Теңiз кен орындарын игерудегі техникалық негiздер

Теңiздегi көмiрсутекті игеру тиiстi технологияның қолдануы мен мұқият жоспарлауды талап етедi. Сол себептен жоба жұмыстарының техникалық талабын мұқият жүргізілуі керек. Сонымен бiрге серiктестiк өндiрiстiң барлық өндірістік ерекшеліктері туралы шешiм қабылдауы керек.

Материалды таңдау аса маңызды болып табылады, мысалы, болаттың сапасы мен беріктігі, яғни оны жобаға қолдану ол, көмірсутекті игеруде өте маңызды болып табылады. Əдетте, игеру жəне игеру жобасын қарастыруға жəне кенорынды қондырғымен жабдықтауға мұнай жəне газды тапқаннан соң бір немесе бірнеше бұрғыланған ұңғымалар арқылы мұнай жəне газ қорын бағалағаннан соң кіріседі, сонымен бірге кенорынды игеруге дейінгі жəне өңдеу жəне орналастырудағы кеңейтуге дейінгі қажеттілік геологиялық құрылым процесінде болады.

Бастапқы, жобалаудың бірінші кезеңінде, жобаның құралдары жəне əртүрлi техникалық нұсқалары зерттеліп, айырмашылықтары қарастырылады. Содан соң бұл нұсқалардың экономикалық көрсеткiштерi бағаланады. Процестердiң жеке нұсқаларының блок-сызбасы (немесе барлық сұлба) iстелiп жатып қаралады жəне техникалық құралдар, құрылыстың əдiстерiнiң таңдауы бойынша ұсыныстары берiледi. Оларды əрбiр варианттың экономикалық көрсеткiштерi анықталып салыстырады, жəне құнның салыстырмалы айырмашылығы бойынша өңдеу жəне орналастырудың өте үнемдi нұсқасын таңдауға болады. Жобалар жəне технологиялық сұлбаларды құрастырғанда жұмыс сiтейтiн ГОСТ-тармен, нұсқаулармен, басқарулармен, əдiстемелермен, нормалармен жəне тағы басқа нормативтiктехникалық материалдармен негiзге алынып басқарылады.

Технологиялық сұлбалары бойынша байлам сызбасының орындарын анықтаған монтаждық сызба қоюды жəне өртке қарсы техникасы, тағы басқа құрылымды техника қауiпсiздiгiнiң құралының байламын қоса құрайды. Əрбiр құрал, жапқыш, клапан сызбада реттiк нөмiрлермен белгіленеді. Орнатылатын жабдыққа спецификация берiледi. Пайдаланудың күтiлетiн шарттарымен сəйкес жабдықты таңдау белгiсi анықталады.

Теңiздегi мұнай жəне газды кен орнындарды игерудегі ерекшелiгі – ұңғымалардың қымбаттылығы, теңiздегi бағалы қондырғыларға кеткен шығынды төмендету; ұңғымаларды бұрғылау, шоғырлы стационарлы платформаларды дайындау мен өндіруді ескеріп алдынала қарастырылады. Пайдалану жабдығының бір бөлiгін тұрақты бұрғылау платформасында орналастырады, ал екiншi бөлігін, кен орынды пайдаланудың бiрiншi кезеңінде қолданылмайтын бөлiк тұрақты платформаларда орналастырады. Барлық платформалардың құрылыс жобасына мұнайдың жəне газдың қорлары көлемiн есепке алып, кен орнын тұрған орынды, теңiздiң тереңдiгiн, қоршаған ортаның шарттарын тағы басқа факторларды ескередi. Мысалы 5.1-суретте Каспий теңiзiндегі (Əзербайжан) 28 сəуiр атындағы кен орын ұңғыларының шоғырландыру сызбасының нұсқалары келтiрiлген.

Кен орнында тiзбек жəне қазу тəсiлi нақты шарттар жəне қойылған мақсаттарға байланысты əртүрлi бола алады. Егер кен орын iрi жəне оның қорлары айқын анықталса, онда (бағдарлама) жоба бір-екі кезеңнен тұрады. Мысалы, Солтүстік теңіздегі Фортиз кен орнының өңдеу бағдарламасы.

