, 7 қазанда көп күттірген 11 млн 150 000 сом қаржының Алматыға жіберілгендігі туралы хабар да жетеді.

Бұл бөлінген қаржының ашаршылыққа ұшыраған бос пиғылдарға жұмсалуы барысы туралы М. Тынышбаев үлкен ыждағаттылықпен есеп беріп тұрды. Солардың бірінде ол былай деп жазған еді:

«10 болыс Пішпектің тау қырғыздарында өз күнін өзі көре алатын азын-аулақ астық бар. Нарынның 12 болысы біздің сөзімізге тоқтам кылып, береке-бірлік етіп, өз арасынан реквизиция қылды: бидай жиып, ақшаға бағалап, араларындағы аш-жалаңашқа беріп жатыр және 2—3 мың пұттай астықты Қошқардағы 3 болыс ағайындарына жіберді.    Тәртібі ел алдында    инабатты Шоқа батырдың баласы Қазадай адамдары һәм қазақ офицері Бекімовтей комиссар болып, бұл Нарын жағынан көңіліміз көтерілгендей болды.

Ең қиыны болып тұрған Улахолдағы 7 болыс қырғыз. Бұлардың комиссарына 60 мың сом жіберіп едік, астық сатып ала алған, ала алмағанын білер едік. Нарынға 40 мың жібердік. Тоқпақ төңірегіндегі қырғыздар үшін Шишюк комиссарына 60 мың сом жібердік. Бұл жерде бидай болмаса да, жақындағы дүкендерінде күріш көп екен. Жаркент уезіндегі қырғыз һәм қазақ үшін 60 мың сом жібердік. Жаркент комитеті (әсіресе доктор Түбек Есенғұлов) жаздай аянбай астык тасып тұр. Құлжадағы жаңа консулға сонда қалған қазак-қырғыз үшін 60 мың жібердік. Жаңа өкімет шығарған 5 миллионды босқыннан қалған қазақ-қырғыздарды енді бұдан былай тірі сақтауға қайыр етпекші болдық. Жетісудан киізді тысқары жібертуді қойғызып, бәрін сатып алып, босқындарға таратпақшы болдық. Бірақ 5 миллион қысқа карсы келіп, арзан уақытта, бар уақытта еш нәрсе ала алмадық. Қолымыздан келгенше әрекет жасадық, бірақ жазға шейін қаншасы тірі қалып, каншасы қырыларын бюлжай алмаймыз… талай өлім-жетім қалған, талай зорлық-қорлық көрген бейшара тірі бауырларым енді аман қалсын деп тілеймін».

Архивтік құжаттар қырғыз және Қазақтарға бөлінген қаржының орыс шаруаларынан астық, Шығыс Түркістан базарларынан мал, сондай-ақ, ел арасынан киіз үй, дәрі-дәрімөк алуға жұмсалғандығын және мұқтаж босқындарға тегін үлестірілгендітін көрсетілді.

Шамамен, шілде айына бастап Тынышбаев пен Шкапскийдің тікелей басшылығымен орыс селоларындағы шаруалар мен кулактардың қолында бар артық астықты реквизициялау басталады. Бұл шараға қарсылық көрсеткен адамдар абақтыға жабылады. Мәселен, қазан айында Түркістан комитеті мүшелерінің бұйрығы бойынша Верный уезі Михайловск селосының 9 шаруасы 1 айдан абақтыға отырып шығады. Орыс шаруаларынан артық астықты алу ісін белсенді түрде іске асырған. Пішпек уездік азық-түлік бөлшінің төрағасы Петропавлов еді. Ол переселен шаруалардың қарсылығын күшпен баса отырып, уездегі ашаршылықпен күресуге елеулі еңбек сіңіреді. Бірақ Петропавловтың бұл қимылын қаламаған уездік азык-түлік съезіне қатынасқан орыс делегаттары оның қызметінен кетуін талап етеді. Қырғыз жұртынын көрсеткен қолдауына карамастан Петропавлов жұмысын тастауға мәжбүр болады.

Күзге қарап М. Тьшышбаевтың, тікелей басшылығымен босқын кырғыз бен қазақтар шоғырланған жерлерде оларды тегін тамақтандыратын асхана пункттер ашыла бастайды. Бұл кезде аштық қазақ және орыс ауыл, селоларын да қамтыған еді. Жаркент уездік комиссары облыстық комиссияның отырысында сөйлеген сөзінде 1917 жылдың соңына қарай уезде 14 албан болыстарының және 10 орыс селоларының астықсыз отырғанын хабарлайды. Мәселен, 27 қазанда Тынышбаевтың же-делхат аркылы берген тапсырмасы бойынша, Пішпек уезіне қарасты Қарақоныз және Оңтар деген елді мекендерде екі тамақтандыру пункті ашылады. Ал жылдын соңына қарай Пішпектің өзінде мың адамдық осындай пункт ұйымдастырылған еді.

Аштыққа карсы күресте маңызды рөл атқарған бұл пункттерді ұйымдастыруда, жалпы осы мазмұндағы шараларды іске асыруда қайраткер    М. Тынышбаевтың еңбегі зор болатын. Бұл пікірдің шындықтан алшақ еместігін дәлелдейтін фактілер жеткілікті, біз олардың бірін ғана келтірумен шектелмекпіз. М. Тьшышбаев Петроградта жүргенде Нарын уезіндегі аш босқындарға азық-түлік жеткізуге байланысты қиындықтар туады. Оған уездегі комиссар Зиман бастаған теріс шығыстағы переселенде топтар кінәлі еді.           О. Шкапский Нарынға жеделхат жолдап, онда былай деп көрсетеді: «Комиссар Зиминге. Азық-түлік Комитетінін қайта оралып жатқан қырғыздарды тамақтандыратын пункттеріді ұйымдастырудан бас тартуын орыс революциясының рухына сай келмейтін әрекет есебінде бағалаймын. Бірнеше адам қарсы болғандықтан бұқараны нансыз қалдыру қатыгездік. Тынышбаев Петроградта, ол қайта оралғанша қырғыздар қырылып қалмасын. Нарындағы орыс демократиясы адамгершілік көрсетеді деп  сенемін».

М. Тынышбаевтың және ол сияқты қазақ зиялыларының белсенді саяси қызметі шовинистік, ұлыдержавалық пиғылдағы ескі және жаңа орыс чиновниктерін терең ойда қалдырған еді.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.