Жер тағдыры — ел тағдыры

Жер … Жер — өмір, халық, тарихпен қат-қабат араласып жаткан ұғым. Жер тарихы — халық тарихы, өмір тарихы. Жер — тәңірдің адамзатқа енші қылыл тартқан ұясы, болашақ ұрпаққа бөлген мұрасы. Жер — ұлт болмысының түп-төркіні Жер — бассаң тірегің, өмір сүрсең — тұрағың, жесең, ішсең — сусындар бүлағың. Жер — өлсең өзіне өзінді қосып алар жұмағын. Жер — аялар анаң, дауылды күнде қорғар панаң, шуақты күнде жанынды жадыратар бау-бақша саяң. Ендеше жер бүгінгі нарыққа қарык, сағанасы сарық болғысы келгендердің түсінігінен әлдеқайда кең ұғым. Ол тек Ендеше қазақ жеріне еншілес кешегі Алаш ұрпағы.

Кдзақ жерінің кеңес дәуіріндегі қасіреті өз алдьша бір хикая. Мың қырылып, мың тірілген қазақтың бұл күнгі ұрпағы да бұл жердің тағдырына қатысы бары сөзсіз.

Казақ жерінің иесі — болашақ ұрпақ. Біз болашаққа тек қана миллиардтаған қарыздарды гана емес, түгас қазақжерін қалдыруға парыздармыз.

Жерді сату туралы заң қабылдамас бүрын біз өзіміздің геополитикалық жағдайымызды да ескерген жөн. Жерге мүдделі көршілес елдердің халықтарьшьщ қольша жеріміздің қалай өткенін білмей де қаламыз. Ә. Бөкейханов өзінің «Жалпы Сібір съезі» деген еңбегінде «Орыстың дворянинының, башқүрттың, Түркістан сартының жер тарихын» арнай зерттеді. «Түркістанда, — дейді Әлекең, — жер балалардың асығындай ауысады, жер пайдасын жергілікті жүрт көріп отырған жоқ, медени дөрежесі артық қулар көріп отыр, Жер үжмағы Түркістан жүртының бишараларының бір себебі осы. Ескі хүкімет ақылсыз болып, біздің қазақтың жері жүртқа қалып түр. Ескі есті болса, қазақ жері өзінікі дер еді. Қазақ жері өзінікі болып, сататын болса, біздің жүрт башкүртына біраз жылда жердің жақсысын са-тып, қайқайып шыға берер еді. Қүдай сақтап, біздің жүрт бүл күнге кедді. Енді жер жүрт қазынасы болғаны өз пайдасы. Біз осы себептермен біздің республикада жер сатылатын болмасын дедік.».

1917-ж. 26 қараша күнгі санында «Қазақ» газеті «Ел қорғау» деген бас мақалада: «Ел қорғау екі түрлі: халықтың қүқын қорғау бар, мал-мүлкін, жер-суын қорғау бар. Қазақ орысқа қарамай тұрған шағында ел басына дау келсе, халық құқығын қорғайтын билері болған, елге тиер жау болса, халықтың мал-мүлкін, жер-суын қорғайтын батырларына ерген азаматтары болған. Россия қол астына кіріп, қолтығына тығыльш, паналағаннан кейін біздің құқық, мал-мүлік, жер-суымызға, Россияның өзі болмаса, баскалар батып тие алған жоқ.. Казірде бізге басынды, мал-мүлкің, жер-суыңды қорғама деп тшпъш Россия жоқ, пана болып қорғарлық Россия да жоқ…» деген еді.

Жаңа тәуелсіздік заманасыңда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халықтьщ алдъша қойған асыл мұраттарының бірі, бірде болса бірегейі еліміздің қаушсіздігін қорғау, тұтастығын, бірлігін сақтау. Ендеше, жер мәселесінің түп-төркіні — тәуелсіздік.

Тәуелсіздік заманасында қазақ елін барша өлем таныды. Ол жерінің көлемі жағьшан әлемдегі 9-шы мемлекет, бірінші ондықтың ішіңде. Ал, жер астыңдағы байлығы жөнінен алдына ел салмайды десе де болады. Жер — бүгінгі тынысымыз, ертеңгі — ырысымыз. Қазақ елінің әлем көлемінде мәртебесінің өсіп, неше түрлі байлардың түңде түсіне, жүрсе есінен кетпей жүргені де қазаққа деген ыстық ықылас емес біздің жеріміздің байлығы…

Кдзақстан азаматтары ояныл, тіріліп, жанданып, жер байлығын ел көдесіне жаратпай біз өркениетті еддер қатарына қосылуымыз қиын. Бұл ұлы тірлігіміздің негізі — жер.

Қазақ елінің жерін қорғамай елін де, ерін де қорғай алмаймыз. Жер мәселесін сөзі көп, берекесі жоқ, халық сетміне ие бола алмаған парламенттің құзырынан шығарып, бүкіл халықтың (барша казақсгандықтардьщ) өз талқысьша (референдумға) салу кажет деп санаймын. Егер референдум болмаған сәтте мына төмендегідей бабтарды ұсынамын.