Екiншi кезең тұрақты гидротехникалық жабдықтар мен құрылғылар кешенін орналастыру мен өңдеуді қосады. Бұл кезеңнiң мақсаты – жобалық көлемде мұнайды өңдіру – 31,8 м3/тəу. Ол үшiн 9 жəне 17 ұңғы жəне 4 жəне 8 бастырмалатқыш ұңғыдан тұратын үш тұрақты платформа орнатылды. 12 тіректі тұрақты платформада мұнай дайындайтын, қабатқа су айдайтын, төмен қысымды компрессорлар, тұруға арналған екіпалубалы платформа жəне суасты мұнай сақтағыш жабдықтар орнатылды.

Теңіз кен орындарын игеру жерүсті кен орындарын игеруге қарағанда жақсы стратегияны талап етеді. Мұнда басты айырмашылық ұңғы саны мен түріне байланысты ажыратылады. Құрлықта қарапайым торлы үлгiнi қолдануға болады, осы уақытта ұңғыманың теңiздегi шарттарында бiрнеше бекiтiлген (платформа, суасты тiрек тақталары) орындармен тесуге дəл келедi. Осыған байланысты тесу отындарын анықтау құрлыққа қарағанда, теңізде маңыздырақ.

Теңіздегі өндірулерде платформаларда ұңғылар, өңдіру жабдықтары, қосалқы жүйелер жəне жұмысшылардың жатын орындарын орналастырылу керек. Көп жағдайларда, суасты ұңғылары балама немесе платформалы ұңғыларға қосымша ретінде қолданылады. Көп фазалы ағынның бар болуын есепке алуы керек, тіпті, қайта өңдейтiн (платформа немесе терминал) орталық өте алыс жерде орналастырылған болса да.
Жоғарғы құрылыстардың салмағының артуы, платформаның тiрек блоктарының құнын да арттырады. Сондықтан орналасқан жабдықтың көлемiн кiшiрейту маңызды. Бұл жобалаудың барлық фазаларда маңызды болады. Сонымен бiрге платформада қайта өңдейтiн жабдықтар санының кез келген үлкеюi қызметшiлердің, аспаптардың санын жəне жабдықтың жөндеуiне кететін шығындарды арттыруға алып келедi.

Халықаралық тəжiрибеде шамамен 80 м-ге дейiн, таяз сулар аудандардағы ұңғылардың бұрғылауында өзi көтерiлетiн жабдықтар қолданылады. Заманауи жəне үлкен көлемдегі өздігінен көтерілетін бұрғылау платформалары пайда болуына байланысты олардың қолдануын үлкен тереңдікте жəне қолайсыз климаттық жағдайларда да пайдалануға болады.

Серпімді режим көбінесе, кен орынды игерудің алғашқы сатысында орын алады.Серпімді режим кезінде мұнайдың қабаттан ұңғыға қарай филтрациясына негіз болатын өнімді қабатты қанықтырып тұрған мұнай мен судың серпімділігі, қабат қысымы төмендегенде олардың көлемі ұлғаяды жəне тау жыныстардың серпімді деформациясы, қабыршақты кеңістіктің көлемі кемиді. Таза серпімді режим кезінде қабаттың мұнай бергіштігі 1-2%-дан аспайды.

Мұнайлы қабаттың айналасында суқанығу аймағының таралуы айтарлықтай көлемді болғанда серпімді режим серпімді-суарынды режимге ауысады жəне бұл кезде контур сыртындағы, сулы қабаттың серпімділігі пайдаланылады. Бұл режим өз кезегінде қаттысуарынды режимге өтуі мүмкін, бұл кезде ұңғымадан өндірілетін өнім (мұнай, газ жəне су) көлемінің орны қабаттың контур сырты аймағынан келетін сумен толып отырады. Қабаттық қысым тұрақты деңгейден ауытқымай мұнайды эффективті өндіруге мүмкіндік береді. Серпімді жəне қатты-суарынды фильтрация режимдері алғашқы қабаттағы мұнайдың 35-тен 75%-ға дейін көлемін алуға мүмкіндік береді.

