Аграрлық өндірістегі тауарлық және жалпы өнім

Жалпы және тауарлық өнімдер түсінігі. Жалпы өнім дегеніміз – барлық өндірістік ресурстарды қоса алғандағы шығарылған өнімдердің құны. Ол, ауыл шаруашылығы өнімінің белгілі бір кезеңдегі өндірілген жалпы санын көрсетеді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, кәсіпорынның өндірістік қызметінің анықтаушы нәтижесі болып, табылады. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің құрамына мыналар кіреді:

— кәсіпорынның негізгі өнімі: астық, картоп, көкөніс, сүт, ет, жүн;

— мал және құс төлдері және оның тірі салмағының артуы;

— көп жылдық көшеттердің, аяқталмаған құрылыстардың құны;

— негізгі өніммен бір мезгілде алынатын қосалқы өнім.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімін табиғи және құндық түрде есепке алады.

Жалпы өнім табиғи өлшемде центнер, тонна, дана және басқада түрлерде

есептеледі. Ауыл шаруашылығы өнімдері өздерінің арналымына қарай екі бөлікке бөлінеді:

— ауыл шаруашылығында өндірістік қажеттілікке тікелей тұтынылатын өнімдер;

— өткізу үшін пайдаланылатын өнімдер.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімдерінің жиынтық белгісі құндық көрсеткіштерде көрінеді. Ауыл-шаруашылығы  жалпы өнімдерін құндық өлшемде есептеу,келесі көрсеткіштерді анықтау үшін қажет:

— елдің  жиынтық жалпы өніміндегі ауыл шаруашылығының құрлымдық үлесін анықтауда;

— ауыл шаруашылығы өндірісінің салалық құрылымының динамикасы мен деңгейін анықтау;

— өнім өндірісіндегі жекелеген шаруашылықты жүргізу түрлерінің рөлі және маңызын;

— өндірістің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері.

Тауарлық өнім барлық тораптар бойынша өткізілген ауыл шаруашылығы

өнімдерінің сатылған көлемін көрсетеді. Тауарлық өнімдер табиғи және құндық

түрінде болады. Табиғи түрде кәсіпорындар өндірілген өнімнің жеке түрлерін өткізеді: астық, картоп, көкөніс, сүт, ет.Кәсіпорынның өткізілген өнімінің жиынтық көлемі  құндық түрде анықталады.

Жеке өнім түрлерінің (астық, картоп, сүт және т.б) тауарлық деңгейін анықтау үшін жалпы және тауарлық өнімдер мөлшерінің табиғи өлшемі (кг, т және сол сияқты) қолданылады. Барлық ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының тауарлық деңгейін анықтауда жалпы және тауарлы өнімдердің құндық көрсеткіштері  қолданылады. Осыған байланысты, жалпы және тауарлық өнімдердің бірыңғай бағада есептелгені өте маңызды болады. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің басты өсу бағыты химияландыру, мелиорациялау және кешенді механизациялау негізінде, өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы салаларын жүйелі интенсивтендіру болып табылады.

Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы өндірісінің тауарлық деңгейін арттырудың  негізгі жолдары мыналар:

— өндіріс қажеттілігіне өнімнің ішкі шаруашылық шығындарын қысқарту;

— тұқым және азық сапасын жақсарту, оларды үнемдеп жұмсау;

— өндіріс, сақтау, тасымалдау және өткізу үрдісіндені өнім шығындарын қысқарту.

2.Ауыл шаруашылығы өнімдерінің түсінігі және өткізу шарттары. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сату оны өндірушіден тұтынушыға қозғалысы жолындағы өткізу үрдісіндегі экономикалық белсенділікті көрсетеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу келесі шарттарға байланысты болады: ауыл шаруашылығы шикізаттарының және дайын азықтық өнімдердің табиғи қасиеттеріне; тұтынушы шығындарының артықтығы және мақсаттылығы; -ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді және тұтынушыларды аумақтарға қарай бөлу; сауда және өңдеу секторларындағы өндіріс технологиялары және шығындары. Аграрлық өнімдердің жекелеген түрлерінің сауда кезеңдері арқылы өтуі, олардың өндіріс орындарының аумақтық бөлінісіне және өнімдердің әртараптануына байланысты болады. Көтерме азық-түлік нарықтарының жүйесі келесі міндеттерді орындауы тиіс:

— халықты жоғары сапалы азық түлік өнімдерімен үздіксіз және тәулік бойы қамтамасыз ету;

— ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін және олардың өнімін тұтынушыларды бәсекеге қабілетті нарыққа тұрақты шығуын қамтамасыз ету;

— ірі қалаларға және өнеркәсіптік орталықтарға азық түлік өнімдерінің тиімді таралуын арттыру;

— тауардың соңғы тұтынушыға қозғалыс үрдісін жылдамдатуға жағдай жасау;

— сатып алушылар және сатушылар арасындағы өзара есептесуді және төлемдерді оңайлату.

