АҚШ-тағы менеджмент

Өндіріс пен капиталдың шоғырлануының күшейуі, монополистік топтар арасындағы бәсеке күресінің күрт шиеленісуі,ғылыми-техникалық прогрестің жоғары қарқыны басқаруды жетілдіру жұмысында ұйымдық проблемаларды бірінші орынға қойды.Техникалық тұрғыда күрделі өнімдерді шығаратын американдық және жапондық ірі компанияларды салыстырмалы талдағанда,тек негізгі өндірісті автоматтандыруды инвестициялаудан (ұзақ мерзімді капитал жұмсаудан) гөрі,мамандықты арттыру мен ұйымдық басқару құрылымдарын жетілдіруді инвестициялау анағұрлым тиімді болатындығын көрсетті.

Сол себепті АҚШ-та өндірістік қызметтің ұйымдық нышандарын мемлекеттік монополистік капитализмнің жаңа жағдайына бейімдеу,өндірісті одан әрі қарқынды өркендету және неғұрлым көп пайда табу үшін ұйымдық ірі резервтерді пайдалану міндеттері қойылып отыр.

Орталықтан басшылық етуден гөрі,пайда табатын орталықтардың,бөлімдер мен кәсіпорындардың құқықтары мен жауапкершілігін ұлғайту АҚШ-тағы шаруашылық өмірде елеулі құбылыс болды.Осының нәтижесінде компанияларда жаңа бөлімшелер құрылды,бөлемше топтарының қызметін үйлестіретін арнайы жоғарғы басқарма енгізілді,штабтық органдар корпорацияның жоғарғы басшыларына қызмет көрсетуге көбірек көңіл бөле бастады,төменгі буындарда (зауыттарда) функциялық қызметтерді толық орталықтандыру жүргізілді.

Дракер “федералдық принцип” деген ұғымды енгізді,мұндай орталықтандыру өнеркәсіптегі ірі ұйымды жөнге салудың жаңа принципі болып саналады,әрі орталық та, ұйымның бір бөлігі де “жоғары”басшының қызметін орындай алады.

Дракердің ойынша “федералдық принципті”бірте-бірте қолдану мынаған негізделген:жоғарғы басшы кәсіпорынның ең басты мақсатын айқындайды,адам ресурстарын ұйымдастырады,болашақ әкімдерді таңдайды,даярлайды және сынайды,қызмет тиімділігін өлшеудің эталондарын белгілейді. Екінші жағынан әрбір бөлімшенің белгілі бір автономиясы болады,оның менгерушісі автономдық істің басшысы,ол өндіріс пен техникалық прогресске, өткізу мен сатып алуға,есеп беру мен қызметкерлергежауапты. Ол өзінің бөлімшесін біртұтас жүйе ретінде қарастырады.   [5,74-бет]

Друкердің пікірінше ұйымдастырудың федералдық принципі:

1.жоғары басшының өзінің тікелей қызметімен шұғылдануына мүмкіндік береді;

2.жергілікті жердегі жоғарғы басшының қызметін және оның проблемаларын түсінуге, әрі соның нәтижесінде жоғарғы басшының шешімдерін жергілікті денгейде ойдағыдай орындауға ықпал етеді;

3.еңбек өнімділігін әділ бағалауға қолайлы жағдай жасайды;

4.сабақтас проблемаларды шешіп, кең профильді басшыларды құруға және оларға жоғарғы басшыдағы проблемалар мен қызметтер туралы толық түсінік беруге жәрдемдеседі.

Корпорациялық басқарудың біршама шағын органдарына ірі инвестицияға байланысты дамытудың стратегиялық мәселелерін шешу шоғырландырылады.Әрбір бөлімше өз қызметін толық қаржыландырады,коммерциялық негізде кез келген ұйыммен серіктестік қатынас орнатады. Алайда,ұйымдық құрылым мәселелерінің күрделі іс екендігі соншалық,ұйымды құрудың әмбебап схемасын жасау мүмкін емес.

Қәзіргі Жапониядағы басқаруды американдық менеджеризм мен жапондық традиционализмнің қоспасы деп түсінуі қажет.Сондықтанда мұнда “менеджмент”термині толық сай келеді.Жапондықтардың өзіде,басқару туралы әнгіме болғанда,осы терминді қолданады.