Жуықта «Дат» деген бір газеттен Астанаға тіл тигізген бір аншлагты оқыдым. Бұл — өсер елдің қылығы емес. Мемлекеттің астана тандауы — заңды кұбылыс. Жаңа мемлекет ірге көтерген кезде Елбасы, Халық атақ-даңқ үшін емес, Тәуелсіздік баянды болуы үшін кызмет етеді. Оларды отан тағдыры толғандырады. Ағылшынның белгілі тарихшысы А. Тоинби мемлекеттің іргесін тұңғыш көтерген адамдар «оның территориясын игеруден бастайды, оның барынша жайлы, қолайлы болуын ескереді», — деп әділ көрсеткен. Астана тандау оңай емес. Ол кандай -мақсат көздейді? Империялар жаулап, елді игеру үшін астананы сол елдің ортасына апарып орнатады. Моңғол шапкыншылығы кезіңде осылай болғаны белгілі Ал, Ресей империя болып, Оралдан Қиыр Шығысқа — Охот теңізіне небәрі 55 жылда жеткен кезде, астананы елдің ортасында ұстады. Ал, Петр I империя мүддесін батысқа қарай меңзеген кезде астана Санкт-Петербургқа көшті.

Отан — табиғи, тарихи, өлеуметтік, саяси, мәдени орта, адам баласының тіршілігінің негізі. Әр халықтың өз Отанын сүюі — заңдылық. Егер біз пендешілік жасамай, өз ұлтымызды елден ерек, көптен бөлек деп қарамай, оны адам баласының құрамды бөлігінде кдрап, баска ұлтқа өгейлік көрсешесек отансүйгіштік, ұлтжандылық, жасампаздық касиетімен жарқырай түсер еді.

Казақ халкьшъщ Отаны, туып-өскен, кіндік каны тамған баска казақстандықтардың Отаны — Қазақстан. Оның үстіне Қазақстан — қазақ халқының ата мекені. Ұлттық патриотизммен Қазақстанды оз отаны санаған басқа үлт өкілдерінің патриотизмі бір арнаға қосылып, бүкілқазақстандық патриотизмді құрайды.

Біздің Отанымыз — тәуелсіз Қазақстан. Кдзақ халқы Ресей империясына бодан болып, 1731-1917 жылдар арасыңда Отанымыз патшалы Ресей болды. 1917-1991 жылдары Отаньгмыз — СССР еді. Осы бір 260 жъш ішшде біз империяға атьш берген халықкд тәуедді болдьгқ, «аға» халық деп, оның алдында жалпақ хал кештік. Боданшылық идеологиясы біздің санамызды жегідей жеді, жүйкемізді жүқартты. Атой салып, империяға кдрсы болған ұлт-азаттық қозғалыстары қанға малынды.

Тәуелсіздік біздің халыққа тегін келмеді. Талай ұрпақ зар жьшап, жапа шекті, өмірлері өксікпен өтті.

Тәуелсіз Қазақстан… Кдндай үлы үғым. Жаныңды жадыратып, көңіліңді көтереді. Алайда, бүл эмоция жағы. Отансүйгіш үрпақ сол төуелсіздікті баяңды етуге қызмет етуі керек. Ең алдымен еліміз саяси тәуелсіздік жариялады. Енді оны экономикалық тәуелсіздікпен негіздеуіміз керек. Ол үшін нарыкты экономикаға копгу міндеті түр. Бұл күні көше толы базар, француздар айтқандай, бірге саудасы парыз емес. Қазақ «кедейдің саудасы көп», — деп тегін айтпаған. Нарықты экономика — ол озық технологияға негізделген өндіріс, ауыл шаруашыльгқ кәсібі. Бұл күнгі шетел инвестициясына сеніп, болашаққа барамыз деу — қате пікір. Шетелдік көсіггкер шикізаттың шүйделі жерін ойып алып, жаңа техника өкелмейді, еліңде ескіріп, өз кәсіпорындарынан алып тастаған технологияны біздің елге сүйрейді. Отандас кәсіпкерлер бұл күні алып-сатумен айналысады. Өз елімізден шыққан көсіпкерлер, отандық жұмысшы табы калыптаспай, жаңа технологиялы өндіріс дамымайды. Бұл күні елімізде өтлелі кезеңнің киындығъш бастан кешіре отырып, отандық өңдіріс кешені жаңдана бастады.

Қазақ сахарасының жаны — ауыл. Колхоз, совхоз ыдырап, ауыл іргесі сөгілді. Фермерлер табы еңді-енді бой көтере бастады. «Өзім дегеннің өгіз қара күші бар», «Ортақ өгізден жеке бұзауым артық» дегендей жекеменшік қалыптаса. бастады. Ауыл есінен есеңгірей барып, жаңа-жаңа нарьгқ заманасьшың заңдылықтарын игеруде. Ауыл шаруашыльпъшда нарықтық экономикага ыңғайлана бастаған технология енуде, шүжық, ірімшік, үн тарту, наубайхана, ірілі-уақты цехтар бой көтеруде. Осылай-осылай ауыя шаруашылығы дағдарыстан шығып, жаңа ауыл іргесі беки ме деген үміт бар.

Нарық семіз болмай, арық болды, приватизация дегенді басып алу деп түсінгендердің алды жарық болды, банкирлердің алды ақшаға толды. Халық әлеуметтік қорған таба алмай, өмір ахуалы солды. Осы заманада күн тәртібінде әлеуметтік проблеманы шешу түр. Біз құрған азиялық сипаттағы социализм халыкты күшпен зорлап, абақтьца жауып қорлағаны рас болса да, әлеуметтік салаларда біраз дүниеге қол жеткізгені мәлім.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.