Аграрлық өндірістің жер ресурстары

Аграрлық өндірістің жер ресурстары және жерді пайдаланудың тиімділігін арттыру жолдары.

Мақсаты: Аграрлық өндірісте жерді өндіріс құралы еңбек заты және құралы ретінде қарастыру

Жоспары:

  1. Жер ресурстарының түсінігі оның мәні мен ерекшеліктері.
  2. Ауыл шарушылық жерлерінің құрамы мен құрылымы.
  3. Жер арендасы  мен рыногы.

1.Жер ресурстарының түсінігі оның мәні мен ерекшеліктері. Ауыл шарушылық ресурстар жүйесінде негізгі орынды жер ресурстары алады. Жер ауыл шаруашылығында басты өндіріс құралы болып табылады. Өндіріс құралы ретінде жердің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар келесілер. 1. Жер табиғат байлығы тек жердің жоғарғы қабатының топырақтың құнарлығы аздап қана еңбек нәтижесіне ұштасады. 2. Жер таптырмайтын дүние оның өндірістің басқа құралымен ауыстыруға келмейді. Онсыз ауыл шаруашылығында әсіресе егіншілікте өндірістік үрдіс жүзеге асыра алмайды. Жерді өндіріс құралы ретінде пайдалану, орын тұрақтылығымен және жердің кеңістікте шектелгенімен байланысты болады. Сондықтан ауыл шаруашылық өндірісі бұл үшін лайықты жер қайда бар болса сол жерде жүзеге асырылады. Ал еңбектің өзге жарақтарын өндіріс орнына алып баруға болады.

Жер учаскілері құнарлылығы бедері орналасқан орны бойынша бір- бірінен ерекшеленеді. Мұны ауыл шаруашылық өндірісін жоспарлау мен орналастыру кезінде сондай – ақ жер бағасын жер салығын және аренда ақысын анықтаған кезде ескеру қажет. Жер қоры көздеген мақсаты бойынша жеті категорияға бөлінеді.

  1. Ауыл шаруашылық өнімін өндіруге арналған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер.
  2. Тұрғын мекендер шекарасы шеңберінде тұрғын мекендерге қарасты жерлер.
  3. Бұл өнеркәсіп көлік байланыс қорғаныс жерлермен өзге жерлер.

4.Табиғатты қорғау сауықтыру, тыңайту жөніндегі тарихи, мәдени мақсаттағы жерлер.

  1. Орман қорының жерлері.
  2. Су қорының жерлері.
  3. Мемлекеттік қор жерлері.

 2.Ауыл шарушылық жерлерінің құрамы мен құрылымы. Нарықтық қатынастарға көшуге байланысты Қазақстанда 1995 ж бастап жер қатынастарын өзгерту мен жаңа жер пайдаланушыларды құру сондай-ақ жер рыногын қалыптастыру болып табылады. Үкімет шешіміне сәйкес қазіргі кезеңде жекешелендіруге жатпайтын ғылым мен білім жүйесіндегі ауыл шаруашылық кәсіп орындары мемлекеттік болып қалды. Жер қорын қайта бөліске салу өтті. Жерде шарушылық жүргізудің алуан түрін қалыптастырудың іргесі қаланды.  Бұрынғы кең шаралармен ұзын шаралар жерге және өндіріс құралдарына ұжымдық  үлестік меншік түріндегі кәсіп орындар қайта құрылды. Акционерлік қоғамда шаруашылық серіктестіктері коперативтер шағын кәсіп орындары шаруа қожалықтары және олардың ассоцациялары 2008 ж 1 қаңтар жағдайы бойынша облыстағы ыл шаруашылық тауар өндірудің құрылымын 24013 ауыл шаруашылық кәсіп орындары 7034 шаруа фермер қожалықтары және 3478 мың және қосалқы үй шаруашылықтары құрады. Жылдан жылға рынокқа сай ауыл шаруашылық өндірісінің үлгісі ретінде шаруа фермер қожалық үлесі арта түседі .

 3.Жер арендасы  мен рыногы. Ауыл шаруашылық кәсіп орындарының мемлекеттік емес түрлері 1999 жылдың аяғына қарай басым болды. Жекеменшік жерді иемденуге үлес салмағы бойынша 99 % ал жер пайдалану сандары бойынша 98 % жетті. Ауыл шарашылығының қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарға арнаоған жер ауыл шауашылығы мақсатындағы жерлер жер деп табылады. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер құрамына ; ауыл шарушылығындағы алқаптары мен ауыл шаруашылық жұмыс істеуіне қажетті ішкі шаруашылық жолдары коммуникациялар тұйық су айдындары, мелероциялық жүйе, қора жайлар мен ғимараттар орналасқан жер сондай-ақ басқа да алқаптар жатқызылады. Ауыл шаруашылығы алқаптары ерекше қорғалуға тиіс ауыл шаруашылығы алқаптарына: егістіктер тыңайған жер көп жылдық екпелер, егілген жер, шабындықтар мен жайылымдар жатады. Егістік жүйелі түрде өңделетін және көп жылдық шөптердің егістігін қоса алғанда ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігінде пайдаланылатын жер учаскілері сондай – ақ сулы жер. Тыңайған жер – бұрын егістік құрамына болған және күзден бастап бір жылдан аса ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылатын жер учаскісі. Көп жылдық екпелер жеміс – жидек техникасының және дәрі дәрімек өнімдерін түсімін алуға сондай-ақ аумақты сәндеп безендіруге арналған қолдан отырғызылған көп жылдық ағаш бұта екпелеріне пайдаланылатын жер учаскілері.

Табиғи шабындықтар мен жайылымдар шөп шабуға және жануарларды жоюға жүйелі түрде пайдаланылатын жер учаскілері.

Суландырылған жайылымдар – тиісті мал басын сумен қамтамасыз ете алатын су көздері.

Ауыл шаруашылығындағы жерлердің жалгерлері ауыл шаруашылығына өткізу үшін өндіруді ұйымдастыру мақсатымен яғни тауарды өндіру үшін жүзеге асырылады. Жерді жалгерлікке арендаға жер пайдаланушылардан да жекеше жер иемденушілерден де алуға болады. Көбінесе шаруа қожалықтары өздері жер иемденуші бола отырып басқа фермерлерден де ұжымдық шаруашылықтардан да жерді жалгерлікке қосымша ала алады. Жалгерлік дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде де кеңінен таралған. Бұл ретте ауыл шаруашылығының тиімділігі міндетті түрде жерге жекеменшік болумен байланысты емес. Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде табиғат ісіне көп көңіл бөлінеді. Ұлыбритания, Дания, Белгия фермерлері әкімшілікпен ұзақ мерзімді келісім жасайды. Соған сәйкес екінші диқан табиғат қорғауды қамтамасыз ететін техникалық тәртіпті сақтауға және мемлекет тарапынан белгілі бір өтемдер берілген кезде жер бедерін ландышафтың бүтін сақтау жөнінде шаралар қолдануға міндеттемелер алады.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.