Осы жағдайлардың барлығын бәсекеге қабілетті ауыл шаурашылығы өнімдерінің нарығын құруда есепке алу қажет.

Нарықтық қатынастар жағдайында ауыл шаруашылығында өнімді өткізу үшін бірқатар салықтар пайда болды және олардың қызмет етуі үшін қажетті жағдайлар жасалды.

3.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізудің тораптары мен жолдары. Өнімді өткізу тораптары дегеніміз қандайда тауар түрінің меншік құқығын өзіне немесе өзге тұлғаға беру үшін делдалдар немесе қатысушылар түрінде болатын ұйымдар мен тұлғалардың жиынтығын білдіреді. Бұл, өнімді өндірушіден тұтынушыға жеткізу мақсатындағы экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және басқа да үрдістер жүйесінің өзара әрекеті.

Өткізу тораптары тура және жанама болып бөлінеді. Тура тораптар, тәуелсіз делдалдарсыз,тауардың өндірушіден тікелей тұтынушыға ауысуындағы тауар қозғалысын білдіреді.

Жанама тораптар өнімді тауар өндірушілерден сатып алып, тұтынушыға жеткізетін, тәуелсіз делдалдарды пайдалану арқылы өткізеді. Делдал ретінде мемлекеттік ұйымдар, тұтынушылар кооперациясы, сауда және өнеркәсіптік кәсіпорындар болуы мүмкін.

Нарықтық жағдайда ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізудің негізгі тораптары мыналар жатады: мемлекетке сату және кәсіпорынның қалауына қарай еркін өткізу.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізудің тораптары мен жолдарын таңдау,өткізу саласында трансакциондық шығындар атауын алған, бірқатар шығындарға байланысты. Трансакциондық шығындар серіктестіктерді  таңдау, келісім-шарттар жасау, сонымен қатар меншік құқығын алуға қатысты шығындарды көрсетеді.

Трансакциондық шығындарды төмендетуге айырықша әсер ететіндер:

—   ақпараттық нарықтар жүйесінің болуы;

— тауарөндірушілерді заң актілерімен,басқа да құқықтық және нормативтік құжаттарымен қамтамасыз етілуі;

— экономикалық кеңістіктегі өнімнің ауысу мүмкіндігі;

— өнімді өткізу жолдарын таңдау.

4.Ауыл шаруашылығы өндірісінің орналасуы мен кооперациясының мәні. Ауыл шаруашылығында белгілі бір өнім өндіруде, өндіріс тиімділігі мен рентабельділігін көтеру, өнімнің өзіндік құқын түсіру және қоғамдық еңбекті үнемдеу мақсатында түрлі территориядағы табиғи және экономикалық жағдайлардың артықшылығын пайдаланудың ғылыми-техникалық және әдістемелік негізі болып территориялық еңбек бөлінісі саналады.

Ауыл шаруашылығының орналасуы – бұл қоғамдық еңбек бөлінісінің нақты аймақтық формасы (түрі). Сонымен ауыл шаруашылығының орналасуы деп – түрлі ауыл шаруашылық өнімдері өндірісінің және салалардың экономикалық аудандарға, табиғи – шаруашылық зоналарға, ауыл  шаруашылық мекемелерге, ал шаруашылық ішінде бөлімшелерге, бригадаларға территориялар бойынша бөлінуін айтады.

Мысалы: өнеркәсіппен сауданың жер өңдеу ісінен бөлінуі қаланың ауылдан бөлінуіне  алып келді. Бұл бірінші ірі еңбек бөлінісі. Ауыл шаруашылығында, мал шаруашылығының жер өңдеу ісінен бөлінуі – екінші ірі еңбек бөлінісі болып  табылады.

