Ұлт болмысы

Ғасыр басында қазақтың ұлттық болмысы қандай деп қатты тебіренген жан ұлы Абай. Қазақтың замана талабына бейімделе білу қасиетін «орынды қаракет» деп таныды ол, Абай ісін жалғаған XX ғ. зиялы кауымның көсемі Әлихан ұлт болмысын — менталитетін «құдайдан соңғы күшті тұрмыс іс», — дейді.

Абай қазақтың іс-қаракеттік философиясын талдады. Ойшыл ұлтымыздың малға, малдыға табынғыштығын айта келіп, малды «тыныштық үшін ғылым үшін, әділет үшін» табу керектігін дәлелдеді (бесінші сөз). Дана бабамыз «қулық салып, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ- өнерсіз иттің ісі» дей келіп, «әуел құдайға сыйынып, екінші өз қайратынды сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, кдра жер де береді, қүр тастамайды» (төртінші сөз) — деп біледі. «Өнер алды -бірлік, ырыс алды — тірлік» туралы толғай келіп, дана «бірлік ақылға бірлік, малға бірлік емес» екендігін танытады. Ал, тірлік — көкірегі, көңілі тірі болу. Онсыз «адал еңбекпең ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың». Ойсыз жанды «көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ» — деп мінездейді.

Абай мал тапқьшггардьщ ішкі сарайына үңіледі. «Көңілдері көкте, көздері аспаңда, адалдық, арамдық, ақыл, ғылым, білім — еш нөрсе малдан қымбат демейді. Мал болса қүцай тағаланы да паралап алса болады дейді. Оның діні, қүдайы, халқы, жүрты, білім-үяты, ары, жакыны, бәрі — мал». Қарап тұрсаң ойшыл Абай бүгінгі жаңа қазақтың жан дүниесіне үңілгендей. Ол өзінің атақты жиырма тоғызыншы сөзін осы-ған арнайды. «Кдлауын тапса, қар жанады», «Сүрауын тапса адам баласының бермесі жоқ» деген ең барып түрған қүдай үрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп қорлықпенен өмір өткізгенше малды не жерден сүрау керек, не аққан терден сүрау керек қой» — дейді ұлы ақын.

Абай ақыл айтып қоймайды, жаңа базарлы замана қаракетіне едді үндейді. Ол үшін қолөнер үйренуге, өнерге шақырады. «Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі -қазақтың өулиесі сол». Ол «еріншек, салқау, салғырт, кербездікке» салынбауға ақыл береді, тасып, асып, мақта-нып кетпеуге шакырады, тамыршылдыққа, алдамшы шай-танқұмаршылыққа салынбауын өтінеді. «Табысы құралмай, борышы асып, дауға айналып, адамшылықтан айырылып, қор болып» кетуден сақтандырады.

Абай «Отыз жетінші сөзінде» азаматты ел үшін еңбек етуге шақырады. «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанньщ бірі боласың; адамгершіліктің қарызы үшін еңбек қылсаң, алланъщ сүйген қүлы боласың» — дейді Абай.

Ойшыл ақын «адам баласын замана өсіртеді», — деп есептейді. Нарық заманасында халық, оның қаракеті жаңғыруы керек. «Мәдениет өмірі- қүдырет өмірі» (Ә. Бөкейханов). Ендеше гылымға, білімге, мөдениетке ұлт қаракеті негізделуі орынды, Нарық- есеп, барды жарату, жоқты табу, көсіби өнерді меңгеру, іскерлік, ісмерлік таньггу, түрақты күнкөрістің бүлағьш анықтау, әр адамның қоғамдағы орнын табу әлемдік көшке әуелі ілесу, содан кейін басқалармен жарысу, озу.

Не істеу керек, ағайын! Ең алдымен жаңа отаршылдыққа түсуден сақтану керек. Ол үшін отандық өндіріс дамуы, үлттық байлық молаюы керек. Сауатты халқымызды өлемдік Іскер халықтар дәрежесіне көтеру абзал.

Қазақ даңғазалықты, тойшылдықты, көрсеқызарлықты, мактаншактыкты қою керек. Малды, дүниені адал еңбекпен табу керек. Момын елді қанау, тонауды тияр күн жетті. Шетел инвестициясьша елдің экономикасы, чиновниктер наркоман болды. Шет елге ауызды ашып, қүйрықты бұлғандатып, көзді қылмиту түбі — қорлық.

Француздар айтқан «бүрге саудасы» нарьщ емес. Нарық негізі — өндіріс, жаңа технология. Европалық нарық мөдениетін қалыптастыру керек. Ғасыр басында қазақ «бара жатыр», «келе жатыр», «үйық-тап жатыр», «жүмыс істеп жатыр» деп, «жатыр» етістігін жүмсайтьш. Енді бір заманада «қүдай береді», «қүдаидың ісі», «Бір Алла біледі» — деп жаратқанға барлық жауапкершілікті артатын.