Қабат қысымының қанығу қысымынан төмендеуі кезінде мұнайдан ондағы алғашында еріп тұрған газдың бөліну процесі басталады. Қысымның ары қарай төмендеуі кезінде газ көпіршіктері кеңейіп кеуекті кеңістіктен мұнайды ығыстырады. Бұл процесс еріген газ режимі деп аталады. Себебі бұл жерде мұнайдың ұңғымаға қозғалысы жəне оны өндіру мұнайдағы еріген газдың есебінен болады. Еріген газ режимінің əсері стратифицирленген жəне өткізгіштігі нашар тік орналасқан қабаттарда айтарлықтай ұзаққа созылады, ол мұнай мен газдың тығыздықтарының айырмашылығынан болатын газдың салыстырмалы жылдам сегрегациясының алдын алады. Кей жағдайларда газдың «қалқып» шығуы екіншілік деп аталатын газды телпектің түзілуіне алып келеді. Еріген газ режимінің эффективтігі төмен ол қабаттағы мұнайдың 5-25%-ын алуға мүмкіндік береді.

Шоғырда газды телпек болған жағдайда мұнай газарынды режим есебінен өндіріледі. Газдың жоғары сығымдылығы қабаттың газқанығу көлемі айтарлықтай үлкен болуы өндіру ұзақтығын жəне эффективтігін қамтамасыз етеді: газарынды режимде қабаттағы мұнайдың 40%-ға дейін мөлшері өндірілуі мүмкін.

Коллектор – тау жыныстардың нығыздалу процесінің негізгі себебі, мұнай мен газды игеру кезінде жынысқа əсер ететін салмақ өте үлкен болып оның бұзылуына алып келеді. Бұл өз кезегінде қабаттың немесе шоғыр көлемінің бірден немесе біртіндеп кемуіне себеп болады. Бірінші жадайда қабыршақты кеңістіктің кемуі жер бедерінің отыруына алып келуі мүмкін (Уилмингтон кен орны Калифорния, Венесуелладағы М-6-учаскесі).

Шельфтегі кен орынды өндіру кезінде түптің отыруы теңіздің тереңдеуіне алып келеді (норвегия континентальды шельфіндегі Экофиск кен орны).

Кеуекті кеңістіктің бірден төмендеуі нəтижесінде əлсіз жерасты дүмпулері болады,осының нəтижесінде мұнай шоғырлары игеріледі. Жердің сілкінуі кен орынды игеру кезінде сол аудандағы геодинамикалық жағдайдың бұзылуынан пайда болады (Татарстандағы Ромашкинское кен орны, Баку қаласы ауданындағы Старогрозненское кен орны, Ферғана аймағы ауданындағы кішігірім кен орындар). Кен орынды игеру себебінен болған айтарлықтай күшті жер сілкінісіне, мамандар 1974 жылы Өзбекстандағы Газли кен орны ауданындағы жер сілкінісін жатқызады.

Жұмыстық агенттер ретінде əртүрлі активті заттар, мысалы суды қоюландырғыш (полимер), беттік-активті заттар (БАЗ) қосылған су, сонымен қатар ауа, көмірсутекті еріткіштер, қабаттық газ жəне басқа агенттер пайдаланылады.Екіншілік жəне үшіншілік əдістердің айырмашылығы олардың қолданылу уақыттарында: екіншілік əдісті игеру басталғаннан немесе аз ғана уақыт өткеннен кейін қолданса, үшіншілік əдісті мұнайдың айтарлықтай қоры алынып болғаннан кейін қолдану басталады.

Əдетте, өндіруде қолданылатын əдістер қабаттағы алғашқы мұнай қорының 45%-дан артығын өндіре алмайды. Осының нəтижесінде мұнайдың үлкен қоры игерілмей қалады. Игерілмей қалған мұнай мөлшері кен орынның геологиялық құрылысының күрделілігіне, оның орналасуына,оны өңдеу стратегиясына, қолданылған өндіру əдістеріне байланысты болады. Өндіру əдістері мен технологияларының əртүрлі классификациялары жəне көптеген анықтамалары бар. Мұнай бергіштікті арттыру əдістерінің өзіне тəн сипаттамаларына қабатқа агенттерді айдау, тəжірибелік-өндірістік жұмыстарды жүргізу қажеттілігі жатады.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.