Макроэкономика анықтамасы мен мақсаттары

Экономикадағы негізгі зерттелетін мәселелер микроэкономикалық және макроэкономикалық талдау тұрғысынан қарастырылады. Экономикалық талдаудың осындай екі түрін алғаш рет бөліп көрсет- кен норвегиялық экономист, Нобель сыйлығының иегері Рагнар Фриш (1895-1973) болды. Ал макроэкономикалық талдаудың негізін салушы және қазіргі макроэкономика ғылымының атасы, ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнс болып табылады. Оның «Жұмыспен қамтудың, ақшаның және пайыздың жалпы теориясы» атты әйгілі еңбегінде макроэкономикалық талдаудың негізгі сұрақтары және экономикаға мемлекеттің араласу заңдылықтары кеңінен зерттеледі.

Макроэкономика – бұл экономикадағы агрегатталған өлшемдерді (жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) талдайтын және негізгі экономикалық мәселелерді ұлттық экономика шеңберінде зерттейтін экономикалық теорияның құрамдас бір бөлігі.

Ұлттық экономиканың негізгі мәселелері – елдегі нарықтық шаруашылықтың жалпы бейнесін көрсететін макроэкономикалық талдаудың саласы. Макроэкономикалық талдау арқылы ұлттық экономикада болып жатқан күрделі өзгерістер, экономикалық саясатты әзірлеу шаралары қарастырылады. Макроэкономикалық үдерістер бүгінгі күні қандай да бір ұлттық экономиканың дамуының, жетістіктерге жетуінің және дағдарысқа ұшырауының аса маңызды көрсеткіші ретінде саналады. Макроэкономикалық талдау тұтас алғанда тек қоғамдық деңгейде ғана, яғни мемлекеттік экономикаға араласуымен шешуді талап ететін бірқатар негізгі мәселелерді алға тартады.

Макроэкономиканың зерттейтін негізгі мәселелері:

  1. Экономикалық өсу;
  2. Толық жұмысбастылық;
  3. Экономикалық тиімділік;
  4. Бағалар деңгейінің тұрақтылығы;
  5. Табыстарды әділетті бөлу және әлеуметтік әділеттілік;
  6. Сауда балансы;
  7. Қоршаған ортаны қорғау.

Осындай мәселелер кез келген қоғамда бір-бірін толықтырып отырады және бір-біріне қарама-қайшы келіп отырады. Сондықтан қоғам алдағы қойған басымдық мақсаттарға байланысты негізгі макроэкономикалық мәселелерді шешуді осы тұрғыдан қолға алуы тиіс.

Сәйкесінше, негізгі макроэкономикалық мәселелерді зерттеу мемлекеттің қандай да бір экономикалық саясатын талдаусыз және жүргізусіз мүмкін емес. Кез келген мемлекет өз қарамағында негізгі макроэкономикалық мәселелерді шешудің өте бай құралдарын иеленеді. Макроэкономикалық талдау құралдары – бұл бір немесе бірнеше мақсаттардың орындалуын көздейтін және макроэкономикалық мәселелерді шешуге атсалысатын мемлекеттің экономикалық саясатының кешенді іс-шараларының жиынтығы. Жалпы алғанда, макроэкономи-калық саясат құралдарының мынадай түрлері орын алады:

  1. Бюджет-салық (фискалдық) саясаты – мемлекеттің салық салу және мемлекеттік шығындар арқылы экономикаға әсер етуі;
  2. Ақша-несие (монетарлық) саясаты – мемлекеттің елдің ақша, несие және банк жүйелері жолымен экономикаға әсер етуі;
  3. Әлеуметтік саясат – ел азаматтарының әлеуметтік жағдайларын қорғау және қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған макроэкономикалық реттеудің маңызды бір бағыты;
  4. Сыртқы экономикалық саясат – мемлекеттің ашық экономика жағ-дайында халықаралық сауда қатынастарына араласа отырып, ұлттық экономика-ның өсуі мен тиімділігін арттыру, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында таза экспортты реттеуге араласуы. Экономикалық саясаттың осындай түрлеріне біз алдағы тақырыптарда жеке-жеке тоқталып өтетін боламыз.

Макроэкономикалық талдау микроэкономикалық талдаумен тығыз байланысты, өйткені микроэкономикалық байланыстар макроэкономикалық құбылыстардың негізі болып табылады.