Отанын сүюдің негізі — ұлттық намыс. Ұлт намысына каны кызатын жаңа буын тәрбиелеу — замана талабы. Ахаң айткандай «баланы ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы. Құлша тәрбиелесең — құл болмақшы». Ахаң «қазақ малының басқаларға кетпейтін орны жоқ» деп, кдзақгың жалкзулығын, надандығьш, білімсіздігін пай-даланып, «баеынып, елдіктен, тендіктен қалдырып, тиісті сыбағасьша қиянат етіп» түрғанына қатты киналды дана. Ұстаз ұрпаққа сабақ түйіндеді, Ол сабақ; «бір нәрсені істегеңде, сол істі істей білетін адам істесе, шапшаң да, жақсы істейді. Бүл жалғыз қол ісі емес, ми ісінде де солай». Ендеше, Ахаң ғасыр басықда жоғары кәсіби мамандық, профессионализмді күн тәртібіне қойғанды.

Қазақ — әр халық, білімді халык! Ұлт намысына мінсең, сен алмайтын кдмал жоқ. Қүртша қыбырлаған қытайдан еңбекқорлықкд, бейнетқорлыкқа үйрен. Он тиынды күн ұзақ бір теңгеге айнаддырар өзбек ағаңнан үйрен. Жердің қыртысын түрлендіріп, нәрлендірш, мол табыскд бататын дүнген қоңсыңнан үирен. Бір капустадан жүздеген түрлі дәм беріп, біреудің еңбегімен егіп, өнерімен орып, қульіғьгмен сорьш, жақыннан торьш, алыстан келіп болашағыңа төніп түрған корейлерден үйрен.

Үйрен де жирен! Әлихан Бөкейхан «Адам болатын болсаң, өз беліңді ықшамдап өзің байла» — дегенді. Сен қазақ ел боламын десең ғасыр басында үйреніп, күйленіп, өз еліңе іс жүзінде өзің қожа боларлық дәрежеге жетуге міндеттісің! Сенде одан баскд амал да жоқ. Есік алдьшда дауыл тұр, үй артьгнан, жабығынана сыға-лаған көршілер түр, елінді торған, байлығын сорған капта-ған шетел алпауыттары. Тәуелсіздік экономикалық саласында бой көрсетуі үшін, ұлт ойы өсуі шарт. Ұлт өзінің ұлттық намысына мінбесе — ол тобыр. Намысы бар кдзақ — үлт. Намысы жоқ қазақ ыға береді, бүға береді, бар пөле оған жұға береді, Намысы бар ұлың айбынды келеді, айдынды келеді, жоғалғанынды табады, ұмтылғаның алады, өркениет төріне жол салады.

Ұлттық тілдің мемлекеттік статусын бірден жалпылама өткізу ісі ырғалып-жырғалып, бір жалындап, бір арындап жатқан тұста сезінудің орнына билік жүйесіне еміну, телміру келді.

М. Дулатов «Қазақ жайы» деген мақалада «Сұрағанын алмақ түгіл, қазақ өлі алдырумен келеді. «Жығылған күреске тоймас» деген, алмаса да казақ сүрауьгн қоймайды. Сұрауда да парық бар екенін есіне де алмайды. Бір сұрау бар -ол есікте тұрып, еңкейіп бас ұрып, жыламсырап, аянышы түсіріп, көңілін жібіту жөнмен сұрау. Бұл қайыршалардың сүрауы. Оған ойланбай, камданбай, осал, оңтай нәрсе, тиын-сыйын бере салады. Бұл елеусіз сұрау. Екінші түрлі сүрау бар — ол, төрде отырып, төбесін тең ұстап, қадіріне сүйеніп сұрау. Бұл елеулі сұрау. Бұлай сұрағанның қолқасы елеусіз жерде қала қоймайды. Сүрағанын береді, бермесе де ойланып, қиналады..». М. Дулатов осыны айта келіп: «Қайыршылықпен күн көремін деген оңбайтьш адамның ісі, сұраумен молығамыз деген оңбайтын жүрттың ісі», — деп қорытады («Қазақ». Қүрастырушылар Ү.Сұхбанбердина, СДөуітов, ҚСахов. А., 1998. 31-32-66.).

Казақ тілінің мемлекетгік статусын іске асырушьшар мен билік жүйесінің ара қатьшасын бір ізділікке салу, қазақ тілінің мәртебесін көтеру өз шешімін әлі күтуде. Менің түсінігімде тіл саясатының басы-қасында түрған Ана тілі қоғамы және мемлекеттік жүйенің кауьгмы біреуі биші, екіншісі күйші, біреуі белсене біленуші, екіншісі — жалбарына тіленуші, біреуі — басшы, екіншісі — атқосшы болмай, денедегі екі аяқ, екі қол, екі көз болуы керек, соңда ғана шығарған шешім мен үкім, орындалар істе нөтижелі болмақ.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.