Қазіргі кезде басқару саласындағы жапондық тәжірибеге американдықтар көбірек көңіл бөле бастады,атар айтқанда,мұның өзі Массанчусетс технологиялық институтында зерттелуде.

Жапонияда істі,өндірісті және басқаруды ұйымдастырудың  жоғары денгейі кімді де болсақайран қалдырады.Жапония — өндірістік қатынасты,сонымен қатар басқару сипатын айқындайтын монополистік капитализм мемлекеті.Франция мен Голландиямен қоса,Жапония экономиканы программалайтын копиталистік мемлекеттердің бірі.

Жапон экономикасының жетістігі басқарудағы әлеуметтік кәсіптік саланың қызметіне негізделген. Жапония өз экономикасын басқарудың бірегей жүйесі арқасында дамытты.Басқарудың табанды принциптері арқасында  көздеген мақсатына жетіп отырды.

Тұтастай алғанда экономикалық стратегия төрт негізге негізге сүйенеді:

экономикалық ресурстарды жинау және консервілеу;

елдің бәсекелесу қабілеттілігін жоғары денгейде ұстау;

адамдарды ғылыми-техникалық прогрестің талаптарына бейімделетіндей етіп баулу;

ғылыми зерттеулер мен ізденістерді интенсивтердіру.

Жапондықтарда әлемдік және ұлтық тәжірибе элементтерінің ең тиімдісі жинақталған.Американдық жапонтанушы Фогельдің деректеріне қарағанда,Жапония 1968 жылдан бастап 20 жыл бойы әлемдегі ең таңдаулы институттарды және мемлекет,бизнес,әскери іс білім беру мен өнер саласындағы басшылық етуді мұқиат зерттеді.

Жапондық менеджмент ерекшеліктері қызметшілерді басқару.

Жапонияда қызметшілерді басқару нақтылы, көбінесе дәстүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Оның ең бастылары: жұмыскерлерді ұзақ мерзімге,өмір бойы жалдау,жасына қарай еңбек ақы төлеу және қызметін жоғарылату болып табылады.Осының арқасында жапондықтар ұзақ уақыт бойы жұмыссыздықты барынша азайтып отыр.

Жапрон кәсіпорындарында жұмысшы тобында 4-6,кейде одан көп жұмысшы істейді.Ең қолайлысы 10-20 адам  болып табылады.Мұндай топта тығыз байланыс орнату, еңбек операцияларын бірлесіп орындау қамтамасыз етіледі.

Жапон кәсіпорындарында әрбір жас менеджерге қамқоршы,яғни американдық мамандардың айтуынша “Өкіл әке” тағайындалады. Өкіл әке орта денгейдегі беделді басшыдан таңдап алынады. Ол міндетті түрде өзі қамқорлыққа алған адам бітірген жоғарғы оқу орнының  түлегі болуы тиіс. Өкіл әкені ешқашанда тікелей басшысы немесе жас менеджер жұмыс істеп  жүрген бөлімшенің бастығы тағайындамайды.

Жапонияда  шешім қабылдаудың елеулі ерекшелігі – келісу принципі.Еуропалықтардың  шешім қабылдау  тәсілінен айырмашылығы – жапондықтар әуелі мәжілістер мен ресми емес келіссөздерде  түйінді мәселелерді көпшілік дауыспен шешіп алады. Олардың пікірінше,мұндай процедура бірауыздылыққа,келісіп әрекет жасауға ықпал етеді.

Жапон менеджменттеріне тән сипат фирманың корпоративтік рухы,мұның өзі өмірлік жалданатын жұмыскерлердің,олардың еңбек ақысының,жасының ұлғайуына қарай қызметінің жоғарылуының,шағын топтар психологиясын сіңірудің  тегеруінді күші болып саналады.

“Корпоративтік рух” ұғымы ұйымдық идеал мен соның жолын  ұстаушылық бірліктің, берілгендіктің көрсеткіші ретінде қабылданады. Жапон болмысында фирма идеясына берілгендік бірқатар дәрежеде байқалады.

Біз американдық және жапондық менеджменттің ерекшеліктерін қарастырдық.Жоғарыда айтқандарды түйіндей келе, жапондық және американдық басқару модельдерінің біршама көрнекті салыстырмалы кестесін төменде көрсетіп өттік.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.