Сонымен, макроэкономика – бұл экономиканы біртұтас жүйе ретінде зерттейтін ғылым. Ол экономикада болып жатқан өзгерістерді түсіндіруге, нарықтық жүйенің қызмет етуін жақсарту бойынша экономикалық саясатты жүргізуге мүмкіндік береді.

Ұлттық экономика деңгейіндегі табыстар мен шығындардың шеңберлі айналымы

Макроэкономикалық теорияда ұлттық экономика шеңберінде табыстар мен шығындардың шеңберлі айналымы туралы зерттеледі. Нарықтық қатынастар жағдайында алуан түрлі тауарлар мен қызметтердің көптеп өндіріледі, ал олардың өндірісіне әртүрлі факторлар қатысады. Нарықтың белгілі субъектілері әртүрлі факторлардың иелері ретінде табыстарды алып отырады. Бірақ осындай субъектілердің табыстары бір уақытта нарықтағы басқа бір субъектілердің шығындары ретінде көрінеді. Сондықтанд макроэкономикалық талдау тұрғысынан табыстар мен шығындардың айналымы туралы қарастырудың маңызы зор болып табылады.

Негізінен, ұлттық экономика шеңберінде айналатын табыстар мен шығындардың қалыптасуына нарықтың барлық субъектілері қатысады. Ол қарапайымнан күрделіге қарай кете береді. Осындай айналымның бірнеше түрлері орын алады.

  1. Жабық экономикадағы мемлекеттің қатысуынсыз табыстар мен шығындардың айналым үлгісі.
  2. Жабық экономикадағы мемлекеттің қатысуымен табыстар мен шығындардың айналым үлгісі.
  3. Ашық экономикадағы табыстар мен шығындардың айналым үлгісі.

Экономикалық теория ұлттық өндірістің жиынтық көлемі мен нәтижелерін өлшеу үшін ұлттық шоттар жүйесін және оның құрамындағы агрегатталған макроэкономикалық көрсеткіштерді қолданады.

Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) – бұл елдің экономикалық қызметінің жалпы нәтижелері туралы көрсеткіштерді алу үшін құрылатын кестелер мен есепшоттар түріндегі өзара байланысқан статистикалық көрсеткіштердің жүйесі. ҰШЖ-н алғаш рет американ- дық экономист, Нобель сыйлығының иегері (1901-1985) Саймон Кузнец жасаған. Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап ол Біріккен Ұлттар Ұйымымен мақұлданып, барлық елдерге стандартты жүйе ретінде ұсынылды. ҰШЖ-не кіретін әртүрлі көрсеткіштер ұлттық өндірістің деңгейін белгілі бір уақыт мезетінде өлшей, экономиканың қызмет етуіне әсер ететін факторларды ашып көрсете және экономиканың болашақтағы даму үрдістерін анықтай алады, мемлекеттің экономикалық саясатын қалыптастыруға және оны жүргізуге мүмкіндік береді. Сәйкесінше, ҰШЖ ұлттық экономиканың тепе-теңдік жағдайын және оның жағдайына әсер ететін экономика- лық саясаттың жай-күйін анықтайды. ҰШЖ-де бір жағынан, қолда бар ресурстардың жалпы көлемі, ал екінші жағынан, сол ресурстардың қолданылу деңгейі анықталады. Ол экономикалық қатынастарға қатысушылардың арасындағы жиынтық айырбас операцияларының тепе-теңдігін көрсетеді.

ҰШЖ құрамында жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) аса маңызды көрсеткіш болып табылады. ЖІӨ – бұл бір жыл ішінде белгілі бір елдің территориясында өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық ақшалай құны. ЖІӨ-ді дұрыс есептеу үшін берілген жылы өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің құны есепке алынуы тиіс, яғни бұл жерде қайта есептеу болмау керек. Бұл соңғы игіліктер үй шаруашылықтары немесе фирмалар шеңберінде тұтынылады және аралық өнімдерге қарағанда қайта өңдеуге қатыспайды. Мысалы, азық-түлік тауарлары, кір жуғыш машиналар, шаштараз қызметі, т.б. Ал осылармен салыстырғанда, мәселен, нан зауытының нан пісіру үшін сатып алатын ұн өнімі аралық өнім болып табылады.

