Крикет ойыны туралы мәлімет

Крикет – ұрғыштың көмегімен ойнайтын доп ойыны. Екі команданың (шабуылдаушы және қорғанушы жақ) 11 ойыншылары кезек-кезек қақпаларды қорғайды. Ол үшін қақпалардың жанында екі қорғаушы (бэтсмендер) тұрады. Қалған 9 ойыншы ойын барысында оларды ауыстырып отырады.

Крикет – ұрғыштың көмегімен ойнайтын доп ойыны.

Лақтыруға арналған алаңша ойын алаңының тура ортасында бір-бірінен 22 ярд (20 м) екі қақпаның арасында болады. Қақпалар төбесінде екі көлденең еркін темір брустары бар үш бағаналардан тұрады. Келтірілген сызбада берілген допты кері соғатын бэтсмені (Б) оңқай ойын шылардың алаңда әдеттегідей орналасуы көрсетілген. Шабуыл жасайтын командада ойынға бір мезетте барлық 11 ойыншы, ал қорғанушы жақтан бар-жоғы екі-ақ кері соғушылар қатысады. (А – екі арбитрлар, Б – нақты осы ойындарға қатыспайтын бэтсмен).

Шабуылдаушының командасы беруші (боулер), «күзетші» және 9 алаң ойыншыларынан тұрады. Ұпай жинау үшін қорғанушылар мүмкіндігінше көбірек жүгіріп орын ауыстыруға, ал шабуылдаушылар – қорғанушыларды ойын нан шығарып жіберуге тырысады. Бір қақпашадан екінші қақпашаға көп жол салған команда жеңіске жетеді.

Ұрғыш – ағаштан жасалған, резеңке сапты – ұзындығы 3 фут 2 дюймнен (96,5 см) және жалпақтығы 4,25 дюймнен (10,8 см) аспауы керек. Бэтсмен мен «күзетші» аяқтарына арнайы қалқанша киеді. Крикеттің добы қызыл түсті былғары, бірнеше тігіс жүргізілген, салмағы 5,5-тен 5,75 унция (156-дан 163 грамға дейін).

Допты беру, соғу және ұпайды есептеу

Бір қақпашада тұрып, боулер қарсы қақпаға алты рет лақтырғаннан кейін алаңдағы өз позициясына қайтып оралады. Мұнан кейінгі боулер басқа қақпаға алты рет лақтырады.

Егер доп жерге тимей ойын алаңының шекарасынан асып кетсе, онда кері соғушы алты рет өткізді деп саналады, онда оған қақпалардың ортасында жүгірмеуіне болады. Егер доп алаңның шетіне шығып кетпей жерге тисе, бэтсмен төрт рет өткізді деп есептеледі. Лақтыру техникасы барынша сан алуан. Тәжірибелі боулерлердің допты беру шеберлігі сондай, ұшып келе жатқан доп бағытын өзгертіп, кері соғуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан допты қабылдаудың да ерекше техникасы ойластырылған. Жақсы бэтсмендер ұрғышты көлбеу қойып, допты оп-оңай «үйіріп» әкетеді. Бэтсмен допты ұрғаннан кейін немесе доп ойында болған кезде қорғанушылар қарсы қақпаға жүгіріп жетіп, орын ауыстыра алса, команда бір жол өтті деп саналады.

Крикет добын негізінен мына суреттегідей етіп ұстайды. Доптың ыршуы немесе ұшу траекториясы күтпегендей болуы үшін боулерлер допты әртүрлі ұстайды.

Бэтсменді қайтіп «сындыруға» болады

Арбитр допты кері соғушыны алаңнан мына жағдайларда шығарып жібереді: – Боулер жіберген доп қақпашаның жоғарғы көлденең салмасына соғылып барып енсе; – Кері соғушы доп ұшып келе жатқанда қақпашаны аяғымен көлегейлесе; – Алаңдағы ойыншы допты ұшып келе жатқанда қағып алса; – Егер бэтсмен допты кері соғарда не орын ауыстыру кезінде қақпашаны ұрғышпен немесе денесімен қағып кетіп құлатса; – Алаң ойыншыларының біреуі қолындағы добымен қақпаша ауыстырған кезде қақпашаға тиіп кетсе не құлатып кетсе; – Егер «күзетші» бэтсмен өз орнына жүгіріп жеткенше қақпашаны бұзып кетсе.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.