Кооперациялану деп – мекемелердің өзіндік дербестігінің сақтай отырып, белгілі бір өнім түрін бірлесіп өндіру үшін бірігуін айтады.

Шаруашылықтардың кооперациясы мен шаруашылық аралық кооперация-интеграцияның маңызды түрі болып саналады.

  1. Ауыл шаруашылық мекемелері арасындағы кооперациясы, яғни шаруашылық аралық кооперациясы деп аталады.
  2. Бүкіл ауыл шаруашылығының байланыстары агроөнеркәсіп кешенінің басқа сфераларымен (ауыл шаруашылығына өндірістік-техникалық қызмет көрсету, оны тұтынушыға дейін жеткізу сияқты) дамиды. Мұндай кооперациялану – агроөнеркәсіптік интеграция деп аталады.

Ауыл шаруашылығы өндірісін орналастырудың негізгі мақсаты – әр бір өнім бірлігіне ең аз шығын жұмсай отырып, өнім өндірісін ұлғайту үшін республикасын барлық шаруашылықтарын олардың материалдық өндіріс сферасына тарту.

Ауыл шаруашылығы өндірісін орналастыруда мынадай факторлар әсер етеді:

  1. Жалпы факторлар:
  • Барлық шаруашылықтардың мәдени жағынан көтерілуін қамтамасыз ету.
  • Экономикалық аудандардың қоғамдық, еңбек бөлінісі базасының кешенді дамуын қамтамасыз ету.
  • Тиімсіз тасымалдауды жою үшін өнеркәсіптің шикізат көзіне, ауыл шаруашылығының тұтынушыларға жақындалуы.
  • Еліміздің ауыл шаруашылығы саласын жақын және алыс шетелдермен экономикалық, байланысын дамыта түсу.

Өзіндік ерекшелік факторлары.

  • Ерекше өндіріс құралының (жердің) болуы.
  • Тірі организмдерге (өсімдіктер, мал) байланыстығы.
  • Табиғи-климаттық жағдайлар.

Мысалы: елімізде алты түрлі табиғи-шаруашылық зоналары бар:

  • Дала;
  • Шөл;
  • Шөлейт және т.б.

5.Агроөнеркәсіптегі  өндірісті орналастыру факторлары мен қағидалары. Экономикалық факторлар. Оларға: ауыл шаруашылығын орналастыруға әсер ететін өнеркәсіптің дамуы, халықтың тығыздығы және өмір сүру деңгейі мен тұтыну құрылымы, аграрлық өндірістегі техника мен технологияның өзгеруі, электр энергиясының, машина жасау т.б. өндірістердің даму барысы, ауыл шаруашылығын механикаландыру мен милиорациялау деңгейі, өнімге деген ішкі және сыртқы сұраныстың өзгеруі, мал шаруашылығы мен оны өңдеу мәдениеттілігінің жалпы жағдайлары жатады. Ауыл шаруашылық өндірісті орналастыру қағидалары деп – өндіргіш күштердің орналастыру әдістерінің бастапқы жағдайын түсіну қажет. Өндіргіш күштердің орналастырудың негізгі қағидалары:

  1. Республиканың халық шарушылығының кешенді дамытуы;
  2. Әртүрлі табиғи – экономикалық жағдайындағы шаруашылықтардың экономикалық даму деңгейінің теңестірілуі;
  3. Халық шаруашылық салалары (оның ішінде қайта өңдеу мен өнімдерді сақтау) тиісті ауыл шаруашылық шикізат көздеріне жақындатуы;
  4. Қоғамдық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын оңтайлы пайдалану;
  5. Қоғамдық, еңбекті барынша үнемдеу қағидасы;

6.Агробизнестегі өндірісті мамандандыру оның түрлері. Ауыл шаруашылық өндірісінің мамандандырылу негізі (ауыл шаруашылық өндірісті орналасуы сияқты) қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Ауыл шаруашылық өндірісінің мамандандырылуы – бұл жекелеген аудандарда, шаруашылықтарда, бір немесе бірнеше таңдаулы өнімдерді өндіруге барлық мүмкіндіктердің бағыттауы сонымен қатар мекемелердің өндірістік құрылымын сипаттайды. Мамандандырылуы келесідей бөлінеді:

  1. Зоналық немесе аудандық мамандандырылу;
  2. Шаруашылық және шаруашылық аралық;
  3. Ішкі шаруашылық және сала ішілік зоналық мамандандырылу.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.