  1. Бір жыл ішінде жасалған өндірістік емес келісімдерді есепке алмайды. Оларға таза қаржылық келісімдер мен ұсталған тауарларды сату жатады. Қаржылық келісімдердің үш түрі орын алады: а) мемлекеттің трансферттік төлемдері (сақтандыру жарналары, жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар, зейнетақылар, шәкіртақылар, т.б.); ә) жеке трансферттік төлемдер (студенттерге ата-анасының ақша аударуы, туыстарының берген сыйлықтары, т.б.); б) құнды қағаздар бойынша келісімдер (акцияларды, облигацияларды сату-сатып алу, т.б.).
  2. Бір жыл ішінде жасалған өндірістік емес қызметтің түрлерін есепке алмайды. Оларға үй шаруасындағы отбасылық жұмыстар, көршіге көмек беру, қайырымдылық қызметтері және қызметтің басқа да түрлері жатады.
  3. Бір жыл ішінде жасалған қоғамға зиян алып келетін кейбір келісімдерді есепке алмайды. Мәселен, есірткіні сату.

ЖІӨ-ді есептеудің негізгі үш әдісі бар:

  1. Қосылған құн әдісі. Қосылған құн көрсеткіші ЖІӨ-де қос есептеуді болдырмайды. Ол дайын игіліктерді сату құны мен материалдарды, шикізаттарды, құрал-жабдықтарды, басқа да ресурстарды сатып алу құны арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Басқаша айтқанда, қосылған құн – бұл фирманың басқа фирмалардан сатып алып тұтынған шикізаттары мен материалдардың құнын алып тастағандағы өнімінің нарықтық бағасы. Елдегі барлық фирмалардың өндірген қосылған құндарын қосу арқылы ЖІӨ-ді анықтауға болады, яғни ол соңғы нәтижесінде шығарылған тауарлар мен қызметтердің нарықтық құнын сипаттайды.
  2. Шығындар әдісі бойынша ЖІӨ-ді есептеу. Шығындар негізінде ЖІӨ-ді есептеу кезінде ұлттық экономика масштабындағы барлық экономикалық субъектілердің шығындары есепке алынады:
  • Үй шаруашылықтарының тұтынушылық шығындары (C).
  • Фирмалардың жалпы жеке инвестициялары (I).
  • Мемлекеттік шығындар (G).
  • Таза экспорт (NX).

ҰШЖ-де екінші макроэкономикалық көрсеткіш – ол жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ). ЖҰӨ – бұл ел азаматтарының ел ішінде және оның сыртында ұлттық факторлардың көмегімен өндірген соңғы тауарлар мен қызметтерінің жылдық құны.

ҰШЖ-гі ЖІӨ мен ЖҰӨ-нен басқа макроэкономикалық көрсет- кіштер бар. Оларға таза ұлттық өнім (ТҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), жеке табыс (ЖТ) және қолда бар табыс (ҚБТ) жатады.

ТҰӨ – ЖҰӨ мен амортизациялық аударымдар арасындағы айырма. ТҰӨ көрсеткіші тозған құрал-жабдықтарға амортизациялық аударымдарды аударып болғаннан кейінгі тұтынуға қажетті түпкілікті өнімдер мен қызметтердің соңғы нарықтық құнының жиынтығын көрсетеді. ТҰӨ-нің құрамында акциздер, кедендік салықтар және қосылған құн салығы сияқты жанама салықтардың түрлері болады. Осы салықтарды ТҰӨ-нен азайтсақ, макроэкономикалық көрсеткіш- тің келесі түрін аламыз.

ҰТ – ел тұрғындарының еңбек, капитал, жер және кәсіпкерлік қабілет сияқты ұлттық сипаттағы өндіріс факторларының иелері ретінде жалақы, пайыз, рента және пайда түрінде тапқан табыстары- ның жиынтығы. Алайда осындай табыстардың барлығы түгелімен тұтыну мен жинақтауға кетпейді. Олай болса, ҰТ-тан жеке табыс көрсеткіші алынады.

ЖТ – ел тұрғындары мен фирмалардың салықтық төлемдерді төлегенге дейінгі тапқан табыстарының жиынтығы. ЖТ-ты табу үшін ҰТ-тан әлеуметтік сақтандыру жарналарын, корпорацияның бөлінбеген пайдасын, корпорациялық табыс салығын алып тастап трансферттік төлемдерді қосу керек.

ҚБТ – ел азаматтарының барлық салықтық төлемдерді төлегеннен кейінгі тапқан табыстарының жиынтығы. ҚБТ көрсеткішін есептеу үшін ЖТ-тан салықтық төлемдерді алып тастау қажет. ҚБТ көрсеткішін соңында азаматтар екі мақсатпен жұмсайды, яғни оның бір бөлігі тұтынуға кетеді, ал қалған бөлігі жинақталады.

Сонымен, ҰШЖ-гі аталған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер жиынтық өнім мен жиынтық табыстың сандық нәтижелерін баға- лап көрсетеді. Сандық көрсеткіштермен қатар сапалық көрсеткіштерді де атап өткен жөн. Мәселен, жан басына шаққандағы ЖІӨ, таза экономикалық әл-ауқат және ұлттық байлық деген көрсеткіштер тұрғындардың өмір сүру сапасы мен деңгейін, экономикалық өсудің жағымды жақтарын, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін сипаттай алады.

Макроэкономика — бұл инфляция, жұмыссыздық, жалпы ішкі өнімнің деңгейі, отандық мемлекеттік өнім және басқа макроэкономикалық деректер сияқты жеке мемлекеттің немесе бүкіл әлемнің маңызды қаржылық сипаттамаларын зерттеуге бағытталған микроэкономикаға қарағанда, қаржылық доктринаның жетекші бөлімдерінің уақыты.

Орталықтандырылған коммуналдық валюта қорының қалыптасу көздері мен әдістерін іздеу жасалған фискалдық саясаткерлер, қаржылық саясаткерлер мақсатқа жету құралдарын негізгі проблема. фискалдық саясаткерлер көмегімен жаппай мемлекеттік, елдегі қаржы процестерін реттейді, ақша тұрақтылығын сақтайды шетелдік валюта апелляциялық, өндірістік-экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді пайдалану ықпал етеді, коммуналдық бөлімінде қаржыландыруды қамтамасыз етеді. бірлескен қаржылық жағдай ең қозғайтын бірлескен сұраныс және жиынтық ұсыныс әсер үшін мемлекет тарапынан қолданылатын фискалдық саяси қайраткерлердің құралдары, қаржы тарих тұрақтандыруға үлес, дағдарыс келуіне қауіп төндіреді қаржылық көрсеткіштерінің шамадан тыс лақтыру қарсы тұру контрциклдік шараларды жүргізу.

Мемлекеттік пайда — бұл қажетті мөлшерде пайда. Алайда LP — бұл табыс тапқан, бірақ жұртшылық сатып емес. Оған, салықтарды пайдасы үшін, қоғамдық сақтандыруға жарналар шегеріледі vygodapribyl компанияларды сақтап, т.б. қоғамдық кемшіліктері үлесі, содан кейін (зейнетақы, жәрдемақы, т.б.) артқы келеді — бұл трансферттік төлемдер болып табылады. Нәтижесінде, олар халықтың (LD) жеке табыс қалыптасады.

Бірақ бұл пайда әлі де салық салынуда. кейіннен жеке салықтарды (жеке тұлғалар мен мемлекет кейбір салықтық емес төлемдер бойынша табыс салығы) бойынша теріс сақталады сомасы, еркін тұтыну жұмсалған және (жинақтау) үнемдеу мүмкіндігі бар бір реттік өз табысы (RLD), деп аталады.

макроэкономика барлық шамалар жиынтық (жиынтық) түрінде қарастырылады. Макроэкономика зерттеу мүдделі: байланыс, жалпы сұраныс пен жиынтық жабдықтау және өндіріс мемлекет көлеміне олардың әсері; тауар, валюта бірлескен тепе белгілеу міндеті, ресурс нарықтары; экономика және қаржы саясаткерлер қалалық араласуы. макроэкономикалық тепе Қиындықтар — бұл қоғамдағы барлық қанағаттандыру, таңдау мәселесі болып табылады, және жалпы барабарлық еңбегі: а) өндіріс және тұтыну; б) ресурстар және оларды пайдалану; C) сұраныс пен ұсыныс; г) өндірістік уақыт пен нәтижелер; E) материалдық және ақша ағындары.

Бірлескен сұраныс (AD) — белгілі бір уақыт кезеңінде бағытында қоғамда өнімдер мен ұсыныстардың сатып алу үшін жалпы құны болып табылады. Бірлескен сұраныс — бұл жұртшылықтың білдіру валютада ұсынылған қажеттілігі, бизнес және мемлекеттік. Соның салдарынан, ол қоғамдық тұтыну қажетті сомаға (C), инвестициялық (I) компаниялар мен муниципалдық сатып алу (G) және мінсіз экспорт (тауарлардың экспорты мен енгізу арасындағы айырмашылық) (X) ретінде болжауға болады.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.